400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық көрсетілім

Материал туралы қысқаша түсінік
қыс қызығы-бейнелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ашық сабақ

«Қыс қызығы»


Тәрбиеші: Базарбаева Э.М. Ботақан тобы 27.02.2023ж

Сабақ: Сурет салу

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты:

Білімділік: балаларды қыс мезгілінде болатын құбылыстарды суреттер арқылы айтып таныстыру, дәстүрден тыс сурет салу әдістері (губкамен, мақталы таяқшамен) арқылы шығармашылыққа баулу;

Дамытушылық: балалардың ұсақ моторикасын сурет салу құралдарын қолдану арқылы дамыту;

Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс жасауды, үнемі түстердің араласып кетпеуін, кезең-кезенімен жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу;

Әдіс - тәсілі: слайд көрсету, дауыс ұлғайтқыш құрал, ойын тапсырмалар;

Көрнекі-құралдар: қыс мезгіліндегі балалардың әрекетінен суреттер, үлестірмелі бейнелеу құралдары, губкалы,мақталы таяқшалар, сулы сүлгі қою;

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Балалармен сәлемдесіп, көңіл-күйлерін сұрау, сабаққа даярлығын тексеру

Ә) Шаттық шеңбері

Қыстың көркі әппақ қар,

Мәз боламыз ойнаймыз.

Қыс қызығын айтамыз, суретке оны саламыз,

Қонақтармен әдеппен сәлемдесіп аламыз!

2. Кіріспе әңгіме:

-Балалар қараңдаршы, бүгінгі күн ерекше тамаша! Қонақтарымыз бізді бақылауға келіпті, тағыда саламатсыздарма дейікші! Қазір бір керемет мезгіл ғой,есімізге түсірейікші,ол үшін тыңдайықшы мына дыбысты (бораннның дауысын қосады).


Аудио «Боран»

Тәрбиеші:-Ия, қыста болатын боранның дауысы, қандай керемет ия? Тек боранымен емес, көп қызығыменде бізге мәлім екен қыс мезгілі.

3. Негізгі бөлім:

Слайд қосылады,суреттерде:( балалардан әр суреттегі көріністен сұрап,жауап алады)

Сұрақ-жауап әдісі.


  1. Қар жауып тұрған көрініс.

  2. Балалар қар атысып, шаңғы теуіп жүрген көрініс.

  3. Әдемі терезедегі аяздың салған оюлары.

(тәрбиеші: тух, мына кереметті қарандаршы аязда сурет сала алады, бізде қалыс қалмайықшы дейді)



Тәрбиеші: сендер мына құралдарды жылдам,әрі шебер қолдану үшін қолдарынды сиқырлап алындар.Саусақ жаттығуы,су джок доптарымен.

Саусақ жаттығуы

Алақанға аламын, айналдырып қоямын.

Тікен-тікен доптарым,сиқырланды қолдарым.

Қане сурет салайық, қаламды қолға алайық.

Тәрбиеші:

-Қолымыз сиқырланды, қолымызға қылқаламды алайық, суретімізді бастайықшы.


Сурет салу құралдары:

1.Көк түсті картон

2.Ақ гуашь

3.Мақталы және губкалы таяша,қылқалам.


Қауіпсіздік ережелері

Тәрбиеші:

Балалар сендер бояумен жұмыс жасайсындар, саусақтарынды ауызға тигізуші болмандар, жеңдерінді түріп асықпай жұмыс жасауға тырысындар.



Тәрбиеші балаларға көк парақ бетіне қылқаламды қара түске бастырып, тал салады.(талды төмен жақтан бастап салуды үйрету)

Мақталы таяқшалармен тал үстіндегі қарды салады.

Ал қар ұлпасын-қар қиыршығын,губкалы таяқшалармен салады.

(өзі көрсетіп болып,балалармен салуды бастайды)

4.Тосын сәт:

Слайдтан телефонның шылдыры естіледі. Аққаланың аудиосы қосылады.

Аққала: балалар,тамаша! Сендер керемет сурет салып жатырсындар, қыстың бір қызығы әппақ ұлпа қар болатын, әдемі сурет болады. Мен сендерге ризамын.

Сендерге бір өтінішім бар орындайсындарма ? (балалардың жауабы:Ия!)

Менің ойын кітабім бар,сол жердегі барлық ойын араласып кетіпті,қайсысын жазда ,ал қайсысын қыста ойнау керегін білмей жүрмін.


5.Дидактикалық ойын «Қай кезде ойнайды?»

жапсырма құралмен ойналады-игры на липучках.

Шарты: екі қағазға жаздық немесе қыс ойының бөліп ажыратады.


Слайдтан аққала шығады: аудиомен рахмет айтады.

Тәрбиеші: -балалар шаршаған боларсындар, сергіп алайықшы.


6.Сергіту сәті-бейне нұсқаулықпен-видео инструкция. (1мин)


7. Сурет салуды жалғастыру.

Балалар қылқаламмен сурет салып болған соң, губкалы таяқпен , мақталы таяқшамен қар ұлпасын бастырп шығады. (ылғал сүлгімен қолдарын сүртеді, тәрбиеші өзінің үлгі суретінде көрсетуді ұмытпайды)

Тәрбиеші: суретіміз дайын болды, тамаша,керемет!

8. Қорытынды.

Тәрбиеші:

-Балалар бүгін біз жақсы сабақ өткіздік, енді есімізге түсірейікші.

Қыс мезгілінің макетімен жұмыс.


Балалар:

-Сурет көрдік, аққала қоңырау шалды, сурет салдық,қысқы және жазғы ойындарды атадық.

Тәрбиеші: сендердің суреттерін маған ұнады,жарайсындар! Аққаланың сендерге дайындаған сыйлығын берейін.

(баньбаньеркаға салып , сабақтың тақырыбы жазылған, тәтті сыйлау)




















5


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
05.03.2023
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі