Астана – білім
ордасы
Білім мен
ғылым... Бұл екеуі бір – біріне жақын
ұғымдар, бірақ бір емес.Ғылымның бәрі білім, бірақ, білім барлық
уақытта ғылым емес. Өмірге алдымен білім, ғылым кейін келді. Білім
түрлері көп.Білім адамның айналасына қарап, алғашқы тіршілігінен
басталып, өмір бойы бірте – бірте күрделеніп, кейін ғылымға келіп
тіреледі.
Білім –
ақиқат. Астана – осынау ақиқаттың
куәсі. Қазақстанның елордасы елдің барлық өңірлеріндегі талапкерлер
үшін тартымды орталыққа айналды. Мұнда отандық білім бері ісінің
жетекшілері – Назарбаев университеті,
Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық
университеті,
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті,
М.В. Ломоносов атындағы
Мәскеу мемлекеттік университетінің
филиалы,
Астана медициналық
университеті. Елбасы Н.Ә. Назарбаев
Жолдауда Қазақстан жастарын «білімді, еңбекқор,
бастамашыл, белсенді болуға, жұмыс пен сұранысы
бар өңірге батыл қадаммен баруға,
шеберлікке» қол жеткізуге шақырып, жоғары
оқу орындары мамандарына, педагог – ғалымдарға білім беруде ,
кәсіби білім беруде, кәсіби маман даярлауда үлкен жауапкершілік
жүктеп отыр.
Астана – қазіргі таңда ғылым мен
инновацияның ордасына айналып отыр. Астана төрінде білім жиған
студенттер – ғылыми ізденіс пен кәсіби шеберлікті, біліктілікті ең
басты мақсат етіп қоя біледі.Астана қаласындағы білім ордалары ел
бірлігін нығайту мақсатында Назарбаев , Еуразиялық ұлттық
университеттері табысты жұмыс жасап келеді. Әлемдік аренада
еліміздің Халықаралық қатынастардағы жағымды имиджін қалыптастыру
бағытында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда әлемдік
даму үдерісінде білім мен ғылым – өмір сүрудің негізгі тетігі.
Білім беру – қоғамдық өмірдің маңызды саласы,тіпті , ұлттық
қауіпсіздіктің бөлінбес бір бөлшегі! Біздегі білім беру жүйесі
жақсы дамыған елдердің ізімен, үлкен жетістіктерге қол жеткізуде
инновациялық ұстанымдарды негізге алып келеді. Елордамыздағы білім
ордалары әлем елдерінің білім беру жүйелерін зерттеген ғылыми –
тәжірибелік еңбектерді мұқият талдап, білім беру жүйесін
құраушыларды анықтады. Бүгінгі күнде мамандардың кәсіби дайындығын
гуманистік аспектісіз, тұлғаның рухани дамуының маңыздылығын
ескермей, бір жақты қарастыруға мүлдем болмайды. ХХІ ғасырда
ЮНЕСКО-ның пікірінше, жетекші ғылым инновация мен психологияға
негізделуі керек.Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақ
функционалдық сауаттылыққа зор көңіл бөлуі қажет. Жас ұрпақ қазіргі
заманға бейімделген болуы үлкен маңызға ие болып отыр.
«Қазақстан-2050» Жаңа бағытын басты назарға ала отырып, 2013 жылдан
бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім
беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды
қамтамасыз етуде. Сонымен қатар кәсіби – техникалық және жоғары
білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген
қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстап
келеді. Мұның ең ұтымды тұсы, халықты еңбекпен қамтудың мәселесін
шешіп береді. Біздің Астанамыздағы жоғары оқу орындары тек білім
беру қызметімен шектеліп отырған жоқ. Олар қолданбалы және ғылыми –
зерттеушілік бөлімшелерді құру арқылы жүйелі даму үстінде. Жеке
бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке
адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында айырықша
көрініп келеді. Біз үшін өте маңызды шараларға тоқталар болсам,
жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік –
жекеменшік әріптестігін құру қажет. Бұл ұйғарымды Елбасымыздың өзі
бастама еткен болатын. Көпсатылы оқу гранттары жүйесі де өз жемісін
әкелері айқын. Бүкіләлемдік тәжірибенің көрсетуінше, бүкіл
инновациялық өндірістік циклды бір елде жүзеге асыруға тырысу –
велосипед ойлап шығару деген сөз. Бұл – өте қымбатқа түсетін және
әрдайым нәтижелі бола бермейтін жоба. Жаңа технологиялық толқын
жағасына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің
қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз. Астана
аумағындағы білім беру ордалары барынша прагматикалық стратегияны
қолдануда. Бұл – біздің болашақ табысымыз. Біз – жас ұлтпыз және
біздің қолымыздан келеді.
Оған қоса, біз ауқымды ғылыми
– зерттеу жобаларына белсене қатысып келеміз. Бұл бізге шетелдік
ғылыми – зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық
бағыттар бойынша ықпалдастыруға зор мүмкіндік береді. Ізгілікті
қоғамға барар жолда білім мен ғылымның зор рөл атқаратыны айқын.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін – терең
білім, сапалы оқу технологиясы өте қажет құбылыс. Әсілі, Шәкәрім
Құдайбердіұлы «Құбылған әлем жарысы,
ақылды жанның табысы» деген- ді бекер айтпаса керек.
Көз ұшында тұрған білім көкжиегі – біздің болашақ еншімізде. Жауһар
туындылар мен үздік білім ордаларының ордасына айналған Астана –
білім мен ғылымның ордасы болып қалатыны айқын. Біліми құндылықты
дәріптейтін білім ордаларымыз өркендей берсін,
қымбатты білім жолындағы
ізденушілер!