400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Асыл құндылығымыз-Асық

Материал туралы қысқаша түсінік
Асық ойынының тигізер пайдасы, тәрбиесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогикалық идеяның аннотациясы.

"Алтын сақа " үйірмесі арқылы Ұлттық ойындарды,оның ішінде АСЫҚ пен ойналатын ойындарды жаңғырту,насихаттау және жаңа идеялар қолдану арқылы балаларға үйрету. Жасөспірім бойында рухани мәдениетті қалыптастырады,баланың ақыл-ойын дамытады,денсаулығын нығайтады,аса ұқыптылық пен нағыз ептілікті,мергендікті үйретеді,баланы алға ұмтылуға,намысқойлыққа,бірлікке,тәртіпке баулиды. Қоғамымыздың жастарын өз елінің тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін бағалай білетін азамат етіп қалыптастыру. Ұлттық сана сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық ойындарын «Асық ойынын» үйрете отырып, ойын арқылы әдет-ғұрыпынан деректер беру. Қазақстанның атақты спортшыларымен таныстыру, оларға еліктеу. Бойына адами жақсы қасиеттерді сіңіріп, өз халқын, Отанын сүйетін азамат тәрбиелеу. Оқушылардың денсаулығын шыңдап, салауатты өмір салтын дәріптеу. Ойнай білген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендікке, ептілікке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигізеді. Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз «Асық-үлкен халықтық тәрбие»- деп баға беріп, жоғары билікке хат та жазған екен.

Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Шетелден келген қымбат дәрі-дәрмекті сатып алғанша, балаға әр күні бір сағатты бөліп, асық ойнатса, баланың жүйке-жүйесі ауруынан айығатын болады. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Іске епті, жауапкершілігі мол жұмыскер шығады. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы,барлық бұлшық еттері қимылдайды.Онда йога мен биде қолданылатын позициялар қолданылады. Фитнес орталықтарына ақша төлеп барғанша, аулада тегін асық ойнаған пайдалырақ. Күнде компьютер алдында отырып, буыны былжырап, толудың аз-ақ алдында тұрған адамдарға бір мезгіл асық ойнатса, денелері құрыштай шынығар еді. Сондай-ақ баланы бәсекелестікке жетелеп, талаптылыққа тәрбиелейді. Қайткен күнде де «ағаларымдай шебер ойнап, ұтам бәрін»,-деп талпынады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.12.2023
170
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі