|
Дайындық бөлімі
12//
|
І.Ұйымдастыру
кезеңі
1) сапқа
тұрғызу
Сәлемдесу.
Саптық жаттығулар
- Түзел! Тік тұр!
- Оңға, солға, кері айнал!
2) мәлімет
алу
3)журнал мен оқушыларды
тексеру
4) спорт киімдерін
тексеру
5) өтілетін тақырыптың
мақсат міндеттерін хабарлау
ІІ.Дене қыздыру,бой жазу
жаттығулары.
1)Жүру, өкшемен жүру,
аяқтың ұшымен жүру, аяқтың сыртымен ішімен жүру, жартылай отырып
жүру,
2) қозғалмалы түрде
орындалатын жаттығулар
- қол белде аяқты артқа лақтырып
жүгіру
- қол белде аяқты алға
лақтырып жүру
- қол алда тіземізді жоғары
көтеріп жүру
-
қолды алға, артқа
айналдырып, және бір қырындап оңға, солға
секіру.
-
бір аяқтан екінші аяққа
секіруге ауысу арқылы жүгіру.
-
оңға, солға жүгіру арқылы
отырып тұру.
-
негізгі жүгірістен артқа
қарай жүгіру.
-
белгілі жерге дейін жүгіріс
түрін және жылдамдықты өзгерте жүгіру.
-
аяқты қарсыластырып
жүгіру.
-
бір аяқтан екінші аяққа
ауыса отырып секірулер жасау.
-
жүгіріп келе жатып айналып
секіріп түсу.
3) бір орында
орындалатын жаттығулар
- бастапқы қалып, қолды
белге таянып, басты оңға-солға айналдыру.
- қолды алға- жоғары, екі
жаққа созу.
- қолды иыққа қойып
алға-артқа айналдыру.
- қолды желкеге таянып
оңға-солға бұрылу.
-қолды белге таянып, алға
артқа-оңға солға иілу.
- қолды жоғары көтеріп
шалқаю, алға иілу, отырып тұру.
|
12//
10-12 м
10-12м
10-12м
10-12м
10-12м
10-12м
10-12м
10-12м
10-12м
10-12м
8-10 рет
8-10 рет
8-10 рет
8-10 рет
8-10 рет
|
Сапта дұрыс тұруын,
жаттығулардың өз деңгейінде орындалуын
қадағалау
Қауіпсіздік ережелерін
сақтауды ескерту.
Дағдының қалыптасуына
бағытталған арнайы дене жаттығулары.
Кемшіліктеріне қарап
тапсырмаларды қайта орындау.
|
|
Негізгі
бөлім 23//
|
ІІІ.Футбол. Допты алып
жүру
Допты алып жүру тәсілдері ойыншылардың алаңда қозғалып,
ауысуы үшін қолданылады. Доп әр уақытта ойыншының көз алдында болуы
керек. Алып жүру тәсілдері жүгіру және жүру, сонымен қатар
жылдамдықты, бағытты ауыстырып орындаудан тұрады. Ойында допты алып
жүрудің бірнеше тәсілдері: допты баспен алып жүру, аяқтың
алқымымен, табанның ішкі және сыртқы жағымен, аяқтың ұшымен алып
жүру қолданылады.


IV. Екі жақты
ойын
Әрбір сабақты екі жақты ойынмен аяқтаған дұрыс.
Сондықтан ойын белсенділігін арттыру мақсатында, ойынды аз құраммен
жүргізген дұрыс. Екі жақты ойыны барысында оқушыларды футболдың
негізгі ережелерімен таныстыру қажет.

|
23//
6 //
7//
10 //
|
Допты аяқтың ұшымен алып жүргенде күш салып тебуге
болмайды.
Допты кедергілер арқылы алып жүргенде аяқтың сыртқы және
ішкі жағы қолданылады.
Допты алып жүргенде допты басып қалмауға тырысу
керек.
Ойын барысында қауіпсіздік ережесін және ойын ережесін
сақтау керек.
Барынша шыныққан
оқушыларды екі жақта ойынға төрешілік етуге тартуға
болады.
|