жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Асыл сөз" факультативтік бағдарламасы. 4-сынып оқушыларына арналған.
Павлодар облысы
«Шарбақты ауданы әкімдігінің Шарбақты ауданының Хмельницкий орта жалпы білім беру мектебі» ММ
« Асыл сөз»
4- сыныпқа арналған
таңдау пәні бағдарламасы
2020-2021 оқу жылы
Шарбақты ауданы әкімдігінің Шарбақты ауданының Хмельницкий орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Гүлбану Дюсеновна құрастырған «Асыл сөз» таңдау пәні бағдарламасына
ПІКІР
« Асыл сөз » таңдау пәні бағдарламасы 4- сынып оқушыларына аптасына 1 сағаттан 34 сағатқа арналып құрастырылған.
«Асыл сөз » бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының бойына қазақ халқының ұлттық дүниетанымын , ежелгі заманнан бүгінге жеткізіп берген д әстүрлі танымы мен білімін , сенімі мен көзқарасын , өлшемі мен түсінігін қалыптастырады.. Бағдарлама оқушылардың тілге деген қызушылығын арттыруда төмендегідей бөлімдерді қамтиды . Қазақ хандығы , қазақ батырлары , қару-жарақтар , төрт түлік , аңшылық , ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар.Оқушы осы берілген тақырыптарды аша отырып , өз елінің тарихын ата - -жұртын , Отанын , ұлттық болмысын , ата дәстүрді , халық өнерін меңгере отырып,осы құндылықтарды бойына сіңіреді . Оқушылар танымдық және комуникативтік іс-әрекетке , өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру арқылы тұлға ретінде қалыптасады. «Асыл сөз » бағдарламасы бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Түсінік хат
Жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылынан,ойшылдығы мен қиялшылдығынан,тапқырлығы мен шешенділінен,әсемдігі мен алғырлығынан,тәлім-тәрбиесі мен үлгі –өнегесінен нәр алары анық.
Мақсаты:
- Тарихын,тілін,мәдениетін білу ;
- Ұлттық салт- дәстүр,әдеп-ғұрып туралы түсінік беру:
- Туған халқына деген құрмет,мақтаныш сезімдерін ұялату ;
- Патриоттық сезімге ,Отанға деген сүйіспеншілікке баулу ;
- Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- Өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- Оқушылардың қабілеттерін аша отырып ойын,қиялын дамыту;
- Сөздік қорын молайту;
- Өз бетімен ізденугң,еңбектенуге дағдыландыру;
- Жазу мәдениетін жетілдіру;
- Өзіндік ой – пікірлерін дамыту;
Міндеттері:
-Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру;
-Әр баланың шығармашылыққа белсенділігін арттыру;
-Адамгершілік қасиетін арттыру;
-Ойы ұшқыр,өмірге икемді,
жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тірбиелеу;
Күтілетін нәтиже:
- Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
- Білімді,жан-жақты оқушы дайындау;
3
«Асыл сөз» бағдарламасының білім мазмұны
4 сынып
(аптасына 1сағаттан, барлығы 34 сағат)
І. Ұлағатты ұлттық ұғымдар (21 сағат)
Менің Отаным.Үш би.Қазақ хандығы.Қазақ батырлары.
ІІ. Қару-жарақтар ( 2 сағат)
«Ер қаруы – бес қару» Бес қаруға байланысты сөз тіркестері. Қорғаныс құралдары ( жарақтар).
ІІІ. Жырлар ( 3 сағат)
Бесік жыры.Тұсау кесу жыры. Батырлар жыры. Тұрмыс - салт жырлары
ІҮ. Төрт түлік .Аңшылық ( 4 сағат)
Төрт түліктің пайдасы. Жылқы –малдың патшасы. Ат әбзелдері.
Аңшылық - ата кәсіп
Ү. Ұлттық ойындар (4 сағат)
Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары . «Асық ойыны».
Осы курс бойынша оқушылардың меңгерілген
білім, білік, деңгейіне қойылатын талаптар
Ұлағатты сөздер бойынша:
Үш би
қазақтың батырларын білу;
Шешендік сөздер;
қазақтың ұлттық киімдерін,киімге қатысты тыйымдар мен ырымдарды білу.
Қару-жарақтар бойынша:
шабуыл, қорғаныс құралдарын, қару-жараққа байланысты ырымдар мен сенімдерді білу.
Төрт түлік .
төрт түліктің пайдасы;
Ұлттық ойындар:
Ұлттық ойындар. «Асық ойыны».;
тыйымдар мен ырымдар, мақал-мәтелдерді білу.
Ұлттық тағамдар:
. Қазақтың ұлттық тағамдарын білу;
Зерттеуге байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері
Ұлағатты ұлттық ұғымдар бойынша диспут, пікірталас жүргізу;
Ғылыми жоба,эссе жазу, шығармашылық сайыстар өткізу;
Дөңгелек үстел, сурет сайысы
Дерек көздер: АКТ ;Бейнефильмдер,таныстырылым фильм,суреттер.
Күтілетін нәтиже:
Халқымыздың салт-дәстүр,тарих,әдеби қазыналарының сырын ашып,оларды қажетінше оқып білуі.Сондай-ақ аңыз,шешен сөздерді,аңыз әңгімелерді оқыту арқылы тілін дамыту.Жаңа технологияларды пайдалана отырып ,оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру,олардың бір-бірімен пікір таластыру,ашық сөйлеу,өз ойларын жүйелеп,еркін айта бастауы,білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсер тигізу.
«Асыл сөз» бағдарламасының күнтізбелік жоспары
4 сынып
№ р/с |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
Сабақ формасы және әдіс-тәсілдері |
Меңгеретін білім,дағды |
1 |
І. Ұлағатты сөздер (21 сағат) Халық ауыз әдебиеті |
1 |
|
Практикалық сабақ |
Халық ауыз әдебиеті туралы білімдерін тереңдету |
2 |
«Менің Отаным - Қазақстан» |
1 |
|
Шығармашылық сабақ. Эссе жазу
|
Оқушылардың Отан туралы ұғым,Отанға деген ыстық сезімін танытып,туған жердің әркімге ыстықтығы,жақсылығы жайлы жан-жақты түсінік беру |
3 |
Қазақ хандығы |
1 |
|
Түсіндіру |
Хандар туралы мәлімет алу,тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдаландыру. |
4 |
Төле би, Қазыбек би Төле би |
2 |
|
Саралап оқыту сабағы |
Атақты тұлғалау туралы түсініктер дамиды,і ,шешендік сөздердің мағынасын түсінеді, көшбасшылыққа үйренеді |
5 |
Шешенді сөздерді жаттау |
2 |
|
Жарыс сабағы |
Оқушылардың тл байлығы,көрегендігі артады,шығармашылық қабілеттері дамиды. |
6 |
Бала бидің білгірлігі |
1 |
|
Аралас сабақ |
Бала би туралы мағлұмат беру,оқушылардың сөздік қоры,,тіл байлығы дамиды. |
7 |
Мәнерлеп оқуға төселдіру |
1 |
|
Саралап оқыту сабағы |
Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру |
8 |
.Аңыздар |
1 |
|
Топтық |
Топпен қарым-қатынас,бір шешімге келе алуға,өз ойын ортаға салуға,ой ұшқырлығы мен, шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу. |
9-10 |
Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Ағыбай батыр. |
2 |
|
Әңгімелеу сабағы |
Оқушыларға қазақ батырларының ерлігі туралы мәлімет беру.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, |
11-12 |
Бабалар өсиеті |
2 |
|
Саяхат сабағы |
Бабалардан қалған ұлағатты,ғибрат сөздерді балаларға ұғындыру,сол сөздерден өнеге алуға баулу |
13 |
Айтыстар |
1 |
|
Практикалық |
Айтыс туралы білімдерін тереңдету,оқушыларға айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып,шешен сөйлей білуге,ізеттілкке тәрбиелеу |
14-15 |
Мақал-мәтел жарысы |
2 |
|
Сайыс |
Атадан қалған асыл мұрамызды орынды пайдалана білуге,ұшқыр да ,ойлы сөйлеуге,шығармашылыққа баулу |
16 |
Ұйқас өлең құрастыру |
1 |
|
Ойын сабақ |
Шығармашылықпен жұмыстана отырып,ойды тиянақтап,өлең құратыруға,сөйлемді жүйелі құруға дағдыландыру |
17 |
Қазақтың ұлттық киімдері |
1 |
|
Саяхат сабақ |
Қазақ халқының ұлттық киімдеріне саяхат жасай отырып,баланың ұлттық киімге деген ой қиялын дамыту.Ұлттық қазақ киімдерін қастерлей білуге баулу. |
18 |
Жирен жаман әдеттен.Тыйым сөздер.. |
1 |
|
Топтық жұмыс |
Жаұсылыққа жақын болуды,жамандықтан аулақ жүруді үйренедіүТыйым сөздердің мағынасын түсінеді |
19 |
Қазақша жыл санау |
1 |
|
Саралап оқыту |
Қазақша жыл санаауды үйренеді,қазіргі уақытпен салыстырады. |
20 |
«Жүз бір жұмбақ,мың бір мақал» |
1 |
|
Жарыс сабақ |
Оқушыныңой-өрісі ,тіл байлықтары дамиды.Жұмбақтың шешуін табуға,мақалдың мағынасын түсінеді. |
21 |
Сурет сайысы Еркін тақырыпта |
1 |
|
Практикалық сабақ |
Әдемілікті сезіне білуге,ойлау,қиялдау ,елестету қабілеттерін дамыту. |
|
ІІ. Қару-жарақтар ( 2 сағат) |
|
|
|
|
1 |
«Ер қаруы – бес қару» |
1 |
|
Танымдық |
Оқушыларға батырлар қолданғанқ ару –жарақтары туралы түсініктерін тереңдету.Балалардың бойындағы патриоттық сезімдерін дамыту |
2 |
Қаракерей Қабанбай батырдың қанжары |
1 |
|
Танымдық |
Қару –жарақтармен таныстыра отыра,Отандық тарих туралы түсінік беру. |
|
ІІІ.Жырлар ( 3 сағат) |
|
|
|
|
1 |
Бесік жыры.Тұсау кесу жыры |
1 |
|
Зерттеу сабағы |
Халқымыздың ғасырдан –ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу. Бесік жыры,тұсау кесу жырының маңызын ұғындыру. |
2. 3 |
Алғыс.Тілек.Бата |
2 |
|
Шығармашылық Жұптық жұмыс
|
Алғыс айту,тілек ,бата сөздерін жаттау арқылы есте сақтау қабілеттері артады |
|
ІҮ. Төрт түлік. ( 4 сағат) |
|
|
|
|
1 |
Төрт түліктің пайдасы |
1 |
|
Зерттеушілік |
Төрт түлік малдың пайдасы,адам өмірінде маңызы,олардан алынатын өнімдер жөнінде түсінік алу |
2 |
Кім болам..Ой толғаныс |
1 |
|
Практикалық сабақ |
Мамандықтың туралы түсініктері кеңейеді,әр мамандықтың маңызын түсінеді. |
3 |
Ребустар құрастыр.Шешу |
1 |
|
Жарыс сабақ |
Әдеби шығармаларды түсінеді,ребус құрастыру арқылы ойлау дағдыларын қалыптастырады. |
4 |
Біз не үйрендік? Тест |
1 |
|
Бекіту |
Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, бекіту, бағалау. |
|
Ү. Ұлттық тағамдар, ойындар (4 сағат) |
|
|
|
|
1 |
Ұлттық ойындар «Асық ойыны». |
1 |
|
Шығармашылық сабақ Блум таксономиясы |
Ұлттық ойындарды таныстыру арқылы оқушыларды ептілікке,шапшаңдыққа,ұтқырлыққа тәрбиелеу |
2 |
Ұлттық тағамдар. |
|
|
Диспут |
Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын,қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу,тағамдардың жасалу жолдарына түсінік беру. |
3 |
Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары |
|
|
Топтық жұмыс |
Ұлттық мерекелерді біледі,мән-мағынасын түсінеді. |
4 |
Пікірлесе білейік |
1 |
|
Практикалық сабақ |
Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, бекіту, бағалау. |
Пайдаланған әдебиетттер тізімі
1.Сейіт Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» 2005 ж.
2.Жеті қазына» 2001 ж.
3.«Бастауыш мектеп» 2013 ж
4. М.Ш.Өмірбекова «Қазақ халқының дәстүрлі өнері» 2004 жыл.
5 «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамлығы» Аюбай Құралұлы 2001
Қосымша мәліметтер:
Қару-жарақ атаулары:
№ |
Түрлері |
Атауы |
1 |
Сауыттар |
Бадана Берен Жалаңқат Қаттама |
2 |
Ату қаруы |
Мылтық Садақ |
3 |
Кесу қаруы |
Алдаспан Қылыш Сапы Семсер |
4 |
Түйреу қаруы |
Найза Сүңгі |
5 |
Шабу қаруы |
Айбалта |
6 |
Соғу қаруы |
Шоқпар |
Ұлттық ойын түрлері:
№ |
Түрлері |
Атауы |
1 |
Аңға байланысты |
Ақсерек-көксерек Аңшылар Кірпіше қарғу Ордағы қасқыр |
2 |
Түрлі заттармен ойналатын ойындар |
Ағаш аяқ Ақсүйек Алтыбақан Арқан тарту Асық Орамал тастау Қыз қуу Сақина жасыру Жігіт қуу Тобық |
Ұлттық тағамдар:
№ |
Түрлері |
Атауы |
1 |
Сүт тағамдары |
Айран Қаймақ Құрт Қымық Сүзбе Шұбат Ірімшік
|
2 |
Ет тағамдары |
Әсіп Бас Бітеу Жая Қуырдақ Шұжық Жөргем Қимай Мипалау Үлпершек |
3 |
Сорпа тағамдары |
Жас сорпа Кәкірім Қалжа Нарын Тұрамыш |
3 |
Ұн тағамдары |
Бауырсақ Бөкпен Жайма Быламық |
4 |
Дән тағамдары |
Палау Талқан Жарма Тары көже Боза Бадырақ |
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Эссе
Егер мен мұғалім болсам...
Мұғалім болу дегеніміз менің ойымша, айтуға оңай бірақ қиын жұмыс. Мұғалім - өте қымбат адам.Неге десеңіз, әлемдегі танымал адамдардың бәрі осы мұғалімнен сабақ алып,сол алған білімнің нәтижесінде жүреді ғой. Сондықтан, мен мұғалім болсам деп армандаймын.
Егер мен мұғалім болсам алған білімімді оқушыларыма арнайтын боламын. Себебі,артымда мықты ,білімді шәкіртім болса,менің бұл өмірде мұғалім деген атқа лайық болғаным деп түсінемін.Балалрға осы заманға сай білім беру үшін мен өз алған білімімді,жұмыс істеп жүріп әр дайым шыңдай түсе ,жоғарлата отырамын.Әр баланың өзінің жақсы көретін сабақтарынан табыс шығару үшін қолымнан келгенше көмектесемін.
Жарыс,олимпиядаларға қатыстырып алдыңғы орынға ілігу үшін барынша тырысамын.Балаларға әр уақытта демеу көрсетіп,көңіл-күйлеріне көңіл бөлу керек деп те ойлаймын.Өйткені,оқушының жақсы оқуына көңіл-күйі тікелей байланысты ғой..Мен оқушыларымның барлығын тең көріп өз балаларымдай көретін боламын.
Осылай өз білген білімімді және жұмыс барысында алған тәжірибемді қолдана отырып,өз жұмысымды жоғары деңгейде істеймін дегенге сенімім зор.Болашақта білімді,мықты ұстаз болып , өз елімнің көркендеуіне өз үлесімді қосамын деген үміттемін.
Дихалова Малика
Эссе
Егер мен сиқыршы болсам...
Егер де мен сиқыршы болсам,ең алдымен ата-анамның және балалардың денсаулығы жақсы болуын тілер едім.Адамдардың ауырмағанын қалаймын.Содан соң елімізге тыныштық бейбітшілік орнатар едім.Ата-анасыз қалған жетім балалар,нашар тұратын және көп балалы отбасыға қол үшін беремін.Ауру балаларға ақша беріп көмектесуші едім.
Сиқыршының қолында таяқша болады ғой.Сол сиқырлы таяқшаның көмегімен әлемнің мен білмейтін құпия сырларын білуші едім.Бүкіл әлемге ашық аспан боп орнап,күн болып жарқырар ем.
Бірақ та бұл сиқырлы таяқшаға сеніп жалқау болып кетуің де мүмкін.Сондықтан оған көп сенуге болмайды.Өмірде көп нәрсені өзгерткің келсе,өзің талпынып еңбек ету керек.Әрине ,өмірде бәрі өз орнымен болады.Менімше,сиқыршы болсам деп балалардың көбі армандайды.Ең басты арманым,тілегім ата-анам қасымда болса екен деп тілеймін.Өйткені ата-анамыз қасымызда болса барлық бала бақытты деп ойлаймын.
Сиқыршы болу қиын,әрі мүмкін емес.Бірақ та мен сиқыршы болғым келеді...
Көгімізде желбіресін туымыз,
Елімізде бақ орнасын мәңгілік.
Қасымызда болсыншы ата-анамыз,
Сонда ғана бақытты бала боламыз!
Дженаев Ансар
Эссе
Егер мен Президент болсам...
Мен қазақ баласымын.Мен өзімнің ынтымағы жарасқан тәуелсіз Қазақстанда туып - өсіп ,келе жатқаныма өте қуаныштымын және мақтан етемін.
Президент болып,ел басқару өте қиын екенін білемін.Бірақ мен президент болсам,ең алдымен жұмысты өзімнен бастайтын едім..Ол үшін оқуымды жақсы оқып бітіру керек.Себебі,президент болу үшін ақылды,білімді болуым керек.Адам бойнан табылатын көптеген жақсы қасиеттерді бойыма сіңіру үшін және сарқылмас білім алу үшін бар күшімді саламын.Әуелі өзін түзетпеген адам қайтіп ел басқарады?
Егер мен Қазақстан Республикасының Президенті болсам алдыма мынандай мақсаттар қоюшы едім.Адал еңбек етуге,адамдар жақсы өмір сүру үшін жақсы жағдайлар жасауға және Отанымды қорғауға көп көңіл бөлу.
Ел басының ең басты арманы менің ойымша,ол өз елінің,өз халқының бақытты өмір сүруі.Сондықтан ,егер мен Президент болсам халықтың жағдайын жақсартуға барша мүмкіндік туғызушы едім.
Калымтаев Айдос
Ұлы Жеңіске 75 жыл
Эссе
Биыл 2020 жылы 9 мамырда Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткенімізге 75 жыл толады. 1941-1945 жыл аралығында, төрт жыл бойы шайқасып,қаншама адам ажалға ұшып,қаншама адам мерт болды.
Халқы үшін жандарын қиып,соғыстан аянбай,маңдай терлерін төгіп,ақыр - аяғында жеңіске жеттік.Қазақ елі қаншама қасірет- қайғыға ұшырады.Отан үшін отқа түсті. Соғыс кезінде қайғы-қасірет шекпеген бірде-бір отбасы қалмады.
Ұлы Отан соғысы кезінде 500 мыңдай Қазақстандық Кеңес Одағы батыр атағын алды. Қанша жылдар өтседе Ұлы Отан соғысы тарихта қалады. Жыл сайын 9 мамыр күні елімізде жеңіс күні деп тойланады. Тарихта аттары мәңгіге сақталып қалған Халық қаһарман қыздарымыз Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметова және батыр ағаларымыз қаншама.
Мен олардың ерліктеріне бас иемін.Ерлік көрсеткен біздің аға-апаларымызды ешқашан ұмытпаймыз.Ешкім,ешқашан ұмытылмайды.
Кенжебек Махпал
Ғылыми жоба.
Ұлттық тағамдарды
жаңғырту және насихаттау.
«Сүмесүт – балаларға арналған құнарлы тағам»
Орындаған: Рахмитулов Ырысжан.
Қосымша.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген