400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Асық ойнау түрлері" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге ойынды кеңінен танытуға арналған мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шу темір жол колледжі» мекемесі










БАЯНДАМА




Тақырыбы: Білім алушыларға жалпы білім беру мен оларды кәсіби даярлау


















Орындаған: Ж. С. Берік








Білім алушыларға жалпы білім беру мен оларды кәсіби даярлау


Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.

Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.

Білім ордасындағы басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім - тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.

Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгібілім алушылар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады.

Білім беру саласын жетілдіру бойынша 2011 жылы білім саласын дамытудың заңнамалық әрі идеологиялық негізі қаланған болса, 2012 жылы білім және ғылым саласында көптеген жаңартулар болды. Бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. 40-тан астам түбегейлі жаңа базалық механизмдердің көпшілігі тәжірибеге енгізілді.

Орта білім берудің басты сатысы - жалпы білім беру деңгейі болып табылады. Бейіндік оқыту, 10-11-сыныптар. Оқудың ұзақтығы - 1 жыл. Алайды, қазіргі жаңа 12 жылдыө білім беру стандарты бойынша жалпы білім беру, яғни, 3- ші кезеңнің оқу ұзақтығы 2 жыл. Ол 10-12 сыныптарды қамтиды. Орта білім берудің жоғары сатысының функционалдық қызметінің басым бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім беруге дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін бейіндік оқытуды енгізу болып табылады. Орта білімнің бұл сатысын құрудағы принципті жаңа көзқарас оқытудың оқу мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру негізінде жүргізілуіне байланысты туып отыр. ІІІ сатыда білім алуға берілген нұсқаудан әлем, қоғам және адам туралы жүйелендірілген түсініктерді меңгеруге және оларды өз бетінше кеңейтіп, тереңдете білуге көшу қамтамасыз етілуі тиіс. ІІІ сатының оқушылары оқытудың нысандары мен тәсілдерін, жеке білім беру бағдарламаларын таңдауына болады, онда шығармашылық қызметке және оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға айрықша орын өлінген.

Жалпы орта білім беретін жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі:

1. Кәсіптік мектептің оныншы-он бірінші сыныбына қабылдау білім алушының жеке өтініші немесе ата-анасының (өзге де заңды өкілдің) өтініші негізінде оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының мүддесін, бейімі мен қабілетін және білім алушының тұратын аумағын ескерместен негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының бар екендігін ескере отырып жүзеге асырылады.

Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім беру деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.

Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім берудің қоғамдық-пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлауға бағытталған құрамдық бөлігі болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру студенттерді даярлаудың біліктілік деңгейі мен бағдарлама мазмұнына байланысты келесі оқу бағдарламаларына бөлінеді:

1) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жалпы мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды көздейтін және оқушыға деңгейді аяқтағанда нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктілік (разряд, класс, категория) беретін техникалық және кәсіптік білім беру;

2) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қиын (ұйқас) мамандықтарын, жоғарғы технология мен кәсіптік қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларындағы мамандықтар мен тәжірибелік жұмыстарды атқаруды көздейтін және оқушыға жоғарғы деңгейді ақтағанда нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктілік беретін техникалық және кәсіптік білім беру;

3) техникалық еңбектің жоғарғы білікті мамандарын даярлауға, оларды қайта даярлау мен біліктілігін көтеруге бағытталған техникалық және кәсіптік білім беру;

Орта білімнен кейін (арнайы медицинадан басқа) кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру мерзімі келесіні құрайды:

Жалпы орта білімі барларға - 2 жылдан кем емес;

Техникалық және кәсіптік білімі барларға -1 жылдан кем емес.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны жоғарғы оқу орындарының 1-2 курс кәсіптік оқу бағдарламаларымен сәйкес келетін кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратыластану ғылымдарының пәндерін оқытуды қамтиды және оқуды аяқтаған соң қызмет көрсету мен басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігін береді.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік және техникалық білімді мемлекеттік немесе жеке меншік болуы мүмкін кәсіптік лицейлерде, кәсіптік мектептер, колледждерде алуға болады.

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі келесі деңгейлерден

1) бастапқы кәсіптік білім ;

2) орта кәсіптік білімнен тұрады.

Қорыта айтқанда  Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Қазіргі таңда білім беру жүйесі еңбек нарығының талаптарына жауап бермейді, яғни біздің елімізде және  әлем елдеріндегі экономикасында болып жатқан өзгерістерге сәйкес түбегейлі өзгеруді қажет етеді. ЖОО сапасын арттырудың тиімді әдістерінің бірі- оперативті басқаруды енгізу (көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретінін тәжірибе дәлелдеген), яғни ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік білім беру кеңістігінде жоғары беделге ие болуын қамтамасыз ету үшін СМЖ енгізуді талап етеді.Осыған байланысты оқу орындарында ИСО 9001:2015 сериялы халықаралық стандартын қолданысқа енгізуге - СМЖ  шешім қабылдады.

СМЖ оқу орныныңң педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп жағдайда бір-бірімен қиылысады.

СМЖ-ның қызмет етуі барлық персоналды қатыстыру арқылы жүзеге асады, ал жоғары басшылық (университет ректоры) сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін толық жауапкершілікті өзіне алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі