Материалдар / Ашык сабак: Жәндіктер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашык сабак: Жәндіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жәндіктер және оның түрлері туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.Олардың пайдасы туралы балаларға айтып түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Шілде 2021
1124
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Логопедиялық топтық оқу қызметінің конспектісі.

Білім беру саласы:Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Жәндіктер әлемі»
Мақсаты:

Білімділік:балалардың сөздік қорын дамыту, табиғаттағы тіршіліктің оянуын, жәндіктердің тіршілігі,
олардың атауы, пайдасы мен зияны туралы түсініктер беру.
Тақпақтар, мақал - мәтел, жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін жетілдіру. Жәндіктерді ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық:есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік мәні:табиғатты қорғау, оларға қамқорлық, адамгершілікке, достыққа баулу.
Көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын түрлері әдіскерлік тәсіл ретінде қолданылады.
Сөздік жұмыс:зиянды, пайдалы
Көрнекілік:жәндіктер суреттері, дидактикалық материалдар, жәндіктер.

Билингвальді компонент: көбелек-бабочка, ара-пчела, шыбын-муха, инелік-стрекоза, қанқызы-божья коровка, қоңыз-жук, құмрсқа-муравей, құрт-гусеница, ұлу-улитка, өрмекші-паук, қуыршақ-куколка, мұртшалар-усики;

Оқу іс- әрекетінің барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, логопедпен бірге жылулық шеңберіне тұрып, бір- біріне жақсы тілектерін айтады.

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

жүрейікші жараса.

Сәлем саған жер ана,

сәлем саған нұрлы күн.

Аман есен болайық,

бейбітшілік қалайық.

Армысыздар қонақтар!

Л: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Дұрыс, көктем мезгілі. Көктемде балалар, айнала құлпыра түседі, құстар ән салады, ағаштар гүлдейді, табиғат оянып, гүлдер өседі. Күн жылынып, адамдар жеңіл киімдет киеді.

ІІ. Негізгі бөлім.

Л: Оқу қызметімізді бастамас бұрын сөйлеу мүшелерімізді жаттықтырып алайық:.

Артикуляциялық жаттығу:

  • «Күлкі»

  • «Түтікше»

  • «Күлкі- түтікше»

  • «Сағат»

  • «Ат шауып келеді»

Дем алу, дем шығару жаттығулары:

  • «Гүл иіскеу»

  • «Шар үрлеу»

Мимикалық жаттығу:

  • Қасты көтеру, түсіру

  • Мұрынды тыржиту

  • Көзді алма кезек жұмып-ашу

Дауысты дыбыстарды әндетіп айту

(А,О,У,И,І)
Тосын сәт (музыка ырғағымен топқа қолында гүлі бар көбелек кіреді)

Көбелек: Салеметсіңдерме балалар!Менің кім екенімді білесіңдер ме?

Б: Иә , білеміз. Сен көбелексің.

К: Дұрыс айтасыңдар! Мен көктем келіп қуанып, далада ұшып жүр едім, алыстан сендердің дауыстарынды естіп, сендермен ойнайын деп келдім.Сендер менімен ойнайсыңдар ма?

Б: Иә, ойнаймыз.

К: Олай болса, менің қолымдағы гүлдің әр күлтесінде сендерге акелген сұрақтарым бар. Сендер жауап беруге дайынсыңдарма, мен де сендерге көмектесіп отырамын.

Б: иә, дайынбыз.

Л: Көбелек сіз отырып балалардың білімін көріңіз,біздің балалар барлығын біледі. Мүмкін сенің де білмейттіндерің бар шығар.Олай болса көбелектің күлтесіндегі бірінші тапсырманы орындап көреміз ба?

Б: Көрейік, көбелек сенде бізге арасында көмек беріп отыр.

1-тапсырма: Балалар, сендер жұмбақ білесіңдерме?

Б: Әрине, білеміз!

Жұмбақ шешу.

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай. (құмырсқа)

Смағұл


Инесі жоқ, жібі жоқ,

Шілтер тоқыр міні жоқ. (өрмекші)

Ақарыс

Ұшқанда өлең айтады,

Қонғанда жер қағады

Мұны да ойлап көрейік,

Шешуін кім табады? (Ара)

Асылжан

Л: Балалар, енді мен сендерге бір жұмбақ жасырайын

Гүл үстінде әдемі,

Төрт жапырақ биледі.

Жұлып алайын деп едім,

Ұстатпай ұшып кетті.

Ол не?

Б: Көбелек

Л: Жарайсыңдар, балалар! Осыларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Б: Жәндіктер деп атаймыз.

Л: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, қане барлығымыз бейне роликке назар аударамыз.

Жәніктер туралы бейне ролик көрсету

Л: Бүгін,біз осы жәндіктердің ішінде: маса,өрмекші,ара, қоңыз, қанқыз, құмырсқа, көбелек, шыбын туралы әңгімелейтін боламыз!

Л: Жәндіктердің суретін көрсету, жеке-жеке айтқызу.

Билингвальді сыңарын айтқызу: көбелек-бабочка, ара-пчела, шыбын-муха, қанқыз-божья коровка, қоңыз-жук, құмырсқа-муравей, өрмекші-паук.

Л: Әрбір жәндік туралы және пайдасы мен зиянын айтып түсіндіру. (балалар бірге қайталайды ).

Л: Қане, балалар, ойын ойнаймызба?

Б: Иә, апай!

Д/о:«Ұшты, ұшты» ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Балалар, қазір мен жәндіктерді атаймын, сендер ұшатын жәндік болса, орындарыңнан тұрып қанаттарыңды сермейсіңдер, ал ұшпайтын жәндік болса орнымызда отыра береміз. Ойынның шарты түсінікті мен?

Б: Түсінікті

Л: Ұшты, ұшты шыбын ұшты?

Б: Ұшады деп орындарынан тұрып қолдарымен ұшқан кейіп танытады. Ойын осылай жалғаса береді.

Сергіту сәті:

Жел соғады, соғады,

Құстар  жерге қонады.

Көбелектер тығылып,

Дір-дір етіп тоңады.

Жел кенеттен тынады,

Күн де бұлттан шығады.

Шегірткелер  секіріп,

Араларда ұшады.

2-тапсырма

Жәндіктер туралы тақпақ білесіңдер ме?

Менің атым құмырсқа

Шаршамаймын жұмыста,

Дән тасимын жаз бойы, Аяна

Демаламын мен қыста


Гүлден сорып, бал жинап.

Терлеп жанын қинады, Бекбол

Және өзіне жиғанын,

Адамдарға сыйлайды


О, құмырсқа, құмырсқа,

Шебер-ақсың жұмысқа. АСЫЛ

Астық жинап қуысқа,

Қол жаймайсың


Д/О: «Кім тапқыр?» «Құм терапиясы»

Ойынның шарты: Құмның ішіне жәндіктердің сұлбасын көміп, жасырып қоямыз. Балалар екі қолымен құмнан жәндікті тауып, атайды, ұшатынын, ұшпайтынын анықтап айтып береді.

К: - Жарайсыңдар балалар, сендер жәндіктер туралы көп біледі екенсіңдер.

К:Сендер өте өнерлі, ақылды екенсіңдер. Сол үшін мен сендерге сүйікті гүлдерімнің шырынын жинап әкелдім. Сендерге сыйлаймын.Менің кетуім керек. Мен өзімнің гүлдерімді сағындым. Сау болыңдар!

Қорытынды:

  • Балалар, біз бүгін қайда саяхат жасадық?

  • Жәндіктер туралы не білдіңдер?

  • Жәндіктердің қандай пайдасы бар?

  • Қандай қызықты жұмыс, тапсырмалар орындадыңдар?

  • Жәндіктерді басуға болады ма?

  • Қандай ойындар ойнадық?

Бағалау: Әр баланы жеке- жеке мадақтау

Алматы қаласы Білім басқармасының «№143 сөйлеу және тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Бекітемін:

143 балабақша меңгерушісі:

Тұрысбаева А.С._______




Логопедиялық топтық оқу қызметінің конспектісі


«Көгершін» ересектер тобы







Логопед: Берсугурова М.А
















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!