"Әсемдік әлемінде" тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әсемдік әлемінде" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарына, сынып жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әсемдік әлемінде.
Мақсаты : Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Ұл бала мен қыз баланың бірін – бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Барысы:
І Кіріспе.
«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.
Қыз бала тәрбиесіне ата –ана ғана емес, көрші – қолаң, туған – туыс, ауыл –аймақ болып сергектікпен қарайтын болған. «Қызға қырық үйден тыйым» сөзінің астары да осында жатса керек.
қыз баланы « Біреудің ала жібін аттама», « Өтірік өрге бастырмайды», «Ешкімге қиянат жасама» деп адалдыққа тәрбиелеген.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», « Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Халқымыздың атадан мұра болып келе жатқан дәстүрлі қасиеті – қыз баланы сыйлап, қастерледі. Қыз бала отырған орында әдеп, ізет, сақтаған, үлкен болсын, кіші болсын оқыс мінез көрсетіп, өрескел, бейбастық сөзге әсте бармаған.
Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық заңдылыққа сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толып қуанышқа бөленесің.
Табиғаттың өзі қыздардың ішкі және сыртқы жан дүниесін сұлулыққа, нәзіктікке, қарапайымдылыққа, қайырымдылыққа бай етіп жаратқан. Жас қыздардың өздері – ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой.
2. Мақал – мәтелдер.
«Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі»
« Қыз - өмірдің қызғалдағы»
« Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді.»
« Қыз қуыршақ, ұл – құлыншақ»
« Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.»
« Қыз балаға қырық үйден тыйым»
« Қызым - үйде , қылығы – түзде»
« Қыз қылығымен әдемі»
« Қыздың жиған жүгіндей»
«Қарындасын сыйламағанның қары сынсын.»
« Қыз мінезді жігіт екен.»
Қыздар деген қызыл гүл ғой
Өсіп тұрған бақтағы
Қыздар деген әсем ән ғой
Айтылып болмаған әлі деп.

3. «Бұрым» өлеңі.

А. Бақтыгерееваның «Бұрым» өлеңін бізге Рустам оқып береді.

Ашуланып қайттың неге, ерке гүл,
Мектебіңе кетіп едің ерке бір.
Тортаңдайсың ата жауың сияқты.
Бантигіңді шешіп кеткен тентек ұл.
Қыз баланың бұрым деген сәні еді
Балалықтың ойыны бар әдемі
Қыз бұрымға маза бермей жүретін
Балалықтың ойыны бар әдемі
Бұрым – бұлақ таудан аққан құлатқан
Бұрым – арман, қол жетпеген ұнатқан
Момақан боп жүрген бүгін әкең де
Талай қызды шаштан тартып жылатқан.
Ашуланба, ол бір ойын талайғы
Адамдардан әр ұрпаққа тарайды.
Ақылды бол, сол бұрымның бір талы
Тентектерді құрықтауға жарайды.

4. «Қыздарға кеңес» ақыл –нақыл сөздер.
Қыздар !
- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар !
- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар !
- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар !
- Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар ұрысқақ болмаңдар !
(Деп ұлдар қыздарға гүлдерін табыс етеді, ал қыздар кестелі орамал береді.)
Ән айту мен би билеу де әсемдікке жатады , ендеше кезекті биге береміз.
Вальс: Қыздар, қыздар сұлу қыздар.

5. Пікірталас.
Қыздар: « Қыздарды сыйлау деген не ?»
Ұлдар: « Сыйлау үшін қандай болуың керек ?»

6.Қорытынды.
Бабаларым қыздарды қадірлеген,
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,

Күн болмаған сазды күй төгілмеген - деп бүгінгі тәрбие сағатымызда қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі, ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін.
Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
1299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі