Асыл менің Анашым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асыл менің Анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Асыл менің Анашым тақырыбындағы ертеңгілік. Тәрбиешілерге қажет деп санаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Түркістан облысы

Қазығұрт ауданды

«Шолпан» бөбекжай –балабақшасы







Тақырыбы: «Асыл менің - Анашым»

ертеңгілігі

«Еркетай» кіші тобы

Тәрбиеші:Арыстанбекова.Ф

Музыка жетекшісі:Беркімбаев.А











2024-2025 ж

Тақырыбы:«Асыл менің Анашым» ертеңгілігі.
Мақсаты: көктем мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, аналарын, әжелерін, апайларын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Өтілетін күні:03.03.2025 ж

Кіші "Еркетай" тобы.
Тәрбиеші: Арыстанбекова. Ф

Құттықтау сөз

Қайырлы күн,қымбатты аналар,арулар,ұжымдастар!Сіздерді көктем мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.Аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбесін!Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі сіздер деп соқсын. «Еркетай» кіші тобының «Асыл менің Анашым» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың дегендей сөз кезегін ертеңгілігімізді ашу үшін әдіскеріміз Құлбекова Салтанат Абжаппарқызына береміз.

1.Ән

Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан

Сенсің ана жан күші

Сендей болса бар кісі

Сендей болса бар кісі

Шексіз перзент алғысы!



Тақпақтар!

Мағжан:

Ана деген ақылшың,

Ана барда батырсың.

Қасыңда кім болсада,

Тек анаңа жақынсың!

Айлуна:

Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Аналардан тарайды,

Біздің ана тіліміз!

Мансұр:

Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын апатай.

Адина:

Гүл ,гүл жайнап бәріміз,

Кіреді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен,

Құттықтаймыз бәріміз.

Қазына:

Айналайын ақ мамам,

Сені жақсы көремін.

Жүргізуші:Бүгін қызық ,бүгін той

Біздер үшін біліп қой.

Әдемілеп би билеп

Жалғаса берсін думан той!

2.Би. «Назли гулим»

Жүргізуші:

Ал, балалар ,халайық

Бәрің бері қараңдар.

Көктем келді далама,

Шаттана қарсы алайық!

Көктем

Сәлем,сәлем,балақайлар!

Құрметті аналар,әжелер

Қуаныңдар айқайлап

Құстар әнін ала келдім,

Жерге кілем жаба келдім

Жан бітіріп табиғатқа,

Гүлдерімді ала келдім!

Жүргізуші:Амансың ба, Ару көктем!Ұлан-байтақ жерімізге қош келдіңіз!Шуағыңды шаттандырып,нұрыңды мол төге бер!

Көктем:Ал ендеше балалар көктем мерекесі болып жатыр екен ойын ойнайық.

Ойын:Аналарға гүл сыйлаймыз!


Ойын:Аналарға көмектесеміз!

Жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.


Тақпақтар

Айша:Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек?

Аналардың жүрегі,

Мейірімді гой керемет!


Мақсат:Ой балалар,балалар

Ойнайықта ,күлейік.

Көше елді бәріміз

Мерекені тойлайық!


Медина:Ана – өмір шырағы,

Ана – өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.


Мұхамед Абдуллах:

Менің анам жақсы адам,

Мейірімді ол бізге.

Біз деп өмір сүреді,

Бізді жақсы көреді.


Бексұлтан:


Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әлемде,

Арнадым саған бәрінде.


Жүргізуші:Алақаны жылылықтан балқыған

Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.

Бұл сезімге ие болған барша жұрт,

Әрқашанда мол байлықта шалқыған.


Ән:Құттықтаймын ана мерекеңізбен!

Жүргізуші:Әркімнің өмірден аласы бар

Аласы бар адамның анасы бар

Мерекесін құттықтап аналардың

Өнерлерін жолдайтын апалардың

Тәп-тәтті сүйкімді баласы бар.

7.Би. «Флешмоб» заманауи жігіттер биі

Жүргізуші:

Қайырымды қасиетті

Ең ардақты ақ әжем.

Аман – есен жүріңізші

Бар тілегім сол әжем!

Сәфия:

Аппақ айдай ақ әжемді

Өте жақсы көремін.


Мәриям:

Әжем менің ақ әжем

Аппақ әжем ,Жан әжем!


Ясина:

Ең ардақты ақ әжем!

Әрбір сөзі өсиетті

Баға жетпес

Бал әжем.


Асылхан:

Әжем менің,ақ әжем

Аппақ әжем пәк әжем.

Басқалардай емессіз,

Сүйкімдісіз ақ әжем!


Бақнұр:

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз


Жүргізуші:

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын иық –иық басып,

Биімен көрерменді тәнті ететін

Еркетайлар келеді толқып,тасып


8.Би. «Жұппен»


Жүргізуші:Ал ендеше балалармен қоса белсене қатысып отырған аналарменде мереке қарсаңында ойын ойнайық!

Ойын. «Кім епшіл»


Жүргізуші:

Ана деген бастауы ұлылықтың,

Ана деген рәмізі сұлулықтың.

Ана деген бір жыр бар шырқалатын

Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Ұрпақтарыңызбен мың жасаңыздар!


9. " «Әкем -анам» музыка жетекшісі Беркімбаев Алтынбек


Құрметті қонақтар ,біздің «Асыл менің Анашым» атты мерекелік ертеңгілігімізге көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.02.2025
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі