Астана-
асыл мұраттар мекені.
Астана-
егемен еліміздің бас қаласы, туған
жеріміздің жүрегі деуге болады. Астана-
Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің
ошағы, ғылым мен білімнің ордасы.
Еліміздің көгілдір туы желбіреген
тәуелсіздігіміздің ордасы. Бүгінгі
таңда астана- миллиондаған халқы бар,
еліміздің ірі мәдени және өндірістік
орталығы болып қалыптасқан әсем қала.
Мемлекетіміздің астанасы ретіндегі
жиырма жылдық тарихына қарамастан, бұл
қаланың бай тарихы және өзіне тән
ерекшеліктері бар. Қарқынды дамып келе
жатқан қала ретінде кеңінен танымал
болған Астана бүгінгі саясаткерлер,
әлеуметтік ғалымдар, әлеуметтанушылардың
ғана емес, сонымен қатар сәулетшілердің
кәсіби қызығушылығын туғызуда. «
Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін
біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен,
бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен
көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп,
аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі
Арқаның төрінде сылдырап аққан ерке
Есілдің жағалауында орналасқан айбынды
астанамыз бүгінде 20 жасқа толды. Ару
Астанамыздың көрсе көз тартар – көрікті
, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі
өнеріне неізделген биік- биік ғимараттары
қалаға сән беріп, жаңаша бағытта
ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару
Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың
бірі- « Пирамидаға » тоқталсақ, оның
ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше
бір әлем емес пе?
«
Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады?
Онымен қоса « Мұз қалашығымыз» тағы
бар.Барлық әсем ғимараттарды жекелеп
даралап айтар болсақ уақыт жеткізе
алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз
толтырып айтар жері көп екені бәрімізге
аян. Яғни, ару Астанамыздың халық
тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл
дегеніміз Астананың не бәрі 20 жылдың
ішінде адам айтса сенбестей өзгерген
ару Астана өзге елдермен терезесі тең,
келешегі кемел болашағы айқын және
жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды.
Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып,
жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде.
Астананы
алғаш көрген кезімдегі алған әсерімді
сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, бейне
бір ертегі әлемінде жүргендей болдым.
Қарасаң көз тоймайтындай сұлу қала
біздің елде бар деген мақтаныш кеудемді
кернеді.Адам намысын қозғап, әдет ғұрып
салтымызға, рухани байлығымызға деген
құрмет сезіміне бөлеп, сүйіспеншілікке
жетеледі.
Жиырма
жыл ішінде жаңа дәуірдің жасампаз
шахарына айналып үлгерген Астана ақын,
композиторлар шығармашылығына да тың
тақырып, жаңа серпін ікелді. Олардың
ойлы өлең, отты жырларынан елордамыздың
келбет –көркін, тыныс тіршілігін
аңғарсақ, асқақ рухты әндері қазақтығымызды
қастерлеп, елді сүюге, отаншылдық сезімге
жетелейді. Сән сәулеті басқаға ұқсамайтын
Астана, улкенге де жасқа да арман.