жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Асқабақ тұқымдастар сипаттамасы
МАЗМҰНЫ
І.
Кіріспе
1.1 Асқабақ тұқымдастар
сипаттамасы
1. 2 Асқабақтың шығу
тарихы
1. 3. Асқабақтың емдік
қасиеттері
1.4 Асқабақтан жасалатын тағамдар
1.5 Асқабақ халық
емінде
Қорытынды.
Пайдаланылған
әдебиеттер
КІРІСПЕ
Асқабақ тұқымдас сипаттамасы
Асқабақ- асқабақтар тұқымдасына жататын бір
және көп жылдық шөптесін
өсімдіктер.
Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе
жатқан өсімдік болып табылады. Америкадан таралған және шамамен 20
шақты сорты бар деп есептелінеді. 100г асқабақта 19 ккал
бар.Қазақстанда асқабақтың кәдімгі асқабақ, мускатты және ірі
асқабақ деген түрлері мен «Волгалық сұр-92», «Мозолеевская-10»,
«Қашғарлық-1644» деген сорттары өсіріліп өнім алынады. Ірі жемісті
асқабақты мал азығы үшін егеді.Жалпы, қатты қабықты асқабақтық
түріне кәді мен табақша асқабақта жатады.Оларды жас, тұздалған
күйінде тамаққа қолданады.Яғни, асқабақтар: асханалық, мал азықтық
болып бөлінеді.Ал, мұның сыртында түрі де, түсі де әртүрлі келетін
сәндік асқабақтар да бар. Сондай-ақ асқабақтың шөлмекке ұқсаған
сорттары да кең тараған.Мұндай асқабақтардың қабығы қатты
боғандықтан, оңтүстік өңірде ондай асқабақтан сұйық заттар мен
сусымалызаттар сақтайтын ыдыстарды жасайды. Асқабақ сабағының
ұзындығы 2-10 м,жұмыр, түкті, бұтақты жайыла өседі.Жапырағы-ірі,
ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес.Гүлі- қос жынысты, ірі, сарғыш
түсті.Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады.Жемісі-
жалған жидек, ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әртүрлі болып
келеді.Шырыны жұмсақ, дәмді.Асқабақтың салмағы 40-50 кг-ға дейін
тартады.Асқабақ жемісінің құрамында 15-18% құрғақ заттар,8-10%
сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин бар.Адам
денсаулығына пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге
жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге ерекше
бай.Олар: С,В1,В2,В5,Е,РР және ағзадағы зат алмасу процесін
жеделдететін Т,қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері
бар.
Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және
жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында, асқабақты арықтауға себепші
болатын ем - дәмдерді жиі қолданылады. Ағзадағы ас қорыту
үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады, зат алмасудың артық
өнімдерін жояды және су тепе - теңдігін реттейді. Минералды
тұздарға және дәрумендерге бай. Несеп, жыныс жүйесінің көптеген
ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт
айдағыш қасиеті бар және дәндері паразиттерді
жояды.
Асқабақ майы.Ол –денсаулыққа
пайдалы табиғи өсімдік тектес зат.Асқабақ майы 90 пайызға жуық
қанықпаған майларды 45-50 пайызға дейін линолды қышқылды
құрайды.Асқабақ майы омега-3, омега-6 май қышқылдарына өте
бай.Тұрмыста асқабақ майы қуырылған асқабақтың дәнінен сығылып
алынады.Осы майдыңөзіне тән ерекшеліктері: түсі -қошқыл жасыл
немесе қою қоңыр, иісі өткір, хош иісті, дәмі тәтті.Яғни асқабақ
майы биологиялық белсенді зат.Асқабақ дәнінің майын дәрі ретінде
капсула, флакондарда сақтаппайдаланады.Асқабақ майында қанықпаған
майлар болғандықтан,тағамның жеңіл сіңіп, зат алмасуының тездеуіне
жәрдемдеседі.
1. 1. Асқабақтың шығу
тарихы
Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік.
Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол біздің
заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле
бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі
асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Біздің елде
асқабақтың үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат
өсіріледі.
Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық
таулы аудандарынан шыққан. Асқабақтың басқа түрлеріне қарағанда,
оны солтүстік аудандар өсіреді. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет
етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс
сабағы тікенді - түкті
келеді.
Асқабақтың мына схема бойынша себеді: 1, 4х1,
4; 2, 1х2, 1; 2, 1х2, 8 м. Асқабақ егісінде гүлдерді қосымша
тозаңдатады, ал солтүстік аудандарда - суық түсерден бір ай бұрын
өркендерді
тұқыртады.
Асқабақтардың
Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая
зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары
бар.
І. 2.
Асқабақтың пайдалы
қасиеттері
Асханада:
Асқабақты кесуден алдын оның қабығын тазалап жуу керек. Кейін
үстіңгі қабатын кесіп, екіге бөліп және ұрығынан тазалау қажет.
Қандай тағам дайындауға қарап бөліңіз. Асқабаққа су қоспай
пісіреді. Асқабақты бүтіндігінше пісіру де мүмкін, ол үшін ойып
алынған жерін төмен қаратып, көлеміне сай ыдыста газ плитаға
қойыңыз. Асқабақты чипсилер үшін жұқа қылып кесілген бөліктерді
ұнға аунатып, қыздырылған майға да қызарып қабыршақтанғанша қуырып
алынады. Асқабақты қуырғанда артықша сұйықтық болмай үшін оны
кабачки сияқты пісіру мүмкін: асқабақ бөліктерін тұздап, 2 сағатқа
алып қоясыз, кейін қағазда құрғатып, қуырып аласыз. Асқабақты
шикілей де, пісіріп те
пайдаланады.
Асқабақтан
дайындалған пюре, самса, сүтке пісірілген асқабақ ботқасы, асқабақ
мантысы, шикі асқабақ шырыны, асқабақ құймағы өте дәмді, әрі
пайдалы. Қуырған асқабақ ішектің сауығуына көмектеседі., қан
аздықтың алдын алуда, жарақат алғанда, күйіп қалғанда, жұқпалы
ауруға шалдыққанда өте пайдалы әрі несеп және өт айдағыш қасиетке
ие. Асқабақ пюресінде көміртегі мен калория аз болғандықтан, оны
қантты диабетке және семіздікке шалдыққандардың күнделікті дәміне
қосып береді.Сонымен қатар жүрек қан тамыры ауруларымен
адамдарда асқабақты өз тамақ рационында көп пайдаланғандары
жөн.Бүйрек пен бауырдың дертінен қиналатын адамдар күнде таңертең
асқабақ шырынын ішендері абзал.Ұйқысыздық мазалайтын болса
қайнатылған(буғапіскен) асқабақтан ботқа дайындап күніне 2 рет 50
грамнан ішіп отыру керек немесе ұйықтар алдында қайнатпаға бал
қосып,1-3 стаканнан ішкен жөн.Асқабақты үнемі үзбей жеген адамдар
рак ауруына шалдықпайды.Есте сақтау қабілеті нашарлаған жағдайларда
да асқабақтан жасалған тағамдар өте
пайдалы.
Асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бау -
бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге
жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі,
кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. Асқабақ
тұқымдастардың ұзын сағақты, жай жапырақтары болады. Гүлдері
жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі.
Көпшілігі даражынысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ
тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5
тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5 - еу, оның 4 - еуі тұтасып, екі -
екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып,
гүл ортасында ғана түзеді. Аталық тозаңдағы имек. Аналық жатыны үш
ұялы. Жемесі - қабақ. «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты,
шырынды жеміссерігі болатын жидектес
жемісі.
І. 4. Асқабақтың емдік
қасиеттері
Ішек құртынан құтылғыңыз
келсе......
200 грамм кепкен, өткен жылғы тазаланған,
ұсақталған асқабақтың дәні, 100 грамм какао, аздаған қант, бірнеше
тамшы су құйып араластырып, жұқа 20 шелпек жасап, қант
себеді. Бірінші күні
ештеңе ішіп - жемеу керек. Ертеңіне таңертең 1, 5 - 2 үлкен қасық
касторка майын ішіп, шелпек жеңіз, әр минутта біреуден бітіргенше,
құрттар тез шығады. 200грамм асқабақ дәнін итбүлдіргеннің шырынымен
араластырып, қою ботқа жасайды. Кешке жатарда тұздалған балық жеп,
таңертең ботқаның жартысын жейсіз, тағы 1 сағаттан соң қалғанын
жеп, 2 сағат жату керек. Сағат таңертең 8 - де 1 үлкен қасық
касторка майын ішкен жөн.
Сондай - ақ
жусанның жапырағы мен асқабақтың дәнін бірдей мөлшерде алып,
бөтелкеге арақ құйып, 1 апта жылы жерде не күннің көзіне тастайды.
Аш қарынға күніне 2 рет 50 грамнан ішеді, құрттар
шығады.
Асқабақтың
өсетін жері, гүлдеу мерзімі, тұқымдану кезеңі, сол өсімдіктердің
қандай бөліктері дәрілік мақсатта пайдаланылатындығын анықтап
шықтым. Зерттеу жұмысын жүргізіп, соңынан талдау
жасадым.
Асқабақтың адам
өмірі үшін өте маңызды өсімдік екенін зерттеп шықтым. Ол жүрек -
тамыр аурулары мен бүйректің әр түрлі аурулары үшін пайдалы.
Асқабақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар
семіздіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін
пайдалы. Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам
ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен органикалық
қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді,
ішек пен қарынның шырышты қабығын
түршіктірмейді.
Жас асқабақтың
үгілген жұмсағын денедегі бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну
процестеріне, күйік пен үсікке басады. Ішек құртына қарсы дәру
ретінде пайдаланады. Дәндерінің қайнатпасын гельминтоздарды
емдегенде қолданады.
Қорытынды.
Қорытындылай
келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес,
сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана
отырып адамдарға ұсынамын.
«Бабын тапсақ,
байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық медицинасына
пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда
өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып
саналады.
Асқабақтан жасалатын
тағамдар.
Асқабақ құймағы
Асқабақтық қабығын аршып, дәнін алып тастайды. Үккішпен үгіп, оған сүт құяды да, 15—20 минут бұқтырады. Содан соң суытыл, ұн немесе кепкен аяның ұнтағын, жұмыртқаның құмшекер қосып езілген сары уызын қосады, аздап тұзсалады. Сосын жақсылап араластырып, көпіршітілген белок қосады. Ұн орнына стакан толар-толмас ұнтақ жарма қосса да жетіп жатыр. Құймақты жақсылап қыздырылған майға қуырады. Дастарқанға дайын құймақпен бірге қаймақ және қүмшекер қоса беріледі. 1.5 кг асқабаққа: 1 стакан сүт, 1 стакан бидай ұны немесе кепкен нан ұнтағы, 1 ас қасыққұмшекер, 2 жұмыртқа, 1 ас қасық сары май керек. Тұз татымына қарай салынады.
Қуырған асқабақ
Асқабақтың қабығын аршып, дәнін алады. Турап тұздайды (қажетіне қарай бұрышталады). Ұнға аунатылып, сары майға қабығы қызарып қабыршақтанғанша қуырады. Оны қаймақ қосып жеген жақсы.
Алма қосып піcірген асқабақ
Асқабақ пен алманы ұсақтап турайды да, араластырып, шала піскенше (10—15 минут) бұқтырады. Оттан алып, аздап суытады да, жұмыртқаның қант қосып үгілген сары уызын, содан соң көпіршітілген белок қосады. Сосын мұқият араластырылып сары май жарылып, кепкен нан ұнтағы себілген формалы ыдысқа салып пісіріледі. 500 г асқабаққа: 500 г алма, 2 жұмыртқа керек. Құмшекер татымына қарай салынады. Асқабақ дәмін тағам үшін шикілей де, қуырыл та пайдалануға болады.
Асқабақ халық емінде
Австрия патшасы (1773 жылы) асқабақтың шипалық қасиетіне әбден тәнті болғандықтан, мынандай жарлық шығарған: «Асқабақ денсаулыққа таңғажайып әсер етеді, өте пайдалы болғандықтан, тағам ретінде пайдалануға тым бағалы, сондықтан тек дәрі күйінде ғана пайдаланылсын». Асқабақтың емдік қасиеттері Авиценаның жазбаларында да, Мухаммед Хусейн Шеразидің еңбектерінде де кездеседі. Бұл жазбаларда тіпті, асқабақ дәнінің майы құлақ пен тамақ ауруына ем ретінде пайдаланылатыны, ыстығы жоғары адамдарға асқабақ шәрбатының (сиропының) шипалы әсер ететіндігі айтылады. Сол ерте заманнан жеткен тағы бір деректер: көру қабілеті нашарлағанда да, қаназдықтан жапа шеккенде де, артық салмақтан арылғысы келгенде де адамдар асқабақтың еміне жүгінген. Және де асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандыруда да өте шипалы.
Асқабақты жегенде ұрығын жуып, кептіріп, дәнін алады. Асқабақ – усыз, дәмді жеміс. Дәні, сабағы, еті әйелдердің ағзасындағы емшек сүтін молайтады. Асқабақтың уытты қайтару, қабынуды жазу, ауырғанды басу тәрізді де қасиеттері көп.
Бір ғажабы, асқабақты қысқа сақтағанда, ол толықтай пісіп, жетіледі. Сондықтан да оның күзде пісіп үлгірмеген пәлектерін де қалдырмай жинап алу қажет. Халық емшілері асқабақты несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге қолданады. Асқабақтың несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеттерінің бар екендігі, паразиттерді жоятындығы дәстүрлі медицинада да зерттеліп, дәлелденген. Осыған орай дәрігерлер асқабақты жүрек қан-тамыр аурулары, гипертония және зат алмасуда қиындықтары бар науқастарға диеталық тағам ретінде де ұсынады.
Қорытынды.
Асқабақтың өсетін жері, гүлдеу мерзімі, тұқымдану кезеңі, сол өсімдіктердің қандай бөліктері дәрілік мақсатта пайдаланатындығын анықтап шықтым.Зерртеу жұмысын жүргізіп, соңынан талдау жасадым.
Асқабақтың адам өмірі үшін өте маңызды өсімдік екенін зерттеп шықтым.Ол жүрек-тамыр аурулары менүшін пайдалы.Асқабақтың калориялығы төмен, сондықтаноданжасалған тамақтар семіздіктен зрдап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін өте пайдалы.Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен органикалық қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейді.
«Бабын тапсаң, байлық жерде» халық бекер айтпаған.Сондықтанда асқабақтың адам ағзасына пайдасын біліп,өз өмірімізде пайдалана білуіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. «Жас ғалым»
журналы N04 Сәуір 2010
жыл
2. Биология оқулығы. «Атамұра
2007ж».
3. «Егемен Қазақстан» 2011ж. №
5
4. «Алтын босаға» журналы N11 қараша 2014 жыл.
5. «Өте дәмді» журналы N6 маусым 2014 жыл.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген