400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Асқар Алтай. "Прописка" әңгімесі. Шығарманың көркемдік әлемі. БЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау 6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Педагогтің аты-жөні:

Көрпебаева А

Күні:


Сыныбы:

6

Сабақтың тақырыбы:

«Прописка». Шығарманың көркемдік әлемі БЖБ


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау

6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;

Сабақтың мақсаты:

-шығарма композиция-сындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау

-кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Үй тапсырмасын сұрау






Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Оқушылар шеңбер болып тұрып,қолындағы қағазды өзіме дегенде өзіне алады, көршіңе дегенде көршісіне береді. Қағазды ашып ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмалар:

Көршімнің шашын сипалағым келіп тұр

Көршіме тілек айтқым келіп тұр

Көршімнің қолын алғым келіп тұр

Көршіме комплимент айтқым келіп тұр

Көршімді құшақтағым келіп тұр т.с.с.

Топқа бөлу.. Өткен сабақты еске түсіру: «Сен – маған, мен – саған» әдісі.


Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, бір-біріне «Прописка» әңгімесі бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады






Оқулық, жұмыс дәптерлері








Жаңа білім



1-тапсырма Хикаят үзінділерімен жұмыс

Жұптық жұмыс



Оқушылар берілген сурет арқылы шығарманың эпизодын табады.

— Жолдас подполковник, мен сізге бұзық емеспін! Арғысы — әскерден төрт ай бұрын келген солдатпын, бергісі – запастағы офицермін өзіңіздей.

— Енді неғыл дейсің, фамилияң бөлек... Марш!

— Сонда қайда бармақпын? Конце до концов – шет елден қашып келгем жоқ қой...

— Қайда барсаң – онда бар. Мен сені шақырғам жоқ. Давай, марш отсюда! — деп зілденді.

— Сіздің олай деуге хақыңыз жоқ. Мен — Совет азаматымын.

— Сен мені үйретейін дедің бе? Өзің кешегі декабрьге қатысқан қу шығарсың... — Подполковник сынай қарап, кекете жөткірінді.

— Қатыссам – қатыстым... Оған бірақ дәлеліңіз жоқ сіздің! — Архат та шарт кетті. — Декабрист деп дүре соқсаңыз да...


Сұрақ: Берілген суреттегі эпизодтың шығармада алатын қандай маңызы бар?


Дескриптор:


- шығарма эпизодын сурет бойынша анықтайды

-эпизрдтың шығармадағы маңызын анықтайды, талдайды

Кесте, үзінділер

Сергіту сәті

«Көпір» жаттығуы


Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту .Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .



Сабақтың ортасы

.


2-тапсырма

Топтық жұмыс






«Кейіпкерлер әлемі»

«Прописка - жеке бастың қайғысы емес, бүкіл қазақ қоғамының басына түскен ауыртпалық» тұжырымын және әңгіме мазмұнын өмірмен байланыстыра кейіпкер типтерін сипаттайды (Архат, Дәурен, Архаттың жеңгесі, Базиев, шофер, Қақатаев, үш жігіт, подполковник т.б.).

«Бес қадам» стратегиясы

Әр топтан өз қалауымен 1 оқушыдан шығады, бес қадам аттап жүріп, кейіпкерлерге мінездеме беріп, сөйлейді.

  1. Архатқа 5 сөзбен мінездеме беріңіз.

  2. Архаттың ағасы Дәуренге 5 сөзбен мінездеме беріңіз.

  3. Капитан Базиевке 5 сөзбен мінездеме беріңіз.

  4. Шофер жігітке 5 сөзбен мінездеме беріңіз.

  5. Жетісу ауылының ауылсоветі Қақатаевқа 5 сөзбен мінездеме беріңіз.

  6. Подполковникке 5 сөзбен мінездеме беріңіз.

Кері байланыс: «Екі жақты күнделік»

Кейіпкер

Менің пікірім





Дескриптор:

-кейіпкер типін сипаттайды;

  • әңгімеден мысал келтіреді;

  • басқа кейіпкерлермен салыстырады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды.


ҚБ: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы бағалау.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Бекіту

БЖБ №7

Оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысы орындайды



Үзінділер, таратпа қағаз


Үй тапсырмасы

2 тапырманың бірін орындайды

«Мен азат елдің ұланымын...» тақырыбында үндеухат жазу.



Рефлексия

Рефлексия. «Шаршылар» әдісі

Оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса шаршыны «қызыл», аздап түсінсе «сары», жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса «жасыл» түске бояйды.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
1288
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі