Материалдар / Аспан әлемі.

Аспан әлемі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Аспан әлемі тақырыбында жазылған ғылыми жұмыс .
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады




























МАЗМҰНЫ





І.Кіріспе …...................................................................................................4



ІІ. Негізгі бөлім



2. 1 Ғарыш ұғымы оның пайда болуы.........................................6

2. 2 Аспан денелері ...........................................................6

2. 3 Шоқжұлдыздар ..............................................................................7

2. 4 Қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері .....................13




ІІІ Қорытынды..................................................................................14 ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер................................................................16

Аннотация

Зерттеудің өзектілігі – тұлғаның барлық көрсету және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту басты факторлардың бірі. Осы жұмыстың арқасында танымдық әрекеттің белсенділігі артады. Аспан денелері туралы түсініктерімізді кеңейте отырып, оларға қатысты ата-бабаларымыздың болжамдары мен дүниетанымына терең талдау жасау. Егер аспан денелері және олар туралы халқымыздың таным-түсініктеріне терең талдау жасап, танып білсек аспан денелері, ғарыш әлемі туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, оның қыр-сырын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.



Аннотация


Актуальность исследования - один из основных факторов развития всех навыков выражения и творческого мышления. Благодаря этой работе повышается активность познавательной деятельности. Углубленный анализ предсказаний и мировоззрений наших предков по отношению к ним, расширяющий наши представления о небесных телах. Если мы проведем углубленный анализ небесных тел и знаний нашего народа о них, наши знания о небесных телах и космосе увеличатся, мы сможем овладеть его нюансами и эффективно использовать их для наших собственных нужд.






Кіріспе


Жерді қоршаған бүкіл дүние -Ғарыш деп аталады. Ғарыш әлемі кең байтақ! Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс-тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты білетін болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды қажет етті.

Түнде аспанға зер салсақ, көп жұлдыздар көреміз. Олар жарқырап, сәуле шашып тұрады. Олар аспан денелері, жерден алыс орналасқандықтан, бізге кішкентай нүкте болып көрінеді. Адамдар жұлдыздарды шоқжұлдыздарға топтастырған. Барлығы 88 шоқжұлдыз бар.Оларға атау берілген. Ең танымал шоқжұлдыз-Жетіқарақшы мен Кіші жетіқарақшы-оның ең жарық жұлдызы-Темірқазық.

Түнгі аспандағы жұлдыздарды бақылайтын адамды «жұлдызшы» деп атаған, кейінірек оларды «астраном» деп атаған. Астраномия-ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым.

Жер, Ай,Күн-ғарыштық денелер. Жер шағын ғаламшар. Ең үлкен ғаламшар-Юпитер. Күнді 8 ғаламшар –Меркурий,Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун айналып тұрады. Барлық ғаламшардың пішіні шар тәрізді, ал көлемі әртүрлі, бірақ олардың барлығы Күннен бірнеше есе кіші.

Аспан әлемі мені қатты қызықтырып, ғарыш әлемін зерттеуге қызығушылығым оянып, осы жобаны бастауыма негіз болды.

Сондықтанда ғылыми жобамның тақырыбын «Ертедегі халқымыздың ғарыш туралы түсініктері» деп алдым.












Зерттеудің өзектілігі.

Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Түнгі аспандағы жұлдыздарды бақылайтын адамды «жұлдызшы» деп атаған, кейінірек оларды «астраном» деп атаған. Астраномия-ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым. Шынында да олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандардың саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.

Зерттеудің мақсаты: Аспан денелері туралы түсініктерімізді кеңейте отырып, оларға қатысты ата-бабаларымыздың болжамдары мен дүниетанымына терең талдау жасау.

Зерттеудің міндеттері:

- Аспан денелері туралы кеңінен танып-біліп, оларға сипаттама жасалу;

- Халқымыздың аспан денелері туралы таным-түсініктері мен болжамдарын айқындау.

















ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Ғарыш ұғымы оның пайда болуы

Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат Күнді, Айды, планеталарды және белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген аспан шырақтары, барлық қоршаған орта тәрізді, оларға өзгермейтін сияқты болып көрінді.

«Күн Жүйесі» деп аталатын тоғыз планетаның Күннен алшақтығы бойынша реті мынандай: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон. Күнге ең жақын болған Меркурий, Шолпан, Жер планеталары «Ішкі планеталар», ал Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон планеталары «Сыртқы планеталар» деп аталады. Марс пен Юпитердің арасында «Астероид» деп аталатын кішкене планеталар да бар. Меркурий, Шолпан және Плутон планеталарынан басқа бүкіл планеталардың бір немесе бірнеше серіктері бар.

Ю. А. Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, ғарыш әлемінің жаңа саласы — космонавтика (грекше космос — ғарыш және наутик- кеме жүргізу) жедел дамып келеді. Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді.


2. 2 Аспан денелері


Күн жүйесі.

Күн жүйесінің ғаламшарлары екі топқа бөлінеді – жер тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон да жатады. Жер тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен темірден тұрады.

Жер тобындағы ғаламшарлардың серіктер аз немесе тіпті жоқ. Сақиналар жүиесі де жоқ. Олардың беткі қабаттары қатты. Бүл ғаламшарлар күнге жақын оналасқан. (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста – екі кішкене серік, Жерде – біреу). Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.

Түнде аспанға зер салсақ, көп жұлдыздар көреміз. Олар жарқырап, сәуле шашып тұрады. Олар аспан денелері, жерден алыс орналасқандықтан, бізге кішкентай нүкте болып көрінеді. Адамдар жұлдыздарды шоқжұлдыздарға топтастырған. Барлығы 88 шоқжұлдыз бар.Оларға атау берілген. Ең танымал шоқжұлдыз-Жетіқарақшы мен Кіші жетіқарақшы-оның ең жарық жұлдызы-Темірқазық.

Ежелгі уақытта адамдар аспан — төңкерілген үлкен ыдыс, ал Жер — үлкен нан деп ойлаған. Әрі қарай «жердің шетінен басқа не бар?» «аспанның ар жағында не бар» деген сұрақтар мазалады. Олардың ойымен: Жер үш үлкен киттің үстінде жатады, өйткені әлемде киттерден үлкен ешкім жоқ деген ойда болды.

Бірақ адамдар біртіндеп саяхат жасай бастады. Одан әрі жаяу жүрді, үлкен қайықтармен өзендер мен теңіздер бойымен жүзді. Ал адаспау үшін олар аяқ астына емес, аспанға қарай бастады. Құмда немесе теңізде қалай жол табуға болатынын ойлады. Ал Күн, Ай мен жұлдыздар барлық жерде көрінеді — теңізде де, шөлде де. Және олар әрқашан өз орындарында. Сол кездердері «жетекші жұлдыз» өрнегі пайда болды. Күн, Ай, жұлдыздар әрқашан аспан бойымен бірдей, тыныш, асықпай, сағат тіліндей қозғалады.






  1. 3 Шоқжұлдыздар

Көшпелі жұрттың аспан әлемі туралы ілімге қосқан үлесі де ерекше. Ұлан-байтақ кең далада мал бағып, күндіз мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған.

Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған.


Шолпан планетасы. Шолпанды Жердің «сіңлісі» деп те атайды, өйткені олардың массалары және өлшемдері шамалас. Шолпан өзінің Күнді айнала қозғалысына кері бағытта және Жерге қарағанда 243 есе баяу қозғалатынымен басқа планеталардан өзгешеленеді.

Көшпелілердің өмірінде – Шолпан жұлдызының ролі аз болған жоқ. Шолпан күн шықпай немесе күн батқан соң көрінеді. Әрбір жайлауға және жайлаудан көшу уақыты Шолпанның туына байланысты болған. Шолпан жұлдызы кешкі күн батарда батыста көрінсе, оны «Тұл қатын» деп атаған. Бұл атау Шолпанға, қыста күн батарда батыста көруіне байланысты қойылған. Өйткені, қыста кешке қарай аяз күшейеді. Шолпан (Зуһра, Керуен, Өмірзая) Күнді 0,61521 жылда немесе 224 тәулік 18 сағат 17 минутта айналып шығады.

Қазақ есепшілері таң атар алдында шығыс оңтүстік жақтан жарқырап жанып көрініп, көкжиекті ерекше жарық етіп туып тұратын нұрлы, үлкен жұлдызды «шолпан жұлдызы» немесе «таңшолпан жұлдызы» деп атаған екен.

Қазақ малшылары түн қатып мал өрістеткенде, жылқы күзеткенде таңшолпан жұлдызы көрінгенде малдарын өрістен қайтарады, қораларына айдап келеді. Өздері йлеріне оралады. Таңі алауында шолпан туған шақта мал екеш мал да жайылмайды. Түнімен жайлыған мал өздігінен қораға қарай қайтады. Мұның сырын қазақ есепшілері мен қазақ малшылары жақсы білген. Шолпан туған шақта мал ары қарай жайылса, малдың ішмайы кетеді. Мал шарбыланбай қалады деп ұйғарған.

Шолпан Күн жүйесіндегі Жерге ең жақын планета, оған дейінгі қашықтық 40 - тан 259 млн километрге дейін өзгереді. Шолпан планетасының серіктері жоқ.

Құс жолы жұлдызы

Бүйі шоқжұлдыздарының бойымен қабаттаса ұзыннан –ұзақ созылып жатқан тұмандықты байқауға болады. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден

Құс жолы деп атаған.

Себебі, көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы жолмен кері қайтады. Ал ақиқатында бұл ақ тұмандық шоғырланған сан миллиард жұлдыздардың алыстан көрінген өте әлсіз сұлбасы болып табылады. Құс жолы аталып кеткен бұл тұмандық (еуропалықтар «сүт жолы» деп атайды)

Қазақ есепшілері бағзы замандарда-ақ күз аспанының түніне көз жіберіп, аспан қазанының оңтүстіктен солтүстікке қарай бауыры ағараңдап көрініп, ұзақтан ұзаққа созылып жатқан сан санақсыз жұлдыздар шоғырын, тым ерте замандардың өзінде байқаған екен.

Күз айларының соңғы күндерінде осы жұлдыздардың бауыры ағараңдап, балық қарындынап, анық көрінген кезде жыл құстары жылы үйекке қарай қайта бастайды. Бұл күз айының, күз маусымының соңғы кезінен дерек беретін аспандағы көрнекті жұлдыз көрінісі болып табылады. Қазақта мынадай сөз бар: «Жыл құстарынан артық есепші жоқ, олар аспандағы бауыры ағараңдаған сансыз жұлдыздар шоғырының жолын бойлап, жылы үйекке ұшып жетеді, бағытынан адаспайды. Осы жүлгеде әдемі ауа ағысы болады, құстар сол ағыспен жеңіл ұшып, жерге жетеді». Мұны қазақ есепшілері ерте біліп, сансыз жұлдызға «құс жолы» жұлдызы деп ат қойға. Кейбір өңірлерде бұл жұлдыздарды «бағдар жұлдыз», «балық қарын жұлдыз» деген аттармен де атайды екен.

Күз айларының шайдай ашық түүндерінде «құс жолы» жұлдызына көз жіберсеңіз, бұл жұлдыздардың кей жердері көмірдей қара, кей жерлері ақ бауыр тартып, күмістей жылтырап, алыстан көз тартады. Бұл шоғыр жұлыздар өте көп, жерде тұрған адам көзбен көріп, санына жету мүмкін емес. Бұл жұлдыздар бірінің үстіне бірі қабаттасып, ығы-жығы болып, жыпырлап көрінеді. Анықтап қарап тұрған дамаға бірі жанып, бірі сөніп тұрғандай мың сан құбылып, қайнап жатқандай, аспанның ақ бауыры аунап бара жатқандай көрінеді. Бұл жұлдыздар шоғырының құбылуынан қазақ есепшілері ауа райы өзгереді деп алдағы күндердің болжамдарын жасайды.

Сүмбіле (латынша – Сириус) жұлдызы - Үлкен төбет шоқжұлдызының құрамындағы ең жарық, ақшыл түсті алып жұлдыз. Қазақстан жерінде Сүмбіле жұлдызы күзді күні туады. Солтүстік аспан жарты шарынан Сүмбіле жұлдызын табу үшін Таразы шоқжұлдызынан көкжиекке қарай ойша түзу сызық жүргізсек жетіп жатыр. Мамыр айында Қазақстан жеріне көрінбей кеткенде, Сүмбіле жұлдызы аспанның оңтүстік жарты шарына ауысады.


Қазақ халқы да Сүмбіле жұлдызын жақсы таныған, оны шаруашылық өндіріске байланыстыра білген. Қазақ тілінің сөз орамдарында "Сүмбіле туар жылтиып, ат семірер құнтиып", "Сүмбіле тумай, су мұздамайды", "Сүмбіле туса су суиды", "Сүмбіленің түні салқын, күні ыстық", "Сүмбіле туса, суға зіл түседі". Бір сөзбен айтқанда,бұл сөздерден қазақ түсінігінде Сүмбіленің тууы су қататындай, яғни 0º С төмен температураның орнайтынын аңғартады.

Марс планетасы. Қазақтың бағзы замандағы есепшілері шетсіз-шексіз аспан әлемін, жұлдызды кеңістікті бақылай жүріп, жер шарына жақын тұрған қызыл қан жұлдызды көреді. Ол жұлдыздың қызыл реңіне қарап, оған «қызыл жұлдыз» деп ат қояды. Қазіргі кездегі «марс» деп атап жүрген осы жұлдыз. «Қызыл жұлдыз» планетасы Жерден әлде қайда кіші. Ол, бір жағынан, Меркурий мен Айдың арасындағы, екінші жағынан, Жер мен Шолпанның арасындағы аралық планета тәрізді, оның атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының тығыздығынан 10 есе аз. Марстың атмосферасы Шолпандағы тәрізді көмір қышқыл газынан тұрады. Марс планетасының екі серігі бар. Олар өлшемдері шағын, шамамен 20 км болатын Фобос және Деймос.

Марс Күн жүйесіндегі Жерден адам баласының онда жетілген жердегідей тіршілік бар деген үмітпен қарап, ерекше қызығушылық тудырған бірінші планета. ХІХ ғасырда негізгі пікірталастар мен айтыстар тудырған Марстан басқа бірде - бір планета болған емес. Қазіргі кезде Марста өсімдіктер мен органикалық өмірдің бар болуы жөнінде талас жүріп жатыр. ХХІ ғасырда бұл пікірталастың жұмбағы азайған жоқ.

Қазақ қызыл жұлдыз қыркүйек айларындағы түндерде анық көрінеді деп біледі. Бұл кезде қызыл жұлдыз жер шарына тақап келеді. Қазақтың көне ырымдарының бірінде қызыл жұлдыз жер шарына жақындаса зілзала болуы мүмкін деп сақсынады. Әсіресе қыркүйек айының 10-11 жұлдызы қызыл жұлдыздың жер шарына төніп келіп қайтатын түндері деп ескертеді. Бұдан қорққан бұрынғы ата-бабалырымыз «қызыл жұлдыздың қырсығы аспанда қалсын, жақсылығы жерге түссін» деп ырым етіп, тілек тілейтін көрінеді. Тіпті кейбіреулері ақсарбас атап сойып кемтар-мүгедек, кедей-кембағал адамдарға садақа да берген деседі. Байырғы қазақтар қызыл жұлдызды суық жұлдыздар қатарына жатқызады. Көбіне қысты күнгі ауа райын қызыл жұлдыздың тууына қарап айырып,  болжайтын болған. Қызыл жұлдыз туып тұрған кездегі аспанның оңтүсітк жағынан бұлт көрінсе, жер шарына оңтүстік жақтан жел соғады, боран тұрады. Ал солтүстік. Аспан жұлдыздарының тәулік айналысына қарсы жүреді де, күн шығыстан барып күн жарығына батады. Соған қарап қазіргі есепшілер қарсы бағытты жұлдыз немесе кері жұлдыз деп атаған. Кейде жаман ырымға балап, қорқатыны да содан. Өйткені қазақ халқы ылғи да оң бағытты жақсы ырымға балайды. Қазақта «Екі көзі қызыл жұлдыздай қызарып кетіпті», «Көзің қып-қызыл, қан басып тұр» деген сөз бар. Бұл ашуланған, қан қысымы жоғарылап ауырған не жынданған адамдарға қарата қолданылатын сөз. Қызыл жұлдыздың кері айналысын жақтырмай, жағымсыз ұғымға пайдаланған.

Жеті қарақшы жұлдызы: Баяғыда ата-бабаларымыз жеті қарақшы жұлдызын «Аспан әлемінің сағаты» немесе «аспан тілі» деп атаған екен. Қазақ малшылары жеті қарақшы жұлдызының аууынан түнгі тәулікті дұрыс айыра білген. Соның нәтижесінде бір түнді үшке бөліп қарастырған. «Кеш», «түн ортасы», «таң алды» немесе «түн басы», «жеті қараңғы түн», «соңғы түн» деп бөлген.

Темірқазық шоқжұлдызы және Жеті қарақшы. Солтүстік аспан жарты шарының кіндігінде орналасқан шөміш іспеттес кіші 7 шоқжұлдызды және оған жақын орналасқан бірнеше шожұлдыздарды жылдың қай мезгілінде болмасын, әрдайым көріп отыруға болады. Жеті жұлдыздың ұшындағы жарық жұлдызды халқымыз – Темірқазық деп атап, «шөміш» түріндегі екі жарық жұлдызды Ақ боз ат және  Көк боз ат деп атаған. Егер бір сәт Темірқазық жұлдызынан төмен қарай түзу сызық жүргізсең, ол «үлкен шөміш» сияқты Жетіқарақшының түбіндегі екі жарық жұлдызды қиып өтеді. Жетіқарақшы шоқжұлдызының Темірқазықты айнала қозғалып жүруі аспан әлемінің сағат тіліне қарсы айналуының ең қарапайым белгісі болып табылады. Яғни, ғылыми тілде қазіргі уақытта аспанның солтүстік нүктесі Темірқазық жұлдызына өте дәл келеді. Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде бет алысын бағдарлайтын астрономиялық компасы. Жетіқарақшы оларға сағат қызметін атқарған. Оның қозғалысын, қосымша А-да көрсетілгендей, сағат тілінің қозғалысы ретінде пайдаланған. Түн ортасында Жетіқарақшы қайда, таң ата қайда болатынын білген, күзге таман түндер ұзарады, қой күзетушілер Жетіқарақшының орналасуына байланысты ауысып отырған.

Қазақ түн  қатып жол жүргенде, алыс сапар алғанда, барар бағыт-бағдарын аспан жұлдыздарына қарап, дұрыс межелеп, анық айырып отырған. Аспан шырақтарының бағытын дұрыс бетке алғандықтан барар жеріне, қонар ауылына жаңылмай барып, жазбай тауып, аман-есен жетіп отырған.

Қазақ түн баласында ұзақ-ұзақ жол жүргенде бірніші болып  темір қазық жұлдызын аспанға қарап, тауып алады да, одан соң жеті қарақшы жұлдызының қалай қарай ауып бара жатқан бағытына көз жібереді. Сосын оның қай жақта, қай орында тұрғанын анықтайды да, баратын бағыт-бағдарын, бет алсыны соған қарай туралайды. Сосын нық сеніммен алға тартып жүріп кетеді.

Юпитер Қазақ есепшілерінің есекқырған жұлдызы деп атап жүргенін қазіргі ғылымда «юпитер» деп атап жүр. Қазақ есекқырған жұлдызы күн жүйесіндегі ең ірі алып жұлдыз деп біледі.

Күн жүйесіндегі ең үлкен және ең ауыр планета, түрлі түсті. Юпитердің көлемі Жерден 1320 есе, ал салмағы 315 есе артық.

Қазақ есепшілері аспан әлеміндегі үлкен жарық жұлдыздарды бақылау барысында кей түндері түн туа сала, кей түндері түн ортасы ауғанда, кей түндері шолпан туардан бұрын кішілеу күміс реңді табақьтай болып жарқырап үнемі туып тұратын ғажайып жұлдызды байқаған екен. бұл бір қараған көзге бейне таңшолпан немесе жай шолпан жұлдызына ұсқап кетеді. Үнемі жұлдызды бақылап, көзін жұлдызға суарып жүрмеген адам болса, бұл жұлдызды көрген жерден таңшолпан жұлдызы деп айыра алмай қалары сөзсіз.

Қазақ есепшілері бұл жұлдызды ұзақ уақыт қайта-қайта бақылау арқылы оны «есекқырған» жұлдыз деп атағн екен. бұл жұлдыздың есекқырған жұлдызы атануының да өзіндік тамаша аңызы бар.

Бағзы замандарда бүгінгідей қатынас құралы дамымаған кезде саудагерлер көп есекке жүктерін артып алып, қыстың суық күндерінің бірінде үлкен шаһарды бетке алып жолға шығады. Кешке қарай жолдағы қоналқыға келіп, қонақтанады. Есектегі жүктерін түсіріп, тынығады, дем алады. Керуен басы сол ауылдағы күзетшіге өзін шолпан жұлдызы туа салып оятып жіберін өтінеді. Өзі саудагерлермен бірге тастай қатып ұйықтап қалады. Түн ортасында аспан әлемінен жарқырап туған жұлдызды көрген әлгі күзетші саудагерлер жатьқан үйге келіп, «Шолпан туды, шолпан туды, тұрыңыздар!» деп саудагер басын да, басқа саудагерлерді де түгел оятады. Саудагерлер таң атуға жақын қалған екен деп асығыс-үсігіс есектеріне жүкті артады да, ұяқылы-ояу жолға шығып кетеді. Әлі таң атпайды, жолда аяқ астынан ауа райы бұзылады, күн қатты суытады, қарлы боран соғады. Олар жолдван адасады, түнде жөнді жем-шөп жемеген, алыс жолда ылғи ауыр жүк көтерген есектер терлеп келе жатады да, қатты суыққа ышыдамай қырылып қалады. Бұл кезде таң атуға тақап қалған кез еді. Шығыс жақтан шақшиып щолпан жұлдызы туады. Сонда саудагерлердің біреуі «шолпан жұлдызы туды» деп айқай салады. Саудагерлердің арасынан тағы біреуі бағанағы күзетшінің айтқан шолпан жұлдызы  жұлдыз емес пе дегенде оны естіп тұрған саудагердің басшысы шамырқанып, ол шолпан емес, ол есекқырған деп бақырыпты. Содан бастап бұл жұлдыздың аты ел ішіне «есекқырған» жұлдызы деп тарап кеткен екен деседі.

Сатурн. Алқа жұлдызы

Қазақ есепшілері аспан әлемін бақылай жүріп, сан-санақсыз жұлдыздар арасынан бөгенайы бөлек, алқаға ұқсайтын бір жарық жұлдызды көреді. Оны түн-түн сайын күзете жүріп, бір кезде оған «алқа жұлдызы» немесе «аспан алқасы» деген ат қояды. Бұл жұлдыз аспан әлемінен күнде-күнде көріне бермейді. Аспаннан бір көрінгеннен кейін араға үш жүз жетпіс сегіз күн салып барып көрінеді. Алқа жұлдызы туғанда ол жұлдыздың бейнесі адамның мойнына салатын алқаға ұқсап, алқасы жалтырап, нұрын шашып туады. Көзге анық көрінеді. Алқа жұлдызы аспан әлемінен анық көрінген кезде оның айналасын дөп-дөңгелек болып қоршап тұрған сақинасы көзге оттай басылады. Ол сақина жұлдыздың еш жеріне тимей, қоралап, қоршап тұрғандай білінеді. Осыған қараған қазақ бұл жұлдызды «алқа жұлдыз» немесе «қоршамалы жұлдыз» не «сақиналы жұлдыз» деп те атағанға ұқсайды.

Қазақ алқа жұлдызының туған кезіндегі оның маңында қалқып жүрген бұлт жаңқаларына қарап, ауа райын болжайтын болған. Егер алқа жұлдызының оң немесе оңтүсітк жағында қара бауыр бұлт қалқып тұрса, жаз күндерінде жауын жауады, қыс күндерінде көрінсе, қалың қар жауады деп жорамал жасаған. Егер солтүстік жағында ақ жаңқа таудай-таудай бұлттар көрінсе, таулы өңірлерге сел жауып, қызыл су қаптайды. Қысты күні болса, бұ\үтін жайлымыдарды қар басып қалады. Сақ болыңдар деп жорамал жасап, малшылар қауымына бірден ұқтырады.

Қазақ есепшілерінің «алқа жұлдыз» деп атап жүрген жұлдызы бүгінгі ғылымда «сатурн» жұлдызы деп аталып жүр.

2. 4 Қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері

Көшпелі жұрттың аспан әлемі туралы ілімге қосқан үлесі де ерекше. Көшпелі тұрмыс әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша мән беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. Ұлан-байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған.

Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мен маусымдардың, ай жаңалануының айналып келіп отыруын мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының шаруашылық өмірі үшін орасан зор тіршілік тұрмыстық маңызы болды. Қазақтар осы есеп арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеу мен қыстауға қай уақытта келу, қойды қай уақытта қырқу, қашан күйек салу, қай мезгілде көктеуге барып мал төлдету, соғымды қашан сою, егінді қай мезгілден бастап салу, шөпті қашан шабу сияқты шаруашылық мезгілдерін белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу оларды ауыр шығынға ұшыратты.

Табиғат құбылыстары: айналаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған астрономиялық түсініктер мен білімдер негізінде байырғы қазақ күнтізбесі жарыққа шықты. Шексіз – шетсіз кең далада мал бағу, үдере көшу, жолаушы жүру, жоқ қарау және аң аулау, төрт жағын анық айыруды, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт – бағдарды белгілеп, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табуға үйретті.

Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Түңгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез – келген адам – Сүмбіле (Үлкен төбет шоқжұлдызы), Таразы – Шідер – Үшарқар (Орион), Үркер (Торпақ шоқжұлдызы), Персей, Андромеда, Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бүйі шоқжұлдыздарының бойымен қоса қабаттаса ұзыннан – ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден Құс жолы деп атаған. Себебі, көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы жолмен кері қайтады. Ал ақиқатында бұл ақ тұмандық шоғырланған сан миллиард жұлдыздардың алыстан көрінген өте әлсіз сұлбасы болып табылады. Құс жолы аталып кеткен бұл тұмандық (еуропалықтар «сүт жолы» деп атайды)


Қорытынды

Жер тобындағы планеталар жөніндегі негізгі мәліметтер ХХ ғасырда алынады. Планетаның бетін тікелей жанама әдістерімен зерттеулер негізінде планеталардың атластары құрастырылады. Олардың бетінде планеталар белгіленеді.

Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы, әлемдік қауымдастық ғарышсыз болашақты елестете алмайтындай күйге жетті. Өйткені қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты.

Бізде ғарыш технологиясын өз бетінше зерттеп, ізденіс жолында жүрген ғалымдар баршылық. Бірақ кейбір әкімшілік-құқықтық кедергілердің кесірінен көптеген технолог ғалымның жобаларына жан бітпей отыр.

Біздің Қазақстанды бірінші ғарыш мемлекеті деп санауға болады. Бірінші жер серігі біздің жерден ұшты. Бірінші кісі, адам баласы ғарышқа біздің жерден аттанды.

Ал қазақтың Байқоңырын әрбір қазақ мақтаныш тұтады. Осы жерден қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары және ғарыш кемелері ұшырылды көкке. Соның нәтижесінде талай жаңалық ашылып, адамзат көп нәрсеге қол жеткізді. Демек, қазақтың ғарыш айлағы күллі әлем үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.

Қазақтың көшпелі тұрмысы әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша мән беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. Ұлан – байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған.

Қорытындылай келе, ғарыштық сала – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгеріленуінің» белгісі. Ол әлемдік шаруашылықтың басқа да салаларына жаңа мүмкіншілік, тың технологиялар және ғылыми-жасалымдардың үздіксіз тасқынын беріп отыр. Елдің өркениетті дамуының, барлық маңызы өмірлік салалары бүгінде ғарыштық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, кателеспейміз. Ғарыштық зерттеулер нәтижелері мен ғылымның осы саласының жетістіктерін енгізудің экономикалық маңызы үлкен.



Ұсыныстар:


  1. Аспан денелері туралы кеңінен мәлімет алу үшін бастауыш сыныпта таңдау курстары жүргізілсе;


  1. Ауданымызда аспан денелерін көретін үлкен гороскоптар болса;



  1. Халқымыздың аспан денелеріне қатысты түсініктері, болжамдары туралы кітаптар болса.









ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. А.Қ. Құдайбергенова «Кіші қалалардың дамуы: Байқоңыр» – Физика және астрономия журналы, №3,2009.

2. Всемирная энциклопедия космонавтики. М., Военный парад, т.1, 2002.

3. Е.П.Левитан «Астрономия» – Алматы, «Мектеп», 2002.

4. Космос, время, энергия. Сборник статей, посвященных 100-летию Д.Д.Иваненко. Ред. Совет: Э.И.Андрианкин, Р.В.Галиулин, И.С.Головнин, Я.П.Докучаев, В.Ю.Колосков, Н.С.Лидоренко, В.Ф.Панов. М., Белка, 2004.

5. Искаков М. Қазақтың байырғы календары. – Алматы,1960.

6. Уәлиханов Ш. Шығармалар жинағы. – 4 т. – Алматы, 2010.

7. Әбішев Х. Аспан сыры. – Алматы, 2009.

8. Абишев Х.А. Элементы астрономи и погода в устном народном творчестве казахов. – Алма-Ата,1949.

9. Нұрғалымова Г.С. Қазақ халқының күнтізбесі. – Алматы, 2002.











3


ЖИ арқылы жасау
31 Қаңтар 2025
397
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі