Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашык сабак

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандармен тәжірибе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзак мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: №127 ЖОМ

Пәні: геометрия

Мұғалімнің аты-жөні: Тулебаева А.М

Күні:16.11.2017ж

Сынып: 7 «В» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш. Үшбұрыштың биіктігі, медианасы, биссектрисасы

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: Үшбұрыштың анықтамасын және түрлерін ажырата біледі.

Көпшілігі: Үшбұрыштын түрлерін биссектрисасын, медианасын, биіктігінің анықтамасын біледі

Кейбірі:Үшбұрыштың түрлерін, медианасын, биіктігін, биссектрисасын ажыратады.

Бағалау критерийлері:

Үшбұрыштың анықтамасын және түрлерін ажырата алады

Үшбұрыштын түрлерін биссектрисасын, медианасын, биіктігінің ажырата алады

Күтілетін нәтижесі:

- үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын білу;

- үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы есеп шығаруда қолдана білу;

- үшбұрыштың түріне қарап, бұрыштарын анықтай білу, дағдыларын қалыптастыру.

Құндылықтарға баулу

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- жауапкершілік;

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

Пәнаралық байланыстар

Сызу

Алдыңғы білім

Үшбұрыш. Үшбұрыштың түрлері

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.


І. Кіріспе:



3 минут






Үй тапсырмасын талдау


5 минут

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу.

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Оқушыларды шаттық шеңберін құрып бір-біріне жақсы сөздер айту.

Топқа біріктіру. «Мозаика» әдісі арқылы оқушылар ортадағы кеспе қағаздарын алады. Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі арқылы үш топқа бірігеді.




Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері



«Лездік тапсырма» әдісі арқылы оқушыларға алдыңғы тақырып бойынша сұрақтар койылады.

1. Үшбұрыштың түрлерін ата.

2. Үшбұрыштың элементтерін ата.

3. Қандай фигураны үшбұрыш деп атайды?

4. Үшбұрыштар теңдігін ата.


Кеспе қағаздары





Сабақтың ортасы



5 минут

Жаңа сабақты презентация арқылы түсіндіремін. Слайттар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Үшбұрыштың биіктігі деп оның төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендикулярды атайды. 55 - суретте АВС үшбұрыштың ВН биіктігінің Н табаны оның АС қабырғасында жатыр. Ал, 56 - суретте биіктіктің табаны Н Ас қабырғасының созындысында жатыр.




Слаид

Суреттер көрсету арқылы












15 минут

Жаңа сабақ түсіндіріп болғаннан кейін әр топқа тапсырмалар беріледі: «Джигсо» әдісі арқылы әр топ бір-бірінің жұмысын тексеріп талдау жасайды.

1 тапсырма. І топ

Семантикалық картаны толтыру.


2 тапсырма

Үшбұрыштың периметрі 24 см. Үшбұрыштың биіктігі оны периметрлері 14 см және 18 см болатын екі үшбұрышқа бөледі. Осы үшбұрыштың биіктігін табыңдар.

3 тапсырма. ІІ топ

Тік бұрышты үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының біреуі 130°. Оның сүйір бұрыштарын табыңдар.

4 тапсырма

АВС үшбұрышында С=40°, В төбесіндегі сыртқы бұрышы 70°. Оның барлық ішкі бұрыштарын анықтаңдар.

5 тапсырма. ІІІ топ

1. Доғал бұрышты үшбұрыштың неше сүйір бұрышы болады?

А) 1 в) 2 с) 3

2. АВС үшбұрышында <А=32, <С =125, В бұрышы неге тең?

А) 157 в) 32 с) 23

3. Үшбұрыштың екі тік бұрышы болуы мүмкін бе?

А) мүмкін в) мүмкін емес с) дұрыс жауабы жоқ

4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы доғал бола ма?

А) болады в) болмайды с) дұрыс жауабы жоқ

5. Тең қабырғалы үшбұрыштың әрбір бұрышы неше градустан?

А) 45 в) 50 с) 60

6. Үшбұрыштың доғал бұрышы және тік бұрышы болуы мүмкін бе?

А) мүмкін в) мүмкін емес с) дұрыс жауабы жоқ

7. Тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштары неше градустан?

А) 90,45,45, в) 90,40,50 с) 90, 40, 40

Жауаптары

1 – в

2 – с

3 – в

4 – в

5 – с

6 – в

7 – а










Кеспе қағаздары



Сергіту сәті


5 минут


















Сабақтың соңы

5 минут


Бағалау


Кері байланыс

2 минут




Үйге тапсырма беру

Сергіту сәті” – Тренинг

Мақсаты: оқушыларға психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімдерін қалыптастыру, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасау. Үшбұрыштардың түрлерін ажыратуға үйрету.

Шарты: оқушылардың алдына парақшалар таратылады, парақшаға өзі қалаған кез - келген үшбұрыштың түрін салады.

Нәтиже: оқушылар дайын болғаннан кейін олардың үшбұрыш түрлері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.


Жауабы:

1. Тікбұрышты үшбұрыш – мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар

2. Әр қабырғалы үшбұрыш – құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар

3. Тең бүйірлі үшбұрыш - әрқашан әділдікті қолдайтын жандар

4. Тең қабырғалы үшбұрыш – сыпайы болуға ұмтылатын жандар


Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.



«Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісімен оқушы өзінің қай деңгейде тұрғандығын нақтылап, сабақты қорытындылайды






Үйге: Оқулық бойынша №112,113 есептер.



3



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2019
400
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12