Материалдар / Ашық көрсетілім: «Күзгі ормаңға саяхат» Ересек топ балалары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық көрсетілім: «Күзгі ормаңға саяхат» Ересек топ балалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды дене шынықтыру жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету. Дене қимылдарын сымбатты қалыптастырып, күш-куатын дамыту. Шапшандыққа, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2021
424
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасы

Ашық көрсетілім: «Күзгі ормаңға саяхат»

Дене шынықтыру нұсқаушысы : Цигеле Ольга Михайловна

Білім беру саласы: Денсаулық Бөлімі: Дене шынықтыру Тақырыбы: «Күзгі орманға саяхат» Мақсаты: Балаларды дене шынықтыру жаттығуларды дұрыс орындауға үйрету. Дене қимылдарын сымбатты қалыптастырып, күш-куатын дамыту. Шапшандыққа, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу. Билингвалды сыңары: жеміс- жидек – фрукты, көкініс – овощи Затттық дамыту ортасы: қапшық, мата, гимнастикалық орындық, доға, жасанды жеміс-жидектер және көкіністер.

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.


Дене шынықтыру нұсқаушысы:

  • Сәлеметсіңдер ме, менің гномиктерім.

Балалар:

  • Сәлеметсің бе, Алтын күз.

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

  • Сендер, қандай күштісіңдер, ерте тұрып қайда барып келдіңдер?

Балалар:

  • Біз жеміс-жидектер мен көкіністер жинап әкелдік.

  • Ал, енді біз жұмысқа барамыз.

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

  • Жарайсыңдар, олай болса, мен сендермен бірге барайын. Жолда біз денемізді шынықтырып, ойын ойнап барайық. Бірақ, сендер мені кішкене күте тұрыңдар. Міне, мен дайынмын.

І. Кіріспе бөлім:

(қолда қапшық)

Жүру; аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, қапшықты қолда қолға алмастырып жүру, артпен жүру, аяққа қапшық киіп, қос аяқпен алға секіру, жеңіл жүгіру, жүрумен алмастыру, шеңбер болып тұру.

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

  • Жарайсыңдар, гномиктер, жақында қыс келе жатыр,білесіңдер ме, мен сендерге қыста тоңбау үшін көрпелер жасадым.

  • Қараңдаршы қандай әдемі!

  • Осы көрпелермен, өз бойымызды жылытайық.

ІІ. Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жатттығулары (матамен):

  1. Б.қ. аяқ бірге қолда мата. 1-бас оңға бұру, 2-бас солға бұру.

  2. Б.қ. аяқ алшақ, бір қолмен мата ұстау. 1- оң қолын көтеріп кисаю, 2- сол қолын көтеріп кисаю.

  3. Б.қ. аяқ бірге, қолда мата. 1- қолды алға созып отыру, 2 – б.қ. оралу.

  4. Б.қ. еденге жату, матаның астынан қимыл жасау.

  5. Б.қ. тік тұру, мата ұстап, жоғары көтеріп, кезек-кезек астынан өту.

  6. Б.қ. тік тұру, екі қолмен мата ұстап, жеңіл секіру.

(Тыныс алу жаттығулары)

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

  • Жарайсыңдар, гномиктер, қарасам, сендерге менің жасаған көрпелерім қатты ұнаған сияқты, мен жинап алайын, сендер үйге барғанда жамылып жатасыңдар. Онда біз әрі қарай жүре берейік.

  • Ой, қараныңдар, мына жерде көптеген жеміс-жідектер мен көкіністер бар екен. Оларды жинап алайық. Мен оларды біздің үйге алып кетейін. Бірақ абай болыңдар, мұнда көптеген кедергілер кездеседі.

Негізгі кимыл қозғалыс:

  1. Гимнастикалық орындық үстінен жүру.

  2. Доғаның астынан өту.



  • Гномиктер сендер шаршаған жоқсындар ма?

  • Менімен ойын ойнайсыңдар ма?

  • Қимылды ойын: Кім жылдам?

Ойын шарты:

5 шығыршық қойылады, музыка ойнағанда балалар ойнап жүреді, ал музыка тоқтаған кезде, жылдам шығыршыққа кіреді. Шығыршыққа кіріп үлгермеген балалар ойыннан шығады.

ІІІ. Қорытынды:

Тыныс алу жаттығулары: (жапырақтарды ұшыру) Балалар:

- Мақұл біз жұмысқа барайық. Дене шынықтыру нұсқаушысы:

  • Жарайды.

Осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды, сау болыныздар.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!