Астана –
жаңа ғасыр жауһары.
«Астана – Отанымыздың жүрегі»
Н.Ә.Назарбаев
Астана – бар қазақтың мақтанышы. Бүгінгі Астананы
қазір әлем таныған футуристік қала. Ал, осыдан бірнеше ғасыр бұрын,
ұлы ағартушы, бар қазақтың ұстазы саналатын Ыбырай Алтынсарин «Өнер
білім бар жұрттар – тастан сарай салғызды, Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар
алғызды» деп сол кездегі заман ырғағынан көш бойы қалып келе
жатқанымызды айтып, қазақ халқының да бір күні басқа елдермен
терезесі тең мемелекет боларына үлкен сеніммен қарағандай
еді. Заман өтті.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген тұстан бастап, Қазақ Елі әлем
елдерімен өз терезесін теңестіруді алдына мақсат етіп қойды. Тұңғыш
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1994 жылы ел астанасын
Алматы қаласынан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс айтты. Бұл ұсыныс
сол кездегі Үкімет пен Парламент мүшелері арасында қолдауға ие бола
алмады. Бірақ, осы ұсыныс қабылданып, елдің астанасы тек 2000
жылдардан кейін ғана көшірілуі мүмкін деген ортақ тұжырым шығарды.
Қазір барлығымыз Елбасының сол кездегі көрегендігін байқап отырмыз.
Ал ол кезде тек қана арман, қиял еді. Осы орайда менің көзіме осы бір оқиға былай
елестейді. Елбасымыз балаларға сабақ беретін ұстаз секілді. Ал сол
кездегі халқымыз оқушы секілді. Ұстаздың айтқанын оқушылар бірден
түсініп, осы жобаны іліп алып кетті. Өйткені, тоқсаныншы жылдардағы
Қазақстанға өзгеріс ауадай қажет еді. Елбасының астанананы Ақмолаға
көшіру идеясы барша халықты ұйқысынан оятқандай. Астананы
көшіру идеясы ұлытымыздың ғана санасын жаңғыртып қана қойған жоқ.
Бұл идея жалпы халықтық идеяға айналды. Қазақстанда тұратын 130-дан
астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің де жалпы мақсатына айналды. Халықты
біріктірді, ұлт пен ұлысты ортақ идея аясында жұмылдырды.
Қазақстанның тұрақтылығы, ондағы халықтардың достығы мен
өзара татуылығын мен мектеп оқушыларының татаулығымен салыстырар
едім. Ұл-қыз,
үлкен-кіші, ақ-қара, алғыр шәкірт және үлгерімі соншалықты жоғары
емес оқушы – осылардың барлығы МЕКТЕП атты алтын бесіктің
шаңырағының астында тату-тәтті өмір сүруде. “Астана” секліді біздің
де ортақ мақсатымыз бар – шәкірттеріміздің болашақта дарынды тұлға
болып қалыптасуы. Біз әртүрліміз бірақ, ортақ мүддеміз бір.
Елбасы
Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» стратегиялық
мақаласында Астананы көшіру идеясы халықтың сенімімен жүзеге
асқанын да баяндайды.
Осы тұрғыда қарапайым психологиялық үрдіс еске
түседі: педагог пен шәкірт арасындағы өзара сенімділік. Ұстаз
оқытушы ғана емес, сонымен қатар шәкірт бойына сенім ұялатар
сендіруші тұлға. Егер мұғалім әу бастан өзінің таңдаған мамандығын
дұрыс деп тапса, ол оқушыға да өзінің айтқан әрбір сөзін жүректен
жүрекке жеткізе алады. Ал педагог пен шәкірт арасындағы өзара
сенімділіктің ең жоғарғы шыңы ол алғырт шәкіттің тәрбиеленіп
шығуы. Қазіргі таңда Елбасының
сындарлы да салихалы оң саясатының арқасында Астананы әлем
мойындады. Елбасы біздің санамызға Астананы көшірудегі
мақсатын, оның келешек үшін маңыздылығын терең түсіндіре алды.
Халқымыздың даналығы, кемеңгерлігінің арқасында біз үлгілі шәкірт
секілді осы терең мағыналы әрі астарлы саяси қадамның ауадай
қажеттігін түсіне алдық. Елбасымыздың биылғы Жолдауы
негізінде Астана қаласы “smart-city”, яғни “ақылды қала” атанып
отыр. Болашақта “smart-city” жобасы Қазақстанның басқа
да қалаларына берілетін болады. Яғни, Астананың дамуы –
Қазақстанның да дамуына елеулі ықпал еткенін осы бір көріністен-ақ
байқауымызға болады. Әлем мойындаған Астанамыздың
өзге қалалардан тағы бір өзгешелігі ол Елордамыздың саяси Астанасы
ғана емес, сонымен қатар түркі елдерінің мәдени Астанасы
атануында. Әлемде 200 миллионнан астам ұлттың тілі,
мәдениеті ұқсас, діні бір. Осылардың барлығын бір арнаға тоғыстырып
тұрған Елбасының кемеңгерлік ғаламат идеясы болып табылады. Түркі
мемлекеттері Н.Назарбаевты ұстаз әрі ақылшы тұлға ретінде
санайды. Біз жаңа ғасырға, жаңа технологиялар заманына өркениетті
ұлт ретінде еніп, тарих аренасынан ойып тұрып орын
алдық. Ал
барлық жетістіктерімізді ең қымбат байлығымыз - тәуелсіздігіміздің
айғағы деп білемін.Осындай жетістікке жетіп, Астананың алып жатқан
сан түрлі асулары – еліміздің егемендігі мен, халық бірлігінің
арқасы.Әлемнің талай мемлекеттерін құлдыратып, жұтатып жіберген
аждаһадай арпалысқан ғаламдық жаһанданудан аман қалған Астананың
бүгінгі күні ғылымы мен білімі қарқынды дамып, жаңа бағытта
көркейіп, гүлденуде. Астана күн өткен сайын құлпырып, өзінің рухани
келбетін жаңартып, жыл сайын ажарлана түсуде. Бұның барлығы
елбасымыздың сындарлы саясатының айғағы емес пе? Өзге халықтардың көпшілігі тоқырауға
ұшырап жатқанда, жаңа заманға жасампаздықпен қадам басып келе
жатырған еліміздің жүрегі – Астанамыз таңдаған сара жолынан
жаңылмастан мақсатына әр қадамын басқан сайын жақындай түсуде.
Елбасымыздың «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің
тірегі»деген сөзімен ойымды түйіндей келе еліміздің жүрегі әрқашан
соғуын тоқтатпай, көркейіп, гүлденіп, еңбекқорлығы мен
жасампаздығымен әлемді таңғалдырудан талмай, «Мәңгілік ел»
екендігін дәлелдесе екен.