Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Астана Ермек Өтетілеуұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне ,жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. № 8

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Көркем әдебиет.

Оқу қызметінің тақырыбы: «Астана»/өлең/ Ермек Өтетілеуұлы .Оқып беру.

Оқу қызметінің түрі:Жаңа сабақ.

Өтілетін топтың атауы: «Ақкөгершін» ( 3 жастан бастап) ортаңғы тобы.

Пән аралық байланыс: «Таным» білім беру саласы жаратылыстану оқу қызметі, «Таным» білім беру саласы математика негіздері оқу қызметі. «Шығармашылық» білім беру саласы музыка оқу қызметі.

Сабақтың ұзақтығы:15-20 минут

Кіріспе бөлім:1-2 минут

Негізгі бөлім:11-12 минут

Бекіту,қорытынды бөлім:1-2 минут

Қатысатын бала саны:10

Өтілетін күні:10.12.2020 жыл

Оқу қызметінің мақсаты:

Білімділік: Балаларды өлең мазмұнымен таныстыру,еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан қаласы туралы түсінік беру

Дамытушылық: Өлеңді мәнерлеп,

эмоционалды түрде жатқа айтуға үйрету. Есте сақтау, ойлау қабілетін жетілдіру, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Елін, жерін, туған Отанын сүюге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу,таныстыру,түсіндіру,жеке баламен жұмыс,сұрақ-жауап,қайталау,ойнату,бақылау,мадақтау.

Көрнекілік құралдар:теледидар,бетперделер,слайд.

Сөздік жұмыс:шарықтайды- ұшу,жоғарылау,биікке көтерілу деген мағынаны береді.

Қостілділік:Нұр-Сұлтан қаласы –город Нур-Султан ,саяхат-путешествие



Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Ұйымдастырушылық

оятушылық



Балалар,қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайықшы,енді бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтып,қонақтармен амандасайық.


Қайырлы таң, Алтын Күн!
Қайырлы таң, Көк аспан!
Қайырлы таң, Жер Ана!
Қайырлы таң, достарым!


Жақсы көңіл-күймен шаттық шеңберін айту.

Келген қонақтармен амандасады.

Ұйымдастырушылық –ізденушілік

Кіріспе бөлімі.

1-2 минут









Негізгі бөлім.

11-12 минут






























Қостілділік компонент:




Сергіту сәті








-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын атап беріңдерші?

-Бүгінгі ауа райы қандай?

-Біз қай мемлекетте тұрамыз?


-Еліміздің астанасы қай қала?


-Балалар,сендер Нұр-Сұлтан қаласына барғыларың келе ме?

-Нұр-Сұлтан қаласы өте ұзақта ,ол үшін бізге не қажет?

Тосын сәт:

Хабарлайды: Құрметті жолаушылар Ақжар –Нұрсұлтан бағытына пойызға отырғызу басталды. Пойыздың жүру уақыты:10:00 де.Билеттерді арнайы темір жол кассасынан алуға болады.

-Балалар ендеше пойызға билет алайық.

-Билет сатушы:балалар жолдарың болсын,Нұр-Сұлтан қаласы жайлы көп біліп келіңдер./балалар пойыз болып жүреді/

-Балалар, Нұр-Сұлтан қаласына саяхатқа келді.

-Нұр-Сұлтан қаласы-еліміздің астанасы жүрегі .Биік –биік ғимараттар өте көп.

- Балалар сендер не көріп тұрсыңдар?
- Балалар, тұңғыш президентіміз кім?

- Қазақстан Республикасының қазіргі президенті кім?
- Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы атауы-Астана.
- Олай болса, бүгінгі оқу қызметінде ақын Ермек Өтетілеуұлының «Астана»
тақпағын жаттайық.
«Астана» өлеңін мәнерлеп оқып беремін,мұқият тыңдаңдар.
Болашаққа бастаған.
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның –
Мақтанышым – Астанам.

-Балалар өлең жолдарында не туралы айтылған?



Сөздік жұмыс:
шарықтайды-ұшу,жоғарылау,биікке көтерілу деген мағынаны береді.

Нұр-Сұлтан қаласы,– город Нур-Султан, саяхат -путешествие.

\өлең жолдарын бірнеше рет қайталату\



Сергіту сәті:

Отанымның тірегі,

Астананың жүрегі,

Мақтан етем өзіңді

Бәйтерегі киелі.



Тақпақты әр балаға жеке айтқызу.

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттері дамиды.Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру,сөздігін байыту,жалпы ой –өрісін дамыту.

-Қыс мезгілі

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

-Күн ашық,жылы.

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Нұр-Сұлтан қаласы.

-Келеді.


-Көлік қажет.







-Балалар кассадан билет алады.








-Бәйтерек,Пирамида,Ақорда.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев





Балалар қайталап айтады.





-Астана туралы













Балалар қайталап айтады.









Балалар қимылмен көрсетеді.


Рефлекстік-түзету (коррекциялық)

Бекіту бөлімі.

1-минут





Қорытынды бөлім.

1-минут

- Балалар біз саяхатқа қайда бардық?

- Нұр-Сұлтан қандай қала?

-Нұр-Сұлтанның несімен мақтанамыз?



-Қандай өлеңмен таныстық?

-Өлеңнің авторы кім?

леңде не туралы айтылды?

-Өлеңді күннің екінші жартысында тағы да қайталайтын боламыз.

-Нұр-Сұлтан қаласы сендерге ұнады ма?

-Оқу қызметіне белсене қатысқан балаларды мақтау,мадақтау,келген қонақтармен қоштасу.

«Жүректен жүрекке»

-Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Аман- сау боп тұрайық!

Хабарлайды: Құрметті жолаушылар Нұр-Сұлтан –Ақжар бағытына пойызға отырғызу басталды.Пойыздың жүру уақыты:10:30 да.

-Нұр-Сұлтан қаласына бардық.

-Еліміздің астанасы.

-Әсемдігімен,көркемдігімен мақтанамыз.


-«Астана» өлеңімен таныстық.

-Ермек Өтетілеуұлы

-Астана туралы айтылды.





-Ұнады.





Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Өленнің мазмұнын түсініп, тындай білу.

Қандай түсініктерді игерді: Есте сақтау, ойлау қабілетін жетілдіру.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тақпақты жатқа айтуға үйрету.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2021
389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12