Ашық есік күнін өткізу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық есік күнін өткізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіптік бағдар бойынша ашық есік күнін өткізудің сценарийі.
Материалдың қысқаша нұсқасы





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Шымкент қаласы Білім басқармасының

«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК


БЕКІТЕМІН

колледж директоры

________________


«WorldSkills Shymkent - 2023» қалалық чемпионатына

орай ұйымдастырылатын ашық есік күнінің

сценарийі


Уақыты: 18-20.04.2023 ж

сағ: 12:00

Орны: АКТ залы


Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі туралы мәлімет LED экран арқылы көрсетіліп, баяу музыка ойнатылып тұрады.

(Жауапты Г.Әлібек)


Жүргізуші: Ұлттық киім үлгілері көз қараста жаңаша,

Өзгертуге болады оны әркім қалай қаласа.

Көрерменнің көрер көзін аударатын өзіне,

Теңдесі жоқ «Тастағы таңба» киім үлгісі бір тамаша!

«Тастағы таңба» коллекциясы

Авторы: Джумабаева Зульфия Ермековна


Фанфар

Жүргізуші: Армысыздар ата жолын ардақтап, тарихын құрметтеген, туған елін әнімен асқақтатып, күйімен күмбірлеткен, әсем сазды сәнімен баурап, дарынды ұрпағын алақанында тербеткен құрметті көрермен! Шымқаламыздың шырайын келтіріп, тігін шеберлігін меңгеріп, сән үлгісімен танылған, он саусағынан өнер тамып, жанымызға шуақты шаттық сыйлайтын «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» ашық есік күніне қош келдіңіздер!

Ендеше бүгінгі мерекелік «WorldSkills Shymkent - 2023» қалалық чемпионатына орай ұйымдастырылған іс-шарамызды ашып, игі тілегін жолдау рәсімі колледжіміздің директоры Тагаева Гулмира Жапбарқызын шақырамыз.


Қазақ биі «Қызғалдақ»


Жүргізуші:Құрметті көрермендер сіздерді 1 курс Шр-22-42 топ студенті Толебай Ажар Ғаниқызымен шеберлік сағатын тамашалауға шақырамыз.(Кеудеше)

Жүргізуші: Әлемнің үнін ести алмайды, алайда жүрегімен сезіп қабылдайтын ерекші білім алуды қажет ететін студенттеріміздің атынан, Вокалды топ «Нас миллионы»


Жүргізуші: Тал бойынан бар сұлулық тамып тұр,

Ұлттық киім үстіндегі жанып тұр.

Ақылна көркі сай қазақ қызын

Бүкіл әлем тамсанумен танып тұр.

«Saukele» коллекциясы

Авторы: Айнабекова Жанна Адилхановна


Жүргізуші:Білімдінің бұл өмірде жеңгені көп,

Білім қалар халқымның сенгені боп.

Білімді шәкірттердің тобын бүгін

Атадық «Үздіктердің шеруі»-деп.

Ортамызда колледжіміздің үздік студенттері.

Ән «Мың алғыс» орындайтын арнайы топ студенті Әшімхан Аружан


Жүргізуші: Мұндай ғажап дүниені бұрын ешкім көрмеді

Әр өрнегі таң қалдырып жан дүниені тербеді.

Шебер қолдар туындысы шыныменен ғажап-ақ,

Заңдылығы бар дүние, «Мұра» киім үлгісі деп аталады.

«Мұра» коллекциясы

Авторы: Асабаева Гүлназым Сембиевна


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, колледжімізде бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті білім алып жатыр, баршаңызды келе жатқан 1-мамыр Халықаралық «Ынтымақ, бірлік күнімен» шын жүректен құттықтап, Этнос өкілдері атынан мерекелік тартуымызды қабыл алыңыздар!

Би «Ахска жігіттері» жетекшісі: Ширинбеков Мустафа



Жүргізуші: Ешкімге ұқсамайтын ерекше сән,

Көргендер таң қалысып береді мән.

Жаңаша қиял ойдан туған дүние,

Ең мықты дизайнердің өзіне тән!

«YOUNG MODERN» (Яң модерн) коллекциясы

Авторы: Досанов Ерлан Қалымбекұлы


Финал


Жүргізуші: Сен неткен, Отан-Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан – қазақ елім!

Ән «Қазақ елі» орындайтын Зулпикаров Думан Олжабайұлы.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар ашық есік күніне арналған іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Келіп тамашалаған барлық қонақтарымызға алғыс білдіреміз! Келешегі кемел, болашағы жарқын, білімді де өнерлі жастарымыз жасасын!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2025
313
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі