Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аспап-біздің болашағымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыканттарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» 

Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;
а) білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті, аспаптар, кітаптар көрмесі, буклет, видео, слайд.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгінгі ашық сабағымызда қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың түрлерімен, ойнау әдісі мен жасалу жолымен танысамыз.
- Оқушылар қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?
- Домбыра аспабының құрылысын кім айтып бере алады?
- Күй дегеніміз не?
- Күйші дегеніміз кім?
- Күйшілерді айтып беріңдерші?
Ендеше оқушылар бүгінгі ашық сабағымыздың негізгі бөліміне көшейік.

II. Негізгі бөлім.
Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.
«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.
Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен.
Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек» күйінің аңызы.

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек – қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. (күй тыңдату Құрманғазы «Адай» орын: Мұрат Әбуғазы)

Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады.
Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған. (бейнебаян)
Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа «Қылқобыз сарыны»)
Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми - бемоль”, “фа”, “соль” ноталары. (үнтаспа)
Шаңқобыз
- қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әуендері мен «Шаңқобыздың толғауы» сияқты күйі де бар. (бейнебаян)
Мүйіз сырнай
- ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай - сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған.
Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар.
Бұғышақ. (бейнебаян)

Тұяқтас
– қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады. (Бейнебаян)
Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.
Сақпан – (зырылдауық) қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде бұл аспапты малшылар мен бақташылар мал қайыру үшін қолданатын болған. Кейін зырылдауықтың “сақпан”, “шартылдауық”, “зымырауық” деген түрлері музыкалық аспаптарға айналды. Қазіргі кезде бұл аспаптар “Сазген”, “Адырна” көне аспаптар ансамбльдері мен әйгілі “Отырар сазы” оркестрінде қолданылып жүр. Зырылдауық аспабының жасалу әдісі күрделі болғанымен, ойнау тәсілі өте қарапайым. Ол музыкалық шығармаларда кездесетін оқыс дыбыстарды ойнау үшін қолданылады. Қазақ халық музыкалық аспаптары музейінде зырылдауықтың бірнеше үлгісі сақталуда. Олар белгілі шебер Дәркембай Шоқпарұлының шеберханасында қалпына келтірілген.
Дабыл
– бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап. Даусы күркіреп шығады.
Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрібар: қазандауылпаз, нардауылпаз.

Даңғыра
- қазақтың көне ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет - ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.

ІІІ. Музыка тыңдату.
Дәулеткерей «Кероғлы»
Сұрақтар:
1. Қандай аспаптар бар құрамында?
2. Қандай көңіл - күйде болдыңдар, не сездіңдер?
3. Кімнің күйі?

IV. Қызығушылығын ояту. (жұмбақтар жасыру)
Тартылған екі арқаны ұзын бойға,
Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла.
Әр жерде аршындалған балдағы бар,
Ойнайды он бармағың білсе қайла. (домбыра)

Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі. (сыбызғы)

Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған. (домбыра)

Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)

Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ,
Мойыны жануардың бунақ - бунақ.
Айылын екі жерден мықтап тартып,
Кетеді қамшы бассаң зулап - зулап. (домбыра)

Ел қорғайтын ерлікке,
Батылдыққа ерлікке.
Әуенімен шақырған,
Қандай аспап балалар. (дабыл)

Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған. (домбыра)

V. Дидактикалық ойын: «Аспапты тану»
Ойын ережесі бойынша аспаптардың үні үнтаспадан тыңдатылады. Оқушылар қандай аспап екенін айтулары керек.
1. қылқобыз
2. сазсырнай
3. шаңқобыз
4. сыбызғы
5. жетіген
VI. Бекіту.
1. Қандай аспаптармен таныстыңдар?
2. Б. Сарыбаев кім?
3. Көне музыкалық аспаптарды қай жылдан бастап зерттеді?
4. Ойнау тәсіліне байланысты аспаптар қандай түрге бөлінеді?
5. Ертеде ішектерді неден жасаған?
6. Бүгінгі тәрбие сағаты ұнады ма?
7. Көңіл - күйлерін қандай?

VII. Қорытынды.
Ұлы жазушы М. Әуезов «әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.



Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Ашық сабақтар 0 626 қаралған 2018-02-20

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының шығу тарихы және әр аспаптар туралы оқушыларға толық мағлұмат беру, оқушыларға көркемдік білім беру, музыка теориясы элементтерін игертіп, саз сырын ұғындыру.

Б) Дамытушылық: Оқушының музыканы сезіну, есту, сақтау қабілеттерін дамыту.

С) Тәрбиелік: Оқушыны білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, сезімтал бала болуға тәрбиелеу, музыка сабағына деген қызығушылығын арттыру.

Түрі: Ашық сабақ

Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:

  • Стенд

  • Музыкалық аспаптар суреттері

  • Альбом

  • Үнтаспа

  • Интерактивті тақта

  • Фотоаппарат

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Лирикалық әндер тақырыбынан түсінік айтқызу

Өткен сабақтардан қосымша сұрақтар.

1.Тұрмыс-салт жырлары

(3 кезеңнен тұрады)

  • Нәрестелерге арналған әндер

(Шілдехана,бесік той, тұсау кесер сүндет той)

  • Үйлену кезеңіндегі әндер

(Той бастар, сыңсу, жар-жар, беташар т.б.)

  • Қайғылы кезең

(естіту, көрісу, жоқтау, көңіл айту)

2.Лирикалық әндер негізі неше топқа бөлінеді?

  1. топқа бөлінеді:

-Махаббат лирикалық әндері

-Табиғат лирикалық әндері

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Қазақтың ерте заманнан бері келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.б. дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасаған еліміздің әртүрлі музейлерінің қорларында 400 ден астам музыкалық аспаптар сақталуда. Қазақ халқының музыкалық аспаптар құрамын белгілі ғалымдар К.Вертковпен Б.Сарыбаевтардың ұсынған классификациясына сүйенсек аспаптар негізі 5 топтан құрылады.

  1. Үрмелі аспаптар-аэрофондар

  • Жалғыз тілділер-қамыс сырнай, қос сырнай

  • Тілішекті –шаңқобыз аспабы

  • Мундштуктілер-мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

  • Флейталықтар-сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқырауық

  1. Шекті аспаптар-хордофондар

  • Ішекті аспаптар-жетіген, домбыра шертер.

  • Ысқыштылар-қобыз, қылқобыз

  1. Ұрмалы аспаптар-мембронофондар.

  • Мембрандылар-даңғыра, кепшік, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл,

  • Өздері дыбыс беретін ұрмалы аспаптар-идиофондар-асатаяқ, шың, қоңырау болып бөлінеді.
    классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

  • Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол-қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалықсипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма- күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада,

Жетіген-қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.Жетіген-жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі*берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.

Қылқобыз-әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызды жыршылар, бақсылар, емші-балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі-прима қобыз.

Қобыз-таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Ысқышпен ойналатын 4 ішекті музыка аспабы. Дыбыс ішекті тырнақпен басу арқылы шығады. Бұл қобыз халық аспаптар откесерлерінде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі кездерде жоғарғы оқу орындарында қобызшылар дайындайтын арнаулы класс бар.

Сазсырнай – саздан жасалған үрмелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап а\балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.

Сыбызғы – үрлемелі көне аспап. Қурайдан, ағаштан және күмістен жасалады. Сыбызғының үні жұмсақ, құлаққа жағымды. Өзінің қарапайымдылығына қарамастан, дыбыс шығару тәсілі өте қиын. Орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Қамыс сырнай-тілшесі бар қамыстан жасалған үрмелі аспап.

Шаңқобыз – темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі – ағаш шаңқобыз-ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады.

Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Казақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі болмайды, ішегіне ызған жылқы қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650-700 мм. Ойнау тәсілі домбыраға жақын болғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек ұқсайды.

Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған. Асатаяқ жасалу тәсіліне қарай «күмбезде», «жалпақ басты» келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі салдыр-гүлдір, шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады.

Дауылпаз – қазақтың ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты-өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндеп жасайды.

Осы қазақ халқының музыкалық аспаптарын зерттеуші Алматы Мемлекеттік Консерваториясының доценті Болат Сарыбаевтың еңбегі зор. Қазіргі кезде осы музыкалық аспаптарды «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық оркестрі, «Мұрагер» «Адырна» «Алтынай» «Сазген» фольклорлық ансамблдерінде кездеседі. Осы жаңа сабақты қорытындылау үшін бірнеше сұрақтарға жауап беріңіздер.

-Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атаңдар?

-Аспаптар неше топқа бөлінеді?

-Ішекті аспаптарды атаңдар?

-Ұрмелі аспаптарға нелер жатады?

-Қандай ұрмалы аспаптарды білесіңдер?

-Қандай музыкалық аспаптарда ойнай аласың?

-Қазақтың музыкалық аспаптарын зерттеуші адам?

ІV. Бағалау.

  1. Үйге тапсырма.

«Қазақ халқының музыкалық аспаптарына түсінік айту».

VІ. Сабақты қорытындылау.

Құрметті оқушылар, бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың үшін көп рахмет айтамын. Өнерлерің үстем болсын



Грамматикалық тақырыбы Қазақтың ұлттық аспаптары

Кірме сөздер. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар
Жалпы мақсаттары Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы түсінік беру.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту,білімдерін тереңдету.
Оқыту нәтижесі Шағын топтарда жұмыс істеу арқылы бірін бірі оқытуын қалыптастыру,тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену,өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру,сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту.
Түйінді идеялар Ұлттық аспаптар туралы білімдерін тереңдетіп,ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Дереккөздер Оқулық «Атамұра»2012 .Авторы Т.Артыкова Г.Ермекбаева
Көрнекіліктер мен жабдықтар Оқулық,кесте,интербелсенді тақта,смайликтер,бағалау парақшалары, флипчарт,маркер,суреттер,интернет материалдары.
Тапсырмалар I. Ой шақыру
1. Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білеміз?
Тірек сызбаны ауызша айту
2. Сөздікпен жұмыс
Сөздіктегі сөздермен сөйлемдер құрастыру
II. Мағынаны ашу
1. Жаңа сабақты түсіндіру
2. Сергіту сәті
3. Грамматикалық тапсырмалар
4. Флипчарт қорғау
III. Ой қорыту
1.Бекіту
2.Қорыту
3.Бағалау
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3 минут 1.Ұйымдастыру бөлімі
Сыныппен амандасу,көңіл-күйін білу
Суреттердің көмегімен оқушыларды топқа бөліп отырғызу
Сәттілік тілеу Суреттер арқылы оқушылар топқа бөлініп отырады
Смайликтермен көрсетеді
4 минут Үй тапсырмасын сұрау,бекіту 125 бет 1-тапсырма түсінігін айту
2 минут 2. Ой шақыру
Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер? Тірек –сызба бойынша ұлттық аспаптарды ауызша айтады
10 минут 3.Мағынаны ашу
Жаңа сабақты түсіндіру
Орта ғасырлар үніне құлақ түрсек біздің ата- бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен,малдың терісінен сүйегінен,мүйізінен, ішегінен,қылдан, алуын түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып,қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды.Сол ұмыт болған кезде қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып,олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп,қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді. Ол көне аспаптарды жинауға 1960 жылдан бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясынығ ұстазы Б.Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300-ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып,оларды зерттеп,жетілдеріп,орындау әдістерін меңгерді,шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б.Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынандай түрлерге бөлді.
Кірме сөздер. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар. Түсінік беру,мысалдар келтіру.
Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері мен топтары

Үрмелі Ішекті Ұрмалы

Сырнай Домбыра Даңғара
Сыбызғы Жетіген Дауылпаз
Қамыс сырнай Шертер Асатаяқ т.б.
Үскірік т.б. Қобыз
Шаңқобыз

Аспаптар жайлы айтып,үнін естірту


3 минут 4.Сөздікпен жұмыс
Сөз тізбегі
Қос ішекті – двухструнный
Тиек-деревянная подставка под струны
Аспап – инструмент
Перне- поперечные деления на струнных инструментах
Қыл – конский волос
Әуен – мелодия
Емен – дуб
Қарағай – сосна
Асық – альчик
Үйеңкі – клен
Шырша - ель
Сөйлемдер тізбегі
3 минут Сергіту сәті Оқушылар «Қаражорға» биін билейді.
5 минут Грамматикалық тапсырмалар
1-топ .Жетіген,домбыра,қобыз сөздерін септейді
2-топ . Берілген сөздерді құрамына қарай талдайды
Аспаптардың,қазақтарының.
5 минут Флипчарт қорғау
Топтар үндестік заңына бағынбайтын қосымшалармен сөйлемдер құрастыру 1-топ. Домбыра
2-топ. Қобыз
-мен,-бен,-пен,-нікі,-дікі,-тікі
-паз, -қой, -хана, -тай.
5 минут

Қорыту. Кері байланыс
1.Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2.Аспаптың қандай түрлерін білдіңдер?
3.Өз ұлттарыңның қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?
Балалайка – 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш.
Гармонь – тілді, баян тәрізді аспап.
Треугольник – үшбұрышты ұрмалы аспап.
Бубен – ұрмалы, сылдырмақ аспап.
Трещетка – ағаштан жасалған ұрмалы аспап.
Свирель – сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап.
Маракастар – ұрмалы, қасық аспаптар.
Жалейка – орыс халықтық үрмелі аспабы

Кеманча – әзірбайжан ішекті музыкалық аспабы
Гавал – әзірбайжан соқпалы музыкалық аспабы
Тар – әзірбайжан ішекті музыкалық аспабы
4 минут Бағалау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды
1 минут Үйге тапсырма Реферат. Өзіңе ұнаған музыкалық аспап



Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Ән-саз.

Мақсаты:

- Білімділік: балаларға қазақ халқының шығармашылығы жөнінде кеңінен білім беру, танымын ашу;
- Тәрбиелік: халық музыкасына деген суйіспеншілігін арттыру, ұлттық сезімін ояту;
- Дамытушылық: ұлттық музыкалық аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету;

Сабақтың көрнекілігі: аспаптар, үнтаспа, аспаптардың суреттері. 

Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар залға «До-ре-ми » әуенімен кіреді.

Жетекші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! ( до-ре-ми-фа-соль-соль)

Балалар: Сәлеметсіз бе, апай! ( соль-фа-ми-ре-до)

Жетекші: (қолына білезік тағып)

Шаттық шеңбері:

Оң қолымда білезік,
Сол қолымда білезік.
Сәнді көйлек киелік,
Бәріміз бірге билейік.

Ұлттық музыкалық аспаптар жайлы түсінік беру.

Сазсырнай – қазақтың ұлттық аспабы. Саз балшықтан, күйдіріліп жасалады. Үрмелі аспаптар қатарына жатады.

Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен- деседі. Бізге «Жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде Жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.

Сыбызғы – үрлеп ойналатын аспап. Қурайдан, ағаштан және күмістен жасалады. 

Домбыра — қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. 

Қыл қобыз — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті, ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.

Дауылпаз — ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында — «Тәбльбасс», Қырғызда «Доолбас» деп аталады. 

Шертер – шертіп ойналатын, қазақтың ұлттық аспабы. Үш ішекті аспап. Дауысы өте жіңішке, құлаққа жағымды.

Аса таяқ — сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады. 

Шаң қобыз — бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.

Жұмбақ шешу:

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?

(Жетіген)

Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап?

(Қобыз) 

Даусы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын оң бұра.

(Домбыра)  

Музыкалық дидактикалық ойын: «Аспапты тану»

Ойын ережесі: Үнтаспа арқылы аспаптар үні беріледі (балалар қимылмен көрсетеді) 

Домбыра – Домбыра аспабын қалай ойнайды? (Шертіп)

Ендеше шертпелі аспаптар қатарына жатқызамыз.

Қобыз – Қобызды қалай ойнайды? (Ысып)

Ендеше ыспалы аспаптар қатарына жатқызамыз.

Жетіген – Жетіген аспабын қалай ойнайды? (Шертіп)

Жетіген шертпелі аспаптар қатарына жатады.

Сыбызғы – Сыбызғы аспабы қалай ойналады? (Үрлеп)

Үрмелі аспаптар қатарына жатады.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға арнайы қонақты шақырамыз.

Біздің балабақшамыздың ән-саз пәні мұғалімі: Кубейова Қаршыға апайымызды қарсы алайық. Қаршыға апай өзімен бірге қазақтың ұлттық аспабы – домбырасын да, бірге алып келіпті.

Күй «Қосалқа»

Сергіту сәті: 

Әуенін тап

Шарты: Ән-саз жетекшісі үнтаспа арқылы әртүрлі әуендерден үзінді қояды.

Балалар, сол әуендердің қандай аспапта ойналып жатқанын айту керек.

Ойын «Аспаптарды ажырат»

Ойынның шарты: балаларды екі топқа бөліп, тақтаға қазақтың ұлттық аспаптарын және шетелден шыққан аспаптарды ажырата білу. Және аспаптардың аттарын атап өту.

Хор «Домбыра сазы» 

Қорытынды: 

Балаларды шеңберге тұрғызу.

-  Қазақтың ұлттық аспаптарын атап беріңдерші?
-  Домбыра, Сазсырнай, Қобыз, Жетіген, Шертер, Шаңқобыз, Дауылпаз т,б.
-  Міне, біз оларды бір сөзбен нелер деп айтамыз?
-  Аспаптар.
-  Сендереге сабақ ұнады ма?
-  Ия.
-  Ендеше бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарың үшін барлығыңа кішкентай аспаптарды сыйға тартамын.
-  Осындай жақсы көңіл- күймен сабағымызды аяқтаймыз.  
Сау болыңдар!
(Марш екпінімен залды айналып шығып кетеді)



Тақырыбы:
Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан.
Мақсаты:
а) білімділік: Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік бере отырып, жасалу ерекшелігін,
дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлтық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
ә) дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастырып, музыкалық
аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге
деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:
Ашық сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер:
Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ­жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, ән­күй
Көрнекілігі:
Слайд, топшама, домбыра
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды түгендеймін;
Сабаққа дайындығын тексеремін.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардан 121­беттегі 3 тапсырманы тексеремін, тақырып негізінде қосымша сұрақтар
қоямын.
­ Қане, балалар сабақты«Сен қайдасың?» тренинг өткізуден бастайықшы
∙ Сәлем достым (қол беріп амандасу)
∙ Сен қаласың? (иықтарын қағады)
∙ Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
∙ Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)
∙ Сен келдің (қолдарын жаяды)
∙ Жақсы болды (қатты құшақтайды)
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.Видео «Ғасырлар үні»
Жаңа сабақты түсіндіру:
Сұрақ­жауап.
1. Қазақ халқының ұлттық аспаптарына қандай аспаптар жатады?
2. Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшыларынан кімдерді білесіздер?
3. Күй дегеніміз не?
4. Қандай күйлерді білесіздер?
Қазақтың музыкалық аспаптары туралы мәліметтермен таныстыру.
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3
топқа бөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады.
Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады.
Ұрмалы
аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады.
Аспаптар
Анықтамасы

Саз сырнай – саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптың бірі.
Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті аспабы. Ол қазақтар арасында
маңызды, өзіндік сипаты бар аспап.
Шертер – ежелгі ішекті аспап. Шертердің көлемі домбырадан кіші, бірақ пішіні қобызға
ұқсайды.
Қобыз – екі ішекті, қырыққа тарта аттың қылы керілген ысқышы бар аспап.
Даңғара – үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға,
шайқасты тоқтатуға бағытталған.
Асатаяқ – абыздар мен бақсылардың қолданған аспаптарының бірі болған.
Музыкалық аспаптардың үлгілерін Қ.Қасымов, А.Ермеков, О.Бейсенбаев секілді шеберлер
жасап шығарды. Бұл аспаптар қазіргі күнде Мәскеу, Алматы, Семей қалаларының
мұражайларында сақтаулы тұр.
Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшылары:

Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы, Кенен
Әзірбаев, «Ұлытау» тобы, Асылбек Енсепов, Ақерке Тәжібаева т.б.
Оқушыларға тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындатамын.
Тапсырма №1
Мәтінді оқып, грамматикалық тапсырманы орындау.
Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән мынадай ерекшелігі болады.
Олар – ғасырлар бойы ұрпақтан­ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Ертеде
аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен
қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән­күйлер
орындағанда пайдаланып отырды. Сонымен қазақтың халық
аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор
А.Жұбанов болды.
Сұрақтар:
1. Халықтың музыкалық аспаптары қандай болады.
2. Ертеде аспаптарды неден жасаған?
3. Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған?
4. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін кім
ұсынды?
Тапсырма №2
Мәтінді көшіріп жазу, есімдіктерді табу
Қобызшылар тобы
Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе
жатқан мәдени мұра.
Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін
ұсынған профессор А.Жұбанов болды.
Сергіту сәті. Оқушыларға Құрманғазының «Адай» күйін тыңдатамын.
Күйшілер тобы
Тапсырма №3
1. Мен, Сен
, Біз деген есімдікті септеу

Тапсырма №4
Берілген анықтама бойынша әңгіме құраңыз.
Дина Нұрпейісова (1861 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді) –
домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.
8­9 жасында домбыраны тартуды үйренген.
1870 жылы Құрманғазымен кездескен.
Динаның күйлері – «Байжұма», «Бұлбұл» т.б.
1937 жылы Халық өнерпаздарының байқауында 1­жүлдеге ие болған.
Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
31.01.1955 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті.
Топпен жұмыс­Постер «Қазақтың ұлттық аспаптары»
Тапсырма №5
Жаңа сабақты бекіту:
1. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыз.

(домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, асатақ, даңғара т.б. )
2. Қазақтың әйгілі күйшілері мен қобызшыларын атаңыз. (Қорқыт, Құрманғазы,
Дина, Махамбет, Кенен)
3. Домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор. (Ахмет
Жұбанов)
4. Домбыра қандай аспап? (екі ішекті аспап)
5. Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді? (3 топқа бөлінеді:
үрмелі, ішекті, ұрмалы)
6. Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады? (домбыра, жетіген, шертер, қобыз,
шаңқобыз).
Рефлексия. «Светофор»
Үйге тапсырма:
Сызба бойынша «Қазақтың музыкалық аспаптары» тақырыбына сөйлем құраңыздар
.3 тапсырма 125­126 бет
Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық аспаптары

Сабақтың мақсаты: Қазақ  халқының ұлттық аспаптарымен таныстыру. Ауызекі тілде сөйлету арқылы тіл байлығын дамыту,сөздік қорын кеңейту, өнерге қызығушылығын арттыру ,топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,  халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының құрылысын меңгере білу, адамгершілік, рухани, мәдени дамуына қол жеткізу. 

  Көрнекіліктер: Слайдтар, музыка аспаптары, бейнетаспа.

Сабақтың түрі: аралас сабақ 

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет,ән-күй  т.б.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі: (4минут)

Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу

- Бүгін сыныпта кезекші кім?

- Сыныпта кім жоқ?

- Оқу құралдарын тексеру (оқулық,дәптер,қалам,сөздік дәптер)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (4 минут)

Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мен сіздерге мына бір әуенді тыңдатқым келіп тұр.(Күй ойналады)

-Балалар,мына әуенді неге тыңдадық?

-Мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?

Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз «Қазақтың ұлттық аспаптарына» арналады. 

Бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Музыкалық колледждің студенттері:Хакім,Нұртас.

Ұлттық аспаптардың түрлері туралы жалпы  мәлімет беру.

Біз бүгін домбыра, қобыз, жетіген ,сыбызғы аспаптары туралы сыр шертеміз.

Сөздікпен жұмыс (3мин) 

Сөз тізбегі                                                                  Сөйлем тізбегі

Қос ішекті-двухструнный                           

тиек-деревянная подставка под сруны

аспап- инструмент         

перне-поперечные деления на срунных иструментах

 қыл- конский волос          асық-альчик

әуен- мелодия                  үйеңкі- клен                 

емен- дуб                        ель-шырша

қарағай-сосна

   Мәтіндермен жұмыс

Домбыра (3 мин)

    Домбыра-қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы. Қазақ өзінің тарихын,өмірін, сезімін домбыра арқылы жеткізген. Домбыраның шанақ,мойын,тиек,ішек,перне сияқты бөліктері бар. Домбыраны шырша,қарағай  т.б ағаштардан жасайды. Ал домбыраның ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасаған. Домбырамен күй тартуға,әнді сүйемелдеуге болады.

Қобыз  (3 мин)

     Қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. 

1.Мәтіндерді мұқият оқиды.

2.Қонақтар аспаптардың бөліктерімен таныстырып өтеді.

3. Мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырады.

Сергіту сәті      «Қаражорға» биі (3 мин)

    Балалар енді жетіген,сыбызғы туралы  мына ақпараттарды тыңдайық!

Бейнетаспадан естіп, керекті жерлерін түртіп алып отырыңдар.

Жетіген (5 мин)

  1. «Ақпарат ағыны»

2. «Жетіген» сөзін септе.

Сыбызғы (5 мин)

1. «Ақпарат ағыны» 

2.Берілген сөздерді құрамына қарай талдау.

Аспаптардың,қазақтарының.

   «Бетпе-бет» студиясы (интервью) (5 мин)

    Балалар, ұлттық аспаптар туралы ақпарат алдыңыздар. Енді бүгінгі  сабағымызға келген қонақтармен сұқбаттасатын уақыт та жетті. Олай болса,2 топ  кезектесіп қонақтарға өз сұрақтарың, айтар тілектерің болса айта қойыңдар.    

     Балалар, бүгінгі қонақтарымыз сендерге өздерінің тартуларын ала келіпті. Олай болса бәріміз бірге тыңдайық.(Қонақтар күй ойнайды) (4 мин)

Үй тапсырмасы:  Ақпарат жинау. (3 мин)

1 топ                            2 топ

                            Құрманғазы                          Қорқыт

   Бағалау: Топ басшылары  бағалайды.

Р/с Аты-жөні Үй тапсырмасы Сөздік жұмысы Мәтін «Ақпарат ағыны»

Гр.тап. «Бетпе-бет» студиясы Қорытынды

   Қорытынды:   «Бір айналым сөйлесім»  (3 мин)

1.Не білдің?

2. Кімдерге рахмет айтқыларың келеді?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі



Сазды аспаптар сыры.



Оркестр құрамындағы аспаптар.



Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары



Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.



Қобыз және скрипка. Перне басып ойнауды жалғастыру.



Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары



Қазақ халқының ұлттық аспаптары Етістіктің шақтары



Кезектес салалас құрмалас сөйлем



Домбыра аспабы



: Көне аспаптар сыр шертеді- қобыз және скрипка



Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5698 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
974
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12