жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Асық арқылы мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту
Дүйсенбаева Жанаргүл Амановна
Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
Қарабұтақ ауылы
«Балбұлақ» МДҰ-ның тәрбиешісі
Асық арқылы мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту
«Асық – үлкен халықтық тәрбие»
Бауыржан Момышұлы
Мектепке дейінгі ұйымда балаларды дамыту, білім беру, тәрбиелеу мақсатында қолданылып келген педагогикалық технологиялар жеткілікті. Дүние жүзінде және елімізде қолданыста болып, балабақшадағы педагогикалық процеске ұлттық ойындарды кірістіру үрдіске айналып келеді.
Біз асылы бар, жасығы бар,салтқа бай халықпыз.
Асық –ойыны сол бай салтымыздың бір дәстүрі.Кезінде қазақ шаруашылықпен жаппай шұғылданған тұсында,асық –әр үйдің, әр ауыл балаларының, жастарының да бас қосуының негізі болған.
Ертеде қазақ халқы асықты бала кезінде қолына алып,жас кезінен бастап ойнай бастайды.Тіпті сәби дүниеге келмей жатып,жас нәрестеге арнап асық жинайтындар да болған. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті. Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор.
Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны – өзінің түрлеріне қарай баланың күш-жігерін арттырып,мергендігін,шапшаңдығын,ептілігі мен қырағылығын жетілдіреді.Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді.Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады.Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып,аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады.
Қазағымның кең пейіліндей сары арқа даласында көсіле жазықта ойнағанға не жетсін. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып ойнасаң да, құрдас пен құрдас бір-біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен кіші бір-біріңді сынай ойнасаң да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтыласың, асыққа бай боласың.Таза бәсеке, таза тәрбие.Өтірігі,арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Міне, асық ойнының кереметі деп осыны айт. Асық ойыны -қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.Халқымыз асықты қастерлеген.
Асықты бар ынта жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамыған.Асықпен ойнаған баланың зейіні тұрақталады, логикалық ойлау қабілеті дамиды, бала еңкейеді, тұрады,үздіксіз қозғалыста болады.
Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады.
Асықты ойыннан бөлек балаларды жан-жақты дамыту мақсатында оқу қызметімде де,күннің екінші жартысындағы сауықтыру -шынықтыру шаралары кезінде де пайдаланамын.Ұйқыдан тұрғаннан кейін асық жапсырылған қолғаптармен арқаларына,асықты кілемше арқылы табандарына массаж жасатамын.Балалардың саусақ буындарына өте пайдалы, ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтармен жұмыс жасау арқылы саусақтары иілгіш болып жаттығады.Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын ұшқырлығын,зейінін жан-жақты дамытады.
Асық терапеясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік –логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға,шығармашылық ойлауға,сабырға,бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Сондықтан мазмұнды ойындар,жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамыз.
Асықтың түрлері мен атаулары
Алшы –асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.Ойын кезінде оған аса мән беріледі.Ол — бірінші дәрежелі асық.
Тәйке— асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап,тұрық түсуі.Ол — екінші дәрежелі асық.
Бүге ( Бүк ) -асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.
Шіге ( Шік ) — асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі.Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
Асық неліктен терапияға жатады? Сөздіктерде терапия – медицина ғылымында аурулардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін сала. Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. ―Арттерапия‖– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Педагогика ғылымындағы теориялар мен тәжірибелерді негізге ала отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде асық терапиясының баланың денсаулығына тигізетін пайдасын көрсету мақсаты көзделді.
Асық терапиясының мақсаты: асық терапиясында балалардың терапиясында балалардың қимыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі – бейнелік және сөздік – логикалық ойлауды сатылай қалыптастырып, шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелейді. Сондықтан да біз, тәрбиешілер, асық ойындарының жаңа мазмұнды ойындарын, жаттығуларын құрастырып, оларды оқыту және дамыту, ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдана аламыз.
Асықты пайдалана отырып санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз. Балаларды ұлттық ойындарды ойнау барысында шапшаңдылыққа, ептілікке, бір-бірін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізе алуға баулимыз. Асық ату ойыны арқылы көз жітілігін, мергендікті дамытып, ұстамдылық пен шыдамдылыққа тәрбиелейміз. Асықтан құрастырылған инновациялық тақтайшалар мен массажды қолғаптар арқылы бала денсаулығын шыңдаймыз.
Асық терапиясы Ф.Фребель, М.Монтессори технологияларын негізге ала отырылып жасалынды, ол балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, көп функционалдылығымен, көп нұсқалылығымен ерекшеленеді.
Кіші топ:Асықты жіпке тізу (Асық арқылы балалардың сенсорлық моторикасын дамытатын жаттығулар) Балалар боялып, тесілген асықтарды жіпке бір түстен соң,екінші түске тізбектеп тізеді. Бұл тізбекті тізу арқылы бала түстермен танысып, бір – бірінен ажырата алады.
Оюдың түсі бойынша әр ұяшыққа боялған асықтарды жинайды.
Қолмен жұмыс жасау барысында баланың ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасауда баланың саусақтары иілгіш болып, жұмыс жасауға жаттығады
Ортаңғы топ: Дамытушы тақтайшамен жұмыс.Тақтайшадағы үй жануарларының үстіне түсі бойынша асықтарды түрлі –түсті шеге арқылы орналастыру.Балалар үй жануарларын,олардың төлдерін атайды,түстермен танысады,санайды,кеңістікті бағдарлайды. Мұндай әдісті қолдану балалардың саусақ моторикасын дамытумен қатар, баланы берілген тапсырманы таза әрі ұқыпты орындауға баулиды.
Қағазда қанша тор, сонша асық Бұл әдіс асық және фетр қағазын қолдану арқылы жасалынады. Фетр қағазы торкөз дәптер беттері сияқты шаршыларға теңдей бөлінген. Балалар фетр қағазында қанша дөңгелек, шаршы немесе үшбұрыш тізілсе сонша асықты тізе білуі тиіс. Тапсырмаға мұқият мән бере отырып, ойланып орындайды. Тапсырма бойынша фетр қағазындағы әр шаршының ішіне асықты дұрыс орналастыра білуі шарт.
Ересек топ: Асықпен құмда сурет салу. Балалар құмның үстіне асықпен түрлі мазмұнды суреттер сала отырып, нені бейнелегендерін айтып береді. Ойнай отырып құмға асықпен сурет салу бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Баланың ұсақ моторикасымен қатар бейнелеуге деген қызығушылығы артады, қиялы дамиды және өзінің ойымен салынған бейнені өз сөзімен түсіндіру барысында сөздік қоры молаяды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Ересек топ:Мозаика Балалар жеке – жеке отырғызылады. Оларға асықтан жасалған белгілі бір бейнеленген пішін беріледі. Пішінді балалар дәл сондай қалыпта боялған асықтармен құрастырып шығулары тиіс. Бұл тапсырма балалардан ұқыптылық пен мұқияттылықты талап етеді.Тапсырманы орындау барысында балалар пішіннің көлемімен қатар, оның ішінде берілген түстерден жаңылмауы тиіс. Ересек топтары үшін тапсырма қызықты әрі өте пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеттері артады және бір – бірімен бәсекелесіп орындау барысында шапшаңдылыққа тәрбиеленеді. Тақтайшаны әсемдеу Балаларды үш-үштен топқа бөліп отырғызып, мозайка тақтайшасына әр түрлі түске боялған пішіндер, ал қасына түрлі түсті бояулардағы асықтар беріледі. Балалар осы берілген пішіндерге боялған асықтардың ішінен пішінді ашатындай түс таңдап, көлеміне сәйкес тізіп шығуы тиіс. Тапсырманы орындау барысында баланың эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілеті дамиды. Ересек топтағы балалар үшін бұл оңай тапсырма болмағанымен, балалар бұл тапсырманы қызыға орындайды.
Асық терапиясын таным білім беру саласы бойынша математика оқу қызметінде кеңістікті бағдарлау мақсатында қолдануға болады
Қорыта айтқанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында отансүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттігі айтылады. Сондықтан да біз қазақ ұлттық ойындарын жаңғыртып, асық-терапияны насихаттап жүрміз. Бұл балаларды ұйымшылдыққа, достыққа баулиды, оның үстіне ол өте қарапайым әрі қолжетімді»
Асық терапиясының мектепке дейінгі балалардың дене, психологиялық және әлеуметтік дамуында орны ерекше, сонымен қатар оның көп функционалдық рөл атқаратынына көзіміз жетіп отыр.Бұл тек асық терапиясының бастапқы нұсқасы ғана. Келешекте мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандартына, үлгілік бағдарламаға сай барлық білім салаларында асық терапиясын қолдану мүмкіндігіне жол ашып, оны түрлендірудің теориясы мен әдістемесін дайындау және тұжырымдамалық негіздеу мақсатын қойып отырмыз.
Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген