400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Астана -бас қала

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы








Қазақ тілі және әдебиет пәнінің екінші санатты оқытушысы А.С.Байзақ



Сабақтың тақырыбы: Астана- бас қала. Көмекші сөздер

Сабақтың мақсаты: Студенттердің білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

Білімділік: Астана туралы білімдері мен түсініктерін кеңейту, көмекші сөздерді практикалық жолмен меңгерту.

Дамытушылық: Алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында, қаламызды сүюге, бір- біріне көмек беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: АКТ, сұрақ — жауап, ой — қозғау

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сын тұрғысынан ойлау, үлестірмелі қағаздар, ЭО, презентация, бәйтерек макеті, мәтін.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Топтар бір- біріне тілек тілейді.

ІІ. Үй тапсырмасы: Қазақ халқының ұлттық тағамдары.

1 топ. Сүт тағамдары, қымыз бен шұбаттың пайдасы туралы айту.

2 топ. Ет тағамдары, ет асу жолын ретімен айту.

3 топ. Нан тағамдары, венн диаграммасын толтыру.

Көңіл күй кезеңі. Көңіл күйлеріңізді көтеру үшін бейнебаянды тамашалайық!

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыз әсем қала, бейбітшілік қаласы Астанаға арналады.

а) Сабақтың мақсатын түсіндіру.

ә) Студенттерді суреттер тандау арқылы топқа бөлу.

-1 топ: «Оң жағалау» 2 топ: «Сол жағалау»

- Астананың символы Бәйтеректің шамын жағу.
б
) ЭО тыңдау, түртіп алу тәсілі, бейнебаян бойынша сұрақтар.

в) Жаңа сөздермен жұмыс, мағанасын түсіндіру.

ІV. Сергіту сәті. «Астана» әні. Сөзі: Е. Шаймерденов, әні: М. Омаров

V. Дәптермен жұмыс. 1 топ. «Оң жағалау». Сөйлемдерден көмекші сөздерді тауып, орыс тіліне аудару.

Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бойында ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сыртында орналасқан. Мактептің қасында үлкен саябақ бар. Саябақтың ішінде қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Ескерткіштің артында үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алдында әдемі гүлдер егілген.

2 топ. «Сол жағалау». Сурет бойынша көмекші сөздерді пайдаланып диолог құрастыру.










VІ. «Аймақтық компонент» тәсілі.

«Астана қаласына саяхат».

1 «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы.

2. «Бәйтерек» монументі.

3. «Бейбітшілік және келісім» сарайы.

4. «Отан қорғаушылар» монументі.



VІІ.Сабақты бекіту:Сұрақтар

1. Ақорда қай өзеннің бойында орналасқан?

2. Астананың туған күні?

3. Қандай ескерткіштер мен оқу орындар бар?

4. «Бәйтерек» күмбезінің салмағы?

5. 2017 жылы Астана қаласында қандай іс- шаралар болады?

VІІІ. «Аялы алақан» композициясы. Арман- тілектерін айту.

ІХ. Бағалау: Белсенді студенттерді бағалау.

Х. Үй тапсырмасы. Елорда туралы эссе жазу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі