Әскери қызметкерлердің эмоционалды жану синдромын зерттеу
Қизaт Динара Ғапасқызы
Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің педагог-психологі
Іс жүзінде кез келген ұйымдағы қызметкерлердің денсаулығын сақтаумен, кәсіби қызметтің тиімділігін қамтамасыз етумен, сондай ақ кәсіби қызметтің жоғарғы дәрежесін қолдап отырумен байланысты болып келетін өзекті мәселелердің бірі «эмоционалды жану» синдромын алдын алу мәселесі болып табылады. Берілген тақырыпты зерттеуге заманауи психологиялық ғылымдардағы бірқатар зерттеулер арналған, атап айтқанда В.В.Бойко, И.А.Акиндинова, О.П.Бусовикова, Т.Н. Мартынова, М.В. Борисова және т.б ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады.[1,245]
Жану феноменінің түп негізіне деген әртүрлі көзқарастар кездеседі. Көптеген зерттеушілер эмоционалды жануды (ЭЖ) қалыптасқан кәсіби жүріс-тұрыс стереотиптеріне, таңдамалы психотравмалық ықпалдарға жауап беретін эмоция ерекшеліктерінің толықтай немесе жартылай формасындағы психологиялық қорғаныс механизмдерімен қалыптасқан тұлға ретінде анықтайды. Бір жағынан, ЭЖ адамға энергетикалық ресурстарды экономды қолдануға және мөлшерлеуге мұмкіндік берсе, басқа жағынан – жұмысты атқаруда және серіктестерімен қарым-қатынаста жағымсыз әсер етеді. В.В.Бойко ЭЖ-ды бірнеше факторлардың әсерінен туындайтын тұлғаның кәсіби деформациясы ретінде қарастырады.[3,186]
Әскери қызметкерлердің тұлғасы жағдайлардың үздіксіз әсеріне ұшырайды, мұндай жағдайлар психиканы зақымдауы мүмкін: басшылық тарапынан психологиялық қысым, және еңбекті ұйымдастыру мазмұны (көшпелі оқулар, өткір кезекшіліктер), және жұмыс уақытының нормаға сай келмеуі және т.б. Нәтижесінде бұл эмоционалды жану синдромы түрінде тұлғаның деформациясына алып келуі мүмкін.
Осыған байланысты келісім шарт қызметіндегі әскери қызметшілердің кәсіби қызметі мысалындағы эмоционалды жану көріністері мен тұлғалық факторлар арасындағы өзара байланысты зерттеу маңызды болып көрінеді.
Зерттеудің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы берілген мәселенің күрделілігі болып табылады, себебі кәсіби жану кәсіпқой тұлғасының тұтастылығын бұзады, оның тұрақтылығын, бейімділігін төмендетеді, қызмет өнімділігіне теріс әсер етеді. Сонымен қатар маңыздылығына кәсіби деформацияны алдын алу, түзету және еңсерудің тиімді амалдарын жетілдіру үшін әскери қызметкерлерде кәсіби жанудың мүмкін болатын барлық көріністерін анықтау мақсатында берілген мәселені мұқият зерттеуді жатқызуға болады.
Зерттеу мақсаты: әскери қызметкерлердің кәсіби қызметті атқару процессіндегі эмоционалды жану синдромының қалыптасуын зерттеу..
Зерттеу мaқсaтымызғa сәйкес зерттеуіміздің келесі міндеттері туындaйды:
1. Эмоционалды жану мәселесін зерттеуге арналған теориялық және эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін анықтау негізінде жоғары стресстік шарттарда жұмыс істейтін мамандарда (мысал ретінде келісімшарт бойынша жұмыс атқаратын әскери қызметшілер) синдромның туындау факторларының қатері мен модельдерін, сондай-ақ жанудың құрылымын қарастыру;
2. Келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілерде эмоционалды жанудың қалыптасуына себеп болатын, олардың қызметтерінің жоғары стресстік жұмыс болып келетінін куәландыратын жұмыс ерекшеліктерін анықтау.
3. Келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілердегі эмоционалды жанудың көріністерінің ерекшеліктері мен ішкі факторлары (әсери қызметкерлердің жеке-психологиялық және тұлғалық сипаттамалары) арасындағы өзара байланысты анықтау.
Зерттеу объектісі: эмоционалды жану синдромы психологиялық феномен ретінде.
Зерттеудің болжамы: әскери қызметшілердің тұлғалық-бейімделу әлеуетінің белгілі бір деңгейі кәсіби қызметті атқару процессіндегі эмоционалды жану синдромының қалыптасуына әсер ететін көрсеткіш болып келеді.
«Эмоционалды жану» терминін, кәсіби көмек көрсету кезінде эмоционалды жүктелген атмосферада пациенттермен, клиенттермен қарқынды және тығыз қарым-қатынастағы дені сау адамдардың психологиялық күйін сипаттау үшін, 1974 жылы америка психиатры Х.Дж. Фрейденберг енгізген
Эмоционалды жану синдромы жұмыста болатын өзінің міндеттеріне деген немқұрайлықпен, өзінің пациенттеріне не клиенттеріне, дәл солай қызметкерлерге деген үдемелі негативизм түріндегі дегуманизациямен, өзіндік кәсіби дәрменсіздікті сезінуімен, жұмысына қанағаттанбау сезімімен, деперсонализация құбылыстарының туындауымен, нәтижесінде өмір сүру сапасының күрт нашарлауымен сипатталады. Кейін невротикалық ауытқушылықтар мен психосоматикалық аурулар пайда болуы да мүмкін.
Әскери қызметшілердің тұлғалық-кәсіби қалыптасуындағы негативті өзгерістері деп психикалық құрылымның деструктивті өзгерістерді, әскери қызметкерлердің тұлғалық дамуындағы мотивациялы, эмоционалды және шығармашлық сферасындағы тұлғаның қасиеттерді атауға болады. Басшылық құрамдағы әскери қызметшілердің тұлғалық-кәсіби қалыптасуына кедергі жасайтын себептер негізінен созылмалы психикалық шиеленісушілікпен, еңбек шарттарының қиындығымен, кәсіби даму кризистерімен, кенеттен болған оқыс жағдайлармен, жас ерекшелік өзгерістермен, бір сарындылықпен, кәсіби шаршағандықпен, кәсіби деформациямен байланысты.[2,187]
Сонымен, әскери қызметкерлердің кәсіби қызметті атқару процессіндегі эмоционалды жану синдромының қалыптасуын зерттеу үшін біз эксперементaлды зерттеу жүргіздік.
Келісімшарттағы әскери қызметкерлерде көрініс беретін эмоционалды жанудың тұлғалық ерекшеліктерін анықтау үшін Қарағанды қаласындағы №52859 әскери бөлімше базасында зерттеу жүргізілді.
Зерттеу таңдамасын 3-7 жыл аралығындағы мерзіммен келісімшарт қызметіндегі әскери қызметкерлер құрайды (80 адам). Сыналушылардың жасы 25-39 жас аралығы.
Жүргізілген әдістемелер: 1. В.В.Бойконың эмоционалды жану деңгейін дигностикалау әдістемесі және 2. Ч.Д.Спилберг ұсынған үрейленушілікті анықтауға арналған тестісі.[4,82]
Зерттеу барысы: сынaлушылaрғa екі әдістемеге жaуaп беру ұсынылды. Әдістемелерге жауап беру барысында ешқандай кедергілер келтірмеуін мұқият бақылап отырдық.
Біздің болжaмымыз бойынша әскери қызметшілердің тұлғалық-бейімделу әлеуетінің белгілі бір деңгейі кәсіби қызметті атқару процессіндегі эмоционалды жану синдромының қалыптасуына әсер етеді.
Эмоционалды жану деңгейін дигностикалау үшін В.В.Бойконың "Эмоционалды жану деңгейін зерттеу тәсілдері" әдістемесі қолданылды. Әдістеменің авторы В.В.Бойконың пікірі бойынша, эмоцоналды жану – бұл психожарақаттану әсеріне жауап ретіндегі қорғаныс механизмі.[4,18]
Аталған әдістеме «эмоционалды жанудың» себептерін диагностикалап, стресстің қандай даму кезеңдеріне жататынын анықтайтын болады: «қысым», «резистенция» немесе «жүдеу». «Жану» синдромының қалыптасуының әртүрлі фазаларының саналған сандық көрсеткіштері мен мағыналық мазмұнына сүйене отырып, тұлғаға көлемді сипаттама беруге, қақтығыстық жағдайлардағы эмоционалды жауабының адекваттылығын бағалауға, жеке қасиеттерін көрсетуге болады.
Әдістеме 84 көзқарастан тұратын болады, осылайша «эмоционалды жанудың» үш фазасын анықтауға болады: қысым, резистенция және жүдеу.
В.В.Бойконың эмоционалды жану деңгейін дигностикалау әдістемесі нәтижелерінің анализі:
Суретте көптеген әскери тұлғаларда (46%) резистенция фазасының дамығандығы анықталды. Бұл әскери тұлғалардағы қарсы тұру механизмдерінің барын көрсететін болады.
Сондай-ақ көптеген әскери қызметкерлерде қысым фазасы (50%) сияқты жүдеу фазасы (43%) қалыптаспаған.
Әрбір үшінші әскери тұлғада 3 фазаның барлығы қалыптасқан: қысым (32%), резистенция (32%), жүдеу (36%), бұл көптеген әскери тұлғалардың өзінің еңбек процесінде эмоционалды күш және стресске ие екендігін көрсететін болады.

Сурет 1. Әскери тұлғалардағы эмоционалды жану фазаларының пайда болуы
Осылайша, эмоционалды жану синдромын зерттеу негізінде біз әскери адамдарда келесідей себептерден тууындайтынын анықтаған болатынбыз: психожарақаттық синдромдарды басынан кешіру (57% - қалыптасқан синдром) адеквадты емес эмоционалды әсер ету (57% -синдром қалыптасқан), мамандырылған міндеттер редукциясы (46% белгілері қалыптасқан).
Әскери қызметкерлердегі эмоциналды жанудың туындауына әсер ететін үрейленушілікті анықтау үшін Ч.Д.Спилбергпен ұсынылған тестісі қолданылды. Орыс тілінде оның әдіс тәсілі Ю.Л.Ханинмен жасалды. [5]
Жүргізу барысы: алдыңғы әдістеме қорытындысы бойынша әскери қызметкерлер екі топқа бөлінді. Бірінші топта эмоционалды жану синдромы көрініс берсе, ал екінші топта синдромның көрсеткіштері анықталмаған. Спилбергтің әдістемесін бірінші синдром байқалған топта жүргізілді, кейін екінші топта жүргізілді. Алынған нәтижелер салыстырылды.
Ч.Д.Спилберг ұсынған үрейленушілікті анықтауға арналған тест нәтижелерінің анализі:
Диаграмма бойынша (сурет 6) көптеген сыналушыларға жоғары тұлғалық және жағдайлық үрейленушілік тән екендігі анықталып отыр. Қалыпты тұлғалық үрейленушілік тек сыналушылардың 17% ғана кездеседі. Тұлғалық үрейленушілік нақты бір жағдайлардың әсерінен болады.
Жағдайлылық немесе реактивті үрейленушілік субъективті негізделетін эмоциялармен белгілі: қысым, мазасыздық, тым ашушаңдық. Бұл эмоционалды реакция уақыты негізінде әртүрлі болуы мүмкін. 83% сыналушылар жоғары жағдайлылық үрейленушілікке ие.

Сурет 6. Эмоционалды жану синдромы негізінде әскери адамдарда тұлғалық және жағдайлылық үрейліктің көрініс беруі
Әскери тұлғалардың 2 тобының нәтижелерін зерттей отырып, оларда эмоционалды жану синдромы анықталмаған. (сурет7)
Диаграммадан біз осы топта үрейленушілік деңгейі көптеген сыналушыларда (56%) қалыпты екендігін көріп отырмыз. Жоғары үрейленушілік 38% қызметкерде анықталған. 6% әскери тұлғалар төмен тұлғалық үрейлілікке ие.
Жоғары жағдайлылық үрейленушілік әскери тұлғалардың 50% көрінеді. Төмен үрейленушілік сыналушылардың (6%) кездесетін болады. Басқалары үшін 44% жағдайлылық үрейенушіілік болып табылады.

Сурет 7. Эмоционалды жану синдромы байқалмаған тұлғаларда тұлғалық және жағдайлылық үрейлілік көрсеткіштері.
Жағдайлылық немесе реактивті үрейленушілік субъективті эмоциялармен сипатталатын болады: қысым, қайғы, шаршаңдық, ашушаңдық. Үлкен жағдайлылық негізінде өмірлік мәселелердің көбісін шешуге де болады. Олар жоғары сезімалдыққа ие және қауіп-қатерді тез сезетін болады. Осы топтағылардың барлығы жоғары жағдайлылық үрейленушілікке ие.
Топтардың көрсеткіштерін салыстыра отырып, үрейлілік екі топқа да тән екендігін анықтаймыз. Үрейліліктің нақты бір деңгейі екі топқа да тиесілі. Бірақ эмоционалды жану синдромы бар топта, бірінші топ, үрейлілік деңгейі жоғары болып табылады.
Алынған нәтижелерге сүйене отырып, үрейленушілік деңгейі эмоционалды жану синдромы бар адамдарда жоғары деп айтуға бола ма?
Осыған жауап ретінде статитистиканы қолдануға болады, ол Пирсонның х2-критерийі деп аталады.
Оның формуласы келеседей:
,
Мұндағы:
- I топтағы эмоционалды
жану синдромы бар әскери тұлғалардың
көрсеткіштері.
- II топтағы эмоционалды
жану синдромы жоқ әскери тұлғаларлдың
көрсеткіштері.
m – топтардың жалпы саны
тұлғалық үрейленушілік
нәтижелерін x
формуласына қойып, оның
көлемін анықтайтын боламыз:
x
=

Критикалық мағыналар кестесін
қолдана отырып, x
- критерий, бағалардағы
әртүрлілікті анықтауға да болады. Алынған мағынаны
x
= 86,3 кестелік көрсеткіштен
жоғары болып табылады, m – 1= 2 еркіндік көрсеткіші құрайтын болады
13,82 бұндағы қателік 0,001 аз. Осылайша, әскери тұлғалардың
үрейленушілік деңгейі нақтыланған болатын.
Қорытa кететін болсaқ екі топтың көрсеткіштерін салыстыра отырып, үрейленушілік екі топқа де тән екендігін көруге болады.Үрейленушіліктің нақтыланған деңгейі – тұлғаның белсенді қызметінің табиғи және міндетті ерекшелігі. Бірақ эмоционалды жану синдромы бар топта үрейленушіліктің (тұлғалық та, жағдайлылық та) көрсеткіштері нормадан жоғары. Оны Пирсонның х-2 критерийі нақтылаған болатын.
Сонымен жоғaры aйтaлғaнның бәрін сaрaптaй келе біз келесі қортындығa келдік:
-
Теориялық тaлдaу негізінде эмоционалды жану синдромы – бұл кәсіби көмек көрсету кезінде эмоционалды жүктелген атмосферада пациенттермен, клиенттермен қарқынды және тығыз қарым-қатынастағы дені сау адамдардың психологиялық күйін сипаттайтын термин деген ойға келдік.
-
Эксперементaлды тaлдaу бaрысындa жүргізілген эмоционалды жану синдромын және үрейленушілікті анықтау үшін В.В.Бойконың әдістемесі мен Ч.Д.Спилбергтің тестісі негізінде әскери қызметкерлерде эмоционалды жану синдромының көріністері байқалды, және де эмоционалды жануы бар адамдар тобында үрейленушілік деңгейі жоғары болып келетін байқадық, яғни aлғa қойғaн болжaмымыз рaстaлды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
Аболин Л.М. Психологические механизмы эмоциональной устойчивости человека. - Казань: Издательство Казанского университета, 1987.
-
Багрий М.А., Качина А.А. Особенности формирования синдромов стресса в разных видах профессиональной деятельности. - СПб., 2001.
-
Водопьянова Н.Е. Синдром психического выгорания в коммуникативных профессиях // Психология здоровья / Под ред. Г.С. Никифорова. - СПб.: Изд-во СПбГУ, 2000.
-
Бойко В.В. Синдром "эмоционального выгорания" в профессиональном общении. - СПб.: Питер. 1999.
-
Ғаламтор желісі: http://psylist.net/praktikum/istre.htm
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз