Тақырып бойынша 11 материал табылды

Астана бас қала

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің ағылшын тілінің пән мұғалімі , 7-сынып класс жетекшісі:Орынбасар Гүлбаршын Арманқызы

«Астана-бас қала» атты үздік тәрбие сағаты облыстық сырттай сайыс.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Астана-бас қала

Мақсаты: оқушыларға бас қаламыз –Астанамыз туралы мағұлмат беру, білімдерін толықтыру. Елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, дүниетанымын кеңейту. Туған жерін сүйе білуге, патриоттық сезімге, Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, интерактивті тақта, слайд.

Барысы:

Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның-

Мақтанышым –Астанам.

- Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Астана-бас қала». Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Астана біздің бас қаламыз. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

Астана халқымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің рәмізі және қуатты факторы болады. «Астана – жаңа Қазақстанның қуаты және оның көпұлтты халқын біріктірудің қайнар бұлағы» деген Н.Назарбаев.

Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білу керек. Біз – осы елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біз. Ендеше Астана туралы, бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік! Астана аз ғана уақыт ішінде әлемде өзіндік келбеті бар аймен, күнмен таласқан әсем қалаға айналды.
Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Астанамыздың көркеюі елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы екенін білуіміз керек. Елбасымыз айтқандай, жана әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа Астанасы әрі жас Астанасы қайсымыздың болса көкірімізде арайлы рухты оятады.

-Астана туралы мәліметтерді тыңдап болсақ, баршамыз Астана қаласына саяхат жасайық. Ендеше біз Астана қаласына бару үшін алдымен Ойылдан таксиге отыруымыз керек.

Ойылдан таксиге отыру үшін барлығымыз бірге сөзжұмбақ шешейік.



О








Й








Ы








Л






1)Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы. (Домбыра)

2) Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы (Бәйтерек)

3)Шырайлы қала? (Шымкент)

4)Қазақстан Республикасының рәмізі.

Сонымен біз Ойыл ауданынан таксимен қай жерге келгенімізді білу үшін берілген ребусты шешуіміз керек. Ребус!

,,, ‘‘‘‘ ‘ ‘‘‘‘‘‘‘

+Е.

Жауабы:(АҚТӨБЕ)

Бұл қаладан біз пойызға отыруымыз қажет. Ол үшін балалар сендер Астана туралы өлең жолдарын шын жүректерің мен оқып берулерің керек.

1 оқушы:

Астана –арман қала,

Бағы бар жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана-сұлу қала,

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.

2-оқушы:

Сәулесі түскен Есілге,

Сарыарқа төсінде.

Армандай әсем қала бар,

Бір көрсең, мәңгі қалар есіңде.

Астанам саған табынам,

Аңсаймын, сағынам.

Таңдарың қандай жарқын,

Жандарың қандай алтын,

Бақытқа бастаған Астанам.

Биікте болсын байрағың!

3-оқушы:

Мақтаным, айбарым.

Күн өткен сайын құлпырып,

Көктемгі әсем гүлдей жайнаған.

Елордам менің еңселі,

Ерліктің өлшемі.

Арудай қала, аяулым,

Мәңгілік сүйіп өтем мен сені.-көп рахмет.

Оқушылар біз Астанаға келдік енді бәріміз Астана қаласының көрнекі жерлерін аралап, олармен таныс болайық.

Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші — “Астана — Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.

Келесі көрікті жерлерінің бірі- “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанариум, кинозалдар. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесің. «Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден-бір нысан.

«Хан шатыры» — Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы. 200-дей метрлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кинотеатрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.

Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.

Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады

Блум таксономиясы

Нені білдім?

Нені түсіндім?











Қорытынды: Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі.

Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам бас қалам,ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды. Назарларыңызға рахмет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
693
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12