жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
«АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ, АБАЙДЫ ОҚЫ, ЕРІНБЕ!»
ЕСЕНБАЕВА ЗАХОТ БОЛАТОВНА
ОРАЛ ҚАЛАСЫ №14 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Сабақтың мақсаты: Абай мұрасын оқушыларға насихаттау, өлеңдерін, қарасөздерін ұрпаққа үлгі ету, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру .
Сабақтың үлгісі : оқырмандар конференциясы /сыныптан тыс шара /
Мұғалім: Құрметті ұстаздар! Құрметті жыр сүйер қауым! Бүгін ұлы Абай шығармашылығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым бас қосты.Биыл данышпа Абай атамыздың туғанына 175 жыл толып отыр. Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық. Олай болса Абай атамыздың шығармашылығын насихаттауға арналған оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер! Бүгінгі басқосуымызда біз өзіміз оқыған Абай атамыздың шығармаларын талдап, пікір алмасатын боламыз.
Оқушы : Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе:
1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!
1-жүргізуші : Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар – қатпар сырларын білгіңіз келсе:
1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!
2-жүргізуші: Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе:
1-2-жүргізуші бірге: Абайды оқыңыз!
Мұғалім: Ендеше бүгін Ұлы ақын, философ , композитор, қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы Абайдың шығармасыен сусындап келген оқырман ойын ортаға салатын сәт келген сияқты. Біздің ортамызда Абайдың өлеңдерін оқып, терең сезімде отырған оқушылар бар , сөзді сол балғындарымызға берейік.
3-Оқушы : «Ғылым таппай мақтанба!»
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көрсеңіз.
Жамандық көрсең нәфритлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса мейлі, сол айтты -
Ақылменен жеңсеңіз.
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл - мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақмақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі бұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме,
Сізге айтамын, қауіпім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Ашыларсың жылма-жыл,
Біреу үшін үйренсең,
Білгеніңнің бәрі -тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл,
Ғұламаһи Дауани
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл. / өлеңнен алған әсерімен бөліседі/
4- оқушы: Бүгінгі күні «бес асыл іс» керек пе? Қалай ойлайсың ?
Мұғалім: Осы қасиеттер өз бойыңда бар ма ?
Мұғалім: Неге осы өлеңді таңдадың ?
Мұғалім: Абайдың қарасөздері- баға жетпес байлық .Атамыздың қара сөздерін оқу арқылы көп нәрсені ойымызға түюге, үйренуге болады. Біздің сыныбымыздағы оқушылар қара сөздерін оқып келген екен. Оқушыларымызды ойларымен бөлісуге ортаға шақырайық .
5- оқушы. Мен Абайдың он жетінші қара сөзін оқып , өзіме көптеген жақсы ой түйдім. Адамның бойында мейірімділік, қайырымдылық , жүректі тыңдау сияқты қасиеттер болу керектігін түсіндім.
ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей,
ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас.
Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны
да рас. Жаратқан
тәңіріні де сен
танытасың, жаралған екі дүниенің жайын
да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың,
амал да, айла да - бәрі сенен шығады.
Жақсының, жаманның
екеуінің де
сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің
іздегенін тауып беріп жүрсің, соның
жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды
қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ
сонда билеуші, әмірші жүрек болса
жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек
сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық
айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек
түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа
ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден
қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.
1893
Мұғалім : балалар, осы ақыл деген не, қайрат деген не, жүрек деген не, олардың біздің өмірімізде маңызы бар ма? Олар қандай қызмет атқарады? Өз ойымызды айтайықшы , кәнеки? / оқушылардың ойларын тыңдау /
Мұғалім : Оқырман қауым, бір сәтке абайдың өмірінен шағын саханалық көріністі тамашалайық!
Тыныштық. Абай өлең жазып отыр.
Есіктен досы Ербол кірді.
Ербол. Абай досым, тағы өлең жазып отырмысың?!
Шаршадың ғой... Бір сәт демалсаңшы.
Абай. Ербол, тыңдашы (ыңылдап)
Көзімнің
қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді
іштегі,
Ғашықтың жарасы.
Ербол. Абай неткен әдемі ән! Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең! Тамаша! Абай, Сүйіндік ауылында екі күннен кейін алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді. Осы әнді жастарға сый етіп тартайық!
Абай (басын изеп): Жарайды.
Жастар жиналып «Айттым сәлем, қаламқас» әнін айтып отыр.
Абай, Ербол шетте отырады.
1-қыз. Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.
2-қыз. Қасындағы Ербол ғой.
3-қыз. Абай, Ербол, келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер!
Абай. Ойын- сауықтарың қызық болсын!
Ербол. Ән-күйлерің қанатты болсын!
Топ. Бірге болсын! Айтқаның келсін!
4-қыз. Ортамызға Абай келіп қалған екен. Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?!
Топ. Ал кім сөзге ұста, кәне, бастап жіберейік.
5-қыз. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»
Ербол. Сүйіндік ауылының жастары, тыңдаңыздар! Абай сендерге жаңа әнін сый қылып тартады. Қабыл алыңдар!
Ән шырқалады «Көзімнің қарасы».
Топ. Неткен тамаша ән. Терең, сырлы. Рахмет, Абай.
Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.
Аңшы жігіт (ентелеп келіп): Уа, Абай ақынның құрбы- құрдастары, амансыңдар ма!
Топ. Армысың, бейтаныс жіт!
Ербол. Ассаламаумағалейкум, жас жігіт!
Абай. Жолың болсын, жігітім!
Қыздар. Орта толсын!
Аңшы. Аң аулап жүріп, алыстан Абай әнінің сазды әуенін құлағым шалып, ат басын бұрдым. Ақын Абай қарсы болмас, осы ауылдың қыздарының әнін, өлеңін тыңдағалы келдім.
6- қыз. «Құлақтан кіріп бойды алар».
Аңшы жігіт. Бәрекелді, ризамын өлеңіңе Таңшолпан!
Топ. Ой, бәрекелді!
Абай. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Мұғалім: Бәрекелді, балалар! Өнерлерің үстесін! Міне, сіздер Абайдың бозбала шағынан бір көрінсті тамашаладыңыздар.Бүгінгі оқырмандар конференциясында біршама көрікті ой айтылып, көңілімізге игі істерді түйгендей болдық. Бүгін кішкентай оқырмандарымның осынша ой айтып, Абай шығармаларын өз беттерімен оқып , жаттап, талдап келгендеріне қуанып отырмыз. Алдағы уақытта Абай атамыздың шығармаларынан нәр алып, оның артына қалдырған мол мұрасынан сусындап жүре беріңдер. Оның өнегесі сіздерге адасқанда шығар жол болсын, қиналғанда ақыл қосар қостаушы болсын. Аспандағы Темірқазықтай үнемі жарқырап тұрар жұлдыздарың болсын деймін. Бүгінгі конференциямызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңімен аяқтағым кеп тұр.
Асыл
сөзді іздесең,
Абайды оқы,
ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап,
тоқы көңілге. Абайды оқитындардың
қатары көбейсін!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген