Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Астана - бас қала"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Білім беру саласы: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: « Астана – бас қалам».

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.

Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой өрісін, қиялын ұштау. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Астана қаласының ғимараттары туралы мазмұнды суреттер , интерактивтік тақта, «valeo» таяқшалары.

Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, дидактикалық ойындар, сергіту сәті.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Алтын күннің астында,

Желбірейді туымыз.

Қазақ деген халықтың,

Ұлы менен қызымыз.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық - кезеңі

Балалар, біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз.

Балалар « Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйіміз,туып өскен жеріміз. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білу керек.

-Біз қай мемлекетте тұрамыз?


-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?

-Еліміздің рәміздерін айтып беріңдерші?

-Ту, Елтаңба, Әнұранды бір сөзбен қалай айтамыз?

-Елордасы қай қала?


Астана туралы мағлұмат беру. Түсіндіру.

Балалар, Астана еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білу керек.

Билингвалды компонент:

Отан – Родина – homeland.


Сергіту сәті:

Балалар, Отан, туған жер,Астана туралы кім тақпақтар біледі?

Ойын: « Бәйтеректі құрастыру»

Шарты: Берілген қиынды суреттерден, «valeo» таяқшаларынан « Бәйтерек» құрастыру.




Туған жерім, атамекенім, отбасым.






Қазақстан Республикасында.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


Қазақ тілі.


Ту, Елтаңба, Әнұран.

Рәміздер.


Астана.









Балалар қайталайды.


Балалар өздері білетін тақпақтарын айтады.




Таяқшалардан, қиынды суреттерден « Бәйтерек» құрастырады.


Рефлексивті -коррекциялаушы

Қорытындылау.

Ойын: «Доп».

Шарты: Тәрбиеші сұрақ қоя отырып, бір балаға допты лақтырады. Ол жауабын айтып допты қайтарады.

Ал, қане бастайық:

-Қазақстанның астанасы қай қала?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Біз қай елде тұрамыз?

Балаларды мадақтау. Жұлдызшалар тарату.


Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Астана қаласының көрікті жерлерін, ғимараттарын;

Нені игереді: Суретке қарап сөйлеуді;

Нені біледі: Сурет қиындылары, « valeo» таяқшаларымен жұмыс жасауды.



Тәрбиеші: Қырықпаева Гаухар Жумабековна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2019
2748
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12