жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Астана-өнер ордасы. Термин сөздер 6-сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақ: Қазақ тілі |
Мектеп: №2 «Мұрагер» мектебі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Данабек Ақбота |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 6 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Астана – өнер ордасы Термин сөздер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу. 6.ӘТН3. Көнерген- сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушы орындай алады: Мәтін мазмұнынан термин сөздердің қолданыс аясын түсінеді, ажырата алады. Термин сөздерден сөз тіркестерін құрайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Коммуникативтік жағдаятқа сай термин сөздерді орынды қолдана алады. Диалогке қатысады және ойын анық жеткізеді. Термин сөздерді қатыстырып, сөйлем құрай алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Термин сөздерді орынды қолданып, шығармашылық жұмыс жасай алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Мәтіннен термин сөздерді табады. Коммуникативтік жағдаятқа сай термин сөздерді орынды қолданады. Диалогке қатысу кезінде ойын анық жеткізеді. Термин сөздерді қатыстырып, сөз тіркесін, сөйлем құрайды. Термин сөздерді орынды қолданып, әңгіме жазады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Диалог құруға, шығарма жазуға арналғаг пайдалы тіркестер: Театр, мәдениет сарайы, мұражай, Корольдік опера, Метрополитен опера, Астана Опера, ғимарат, Азия, сәулет. Талқылауға арналған сұрақтар: «Астана Опера» театрын не үшін Азиядағы ең үлкен театр деп атайды? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; Өмір бойы оқуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
География, музыка, математика |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Термин сөздерді біледі. Күнделікті сабақта әр пәнге қатысты термин сөздерді қолданып жүргендіктен, термин сөздерді ажырата алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтың басы 3 минут |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу Психологиялық көңіл-күй тудыру және сыныпты топтарға біріктіру |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
7 минут Сабақтың ортасы 3 минут 7 минут 2 минут 15 минут Сабақтың соңы 3 минут |
«Түстер психологиясы» әдісі арқылы 3 топқа біріктіремін. Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.
Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Жұбыңмен бөліс» әдісі Оқушылар өзара диалог құра отырып, әр кезеңдегі Астананың дамуына қатысты жинап келген ақпараттарымен бөліседі. Үй тапсырмасы төртбұрыш фигурасын таңдаған оқушылардан сұралады. Қ.Б. «Екі ұтымды, бір ұсыныс» арқылы бағалау Кері байланыс: Қандай ақпарат сендер үшін маңызды болды? «Миға шабуыл» әдісі
Экранда қандай суреттер берілген? Атын атайық. Бұл сөздерді қай пәндерде жиі естідік? Ендеше олардың арасында қандай байланыс бар? Термин сөздер туралы ақпарат беремін:
1 –тапсырма. Топтық жұмыс Мәтінді аудиодан тыңдату
«Ойлан, тап» әдісі арқылы кестемен жұмыс
1-топ: Мәтін мазмұнына сәйкес келетін жауапты белгілеңдер.
2-топ: Берілген тіркестердің мағыналарын екінші бағаннан табыңдар.
3-топ: Мәтіндегі термин сөздерді үлгіге сәйкес ажыратып жазыңдар.
Тапсырма үшбұрыш фигурасын таңдаған оқушылардан сұралады.
Қ.Б. Өзін-өзі бағалау Экраннан тапсырманың дұрыс жауабы көрсетіледі. Топтар бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс: «Астана Опера» театрын не үшін Азиядағы ең үлкен театр деп атайды?
2-тапсырма. Ауызша Көп нүктенің орнына берілген сөздерді қажетті тұлғада қойып айтыңдар.
сәулетт
Азия
театр
мың
гектар
1. Әлемнің үздік ... қатарына кіретін «Астана Опера» біздің мақтанышымыз. 2. «Астана Опера» - ... ең үлкен театр. 3. Ол 9 ... жерді алып жатыр. 4. Театр ... алыстан көзге түседі. 5. Театрдың басты залы таға пішіндес, оған 1 ... 250 адам сияды. «Кім жылдам?» әдісі арқылы сұралады. Қ.Б. Жұлдызшалар арқылы бағаланады.
3-тапсырма. Таңдау тапсырмасы «Еркін таңдау» әдісі таңдау әдісі арқылы ұсынамын. (Тапсырманы оқушылар өздері таңдайды)
Өнерге қатысты термин сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрап жазу.
Дескриптор:
Өнерге қатысты термин сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрау.
Дескриптор:
«Астана- өнер ордасы» тақырыбына термин сөздерді орынды қолданып, шағын әңгіме жазу.
Дескриптор:
Қ.Б. Бағалау парақшасы арқылы бағалау
Тапсырма шеңбер фигурасын таңдаған оқушылардан сұралады.
Кері байланыс: Не үшін бұл тапсырманы таңдадың?
Рефлексия «Таңдау» әдісі 1. Мен сабақта үйрендім көп нәрсені ______ үйренгенім аз болды. 2. Мен басқаларды мұқият ______зейін қоймай тыңдадым. 3. Мен сабаққа жиі ______сирек қатыстым. 4. Мен сабақтағы өз жетістігіме ризамын ______көңілім толмады.
Үй тапсырмасы: Термин сөздерді орынды қолдана отырып, 5 сөйлем құрап келіңдер. Қай салаға қатысты екендігін дәлелдеңдер. |
Түрлі түсті математикалық фигуралар
https://mas
saget.kz/kyizdarga/
psihologiya/984
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта
Бағалау парақшасы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сабақтың өн бойында саралау жүріп отырады. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жалпы сыныптық жұмыс барысында қарым-қатынас формалары бойынша саралау жүреді. Жеке жұмыс еркін таңдау тапсырмасы барысында нәтиже және жауап бойынша саралау жүзеге асады. Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Қабілетті оқушыларға шығармашылықпен жұмыс жасаған жөн деп санадым. Жеке жұмыс, таңдау тапсырмасындағы термин сөздерді орынды қолданып, «Астана-өнер ордасы» тақырыбында әңгіме жазу тапсырмасы қабілетті оқушылармен жұмыс жасауға негізделген.
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Сабақтағы жаңа тақырыпты меңгертуге негізделген әр тапсырма соңында материалды игеру деңгейін тексеріп отырамын. Топтық жұмыс тапсырмасын (мәтін бойынша кестемен жұмыс) дұрыс жауап үлгісін көрсету арқылы топтар өз-өздерін бағалады. Үй тапсырмасы кезіндегі жұптық жұмысты «екі ұтымды, бір ұсыныс» арқылы, ауызша тапсырманы жұлдызшалар арқылы, жеке жұмысты бағалау парақшасы арқылы бағаладым. |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау География, математика, музыка |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы мейлінше қолдау көрсетуді жоспарлаймын. |
Қалыптастырушы бағалау «Екі ұтымды, бір ұсыныс» Бағалау парақшасы Жұлдызшалар арқылы бағалау Дұрыс жауап үлгісі арқылы өзін-өзі бағалау |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сай келетін сұрақтарға жауап беріңіз
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтағы оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? |
Сабақтағы оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды деп есептеймін. Себебі оқу мақсаттары оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне сай құрылған. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? |
Оқушылар бұл сабақта термин сөздер туралы түсінік қалыптастырды және түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, термин сөздердің қай салаға қатысты екендігін білді. Термин сөздерді орынды қолданып, сөз тіркесін, сөйлем құрауды үйренді. Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланды. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? |
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Топтық жұмыс кезінде қарым-қатынас формалары бойынша саралау жүрді. Тапсырманы топпен бірлестікте орындап, тыңдалған мәтін бойынша кестемен жұмыс жасады және дұрыс жауап үлгісі арқылы топтар өз-өздерін бағалады. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? |
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім. Себебі уақытты тиімді пайдалану мақсатында алдын-ала тапсырмаларға уақыт бөліп, жоспарладым. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Жеке жұмыс таңдау тапсырмасын бағалау түрін түзеттім. Себебі, күрделі тапсырма түрі болғандықтан дескриптор құрып, бағалау парақшаларын ұсындым. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. «Еркін таңдау» әдісі арқылы ұсынылған таңдау тапсырмасы 2. «Екі ұтымды, бір ұсыныс» арқылы бағалау Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не себеп болар еді (оқыту мен оқуға қатысты)? Тыңдалым материалы ретінде видеоролик көрсеткен де жөн деп санаймын. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі/қиыншылықтары туралы нені анықтадым , келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Келесі сабақта тапсырмаларды сабақ мақсатына сай түрлендіруді жоспарлап отырмын. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген