Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асқорту жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Шымкент қаласы Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Бөлім: Жанды табиғат. Адам.


Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:


Тақырыбы:

Асқорыту жүйесі

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;

3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Адам ішкі ағза мүшелерін біледі, орналасуын көрсетеді;

Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлінанықтайды;

Ақпарат көзінің түрлерін анықтайды.

Бағалау критерийі

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды;

Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды;

Ақпарат көзінің түрлерін анықтайды.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Асқорыту жолы

Асқорыту жүйесінің маңызын түсіне отырып, асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды.

Құндылықтар

Оқушыларды өзара ынтымақтастыққа, бір біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Асқорыту жүйесі туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын асқорыту жолдарын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут


Ұйымдастыру. Психологиялық жайлы ахуал орнату. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне тілек білдіреді.






4 минут


Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!

Жедел жауап. «Доптың сұрағы» ойыны арқылы оқушылардан жалпы тағам туралы білетіндерін талқылау.Сұрақтар:

  • Тағам құрамындағы қандай негізгі қоректік заттар ағзаны құрайды?

  • Асқорыту жүйесі қалай орналасқан?

  • Асқорытудың әртүрлі кезеңдерінде тағам қандай қандай өзгерістерге ұшырайды?

  • Асқорыту үдерісі нені білдіреді?

  • Асқорыту үдерісін қалай жақсартуға және жылдамдатуға болады?

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.







Доп


















Сабақтың ортасы

2минут



1 минут

4 минут




















7 минут


























5 минут




2 минут





2 минут

7 минут






















Асқорыту жүйесінің дабылы.

Мақсаты: Адам күш-қуатының әлсіреу жолдарын анықтайды, тамақтану тәртібін сақтау қажеттілігін түсінеді.

Оқушыларды«Мозайка» әдісі арқылы тамақ түрлеріне байланысты топтастыру.

Астың саяхаты. «Лото» ойыны арқылы асқорыту мүшелерінің қызметіне сипаттама беру.

Сұрақтар қойылып, әр топтық жауаптары талқыланады. Сұрақтарға асқорыту кезеңдерінің сипаттамасын қолдануға болады, мысалы,

1. Астың ұсақталуы, сілекеймен араласуы, мұнда көмірсулар сіңіріле бастайды. – Ауыз қуысында болады.

2. Астың түйіршік түрінде өтуі. – Өңеште.

3. Астың механикалық тұрғыдан қайта өңделуі, асқазан сөлімен араласуы, нәруыздар сіңіріле бастайды. – Асқазанда.

4. Қоректік заттар қанға сіңіріле бастайды. – Ашішекте.

5. Қорытылмаған тамақ қалдықтары нығыздалады, сыртқа шығарылады. – Тоқішекте.

Асқорыту жүйесіне ұқсас мысалдарды айтуын сұраңыз (жол, туннель). Асқорыту жүйесіне ұқсас нені айта аламыз? (Қала, зауыт, жеке бөліктерден тұратын механизм.)

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Зерттеу мәселесі. Оқушылар топтасып зерттеу жұмысының мақсатын анықтайды. Зерттеу сұрағын құрастырады. Мысалы:

  1. Ас неліктен біздің ағзамызда осынша ұзақ жол жүреді?

  2. Ас асқорыту жүйесінде қалай қозғалады?

Зерттеудің мақсаты: Оқушылар дереккөз түрлерін ажыратуды үйренеді. Адам ағзасындағы асқорыту үдерісі ұзақ уақыт алатынын түсінеді.

Ресурстарды дайындау. Әр топқа ұзындығы 8м30 см, ені 3см таспа (тесьма), жапсырмалар, сантимерлік лента, топ санына қарай циферблат үлгісі.

Модель жасау. Оқушылар асқорыту мүшелерінің үлгісін жасайды. Әрбір асқорыту мүшесіне ондағы асты қорытуға жұмсалатын уақытты көрсетіп, циферблатпен белгілеу. Әр топ асқорыту үдерісін мысалмен бейнелеп көрсету үшін азық-түлік түрін өздері таңдайды.

Зерттеу барысы.

Асқорыту жолы қандай мүшелерден тұратынын топта талқылау. Жакаптарымен бөлісу..

Асқорыту жолын көрсететін таспаға ауызды белгілейді. Қағазға суретін салып, таспаға жапсыру. Бірінші циферблатқа 1 минут деп түрлі түсті маркермен жазу.

Ауыз қуысынан өңешке дейін – 40 см – 8 секунд.

Таспаға шарды (үрленбеген) бекітеді. Бұл – асқазан – 15 см. Жапсырмаға жазып, циферблатқа белгілейді – 3 сағат.

Шардан бастап, 25 см өлшейді, бұл – он екі елі ішек.

Аш ішек – 6 м. Циферблатқа белгілейді – 4 сағат. Жапсырмаға жазады.

1 м 50 см, маркермен белгілейді. Бұл – тоқішек. Циферблатқа белгілейді – 10 сағат.

Басқа топтың нәтижелерімен өз нәтижелерін салыстыру.

ҚБ. «Галереяны шаралау»ойыны арқылы топтардың зерттеу жұмысын ауызша бағалау.

Ойлан.«Мен журналистпін» ойыны арқылы оқушылардан суды қалай және қай уақытта ішкен дұрыс екендігін талқылау. Оқушылардың жауаптарын салыстырып, қорытынды шығару.

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сен білесің бе?Оқушылар жұптасып, астың осынша ұзақ жолды жүріп өтуі кездейсоқ емес екенін талқылау. Біздің асымызды құрайтын әртүрлі тағамдардың қорытылуы үшін көп уақыт керек екендігін қорытындылайды.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

  • Сабақтың үстінде сергіту сәтті не үшін ұйымдастыру керек?

  • Жаттығулардың қандай түрлері болады?

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

34-жұмыс парағы. «Асқорыту мүшелері», 36-б.

Асқорыту мүшелерінің қызметі.Асқорыту мүшелері мен оның қызметін сәйкестендіруге бағытталған тапсырма.

Критерийлер:

-Асқорыту мүшесінің суретін анықтайды;

-Берілген суретті оның қызметімен сәйкестендіреді.

Дескрипторы:

  • Ас сілекеймен араласып, майдаланатын қуысын анықтай алады;

  • Ас қоймалжың ботқаға айналып қорытылатын қуысты анықтайды;

  • Жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын мүшені біледі;

  • Қорытылған астың қанға сіңіп, ағзаға тарауына көмектесетін мүшені анықтайды.

ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы.



Оқулықпен жұмыс

Слайд №5


Ас қорыту жүйесінің суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы



Лото ойыныныа арналған құралдар











Таспа, жапсырмалар, сантимерлік лента,

циферблат.


Слайд №6
























Слайд №7







https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw



Дәптермен жұмыс


Сабақтың соңы

4 минут


Кері байланыс. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін параққа жазады.

ЭShape1

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ссе парағы


Эссе парағы

Слайд №10

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



  • Топ бойынша саралау;

  • Сұрақ қою барысында саралау;

  • Тапсырма бойынша саралау:

  • Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

  • Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

- «Галереяны шаралау» стратегиясы арқылы бағалау;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың жазбаша кері байланысы



-Сабақ барысында іс әрекет, дене жаттығулары көптеп орындалады (ұйымдастыру шеңберінде, зерттеу жұмысы барысында);

- әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
578
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12