жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Астана менің жүрегім!
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Тәрбие сағаты
тақырыбы: «Астана менің жүрегім!»
11 «А» сынып жетекшісі: Сармсакова Н.Б.
2018-2019 оқу жылы
Мақсаты:
1) Оқушыларға еліміздің бас қаласы – Астана
туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту,
оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл
байлықтарын дамыту.
3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана
қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті
жерлерінің суреттері, қанатты сөздер, «Астана»
видеоклип.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау,
топтық
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
І. Ой
қозғау.
Біздің туып-өскен жеріміз –Қазақстан
Республикасы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқаруға дана басшыларымыз
кең –байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп-қатерден қорғап келеді.
Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Қазақ халқы
–ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстанда
ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Бүгінде Қазақстан
дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл
әлем таныған елге
айналды.
ІІ. Мағынаны таныту. Астана тарихы туралы
түсінік.
Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін
қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз
Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз
географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы
кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы
қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып
өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы
қайтарылды.
Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның
шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика
территориясының төрінен орын
тепкен.
Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп
келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп
«інжу маржан» деп бағалауда.
Есіл өзенінің сол жағында, Қазақстанның жаңа астанасына жарқырай енген, жаңа астананың символы алып «Бәйтерек» монументі (биіктігі 97 метр) рухы жағынан да, мағынасы жағынан да бізге, яғни қазақ халқына барынша жақын. Бәйтерек – Астананы құс ұшатын биіктіктен көрсетеді. Шардың ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар үшбұрышты күміс бойтұмар орналасқан. Ал «Думан» ойын - сауық орталығында әлемде теңдесі жоқ, ішінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, қылышбалық, бекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде «Джунгли» аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық кітапхана, оқу орындары, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы бар. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы көз алдымызда өсіп келеді.
Бүгінде Астана – тәуелсіз әрі егемен
мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени
орталығы ретінде қанат жайып
барады.
Ерке Есіл жағасында бой көтерген ерекше
сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген,
жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа
астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп дінді халқы бар
әсем де, мейірлі астанамыз, міне, осындай
қала.
ІІІ. Қызығушылығын ояту. (Ойларын ортаға
салу).
1. Қазіргі кезде Астана қаласының
тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (жеті жүз
мың)
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не
себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы
көшірілуіне
байланысты)
3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214
метр)
4. Жаңа көпірге қандай ат берілді?
(«Сарыарқа»)
5. Астанадағы ең басты қатынас жолы
(Республика даңғылы)
6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік
ғимарат (Астана Тауэр)
V. Сыр -
сұхбат.
1. Астананы Ақмолаға көшіру - халықтың қалауы –
тарихтың таңдауы болды ма?
Жауап. XX ғасырдың аяғында, ғасырлар мен
мыңжылдықтар тоғысында, біздің еліміздің тәуелсіздігінің жарқын
нышаны жаңа астана болды. Астана Қазақстанның елордасы болып,
егемен Қазақстан тарихының бөлінбес бөлшегіне
айналды. Астананы көшіру туралы идея бұрыннан бері
пісіп - жетілген болатын. Жас мемлекет үшін алғаш рет өз астанасын
дербес айқындау мен құруы маңызды болған. Астананы көшіру
қажеттілігі әрі саяси, әрі экономикалық себептермен де дәлелденді.
Жаңа астанаға орын табу үшін Президент Н. Назарбаев алдын - ала көп
ойланды, есеп жүргізді, мамандармен кеңесті, облыс орталықтарына
барды, салыстырды. Біздің ірі қалаларымыздың әрқайсысында астана
құрылысының жедел дамуына кедергі келтіруі мүмкін себептер табылды.
Бірнеше себептермен таңдау Ақмолаға түсті. 1994 жылы 6 шілдеде
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында Н.
Назарбаев астананы көшіру туралы бастама көтерді. Халықтың қалауы –
тарихтың таңдауы өз үйлесімін
тапты.
2. Астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстырудың
негізгі алғы шарттары қандай
болды?
Жауап: Көпшілігі таяудағы онжылдықта астананы
көшіру мүмкін емес деген сенімде болды. Президенттің Жарлығымен
1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының
елордасы деп жарияланды. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан
Республикасы Президенті Жарлығымен Ақмола қаласы Астана атты жаңа
атау алады, жаңа өмір, белеске көтерілді. Жаңа елорданың жаңа аты
Отанымыздың мемлекеттік орталығын көшірудің заңды нәтижесі
болды.
1998 жылғы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа
елордасы – Астананың халықаралық тұсауы
кесілді.
ІХ. Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не
түйдік?
Және бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді
қолымыздағы стикерлерге
жазу.
Я, балалар, сабағымызды қорытындылай келе,
әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, әрине Астана
туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама
дерсіз?
Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа
қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен
салынған қала.
Бізде тек, Астана – бар қазақтың алтын
бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман
бар.
Бізде тек, Астана дегенде бар қазақ елеңдеп,
қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы
бір тілек бар.
Осымен, бүгінгі
сабағымызды аяқтаймыз! Сау
болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген