Мақсаты:
Балаларға мереке мен мереке иелерінің маңыздылығын түсіндіру. Наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір-қасиеті туралы туралы мағұлмат беру.
Балалардың ой-өрісін, танымын, анаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту. Бір-біріне деген сезімдерін ашық айтуға дағдыландыру.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.
8 наурызға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін әсем безендірілген залға балалар қолдарына шар ұстап кіреді.
Жүргізуші:
Ақ тілек ағытып бір тастайық ,
Аналардың мерекесін біз бастайық.
Көздерінен көрем шаттық арайын,
Өстін солай әрбір күнің ,әр айын.
Армысыздар ,құрметті қонақтар ,аналар,әжелер ,сүйкімді қыздар!Көктемнің алғашқы мерекесі -8 наурыз мерекесі құтты болсын!Сіздерге шаттық қуаныш тілей отырып , «Балдырған» тобының дайындаған «Асыл анашым» атты ертеңгілігін тамашалаңыздар.
Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті әже,аналар!
Ән: Балалардың орындауында «Көктем » әні
Жүргізуші :
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толы өмірі,
Шаттыққа шаттық ұлассын,-дегендей,балалардың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Бота :
Гүл –гүл жайнап бәріміз,
Кірді біздің сәніміз.
Аналарды тойымен,
Құттықтаймыз бәріміз!
Айым :
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды .
Мерхат :
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам!
Нұрай :
Мен анамды сүйемін,
Сөзін ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Мақсат :
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күнмен.
Құттықтаймын,анашым,
Сегізінші наурызбен!
Айзере Б:
Көзімді ашып өмірге,
Алып келген,анашым.
Ақ періште көңілге,
Жарық берген ,анашым.
Жүргізуші :Балалар біздің мерекемізге қонақ келе жатқан секілді ( осы сәтте көктем билеп кіреді).
Көктем :
Мен көктеммін,көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Жайнататын бар гүлді,
Сайрататын бұлбұлды.
Тілеп жылға оң қадам,
Ән арнайды ел маған,
Тіршіліктің бастауы
Көктем айы мен болам!
Жүргізуші :
Көгеріпті төбешік,
Өңіріпті шөп өсіп.
Бастап думан ,сауықты,
Құстар әнге салыпты.
Алақайлап ақ бұлақ,
Көктем келіп қалыпты.
Қош келдің,көктем!
Хор: «Бауырсақ »
Жүргізуші:
-Біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтары да бар қабыл алыңыз.
Әлихан :
Мейірімді сымбатты ,
Қадірменді қымбатты.
Ең жақсы жан балаға ,
Ол кім десең ,ол –ана!
Алинұр :
Ақ әжем әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Ислам :
Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам,ақ мамам
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да.
Жүре берші қасымда,
Әйбат мамам,ақ мамам.
Давид :
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсындай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Еркелеткен сөзіңмен.
Айбын :
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам.
Тәрбиелі анамды,
Үнемі айтып мақтанам.
Азимжан :
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын ,анашым
Құтты болсын ,мерекең .
Ән : Болатқан Азимжан «Анашым»
Жүргізуші :
Қысылып еш саспаңдар,
Қызықты ойын бастаңдар.
Аналардың тойында,
Бір көтеріп тастаңдар.
Ойын : «Кімнің анасы жылдам?»
Көктем :Кәнеки ,келіңдер ,балалар ,ортаға шығындар (ойынға үш ана ,үш қыз шығады,аналар бантик тағады,қыздар аналарының ерніне далап жағады).
Жүргізуші :
Шалықтатып мерекеде ән бастайық ,
Өнерпаз өлеңдерге тамсанайық.
Ортамыздан шығады қараңыздар,
Күміс көмей әнші қызды қарсы алайық.
Жеке ән : Болат Айзеренің орындауында «Апатайым » әні.
Би : Маша мен аю .
Жүргізуші :Көктем ,балалардың тақпақтары,әндері ,билері саған ұнады ма?
Көктем : Әрине,ұнады,өте өнерлі балалар екен,өркендерің өссін! (осы сәтте есікті қағып қасқыр келеді).
Қасқыр :Сәлеметсіңдер ме!Балалар,Қызыл телпекті көрмедіңдер ме?Мен сол Қызыл телпекті іздеп жүрмін ,ол көктем айында әжесіне келетін еді.Айтыңдаршы ,балалар , сендер неге жиналып қалғансыңдар?
Балалар сөзі :Бүгін 8 наурыз –аналар мен қыздардың мерекесі.Аналарымызды құттықтауға жиналдық.
Жүргізуші : Сәлеметсің бе ,қасқыр? Қайда жол тарттыңыз?Бүгін мереке ғой,қыдырып жүрген боларсыз?
Қасқыр :Е-е-е,Қызыл телпек көктем айында неге әжесіне келеді десем,әжесін мерекесімен құттықтауға келеді екен ғой,енді есіме түсті.Мен қазір Қызыл телпектің әжесін ұстап алайын,- деп әженің үйінің есігін қағады.Ешкім есік ашпайды.
-Әже мерекеде қыдырып кеткен болар.Қазір мен , ендеше,Қызыл телпекті ұстап алайын.Балалар,сендер «үйде қасқыр бар» деп айтпаңдар ,-деп әженің киімдерін киіп алып,үйге кіріп кетеді (осы сәтте қуанышты көңіл күймен Қызыл телпек келеді де гүл тереді).
Қызыл телпек:Сәлеметсіңдер ме, балалар?Мерекелерің құтты болсын!Сендер де әже, аналарды құттықтап жатқан боларсыңдар.Мен де әжемді құттықтауға келдім,- деп әжесінің үйінің есігін қағады.
Қасқыр :Бұл кім?
Қызыл телпек:Әже ,әже мен ғой,немереңіз Қызыл телпекпін ғой.Сізді мерекеңізбен құттықтауға келдім.Сіздің тамағыңыз ауырып қалған ба?
Қасқыр :Менің тамағыма суық тиіп қалды (есікті ашып әже киімін киген қасқыр шығады.Қызыл телпекті құшақтап,амандасады).
-Әже,әже,сіздің қолыңыз неге үлкен?
-Сені қатты құшақтау үшін,қызым.
-Әже ,әже,құлағыңыз неге сондай үлкен?
-Сені жақсы есту үшін ,қызым.
-Әже,әже,көзіңіз неге үлкен?
-Сені алыстан жақсы көру үшін,қызым.
-Әже,әже,тісіңіз неге сондай үлкен?
-Етті көп жеу үшін ,қызым,-деген қасқыр киімдерін шешіп тастайды.
Қызыл телпек :Сен қасқыр екенсің ғой! (қорқып жылайды) . Менің әжем қайда,әлде сен оны жеп қойдың ба?
Қасқыр :Жоқ ,жоқ,мен сенің әженді жегем жоқ, мен саған да тиіспеймін.Бүгін қыздардың мерекесі ғой , ренжітуге болмайды. Мен өз ойымнан бас тартып,одан да саған сыйлық сыйлаймын,-дейді.
Жүргізуші :Көрдіңдер ме ,балалар ,бұл мерекеде қасқырдың өзі қыздарды,аналарды сыйлап өзінің ойынан бас тартты,әрдайым осындай кешірімді,мейірімді болайық . Қасқыр , Қызыл телпек ,сендер кетпендер.Біздің балаларымыздың өнерін көріп,көңілдеріңді көтеріңдер.ойын ойнаңдар. Бүгін Көктем де бізде қонақта.
Қасқыр :Қызыл телпек ,ендеше,біз де балалармен бірге ойын ойнайық.
Жүргізуші ;
Аналардың жарысы ,
Дәл осылай басталсын.
Ойын ойнап бір сәтте,
Жастық шағын еске алсын.
Ойын : «Еркелетіп айт»
Жүргізуші :
Сөзімді дұрыстайтын –әже ,
Айғайлап ұрыспайтын –әже .
Қыдырса ,ерте келетін –әже,
«Алысқа кетпе,сағынам» дейтін –әже.
Келесі орындалар әніміз ақ жаулықты әжелерімізге арналады.
Хор : «Әже » әні (қыздар)
Арайлым :
Менің мамам –мұғалім,
Менің әжем –шын ғалым.
Одан жас та ,кәрі де,
Оқып шыққан бәрі де.
Бауыржан :
Бізді өсірген ,апатай ,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын,апатай,
Құтты болсын мерекең!
Айгерім :
Қандай бала болмайық ,
Анамызға дәріміз.
Көтерсінші көңілді,
Ән салайық бәріміз.
Ақжан :
Теңдесі жоқ данасың,
Арда тұтар панасын.
Еңбегінді ақтаймын,
Аман болшы ,апашым!
Айзере :
Апам мені «айым» дейді ,
Мен мұңайсам уайым жейді.
Апам мені «күнім» дейді ,
Мен қуансам күлімдейді.
Диана :
Нұрын төкен маған ,
Шуағымсын сен.
Айналайын анам,
Қуанышыңмен!
Ән ;Өмірәлінова Айымның «Құтықтаймые мама туған күнімен»
Жүргізуші :
Ал ,қыздарым,қалықта,
Қалықтаудан жалықпа.
Саусақтарың майысып,
Би биле мына халыққа .
Би: «Аса таяқ »
Жүргізуші :
Ана көзі күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңдар ,ақ ниетті аналар!
Малика :
«Алтыным» деп аңсаған,
Өзіңсің ғой жан анам.
Алаңдаумен жүремін,
Сені аңсап сағынам.
Диас :
Ана-біздің күніміз,
Ана –біздің гүліміз .
Анамыздан тарайды ,
Біздің ана тіліміз .
Ерсін :
Жердегі бар тағамнан ,
Ана сүті тәтті екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар мекен?!
Азиз :
Ана деген –ақылшың ,
Анаң барда батырсың.
Қасында кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
Дамира :
Жүре берсем ,қасыңда ,
Әйбат анам ,ай –анам.
«Ботам» деген дауысынан,
Мен мәз болып оянам.
Димаш :
Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан анам.
Көкке күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа .
Ясин :
Ән Айбын ,Азиз «Айды әперші ,апатай!»
Би : «Жұптасу биі» (вальс)
Жүргізуші :
Жүргізуші :
Той тойлап дала мен қалаларың ,
Мерекең құтты болсын ,аналарым !
Өздеріңе арналған сыйлықтарын,
Сыйлауға келе жатыр балаларын.
Аналарға арналған гүлалқаны қабыл алыңыздар (балалар аналарына гүлалқаны тапсырады).
Жүргізуші :
Құтты болсын осы шаттық күніңіз ,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!
Құрметті қонақтар ,балалар ,бүгінгі ертеңгімізді осымен аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға рақмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Асыл анашым»

шағым қалдыра аласыз