Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық іс-шара "Бақытты әйел"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» ММ
8-Наурыз мерекесіне арналған «Бақытты әйел» концерттік бағдарламасы
Орындаған: Сандибекова А.С
2017-2018 жылы
“Бақытты әйел” концерттік бағдарламасы
Уақыты: 06.03.18
Өтілуі:Акт залы
Ашылуы: Фанфар
Жүргізуші: Урузбаева Назгүл және Орналы Майя
(Екі жүргізуші әуенмен ортаға шығады)
Назгүл: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар,аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.
Майя: Олай болатыны,нәзік жандарға
деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің
гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз
тіршілік пен кең дүниенің өзі тек қана сіздермен ажарлы. Бүгінгі
арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір адамның жүрегі өзің деп
соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де сіздерге арналады.
Назгүл: Аналарым, ұстаздарым ақ
маңдай,
Сүйсіндіріп, ағарып таң атқандай.
Бар табиғат құлпырып-ақ кетіпті,
Сұлулыққа басын иіп жатқандай.
Майя: Па, шіркін! Қандай өлең, арнадың,
Өлеңіңді өлеңіме жалғадым.
Мың ұстаздың алдындамыз қарашы,
Бар ма, айтшы, бүгін сенің арманың?
Назгүл: Иә, арман демекші, армандау әрбір оқушының қасиеті. Болашақ түлектер, білімді ұрпақ. Ал сол білімді ұрпақты тәрбиелеуші кім?
Майя: Ұстаз! Ұстаздың қолына әкеліп, бізді тапсыратын кім?
Назгүл: Аналар! Анамыздан тығып сарқытын беретін кім?
Майя: Әжелер! Әжелерінің сүйікті әрі сұлу немерелері кім?
Назгүл: Қыздар! Барша әйелдер қауымы БІРГЕ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Біздің бүгінгі сіздерге арнап отырған «Бақытты әйел» атты мерекелік шоу бағдарламамызға қош келдіңіздер!
Майя: Ұстаз әрбір баланың жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, жанын аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын.Біздің екі анамыз бар. Бірі өз анамыз, енді бірі ұстаз анамыз. Біз демек бақытты баламыз. Олай болса, Назгүл, әлемге нұрын төге білген аяулы ұстаз аналарымызды қалай суреттер едік?
Назгүль: Нұргүл Жұмаділқызы жүріп өткен белестерді жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.
Майя: Ал Қарлығаш Боранбайқызы баланың сәл жетістігіне мәз болатын мейірімді ұстаз. Ал Күләш Алдабергенқызы – Нағыз Эйнштейн. Керемет жан сезімьал, өнегелі сөзі бал.
Назгүл: Динар Қонысбайқызы- үлкен мен кішіні қадір тұтатын, құрметтей білетін ұстаз. Эльмира Еркінбайқызы – талапшылдық пен турашылдықты бойына терең қалыптастырған жан
Майя: Күлзат Жадырақызы- әр шәкәртке адамгершілік рухта бағыт – бағдар беру жолында ерең еңбек етіп келе жатқан тәжірбиелі ұстаз. Зайра Арсенқызы – қамқорлық, сыйластық сезімдері жоғары жан.
Назгүл: Айжан Әзірханқызы шәкірттің рухани сәулеткері, зерделі ұстаз. Сауле Мырзашқызынан ғибрат алар әрбір сөзі, кескін – келбеті, бәрі біз үшін – үлгі – өнеге.
Майя: Ләйлә Қуанышпайқызы өзі әдемі қызға жұрт қарайтын, сыйластықты бағалай білетін жан. Гүлнұр Кабитанқызы талабы таудай мықты, мінезі тұйық, нәтижеге қол жеткізетін жан.
Назгүл: Айнаш Базарбайқызы қай істің болсын жанашыры, еркелетеді, алдайды, ешкімді ренжітіп алмайды.Нұрсулу Магзумқызы үйренем, білгім келеді деп алға қадам баса отырып, ізденіспен жұмыс істейтін ұстаз.
Майя: Жанагүл Қорғанқызы әр шәкіртін өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшыруды мақсат ететін жан. Зибагүл Зұлқарнайқызы ақ жүректі, жылы жүзді, балаға дауыс көтермейтін мейірбан ұстаз. Айнұр Қонысбайқызы табиғи дарын, ізгілікті ізденіс өн бойында ұштасқан шығармашыл, іскер ұстаз.
Назгүл: Бижан Қадіржанқызы нұрлы елестерге жетелейтін, қолында барын ешкімнен аямайтын, өз пәнінің майталманы. Гүлнар Асылбекқызы уақытпен санаспайтын, өз жанын аямайтын, өзгенің баласын аялайтын ұстаз.
Майя: Жансая Еркінқызы көңілі пәк, ойы нәзік, балаға жүрек нұрынан өз жемісінің өнімін көрсететін маман. Гүлжан Халелқызы сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыл жан Аягөз Жумабаевна жымиған күлкісімен, мөлдіреген көзімен, әсерлі үнімен жаныңа қуат сыйлайтын ұстаз.
Назгүл: Маржан Қайратқызы үні жұмсақ, жан дүниесі адал жан. Айгерім Маратқызы әр балаға жымиып қарайтын, өте тамаша биязы жан.
Майя: Алмагүл Бахытбекқызы мейірім мен шапағаттың нышаны бола білген жан. Гаухар Базарбайқызы өзі де, биі де сұлу, талабы мен жауапкершілігі мықты ұстаз.
Назгүл: Айнагүл Жанболатқызы шәкірттерін тас қияға өрлеткен, талай додаға түсіріп, таудың ұшар басындай биіктерден көрсете білген ұстаз. Қарлығаш Қабдешқызы арманның асқарына ұмтылатын, сөзі өткір қайсар ұстаз.
Майя: Мендігүл Жақияқызы баланың білімге деген құштарлығын оята білген ардақты ұстаз.
Назгүл: Злиха Ғиссақызы нәрлі бұлақтың қайнар көзі мектептің бойтұмары. Айсұлу Сейлханқызы әр ісіне байыппен қарайтын, ұқыптылықты жаны сүйетін, алтын қолды ұстаз
Майя: Айбарша Кабиденқызы салауатты өмір салтын насихаттап келе жатқан жас маман.
Назгүл: Балдырған Мұхтарқызы арманның асқарына ұмтылатын қайсар ұстаз.
Майя: Гульмира Көшербайқызы бала десе ішкен асын жерге қояр, мейірімді ұстаз. Гүлбике Тлеубергенқызы жақсылықты ұғындыру жолында, оң мен солды тануға үлес етіп келе жатқан жан.
Назгүл: Күлширан Сұңқарбекқызы сөзі биязы, баланы еркелете білетін жан. Мақпал Қалыбекқызы ес білмейтін кішкентай бүлдіршіндерді мәпелеп келе жатқан жан.
Майя: Жанерке Бауыржанқызы сұлулық пен ақылды бойында қатар ұштастырған, байыппен ғана қозғалатын ұстаз. Гүлжихан Төлегенқызы балаға көмек бере білер,кітап әлемінің білікті маманы. Алтын Серікқызы қалам ұшымен-ақ әлемді тамаша суреттей білетін талантты ұстаз.
Назгүл: Айгүл Аманболатқызы: жүзінен күлкі ұшқыны жалындап тұратын, бәрін өзіне дос санай білетін ұстаз. Гүлбазар апай мен Роза апай барлығының жанына дауа, тәніне шипа болып, ем беріп жүретін абзал жандар
Майя. Алмагүл апайдың жайқалған гүлдері мектепті ажарландыра түсетін, гүлді жаны сүйетін жан. Сымбат Елеусізқызы алғашқы қызметтік қадамыңызға сәттілік тілейміз.
Назгүл: Тәрбиеші Ағнұр, Бахытгүл, Айнұр, Ғарапа апайлар болашаққа байтақ бір жол нұсқап келе жатқан, анамыздай асыл тәрбиешілеріміз.
Майя: Ұлбосын апай бастаған топ бұл мектепке нұр беріп, тап – таза етіп, тазалық пен денсаулықты қорғап келеді.
Назгүл: Ендеше, бүгінгі, елдің арқа сүйер ардақты аналарымызға, қыздарымызға арналған мерекелік шоу бағдарламамызды ашық деп жариялай отырып, алғашқы құттықтау сөзді Әуешов Боранбай Жекіжанұлына берсек 10 минут
«Айналайын» биімен ортаға кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырамыз. Жетекшісі- Канапина Аружан 3минут
Жүргізуші: Әйел - өмірдің көркі. өмірге келген әрбір атақты тұлға болсын, тепсе темір үзер батыр болсын, ойы тереңдеген данышпан болсын барлығын да дүниеге әкелген ардақты да аяулы жан – ана. Ғалымдар бүгінгі күні зерттеу бойынша 5 топқа бөлген. Сол әйелдердің топтарын сіздерге таныстыра кетсем дейміз.
-
Отбасы жанды ана. Бұл топтағы әйелдер, барлығынан бұрын бірінші орынға отбасын қояды. Балаларының жанында жүріп, үй шаруасына үлгеріп қана қоймай жарының асын беріп, жұмысқа жіберетін бұл әйелдерге «Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолмен әлем тербетеді» деген сөз жарасады.
-
Екінші топ - әңгіме көңіл көтеруге келген кезде «жоқ» деп айтуды білмейтін заманауи әйелдер. Бұл топтағы әйелдер өздерінің қалағандарын алмайынша артқа шегінбейтін жандар. Мейрамханалар мен клубтардан шықпайтын мұндай қыздар өте көңілді болып келеді. Қабағы сәл түскен кезде, өзін дем алдыру үшін мұндай жандар достарының жанында жүреді. Мұндай әйелдерге « Қыз өссе елдің көркі» деген сөз жарасады.
-
Ғалымдардың пайымдауы бойынша, үшінші топ - әлемде ең дамыған жұмысбасты әйелдер тобы. Бұл топта жұмысыс десе ішкен асын жерге қояр, бірақ отбасында да барлық істі тындыруға үлгеріп жүретін жан – жақты әйелдер. Істеген ісіне жауапкершілікпен келетін мұндай жандарға «Іскер әйел қоғам көшбасшысы» деген сөз жарасады.
-
Төртінші топтағы әйелдер – косметология орталықтары жоқ жерлерге аллергиясы бар әйелдер. Мұндай жандар өз сұлулығына қатты қарайтын, қоқыс лақтыруға барғанда, бетіне маска жасамай шықпайтын әсеқой әйелдер. Бұл топтағы сұлу жандарға «
-
Бесінші топ – жан – жақты әйелдер тобы. Олар кез келген жерге үлгеріп, жұмыс басында беделді, отбасында сүйікті әрә сүйкімді, достарының арасында лидерлік қасиеті бар болып келеді. Мұндай жандарға «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал жараса қоймайды.
Ендеше, сіздердің орталарыңызға, бүкіл Меңдіқара өңірінен және қаладан, осы топтарға жататын қыздар тобын әрі ардақты аналарымызды шақырғымыз келіп отыр.
Қоңызбай Мағрипа Құдайбергенқызы – сүйкімді ана әрі сүйікті жар. Отбасы десе ішкен асын жерге қояр Мағрипа апай бүгінгі күні 4 бала тәрбиелеп отыр. Жарын жұмыстан күтіп алып, түскі асын беріп жұмысына жіберетін Мағрипа апай, балаларының біреуден кем болмауын тілеп жүретін ардақты әрі аяулы ана. «Отбасым аман болғанын тілеймін» дейді Мағрипа апай.
Офишал Анеля Эдуардовна – «өмірден керектінің барлығын бірден алу керек» деген ұстаныммен өмір сүретін Анеля, қымбат мейрамханалар мен керемет клубтарға өз инстаграм парақшасына критика жазып қалдырып, баға береді. «Қыз вообще жұмыс істемеу керек. Олар очень нәзік жандар» деді инстаграм парақшасында Анеля Эдуардовна.
Самсунг Мадина Мақсатовна – жұмысына адал қызметкерлердің санатында. «Принтер Холдинг» компаниясының директорының қызметін атқарып жүрген Мадина, біздің бүгінгі бағдарламамызға әрең дегенде уақыт тауып келді. Отбасында адал жар, сүйкті ана әрі сүйкімді келін бүгін біздің ортамызда.
Авон Элеанора Гламурқызы – сұлулықты жаны сүйетін, косметика дүкендерінің жанынан бос кетпейтін, кремдердің коллекциясын жинақтайтын Элеанора, отбасының қамын ойлап жүрсе де, құрбыларымен косметологтарға баруды апта сайын жоспарлайды. «Жарым красавчик болып жүрсе, қасында мен гадкий утенок болып жүремін ба?» дейді Элеанора бір сауалнамасында.
Қанат Айсабелла Болатовна - өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, берген істі екі етпей орындайтын Айсабелла, бүгінгі күні Жұмабаев мектебінде директордың орынбасарының қызметін атқаруда. 24 сағатын үнемдеп жұмсайтын Айсабелла, әр берген тапсырманы уақытында орындайды. Мектепте ғана емес, өз отбасында да үлгеріп, балаларының сабағын бақылайтын Айсабелла « Ұстаз – ана, екеуінің де міндеті бір» дейді. 7минут
Жүргізуші: Ал, біздің «Әйел бақыты» атты бағдарламамызға қош келдіңіздер. Бағдарламаның тақырыбына қарай, сіздерге ең алдымен «Сіздер бақыттысыздар ма?» деген сұрақ қойғым келіп отыр. Өздеріңізді неге бақытты сезінесіздер? 4минут
(Жауап береді)
Жүргізуші: Не деген керемет жауаптар. Назгүл бізге мана «ДосМұқасан» тобы келген еді ғой. Сахнаға шығарсақ қайтеді?
Назгүл: Осындай керемет бақытты аналарымызға ортада ««ДосМұқасан» » тобы. Бұл топ мектепшілік пародия сайысының бас жүлдесін ұтып алған. Жетекшісі Ражанова Айнұр Қонысбайқызы. 3 минут
Сіздер өздеріңіз біліп отырғандай, біз сіздерді бүгінгі бағдарламамызға жай шақырған жоқпыз. «Шешеге қарап қыз өсер» дегендей, біздің ұйымдастырушыларымыз сіздердің енелеріңізді осында шақырған болатын. Біздің бірінші тапсырмамызды сіздер енелеріңіздің көмегімен жүзеге асыруларыңыз керек. Ендеше ортаға сіздері туған қызындай жақсы көрген – екінші аналарыңызды шақырайық.
Қоңызбай Мағрипа Құдайбергенқызы сіздің енеңіз –«Келінім таңғы бесте т ұрып, үй шаруасын тындырып қояды»дейді, Зайырбаева Бибіжан апай біздің студиямызда. Бибіжан апай келініне қатты сөз айтпайтын, жайдарлы мінезді жарқын ана. келініңізге жақындаңыз.
Офишал Анеля Эдуардовна – «Келінім көп ұйықтайды, бірақ баламның шешіміне ризамын» дейді сіздің енеңіз – Махмутова Сауле апай. Сәуле апай – өз келінін туған қызынан артық көрмесе кем көрмейтін жан.
Самсунг Мадина Мақсатовна – өз келінін мақтан тұтатын – Тлебаева Күляш апайымыз осында отыр. Өзіңіз секілді жұмыс басты адам. Күляш апай өз келінінің қабағына қарайтын, туған ананың берген тәрбиесін әрі қарай жалғастыратын аяулы ана.
Авон Элеанора Гламурқызы – «Маған хайлайтерді үйреткен келінім жайлы жаман нәрсе айта алмаймын» дейді сіздің енеңіз – Ражанова Айнур апай алтын уақытын бөліп келіп отыр. Айнұр апай – келінінің бақытын тілейтін, қазақы салт – дәстүрлерді бойына сіңірген, өз отбасының ұйытқысы болатын ардақты жан
Қанат Айсабелла Болатовна – «Менің келінім алтын» дейді сіздің енеңіз Ерментаева Қарлығаш апайымыз. Қарлығаш апай – өз келінінің ойына сана құйып отыратын, қызының бақыты үшін қолындағы барын аямайтын керемет жан.
Жүргізуші: Ал, енді енелеріміз ортамызда тұрғанда сайысымызды бастай беруге болады. « Пысық келін» Сайысының шарттары бойынша, енелер өз келіндеріне ауызша көмек беру керек. Бір де бір ене келініне тиіспей, не істеулері керектігін айтып отырады. Қазір сіздер карточкалардың көмегімен өз тапсырмаларыңызды таңдап аласыздар. Бар жоғы тапсырманы орындауға 2 минут беріледі.
-
Сіз ұйқыдан кеш тұрдыңыз. Қызыңыз сабақтан қалғалы жатыр. 2 минут ішінде оның шашын өріп үлгеруіңіз керек. Енеңізге тапсырма: «Ана шаш, мына шаш деп қана көмек беру. Ескерту: баланың шашын өз қолыңызбен ұстауға рұқсат етілмейді. (Ақниет )
-
Сіздің күйеуіңіз өз жейдесін бір жерге тастап таба алмай жатыр. Сіздің міндетіңіз бүкіл залдан 5 минут ішінде жейдені тауып, күйеуіңізді киіндіру. (Жейде залдың ішіндегі адамдардың ортасында. Екі адамның ортасында 1 жейде. Бұл тапсырма сіздің пысықтығыңызды көрсетеді.) Енеңізге тапсырма: егер жейдені келініңізден бұрын көріп қойсаңыз, оған жұмбақ ретінде айту. Ескерту: Аружан мен Айнұрдың ортасында деп айтуға болмайды. (жейде тығу, Айдос жолдасы)
-
Сіздің балаңыз өз киімін жыртып алды. Оған 5 минуттан кейін үйден шығу керек. Сізге берілетін тапсырма балаңыздың киімін 2 минутта тігіп беру. Енеңізге тапсырма: Келінңіздің жұмысты ұқыпты істеуін қадағалау. Ескерту: Келініңіздің қолындағы затқа тимеу. (киім тігу)
-
Сіздің алдыңызда партада көптеген оқу құралдары тұр. Сіздің міндетіңіз сізге берілген тізімдегі заттарды 5 минут ішнде қызыңыздың сөмкесіне салу. Енеңізге тапсырма: Тізімдегі заттардың түсіне дейін дұрыс салынғанын қадағалау. Ескерту: Міне, міне жатыр деп айтуға тыйым салынады. Тізім: қызыл түсті қалам, қазақ тілі дәптері, сіздің қызыңыздың күнделігі ( балаңыздың атын білңіз), 4 сыныптың әдебиет кітабы, жай қарындаш, транспортир сызғыш.
-
Баланы бесікке бөлеу. Сіз баланы бесікке ұқыпты әрі дұрыс бөлеу керексіз. Енеңізге тапсырма: Өз келініңізге қолмен көмек көрсетпей, ауызша ғана көмек беру. Ескерту: Бесік пен балаға тиісуге рұқсат етілмейді.
Жүргізуші: Ендеше, сіздер тапсырмаларыңызды орындап жатқанда ортаға өз өнерін көрсетуге Жандосқызы Жансезімді шақырамыз. 5минут
Жүргізуші: енді істеген тапсырмаларыңыздың нәтижесіне назар аударайық. (тексеру)
Енді кезекті келесі тапсырмаға берейік. Сіздердің күйеулеріңіз жұмыстан сіздерге хабарласып, сүйікті тағамдарын жасағанын талап етіп отыр. Барлығының қалайтыны «Бесбармақ». Ендеше осы тапсырманы, енелеріңіздің көмегімен қамыр илеп жүзеге асырасыздар. Алдымыздағы оң жақта тұрған столда оқтау, ұн және қамыр тұр. Сіздерге берілген уақыт ішінде пішіні әрі қалыңдығы жағынан ең керемет жайым кімде шығатынын бірге байқаймыз. Енелер сіздерден талап ететініміз, өз келіндеріңіздің керемет нәтиже көрсетулеріне көмек беру. Дайын болсақ – бастайық. Олай болса жайған Қамырларыңызға баға берсек
Назгүл: Сіздер тапсырманы орындап жатқанда, ортаға Мұқағали Мақатаевтың жыр шумақтарын мәнерлеп оқу сайысының қос жеңімпаздары Жанерке мен Мөлдірді шақырсақ 5 минут
Жүргізуші: Енді келесі кезекті тағы бір тапсырмаға берсек. Сіздердің алдарыңызда қыздың жиналуына керек заттар тұр. Сіздер 2 минут ішінде, өз қыздарыңыздың сауық – кешке баруға керекті заттарды алуларыңыз керек. Сол заттардан кейін еш нәрсе алуға болмайды. Қолда бармен жұмыс жасайтын боласыздар. Таңдап алғаннан кейін, сіздерге берілген уақыт ішінде өз қыздарыңызды сәндеулеріңіз керек. Уақыт кетті.
Жүргізуші: Құрметті, енелер! Енді сіздерге бір-екі сұрақ қойсам, келіндеріңіз жайлы не дейсіздер, өз құлағымызбен естісек. (4 минут)
Сұрақтар қою, келіндері балаларын сәндейді.
Сіздерге енді демалыс бересек. Манадан бері келіндеріңізге жандарыңыз ашып, шыр-пыр болдыңызда. Енді демалуға рұқсат етеміз. Сахна төріндегі өз орындарыңызға жайғасыңыздар.
(сіздер қалай балаларыңызды сәндедіңіздер, соны көпшілікке көрсетсеңіз. (сөйлеп болғанша шашты бітір-көрсету)
Жүргізуші: Әйел – ошақ қасы ғана емес, бір сәт көңіл – көтеруге қақылы жандар. Ендеше, ендігі кезекте сіздердің өнерлеріңізді тамашалауға берсек. Қазір біз бір әуен береміз, сіздер өз көңілдеріңізді көтеріп, бізге, халыққа өнерлеріңізді паш етсеңіздер. Сіздер сахна сыртына барып, ақылдасып, дайындала тұрсаңыздар болады. Біз «Ерекше хаттар» айдарына кезек берсек. (стол алу)
Назгүл: Майя, сен білесің бе? Біздің бүгінгі аналарға арналған кешімізге хаттар келіп жатыр.
Майя: Хаттар? Қайдағы хаттар? Кімнің хаттары? Неге бізге келген?
Назгүл: Майя асықпашы. Қазір барлығын түсіндіремін. Біз негізі, мектебіміздің оқушыларына өз аналарың хат жазыңдар деген тапсырма берген болатынбыз. Бірақ, хаттарды тексеру барысында сыныптардың барлығы да аналарына емес, ұстаздарына жазған болатын.
Майя: Қызық – ай. Олар неге бұлай жасаған екен?
Назгүл: Мен бұл сұрақтың жауабын білетін сияқтымын. Біздің мектептің балалары өз ұстаздарын аналарымен бірдей көретін болғандықтан, хаттарын аналарына емес ұстаздарына арнаған секілді.
Майя: Онда, бәлкім, сол хаттарды осы отырған ұстаздарымызға оқып берерміз?
Назгүл: Әрине, оқып берейік. Барлық хаттар өзінше ерекше әрі терең ойлы. Алайда, Эльмира Еркінбайқызы осы хаттардың кейбірі мені терең ойға қалдырды. Көзімнен аққан қуаныштың жасыма ерік бере алмадым деген еді. Бәлкім сол хаттардың бір легін оқып шықсақ қалай қарайсың?
(хаттарды оқу, тарату) 7минут
Осы хаттардың құрметіне керемет вальсті тарту етсек. Жетекшісі Қанапина Аружан (қалған хаттар таратылу керек) 3минут
Назгүл: Біз бағдарламамызға келген аналарымыздың өнерін тамашалауға кезек берсек. Сіздер ақылдасып «Қазақтың қыздары » деген әнге би билемек екенсіздер. Олай болса сахна төрі өздеріңізде. Әнге би билейді 3 минут
Мая: Сіздерге көп рахмет. Осындай өнерлі аналарымыздың бары біз үшін мақтаныш. Бүгінгі көрсеткен тәрбиелі істеріңіз үшін алғыс айтамыз. Бізге осылай қонаққа келіп тұрыңыздар. Біз сіздермен әзірше қоштасамыз. Санаулы минуттардан кейін қайта сахна төрінен көреміз деген ойдамыз. (шығып кетіп, ұлдар боыл киінеді)
Майя: Назгүл, бәлкім сахна төріне барлық сынып жетекшілерді шақырармыз?
Назгүл: Мая, оның дұрыс емес. Сен сынып жетекшілерге де тапсырма бермексің бе?
Мая: Жоқ, Назгүл олай емес. Әуелі сынып жетекшілер шықсын, сосын көресің. Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Гүлмира және Күлширан апайлар да ортадан табылса. Және бәріміздің анамыз Нұргүл апайымызбен, қадірлі ұстазымыз Қарлығаш Боранбайқызын қол соғып, қошеметпен сынып жетекшілердің арасына шақырсақ. Сіздер Ақниеттің әнін тамашалап, керемет билеріңізбен сахна сәнін келтіре тұрсаңыздар, біздің пән мұғалімдерімізге, тәрбиешілерімізге, мектептің оқушыларының саздаған сыйлықтарын тарту етсек Ақниет әні- 3
Назгүл: Құрметті сынып жетекшілер. Сіздердің оқушыларыңыздан бізге «ұстаздарымызға ерекше сый жасағымыз келеді» деген ұсыныс түскен болатын. Оқушылардың бұл ойларын қолдап, Эльмира апай рұқсат етті. Ендеше, баланың өз қолымен жасалған сыйлықтан артық сый болмас. Сол бір тосын сыйларды қабыл алыңыздар.
Назгүл: Майя, осы сәтті пайдаланып, ана ролін сомдаған қаншалықты ынға соққанын біз құлағымызбен естіп білсек.
Мая: Ортада И.М.-------
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы риза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! Сіздерге берілген тапсырманы орындау қаншалықты қиынға соқты, аналарымыздың отбасы үшін күнделікті жасайтын іс-әрекеттер оңай ма? Жауап------ 2минут
Назгүл: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың осындай керемет мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Майя: Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше БІРГЕ: Қош сау болыңыздар.
Омарова Айнұр мен Қанапина Аружанның « жб » әнімен бүгінгі шоу бағдарламазды аяқтасақ. 3минут