400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық cабақ жоспары Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» хикаяты (8 - сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» хикаяты (8сынып). Өз іс- тәжірибеммен бөлісу , мүмкін әріптестеріме инновациялық технологиялардың тиімді тұстарын қолданар ,деген ойда .Бұл сабақ оқушы үшін құнды әрі пайдалы . Оларды шешу үшін оқушылырдың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақ барысында проблемалық іздендіру, сын тұрғысынан ойлау , шығармашылық іздендіру сияқты әдіс-тәсілдерді қолданады.Жақсы нәтижеге жетуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» хикаяты (8 - сынып)


Мақсаты

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

1. «Қонақтар» хикаятын оқып-талдау ырысында ұлттық сананы қалыптастыру

2. Топпен жұмыс істей білуге баулу,шығармашылық қабілеттерін шыңдау

3. Ата – анаға махаббат, сүйіспеншілікті дамыту, жат қылықтан жирендіру







Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: «ЖИГСО», «Пікірталас кестесі»,

«Аялдамамен оқу», «Ассоцация» әдістері және «Блум» жүйесі.

І Үй тапсырмасын тексеру

* «Блум жүйесі» * Білім Үй тапсырмасын тексеру

1) Д.Исабековтың «Әпке» драмасы.

* Талдау «Жақсылық жасау үшін өмір сүру керек» ой-толғауын талдау.

* Түсіну Мұғалімнің кіріспе сөзі.


ІІ СКТ

ТDrawObject9 DrawObject10 DrawObject11 DrawObject12 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 өлеген Әбдіков

1942 жыл

Торғ. обл. Жанг.ауд.

1965 ж.

«Жалын» журн.

«Қазақфильм» киностудиясы

«Қазақ әдебиеті» газеті

Франц Кафка ат.алтын модель

«Қонақтар» хикаяты

ІІІ «Аялдамамен оқу» стратегиясы

1-аялдама Баласын тағатсыздана күткен әке-шеше

2-аялдама Көп күткен қонақтар

3-аялдама Өз үйіне өзі қонақ болған Сапабек

4-аялдама Ақталмаған үміт

* Талдау 1. Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға келдік?

* Қолдану 1-топ

Шығарманың негізі түйіні – ұрпақ тәрбиесі. Қалада қызмет істейтін жалғыз ұлын сабырсыздана күткен қартайған әке-шешенің жан сезімі шынайы суреттелген. Мәтіннің соңына дейін әлдебір сиқырға сенетін сияқтысың,

үміттері ақталса екен деп тілейсің. Ал оны оқып біткен соң, көңілің құлазиды, бірге қайғырасың. Шығармада басты назар Ерғабыл шалға аударылған, ал оның кемпірі туралы көп суреттелмеген. Әкенің баладан күткен үміттің ақталмағаны қиын екен.









* Комментарий 2-топ

Бізге ерекше әсер еткен - өз үйіне өзі қонақ болған Сапабек бейнесі. Тіпті әйелі де, баласы да өзіңе сай көрінеді. Осындай әке тәрбиесін көрген бала қандай болмақ? Халқымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгісін Сапабек білмейтін көрінеді. Әйтпесе, баласын тастап кетпес пе еді. «Екі қарттың ортасында өскен бала дана болар» деген нақылға сай қитар көз ұл әкесіне қарағанда, мейірімдірек болар еді, кім білсін? 12 айда келетін еңбек демалысын қарттардың жанында өткізгені дұрыс еді, олардың қанша өмірі қалды дейсің? Бізге Ерғабыл шал ұнады. Күткен үміті ақталмай қалғанда, жылаған жоқ, ешкімге мұңын да шаққан жоқ. Өзінің күнделікті тіршілігіне араласып кетті, бірақ жүрегі қатып қалған сияқтанды. Ең өкініштісі – баласының өзін жерлеген туралы қиялының іске аспайтындығы.










* Жинақтау 3-топ


Ең бастысы, ата-ана, туған-туыс, ел –жұрт алдындағы парыз туралы түсінігі таяз Сапабектің біздің халықтың ұлы екендігінде. Өзіне ұқсаған әйелі, олар өсіріп жатқан бала туралы ойласаң, жүрегің қан жылайды. Өзі туып-өскен ауыл адамдарымен ортақ тіл табыса алмаған Сапабектен басқа не күтуге болады? Бұл – ащы шындық. Екінші жағынан, тәрбиесі де дұрыс болмаған сияқты. Мүмкін, жалғыз бала болған соң, көп еркелетті ме? Бірақ жазушы суреттеген Ерғабыл көзқарасы басқа сияқты. Қалай болғанда, ұлттық сана, ұлттық тәрбие бірінші орында тұру керек қой.












ІІ топ

3. Сапабектің өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмауы сөзсіз, сонда ол оқуды бекер бітірді ме?

ІІІ топ

4. Жылына бір рет келетін демалысын ел көріп, жер көріп өткізген дұрыс қой. Әрі баласының да есінде қалады.

І топ

5.Ауыл адамдарына Сапабек әңгімесінің қызықсыз болуының себебі – ғылым негіздерін түсіебеуінен.

ІІ топ

6. Бар кінәні Сапабекке аудару дұрыс емес, бұл жерде әке-шешенің де кінәсы бар, дұрыс тәрбие бермеген.


ІІ топ

3. Баласының кемпір-шалға суық болуына кінәлі – Сапабектің өзі, дұрыс тәрбие бермеген.

ІІІ топ

4. Сапабек ауылда туып, ауылда өскен, олай болса, ауыл адамдарына ортақ әңгімені неге айтпады?

І топ

5. Әке-шешенің қартайып, қажығандығын біле тұра, ауылға демалысқа келмеуі, шөбін шауып, көмек көрсетпеуі – одан үміт күтуге болмайтындығының дәлелі.

ІІ топ

6. Әке-шешенің үмітін алдап, баласын тастамай кеткені – қатыгездік.


- Сонымен, біз бүгін сөз еткен, жазушы Төлеген Әбдіков көтерген ұрпақ тәрбиесі, ұлттық

сана –сезім дегеніміз не? Парыз бен сананың қандай жақындығы бар? Осы төңірегіндегі ойларыңды қағазға түсіріңдер, қорғаңдар.


Ұлттық сана


DrawObject13

Парыз

DrawObject15 DrawObject14


Отан алдындағы парыз

Ата-ана алдындағы парыз


DrawObject17 DrawObject16

Борышты өтеу

Қызмет ету

Азаматтық парыз

Перзенттік парыз

Ұлттық салт-дәстүрді бойға сіңіру

Ата-анаға тағзым


DrawObject19 DrawObject18

DrawObject22 DrawObject21 DrawObject20

DrawObject23

Елге пайда келтіру

Өзіндік із қалдыру

Мұрагер тәрбиелеу

Бар мүмкіндікті пайдалану

Қамқорлық жасау

Туған-туысқа құрмет


DrawObject27 DrawObject26 DrawObject24 DrawObject25


DrawObject29 DrawObject28


Басқаларға үлгі бола білу

Басқаларға үлгі бола білу


Өтелген парыз

DrawObject30 DrawObject31



- Міне, балалар, өздерің байқағандай, ата-ана алдындағы парыздарын өтегенде ғана, ұрпақ тәрбиесі өз биігінен көріне алады екен. Олай болса, парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын! «Өз үйіне өзі қонақ» болған жандардан сақтаныңдар.

Үйге тапсырма: «Мен қазақ болғанымды мақтан етемін» тақырыбына ой-толғау жазу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
568
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі