Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі
Бөлім: |
Тәуелсіздік қасиет тұнған ұлы ұғым |
Педагогтің аты-жөні: |
Аленова Г |
Күні: |
|
Сыныбы: 6 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
6.2.2.1 –эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау
|
Сабақтың мақсаты: |
Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды
|
Бағалау критерийі |
-берілген үзіндіден автор бейнесін анықтайды -шығармадан автор бейнесін анықтайды
|
ОДД |
қолдану |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басы 3-мин |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру 3. Топқа бөлу«Біздің сынып керемет» сөйлемі арқылы |
Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК экраны |
||||||||||||||||||
5-мин
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ 10-мин |
Бейнебаян көрсетіледі Бейнебаянды көріп, сұраққа жауап беріңіздер «Негештің бес сұрағы » әдісі
Бейнебаяннан соң сұрақ қойылады
«Еске түсіру» әдісі Топтарға автор бейнесі туралы мәлімет кеспе түрінде беріледі Үш топқа да берілген анықтама бойынша https://wordwall.net/ru/resource/31754759парағында таңдаған «Сиқырлы ұяшық» әдісімен сұрақтарға жауап береді 1 Автор бейнесі деген не? 2 Поэзиялық шығармадағы автор бейнесі қалай көрінеді?
Автор бейнесі - әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасын көру қалпы. Әр жанрдағы шығармаларда автор бейнесі әр түрлі дәрежеде әр қырынанаңғарылады. Эпикалық шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады. Ал драмалық шығармада автор оқиғаның даму барысынан сырт тұрады.Поэзиялық шығармаларда автор, негізінен, лирикалық тұлға ретінде танылады. Поэзиялық шығармаларда ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы яғни жеке авторлық тәжірибесі басқа жанрларға қарағанда айқын, анық бедерленеді. Өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға позициясындағы автордың көзімен қарап, танып біледі. Лирикалық кейіпкер автордың өлеңмен жазылған тікелей өз көшірмесі емес, жинақтала келіп, белгілі бір нақтылы сипатты иеленген көркем бейне болып шығады. |
Бейнебаянды көреді Негештің сұрақтарына жауап береді
Берілген анықтама бойынша анықтаманы оқып, есіне түсіреді. Топтар ұяшықтан сұрақтар таңдап жауап береді |
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру Дескриптор: -автор бейнесіне қатысты сұрақтарға жауап береді |
https://wordwall.net/ru/resource/31754759
. |
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 22 мин. |
Топтық жұмыс. 1-тапсырма «Ізден, тап, дәлелде» әдісімен берілген үзінділерден көтерілген мәселені және кейіпкердің іс-әрекетіарқылы автордың көзқарасынанықтаңыз
Тиімділігі : Осы тапсырманы орындауда негізгі күтілетін нәтиже білім алушыныңкөтерілген мәселеге кейіпкердің іс-әрекеті арқылы өзіндік пікірін айта алуға және автор бейнесін тани алуына дағды қалыптастырады
ЕББҚ тілді түсіну деңгейі төмен оқушы үшін Үзіндіні оқы (кейбір түсінуіне күрделі тұстарының аудармасы жазылған парақ қоямын)
Жеке қажеттілігі бар (баяу қабылдайтын, мінезі тұйық) оқушыға тапсырма: Үзіндіні оқыңыз, үзіндіден кейіпкерлерді теріп жазыңыз
Тапсырма үш топқа бірдей ұсынылады 2-тапсырма. «Автор бейнесі» кестесі арқылы шығармаданавтор бейнесінің түрлі қырларына мысал келтіріңіз
Берілген «Автор бейнесі» кестесі арқылы бірінші тапсырмада орындалған кейіпкердің іс –әрекеті мен автордың көзқарасын басшылыққа ала отырып, шығармадағы оқиға эпизодтарынан мысал келтіріп жазады
Білім алушыларға берілген кесте бойынша тапсырманы орындауын түсіндіремін, кітаппен жұмыс жасауға бағыттаймын. Қолдау қажет оқушыларға көмек көрсетіп отырамын
ЕББҚ тілді түсіну деңгейі төмен оқушы үшін Үзіндіні оқып, толық түсіну үшін арнайы дайындалған сөздік беріледі. Автор Желтоқсан қаһарманы ма? Сұрағына үзіндіден жауап жазады.
Жеке қажеттілігі бар оқушыға тапсырма
Үзіндіні оқып, үзіндіден автордың «Желтоқсан» оқиғасына қатысы бар тұсын жазады. Автордың қаһарман екеніне мысал келтіріп жазады
|
1-топ.Тұрақтатпады ғой... көрші-қолаң “желтоқсаншы” екен деп шығармағанда, ал Николай бригадир мұның туған ағасы Дәуреннен өшін бір алуға қолайлы сәт туды деп: “Інісі әскерден келе салып 17-ші желтоқсаннан 21-не дейін үйінде қонған жоқ. Ел декабристермен бірге Алматыда болыпты деп жүр... Анық-қанығын анықтаңыздар! Ағасы коммунистік партия мүшелігіне кандидат болса да “сенімсіз адам”, інісінің іс-әрекетін жасырып отыр. Тексеріңіздер!” деп “донос” жазып, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер орнына жазбағанда құйрығына қалжуыр байланбаған болар еді. Өкініш жоқ бірақ, көтеріліске 18-і күні дәрігер жездесін әдейілеп ертіп барып тұрып қатысты. Таяқты да жеді... жегізді де! Көңілде ғана әлдеқандай алаң, шарасыздығына налу ғана бар. Ал органдағылар Қаскелеңде тергеп-тексеріп үш сағат ұстады. Дәлел болмағандықтан қоя берді. Ана бір Базиев деген капитан, өзінің ұлты балқар екен, сол қол ұшын берді... Иә, енді міне... 2- топ
Ал әйгілі Желтоқсанның жөні тіптен бөлек. Ол үшін өліп кетсең де арман жоқ. Қойша қамалып, тырнаша жұлынған, көк мұз алаңда жер жастанған қай жайсаң қыз-жігіттен жаның артық?! 3-топ.Армияның аты – армия. Оның өз заңы бар: уставсыз да. Бәрін де бастан кешуге тура келді ғой... Оған да бірақ өзі сұранып, Қаскелеңде “рапорт” жазып, Ауғанстан соғысына қатысам деп кеткен-ді. “Сұрап алған аурудың емі жоқ” емес пе?! Осы бір қызба да адал мінезінен көресіні көріп, талайына тартылмағанды өзі тілеп алып жүр ғой. Әйтпесе әскерде несі бар? Оның ойына ешкім де, ештеңе де тосқауыл бола алмас. Адам ойы – ерікті, әй бірақ әумесер де... Әйтпесе, төрт ай бойы тепсе темір үзетін бұл сергелдеңге түсер ме, осы бейнетті кешер ме? Әскер қатарынан келген кезде Алматыда болған Желтоқсан көтерілісіне бола “пропискаға” отыра алмай қаңғырмас еді қаңбақтай... Ал Архат айлап қаңғыды.
Шығарманы оқып, берілген нұсқаулықты орындайды.
Оқушы деңгейіне қарай тапсырманы орындайды |
Дескриптор -берілген үзіндіден көтерілген мәселені анықайды -кейіпкердің іс-әрекетін жазады -автордың көзқарасын анықтайды
ҚБ топтар дескрипторға сүйеніп өзара бағалау жасайды
Дескриптор: -шығармадан автордың патриот бейнесіне мысал жазады -автодың қаһарман бейнесіне мысал жазады -авторың бірбеткей мінезі көрініс тапқан тұсынан мысал жазады -автордың мейірімді мінез-құлықтарынан мысалдар келтіреді
ҚБ Өзара бағалау
|
Қосымша материалдар Үлестірмелі кеспе |
||||||||||||||||
ЕББҚ оқушы үшін үзінді Және сөздік парағы
|
||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия
5
Үйге тапсырма
|
Бүгінгі сабақты қортындылау мақсатында «3Қ» әдісімен рефлексия жасайды
«Авторға хат» Оқырман ретінде авторға хат жазыңыз. Шығармадағы ұнаған бір эпизодына өз көзқарасыңызды білдіріңіз |
Бүгінгі сабақта қиындық туғызған тұстарын, қызық болған жерлерін, құнды тұстарын жазып, кестені толтырады
Авторға хат жазады |
. |
|
Ресустар: Бейнебаян https://youtu.be/bn-CmsL_7FY
Ү й тапсырмасын сұрауға https://wordwall.net/ru/resource/31754759
Автор бейнесі туралы анықтама
Б.Керімбекова. Ж.Мұқанова. Қазақ әдебиеті. 6-сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2018 ж
А сқар Алтай
«Прописка» әңгімесі
Тапсырмаға берілетін үзінділер
1- топ
-
Өкініш жоқ, бірақ көтеріліске 18-і күні дәрігер жездесін әдейілеп ертіп барып тұрып қатысты. Таяқ та жеді, ... жегізді де! Көңілде ғана әлдеқандай алаң, шарасыздығына налу ғана бар.
Ал әйгілі Желтоқсанның жөні тіптен бөлек. Ол үшін өліп кетсең де арман жоқ. Қойша қамалып, тырнаша жұлынған, көк мұз алаңда жер жастанған қай жайсаң қыз-жігіттен жаның артық?!
2-топ.Тұрақтатпады ғой... көрші-қолаң “желтоқсаншы” екен деп шығармағанда, ал Николай бригадир мұның туған ағасы Дәуреннен өшін бір алуға қолайлы сәт туды деп: “Інісі әскерден келе салып 17-ші желтоқсаннан 21-не дейін үйінде қонған жоқ. Ел декабристермен бірге Алматыда болыпты деп жүр... Анық-қанығын анықтаңыздар! Ағасы коммунистік партия мүшелігіне кандидат болса да “сенімсіз адам”, інісінің іс-әрекетін жасырып отыр. Тексеріңіздер!” деп “донос” жазып, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер орнына жазбағанда құйрығына қалжуыр байланбаған болар еді. Өкініш жоқ бірақ, көтеріліске 18-і күні дәрігер жездесін әдейілеп ертіп барып тұрып қатысты. Таяқты да жеді... жегізді де! Көңілде ғана әлдеқандай алаң, шарасыздығына налу ғана бар. Ал органдағылар Қаскелеңде тергеп-тексеріп үш сағат ұстады. Дәлел болмағандықтан қоя берді. Ана бір Базиев деген капитан, өзінің ұлты балқар екен, сол қол ұшын берді... Иә, енді міне...
3-топ.Армияның аты – армия. Оның өз заңы бар: уставсыз да. Бәрін де бастан кешуге тура келді ғой... Оған да бірақ өзі сұранып, Қаскелеңде “рапорт” жазып, Ауғанстан соғысына қатысам деп кеткен-ді. “Сұрап алған аурудың емі жоқ” емес пе?! Осы бір қызба да адал мінезінен көресіні көріп, талайына тартылмағанды өзі тілеп алып жүр ғой. Әйтпесе әскерде несі бар?
Оның ойына ешкім де, ештеңе де тосқауыл бола алмас. Адам ойы – ерікті, әй бірақ әумесер де... Әйтпесе, төрт ай бойы тепсе темір үзетін бұл сергелдеңге түсер ме, осы бейнетті кешер ме? Әскер қатарынан келген кезде Алматыда болған Желтоқсан көтерілісіне бола “пропискаға” отыра алмай қаңғырмас еді қаңбақтай... Ал Архат айлапқаңғыды.
Көтерілген мәселе |
Кейіпкердің іс-әрекеті |
Автордың көзқарасы |
|
|
|
Кестесін толтырады
2-тапсырмаға
|
Шығармадан мысалдар |
Автор-патриот |
|
Автор-қаһарман |
|
Автор бірбеткей жан |
|
Автор мейірімді |
|

