400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

АСТАНА – МӘҢГІЛІК ЕЛ МЕРЕЙІ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

АСТАНА – МӘҢГІЛІК ЕЛ МЕРЕЙІ



Алматы облысы, Балқаш ауданы

«Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі» МКҚК

Кітапханашы: Берсугирова Куанкуль Кыдырбаевна



Елбасы мен Астана! Бұл екі ұғым қашаннан қатар аталатын - егіз ұғым. Астана – Тәуелсіздігіміздің тірегі, тарихымыздың шежіресі. Алаштың алтын қазығы болған Астананың әрбір жетістігінде Елбасымыздың қолтаңбасы жатыр. Елбасы мен елорда егіз ұғым дейтініміз де сондықтан. Астанамыз – бүгінгі жемісті еңбектің сұлу көрінісі. Астанасы мықты жұрттың іргесі берік. Іргесі берік ұлттың ертеңі жарқын.

Бұрын қазақтың астанасы талай рет өзгергенін тарихтан белгілі. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің астанасын қайта орнатуды өзі шешті. Осылайша 1997 жылы 10 желтоқсанда еліміз астанасын Алатаудың баурайынан Сарыарқаның төсіне көшірді. Бас шаһарда бой көтерген алғашқы айшықты ғимараттардың нобайын жасауға Елбасымыздың өзі қатысқанын, «Бәйтерек» монументін, «Ақорда» резиденциясы сияқты нысандардың алғашқы сызбасын Елбасымыз өзі қағазға түсіргені белгілі.

Аз уақыттың ішінде Астана ертегі кейіпкерлеріндей адам танымастай өзгерді. Ұлттық үлгідегі ғимараттары кімді болса да таңқалдырмай қоймайды. Әлемдегі жас қалалардың санатындағы Елорда күннен-күнге қанатын жайып, Есілдің екі жақ қапталын алып жатқан ару қалаға бажайлап қарасаң, бозбаланың кейпін көз алдыңа келтіреді.

Бүгінде Астана әдемі, таза, қауіпсіз қалаға айналды. Ерке Есілдің бойында сән-салтанаты келіскен сәулетті шаһардың беделі биіктеп, абыройы асқақтап келеді. Осында тұсауы кесілген тың жобалар мен атқарылып жатқан қыруар шаруалар, ел игілігі үшін жасалынуда. Еліміздің еңсесі биік екенін, ұлтымыздың ұлылығын, мемлекетіміздің мығымдығын, қазақ халқының жасампаз касиеттерін паш еткен бүкіл әлемді таңқалдырған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің елордамызда өтуі, тәуелсіз Қазақстанның символы – Астана, нағыз XXI ғасырдың қаласы, әлемдік инновациялар орталығының бірі ретінде жаңа қырынан танылды.

Астана – ұлттық идеяның темірқазығы. Еліміздің жаңа ғасырдағы жарқын шежіресі де осында жазылуда. Ерке Есілдің бойына ел қондырып, армандай асқақ Астананы салған Елбасының бұл еңбегі тәуелсіз еліміздің ең үлкен табысы, тарихи жеңісі.

Бүгінде дамудың үшінші кезеңіне аяқ басқан елорданың дамылсыз даму ырғағы күллі әлемнің таңдайын қақтырады. ЮНЕСКО-ның Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағын беруі тегін емес. Шын мәнінде Астана – Бейбітшілік қаласы деуге толық негіз бар. Мұнда әлем елдерін татулыққа, бейбітшілікке шақырған небір басқосулардың, кездесулердің, форумдардың өтуі – соның дәлелі. Астана – 2050 жылға қарай әлемнің ең үздік он қаласының қатарына қосылатынына күмән жоқ. Демек, Алаш Астанасының табысты дамыған шаһарға айналатыны сөзсіз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі