Астанаға саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Астанаға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Астана туралы балаларға түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сабақтың тақырыбы:Астанаға саяхат

Сыныбы: 0 «Б» МАД

Сабақтың мақсаты:оқушылардың Астана қаласы туралы білімдерін тереңдетіп, саналы білім алып , функционалды сауатты болуларына ықпал ету.

Міндеттері:

1.Білімділік:оқушылардың Астана қаласы туралы білімдерін кеңейту;

2.Дамытушылық:тақырып бойынша сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру,ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту арқылы ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік:туған жеріне деген сүйіспеншілігін, астанамызға деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу,туған жерін сүюге баулу.

Сабақтың типі:жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың түрі:саяхат сабағы,сурет сабағының элементі кіріктірілген сабақ

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ –жауап әдісі,мәтінмен жеке және топтық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақтада Астана қаласының көрнекті жерлерінің суреттері, ҚР Мемлекеттік туы,фишка, күн ,бұлт.

Пәнаралық байланыс:орыс тілі, география,сурет сабағы

Ұйымдастыру кезеңі. (3мин)

Сынып оқушыларымен амандасу. Оқушыларды түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Сәлеметсің бе,алтын Күн,

Сәлеметсің бе,көк аспан,

Сәлеметсің бе,туған жер,

Сәлеметсіз бе, қонақтар!

Сабақтың мазмұнымен таныстырып сұрақтар қоямын:

1.Сенің Отаның қай ел?

2.Қазақстан қандай мемлекет?

3.Қазақстанның елордасы қай қала?

4.Қ.Р.Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

5.Қазақстанның астанасы болған қалаларды ата.

Оқушылардың жауабы:

1.Менің Отаным –Қазақстан.

2.Қазақстан тәуелсіз, көп ұлтты мемлекет.

3.Қазақстанның елордасы Астана.

4.Қ.Р.Мемлекеттік рәміздері:ту, елтаңба, әнұран.

Жарайсыңдар балалар.Осы ретте балаларға Астана туралы слайд көрсетіп ,көрікті жерлерімен таныстырамын. Астана біздің бас қаламыз екенін айтып өтемін. Осы ретте тарихқа жүгініп Қазақстанның астанасы болған қалалар: Орынбор, Қызылорда,Алматы,Астана.туралы айтып өтемін. «Саяхат» оқыта –үйрету ойынын ұйымдастыру. Оқушыларға алдын ала берілген тапсырма бойынша Астана қаласының көрікті жерлерін слайдтар арқылы айтқызып, сөйлесім әрекетіне жетелеу.Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Астана қаласының көрікті жерлері «Бәйтерек», Президент сарайы «Ақорда», Парламент ғимараты, «Жастар сарайы», «Интерконтиненталь қонақүйі» туралы дайындаған слайдтарын және салған суреттерін әңгімелеп айтады. Үлгі:Мынау«Бәйтерек» Бұл-астана қаласының символы.Оның биіктігі-97метр. Себебі Астана қаласы Қазақстанның астанасы болып 1997 жылы атанды.

Бұл-Президент сарайы «Ақорда».Ол Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Ақорда ғимараты 2004 жылы салынды.Оның биіктігі 80 метр..Ол 7 қабаттан тұрады.

Бұл –Парламент ғимараты. Ол астананың бірініші ғимараты. Оның алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойыл-ған.

«Интерконтиненталь қонақүйі»-Астананың 5 жұл-дызды қонақүйі. Ол 1998 жылы салынған. Ол қаланың ортасында ,Абай даңғылында орналасқан.

Астана қаласындағы «Жастар сарайы» 1973 жылы ашылған.

Ол қаланың ортасында орналасқан.Жастар сарайы -4 қабатты ғимарат. Онда бассейн, тренажер залы және 4 би залы бар.

Астана –Қазақстанның бас қаласы. Ол Есіл өзені жағасында орналасқан.Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.Астанада Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.

Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана –болашағы үлкен қала. Астана –Қазақстанның бас қаласы. Ол Есіл өзені жағасында орналасқан.Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.Астанада Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.

Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана –болашағы үлкен қала.



Сұрақтар :

1.Астана–Қазақстанның қандай қаласы?

2.Ол қай өзеннің жағасында орналасқан?

3.Астанада қандай ғимараттар бар?

4.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіштер бар?

5.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?

6. Астана болашағы қандай қала?

Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп сұхбаттасады, жұмысты орындайды.

Суретпен жұмыс.

Сабақты қорытындылау(5мин)

«Сөзжұмбақ» шешу


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1051
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі