Материалдар / Ашық дәстүрден тыс сабақ балабақша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық дәстүрден тыс сабақ балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешлеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2021
797
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Нұрай» балабақшасы









Тақырыбы: «9 мамыр-Жеңіс күні»

7 «Айналайын» ересек тобы



Тәрбиеші: Сакенова А.Е











Кокшетау

Тақырыбы: «9 мамыр-Жеңіс күні»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отансүйгішке, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікттерін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерін таныстырып ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлау білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұлы отан соғысы туралы кітаптар мен, батырлары суртеттері.

Тәрбиеші: Срғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасында жан аямай шайқасты. Даңхты қарулы күшттердің және еңбек армиясында құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен. Ер етігімен су кешкен. Сурапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып Отанды қорғауға біздің батыр апаларымыз Ә.Молдағулова мен М.Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза таптты.Бауыржан Момышұлы екінші дүние жүзілік соғыстың  даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекті жазушысы.


Әңұран


Шаттық шеңбер:

Біз – көңілді баламыз,
Өнер қуған дарамыз.
Әнге салып әдемі
Би де билеп аламыз.


- Балалар Отан және туған жер туралы тақтаптар айтады.

Нурислам :Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.


Інжу:Бейбітшілік нұрына ,

Дүние жүзі сенеді.

Соғыс өртін өшіріп,

Бейбітшілік жеңеді.


Омирхан:Бәрі де майдан үшін,

Бәрі де жеңіс үшін.

Біздер үшін жан қиған,

Бас иеміз жандарға.

Аяулым:Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз,

Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.

Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған,

Ардагерлер ағаларға мың алғыс.


Альқасым:Отан-сенің ата-анаң

Отан-сенің бауырың

Отан-өлкең астанаң

Отан- аудан,ауылың.


Аянат:Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан

Елім менің тірегім

Құшағыңда гүл атам


Тәрбиеші: - Иә сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды. Бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді. Дүие жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымымен сезіне түстті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықтты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүктті.
Бірлік ерлік халықттар достығын нығайа түстті.

Арылып жаудан жерімді,
Табанға шаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді.
Десеңдер бұл қай кұн.
Тоғысыншы мамыр күн!
Ал балалар жеңіс туралы тақпақтты кім айтады?

Би: «Сарбаздар»

Жания:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды.


Альмухамед:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

Фатима:

Біз еліктеп өсетін,

Батырларың десе кім?

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамыз.

Әмір:

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік.




Тәрбиеші: Ұлы отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов. Ел алдындағы борыштарын өтеп,еліміздің амандығын жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктерін арқасында біз осы кұнге жеттік. Біздің өз қаламызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын. Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің баттырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай екңбек етіп, білімді, өз жеріміздің патриоттары болайық.

Сергіту сәті:

Көк жалау желбіре (екі қолмен екі жаққа сермеу )

Асқақтап аспанда, (екі қолмен жоғары созылу)

Жас ұлан,  ел бірге

Сап түзе, жасқанба. (бір орында сап түзеп жүру)

- Дидактикалық ойын:  «Өз еліңнің таңбасын тап »

Шарты: балаларды өз елінің таңбасын ажыраты білуге үйрету.

Мақал  мәтел:
«Отан
  оттан да ыстық»
«Отан
 үшін отқа түс, күймейсің!»

Тәрбиеші: Балалар біздің шекарамызды кім қорғайды?
Балалар: Солдаттар

Бексұлтан:
Шекарада салдат тұр,
Ел бақыттын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.

Ән: «Ұландар»
Тәрбиеші: Осымен Ұлы жеңіс жасасын аттық тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!