Материалдар / "Асық ату" ұлттық ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Асық ату" ұлттық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
ерекше білім беруде қажеттілігі бар МЖД балаларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2019
5660
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:«Асық ату» ұлттық ойыны

Мақсаты:

білімділік: ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.

дамытушылық: асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.

тәрбиелік: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Психологиялық тренинг.

Қазір сендер мына қобдишаны бір-бірленіңіздің қолдарыңа бересіңдер.Қобдишаның ішіндегі зат суреттеуіміз керек. Ішінде не бар екенін табамыз. Ойымыздың жинақтап болсақ шарамызды бастайық.

  1. Суретпен жұмыс

Ұлттық ойындарды атаулары қажет суреттен қарап. Теңге алу, Көкпар, Алтыбақан, Курес және Арқан тарту.

IІІ. Ой қозғау:

Мұғалім:

- Асық туралы не білеміз?

балалар:

- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны

- Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.

- Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған

Мұғалім:

Асық ойыны неше жастан бастап ойнадыңыздар?

балалар:

-Кішкентай кезімізден.

ІV. Кіріспе сөз:

Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді

Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. –

Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т. б, жатады

V.Асықтың түрлері:

Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:

Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан  (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.

Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Шүкейт – жас малдың асығы.

Қойлық – қойдың асығы.

Ешкімек – ешкінің асығы.

Құлжа – құлжаның асығы.

Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

Топай – сиырдың асығы.

Жабай – ірі асықты айтады.

Қолқар – арқардың асығы

Асықтың оңқай не солақай екенін ажырату

Асықтың құрылысы



VI. Асықтың тұрысының атаулары:

Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.

Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

VIІ.Асық ойын түрлері

Хан талапай

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушініңайналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Омпа

Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның көлемі өзара келісіледі) дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және оны төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимей, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын жалғаса береді.

Тас қала

Асық ойынының ендігі бір түрі —«Тас қала» деп аталады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7—8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады

Хан

Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі—«Хан» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынғақатынасушылар көнге қаншадан асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған (әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан» көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін.

Құмар

Асықпен ойнайтын ойынның тағы бір түрі — «Құмар». Бұл ойынды үлкен - кіші демей ойнай береді. Ойынға қатынасушылардың саны 5 — 6 адамнан аспауы керек. «Құмар»— үйде, аулада, тақыр, тегіс жерде отырып ойнайтын ойын. Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі - түсті бояуға боялады. Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын асық иіру арқылы шешеді.

Сергіту сәті: Ойын ережелерін түсіндіру.Дене тәрбиесінің мұғалімін ортамызға шақырып балдарға асық ойнату

Асыққа байланысты ырымдар:

А. Келінінің аяғы ауырлап босануға тақағанда, енесі не атасы ырымдап асық жинап жүреді. Атаның құдай ұл берсе деп тілегені. Оны жасырып оңаша келінге сездірмеуі мүмкін. Ондағы ойлары көз тимесін, келін аман - есен, босанса екен деп тілек тілеуінің бір тәсілі.

Ә. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін, ауырмасын - көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар, болсын дегені. Қыз баланың бесігіне - еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар көркі болсын дегені.

Асық ескерткіші

Алматыда асық ескерткіші 1999 жылы тұрғызылған екен.Авторы – Сәкен Нарынов. Ескерткіштің биіктігі – 2,5 метр, ұзындығы – 4 метр

Қазіргі таңдағы ұлттық спорт түрі асық ойыны.

Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерінің жаңа серпін алып, қайта жаңарып, қолға алынып күн сайын дамып келе жатқаны байқалады.
Асық ойыны Ұлттық спорт Федерациясының Президенті: Мұрат Әбенов басшылық жасап жур.2005жылдан бастап жыл сайын турнир өткізіліп келеді дәстүрлі түрде.

Қорытынды: Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады. ұлттық ойынымыздың бірі-асық ойынымен тереңірек танысып, ойнадыңыздар. Келешекте осы ойынды одан әрі дамытып, ұмыт қалдырмай, өздеріңнен кейінгілерге де жеткізесіздер деп сенемін. Асықтарыңыз алшысынан туссін -дегім келеді барлықтарыныздың.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!