Асыл тастан жасалған зергерлік бұйымдар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Асыл тастан жасалған зергерлік бұйымдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Аралас: математика, мүсіндеу, тіл дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы












Ашық сабақ

(аралас:математика, мүсіндеу, тіл дамыту)

Тақырыбы: Асыл тастан жасалған зергерлік бұйымдар.



















Асыл тастан жасалған зергерлік бұйымдар.

Мақсаты: балалардың санау, апта күндерін атау, логикалық ойындарды ойнау, карточкамен жұмыс істей білуге үйрету. Әжеге көмектесе отырып, зергерлік бұйымдар туралы білімдерін кеңейту,ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Үлкенді сыйлауға оған қолғанат бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:карточка, әже, сандар, геометриялық пішіндер.

Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақтар, логикалық ойын сұрақтар.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түссін даламыз

Қайырлы таң қонақтар

Қайырлы таң достарым.

Өздеріңде байқадыңдар бізге көп қонақтар келіп отыр, ендеше қонақтарға, басқада достарымызға жақсы тілек білдіріп, күнімізді бастайық:

  1. Аспан ашық болсын.

  2. Отбасыларыңызға амандық тілеймін.

  3. Ата анамыз аман болсын.

  4. Еліміз көркейе берсін.

  5. Балабақшамызға бала толсын.

  6. Біз сіздерге сәттілік тілейміз.

  7. Бақшамыз гүлдене берсін.

  8. Елбасымыз аман болсын.

  9. Сәбилердің күлкісі шексіз болсын.

10)Деніміз сау болсын.

11)Береке бірлік болсын.

12)Бәріміз дос болайық.

(Балалар орындарына отырған кезде, топқа әже келеді.)

-Амансыңдар ма? Балалр, қонақтар. Мен сендерден көмек сұрап келіп тұрмын. Меніңде сендер сияқты ерке немерелерім бар еді, сол балам қонаққа баруға дайындап қойған қоржынымның заттарын шашып, жоғалтып тастапты.

Тәрбиші: Балалар, әжелер қонаққа барған кезде, міндетті түрде қоржын жасайды. Ішіне мата,шашуын салса, сыртын зергерлік бұйымдармен әшекелейді. Сол әшекейлеп қойған қоржынның зергерлік бұйымыдарын немересі ойнап, барлығын шашып жоғалтыпты.

Әже:Балалар,сендер маған көмектесесіңдер ме? Мен екі күннен кейін қонаққа баруым керек.

Тәрбиеші: әжеге көмектесейік, ол үшін екі ойын орталығына бөлінейік.

(қоңырау соғылып, математика орталығына отыру)

1-тапсырма:

  • Балалар қай күні қонаққа барам деп еді? Бүгін аптаның қай күні? Әже екі күннен кейін қонаққа барса ол қай күн болады?

«Адасқан сандар» ойыны. (дөңгелектен құралған сырғаның ішінде магнитті сандар орналасқан).

Ойынның ережесі: Сандарды рет-ретімен орналастыру. (Қалтаға әженің алтын сырғасын тағады).

2-ші тапсырма:

Геометриялық пішінге ұқсас болып орналасқан.

«Кім шапшаң» ойыны:

  • Төртбұрышта неше бұрыш бар?

  • Ұшбұрышта неше бұрыш бар?

  • Дөңгелекте бұрыш болама?

  • Ромб қай геометриялық пішінге ұқсайды, неге?

Бұл геометриялық пішіндер қай зергерлік бұйымға ұқсайды? (шашбау). (Шашбау дорбаға салады).

3-ші тапсырма: Карточкамен жұмыс.

«Моншақтар» ойыны(карточкамен жұмыс): геом.пішіндерден жасалынған моншақтарды тізіп беру.

  • Бұл қандай зергерлік бұйымдарға ұқсайды?(алқа). Ендеше

алқаны дорбаға салып берейік.(Алқаны дорбаға салады).

4-ші тапсырма: математикалық жұмбақтар шешу:


Жанарда бар екі сақина,

Шынарда бар екі сақина.

Екеуінде болады қанша сақина? (төрт) 2+2=4


Әжеде бар еді бес моншақ,

Айгүлге берді екі моншақтарды

Әжеде қалды неше моншақ? (үш) 5-2=4


Апамда бар екі білезік

Әжем қосты тағы да үш білезік.

Апамда болды қанша білезік? (бес) 2+3=5


Логикалық сұрақ:

*Апам дүкеннен төртбұрышты доп әкелді. Оны кімге береді? (төртбұрышты доп болмайды)

*Төрт май шам жанып тұрған, екеуі сөніп қалды. Нешеуі қалды?(Екі шам қалды).

*Бес есек есеп шығаруға жиналған, үшеуі ұйықтап қалған. Неше есек есеп шығарды?

Сергіту сәті:

Қане,қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Алақанды ұрайық

Отырып біртұрып

Он жаққа бір бұрылып

Сол жаққа бір бұрылып

Шеңбер жасайық қолменен.


5-тапсырма:Уақытты барлауға баййланысты кім жұмбақтар біледі?

Рахат:

Ұйқымыздан оянамыз

Бетімізді жуамыз

Анамызға ереміз

Балабақшамызға келеміз (таңертең)

Нұралы:

Серуенде жүреміз

Анамызды күтеміз

Апай «сау болыңыз» деп

Үйімізге кетеміз (кеш)

Дархан:

Үйлерде шам жанады

Маңай тастай қараңғы.

Ертегіні тыңдап алып,

Тәтті ұйқға батамыз. (түн)


Жақсы енді біз сендермен ойын ойнайық, ойынның аты «Артық затты тап».

Ойын «Артық затты тап».

  1. Сырға, сақина, алқа, алма.

  2. Құлын, бұзау, лақ, жүзік.

  3. Кесе, қасық, табақ, шашбау.

Осы суреттерде қандай бұйымдар аталды? (сырға, жүзік, шашбау). Біз қандай зергерлік бұйымды қоржынға салған жоқпыз? (жүзік). Ендеше жүзікті қоржынға салайық. (Қоржынға жүзік салады).

Балалр біз әженің қоржынына қандай зергерлік бұйымдарды тағып бердік? (жүзік, алқа, шашбау, сырға).

(Қоңырау соғылып, қол өнер орталығына отыру)

Мақсаты:Ермексаз,маржан тастармен жұмыс істеу қабілеттерін, саусақ ұштарының ұсақ маторикасын дамыту. Ысып, есу мүсіндеу тәсілдерін қол еңбегінде қолдана білуге әрі қарай үйрету. Ұлттық қол өерін құрметтеуге баулу.

Көрнекіліктер:Ермексаз, маржантастар (бисер), моншақ тізетін жіп, тіс шұқығыш таяқшалар.

Сабақтың барысы:

Сендер білесіңдер ме, зергерлік бұйымдарды кімдер жасайды?

Зергер.

Ендеше әжеге көмектесу үшін бүгін біз де кішкентай зергерлер болайық.

Ең алдымен мен сендерге жұмбақ жасырайын, оның шешімі біздің жасайтын бұйымымыз болсын.

Жұмбақ:

Мойынды жалтырататын бір асыл,

Қыздарға көрік береді. (моншақ)

Жауабын дұрыс таптыңдар. Сендердің алдарыңда әр түрлі маржан тастар, ермексаздар, жіптер бар. (Тәрбиеші көрсетіп, түсіндіреді). Ермексазды домалатып, оны маржандарға аунатып, ортасынан тіс шұқығыш таяқшамен тесіп, жіп өткізетін көз жасап, жіпке тіземіз.

(Тәрбиешінің көмегімен жұмысты орындайды).

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз.

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз.

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз





Тамерлан:

Атамнан басталар

Әжеммен қосталар

Отбасым мыналар

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар

Бір туған ағам бар

Бір туған апам бар

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін еремін.










Әмина:

Әжемді ерекше силаймын

Әттеген ай дегізбей

Кәрілікке қимаймын

Ақылы оның теңіздей















Ақнәзік:

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді

Әжем мені, өйткені

Өте жақсы көреді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
851
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі