Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Асық ойыны арқылы балалардың ұлттық ойынға қызығушылықтарын арттыру."
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫ ЕРЕЖЕСІ
ұлттық ойындарынан жарыстарды ұйымдастыру кезіндегі пайдаланатын ережелер топтамасы (нұсқаулық)
«Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие.
Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы»
Б. Момышұлы
Ойын дегеніміз – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.
Осы мақсатты іске асыру үшін, ұлттық мәдени мұраның озық үлгілерінің бірі болып табылатын ұлттық ойындарды өткізуді дәстүрге енгізу қолға алынды.
Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады екен.
Ойын арнайы орынды талғамайды, үй ішінде, ашық алаңдарда, мектеп, балабақша аулаларында өткізуге болады.
Ұлттық ойындарымызды одан әрі насихаттауға әр азамат өз үлесін қосады деп сенемін.
Ұлттық ойындарымызды бағалай білейік!
Ұйымдастыру тәртібі
Жарыс 2011 жылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетімен және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бекіткен ережесі бойынша асық ату және бес асық спорты командалық ойын ретінде қарастырылады. «Асық ату» ойыны мен «бес асық» ойыны бөлек мараппатталады. Оқушылар Гимназиадасы мен Ұлттық мектеп лигасы жарыстары жас ерекшеліктеріне сәйкес жеребе тастау арқылы топтарға бөлініп, топтан жеңімпаз командалар ақтық ойынға шығады. Ақтық ойындар айналмалы жүйеде өткізіледі. Ойын кезіндегі шағымдар бір сағат ішінде қабылданады.
«Асық ату» ойынының өткізу тәртібі:
1. «Асық ату» ойыны түріне қатысу үшін өтінім жасалады,өтінім берген кезде команда өкілі сақалар бойынша ойыншыларды реттік тәртіпте жазып (қолмен жазуға болмайды) көрсетуге міндетті.
2. «Асық ату» ойыны түріне қатысу үшін өтінім жасалады,өтінімде толық құрам болмаса, яғни екі ойыншы ғана болса команда жарыстан шеттетіледі.
3. Әр команда өкілі жеребе рәсімі кезінде бір түске боялған және нөмірленген көнге тігілетін 20 асығы болуы керек, әр асықтың салмағы 13-15 гр кем болмауы тиіс, асықтары болмаған жағдайда жеребе рәсіміне жіберілмейді.
4. Ойын басталар алдында асық ату кезегін бірінші сақа ойыншылар арасында иіру арқылы анықталады. Кімнің сақасы алшысынан түссе, яғни ойынды бастайтын ойыншының асықтары тігіледі. Ал екінші кезеңде қарсыласы бастайды, соның асықтары тігіледі, тең түсіп үшінші кезең ойналатын болса тағыда төреші сақа иіріп анықтайды.
5. Төреші ойыншылардың сақаларын иірген кезде қай ойыншының сақасы алшы тұрса, сол ойыншы төрешінің оң қанатынан қарсыласы сол қанаттан ату сызығы тұсында төрешінің пәрменін күтеді.
6. Ойын басталған кезде команда өкілі немесе бапкері төрешінің оң және сол қанатындағы ату сызығы тұсында болуы керек. Оң қанатында ойынды бастаған ойыншының бапкері, ал екінші ойыншының бапкері сол қанатта тұруы шарт.
7. Команда өкілі ойын барысында бір кезеңде бір рет тайм аут алуға құқылы және ойыншыны алмастыратын болса екі команда сәлемдеспей жатып төрешіге ескертіп, қандай сақаны ауыстырғанын хаттамаға енгізіп жаздыруы міндетті.
8. Ойыншы ойын барсында белгілі жағдайға (денсаулығына немесе жарақатына) байланысты жалғастыра алмаса, (қосалқыда тұрған ойыншы ауыстыра алмайды) жеңіс қарсыласына беріледі.
9. Сәлемдесу кезінде команда хаттамада көрсетілген ойыншылар толық құрамда ойын алаңға шығуға міндетті және 5 (бес) минут уақыт беріледі. Содан кейін қай сақа ойыншысы жоқ болса, сол сақаға жеңіліс жазылады.
10. Уақыт төрешісінің міндетті ойын барысындағы тайм ауттар мен таблоны жүргізеді.
Қала, облыс және республикалық жарыстарда қолданылатын,
ресми бекітілген ЕРЕЖЕЛЕР
Асық ату ойыны «Бес табан» ойынының ережесі (1-4 сынып)3
«Бес табан» ойыны R3 (ø300см) шеңберде ойналады, шеңбердің екі жағындағы ату сызық (асық тігілген көнен қашықтығы 3 метр оңға және солға) сызылады.
Шеңбердің ортасына көн сызығы (115см) сызылады және оған екі жағынан паралелль сызық (15см) түседі 13 асық тігіледі, бірінші болып 7 асықты атып алған команда немесе ойыншы жеңімпаз атанады.
Әр команда үш ойыншыдан тұрады. 1-сақа, 2-сақа, 3-сақа
Ату кезеңін төреші сақаларды иіру арқылы анықтайды және ойын уақытын 10 минут белгілейді. Ойын 2 жеңіске дейін жалғасады.Ойынға қатысушылар ату сызығынан (115см) кезек бойынша шеңбер ішіндегі көндегі асықтарды атады. Мұнда көнге тігілген кеней асықтардың арасы бір сақа тең болуы шарт және кенейлер алшысы жағынан бүк , шік болып тігіледі. Ату кезінде сақа тиген кеней асық шеңбер сызығынан өтуге міндетті, егер асықты сызықтан шығарып алса ойыншыға мүмкіндік береді, төреші ойыншыға шеңбердің (ø300см) сыртынан яғни белгіленген ортадағы сызықтан көндегі кеней асықтарды атуға рұхсат береді, атқан асығы шеңберден шықса ,ойын ары жалғасын табады, шығара алмаса кезек ату сызығынан қарсылас ойыншыға беріледі.
Асық ату ойыны «Бес табан» ойынының ережесі (5-6 сынып)
«Бес табан» ойыны R4 (ø400см) шеңберде ойналады, шеңбердің екі жағындағы ату сызық (асық тігілген көнен қашықтығы 4 метр оңға және солға) сызылады.
Шеңбердің ортасына көн сызығы (115см) сызылады және оған екі жағынан паралелль сызық (15см) түседі 13 асық тігіледі, бірінші болып 7 асықты атып алған команда немесе ойыншы жеңімпаз атанады.
Әр команда үш ойыншыдан тұрады. 1-сақа, 2-сақа, 3-сақа
Ату кезеңін төреші сақаларды иіру арқылы анықтайды және ойын уақытын 10 минут белгілейді. Ойын 2 жеңіске дейін жалғасады.Ойынға қатысушылар ату сызығынан (115см) кезек бойынша шеңбер ішіндегі көндегі асықтарды атады. Мұнда көнге тігілген кеней асықтардың арасы бір сақа тең болуы шарт және кенейлер алшысы жағынан бүк , шік болып тігіледі.
Ату кезінде сақа тиген кеней асық шеңбер сызығынан өтуге міндетті, егер асықты сызықтан шығарып алса ойыншыға мүмкіндік береді, төреші ойыншыға шеңбердің (ø400см) сыртынан яғни белгіленген ортадағы сызықтан көндегі кеней асықтарды атуға рұхсат береді, атқан асығы шеңберден шықса ,ойын ары жалғасын табады, шығара алмаса кезек ату сызығынан қарсылас ойыншыға беріледі
«Бес табан» ойыны алаңы (5-6 сынып)
Асық ату ойыны «Бес табан» ойынының ережесі (7-8 сынып)
«Бес табан» ойыны R4 (ø400см) шеңберде ойналады, шеңбердің екі жағындағы ату сызық (асық тігілген көнен қашықтығы 5 метр оңға және солға) сызылады.
Шеңбердің ортасына көн сызығы (115см) сызылады және оған екі жағынан паралелль сызық (15см) түседі 13 асық тігіледі, бірінші болып 7 асықты атып алған команда немесе ойыншы жеңімпаз атанады.
Әр команда үш ойыншыдан тұрады. 1-сақа, 2-сақа, 3-сақа
Ату кезеңін төреші сақаларды иіру арқылы анықтайды және ойын уақытын 15 минут белгілейді. Ойын 2 жеңіске дейін жалғасады.Ойынға қатысушылар ату сызығынан (115см) кезек бойынша шеңбер ішіндегі көндегі асықтарды атады. Мұнда көнге тігілген кеней асықтардың арасы бір сақа тең болуы шарт және кенейлер алшысы жағынан бүк , шік болып тігіледі.
Ату кезінде сақа тиген кеней асық шеңбер сызығынан өтуге міндетті, егер асықты сызықтан шығарып алса ойыншыға мүмкіндік береді, төреші ойыншыға шеңбердің (ø400см) сыртынан яғни белгіленген ортадағы сызықтан көндегі кеней асықтарды атуға рұхсат береді, атқан асығы шеңберден шықса ,ойын ары жалғасын табады, шығара алмаса кезек ату сызығынан қарсылас ойыншыға беріледі
«Бес табан» ойыны алаңы (7-8 сынып)
Асық ату ойыны «Бес табан» ойынының ережесі (9-11 сынып)
«Бес табан» ойыны R5 (ø500см) шеңберде ойналады, шеңбердің екі жағындағы ату сызық (асық тігілген көнен қашықтығы 6 метр оңға және солға) сызылады.
Шеңбердің ортасына көн сызығы (115см) сызылады және оған екі жағынан паралелль сызық (15см) түседі 15 асық тігіледі, бірінші болып 8 асықты атып алған команда немесе ойыншы жеңімпаз атанады.
Әр команда үш ойыншыдан тұрады. 1-сақа, 2-сақа, 3-сақа
Ату кезеңін төреші сақаларды иіру арқылы анықтайды және ойын уақытын 15 минут белгілейді. Ойын 2 жеңіске дейін жалғасады.Ойынға қатысушылар ату сызығынан (115см) кезек бойынша шеңбер ішіндегі көндегі асықтарды атады. Мұнда көнге тігілген кеней асықтардың арасы бір сақа тең болуы шарт және кенейлер алшысы жағынан бүк , шік болып тігіледі.
Ату кезінде сақа тиген кеней асық шеңбер сызығынан өтуге міндетті, егер асықты сызықтан шығарып алса ойыншыға мүмкіндік береді, төреші ойыншыға шеңбердің (ø500см) сыртынан яғни белгіленген ортадағы сызықтан көндегі кеней асықтарды атуға рұхсат береді, атқан асығы шеңберден шықса ,ойын ары жалғасын табады, шығара алмаса кезек ату сызығынан қарсылас ойыншыға беріледі
«Бес табан» ойыны алаңы (9-11 сынып)
ОЙЫН БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕЛЕР
ДИАГОНАЛЬ-яғни асықты ату кезінде көндегі асық жығылып, шеңберден шықпаса, ойыншыға мүмкіндік беріліп төрешінің нұсқауымен жығылған асықты диагональ бағытқа атуға пәрмен беріледі осы уақытта ойыншы ҚАБАТ сұрауы тиіс .
ПАРАЛЕЛЬ - асықты ату кезінде сақа асықты көн сызықтарының ішінде құлтып жатса, ойыншыға мүмкіндік беріліп төрешінің нұсқауымен жығылған көн сызығының бойымен тура яғни асықты паралель бағытқа атуға пәрмен беріледі
БЕСТАБАН -- яғни асықты ату кезінде көндегі асық жығылып шеңберден шықпаса, шеңбер сызығында қалып қалса немесе шеңбер сызығынан бір табан көлемінде жатса, ойыншыға мүмкіндік беріліп ойыншының сұрауымен оңға немесе солға БЕСТАБАН санап беріп жығылған асықты қиып атуға пәрмен беріледі
Төрешілердің асық ойынында қолданылатын пәрмен-белгілері
БАСТА-төрешінің нұсқауымен негізгі ату сызығына келіп ойыншы атуды бастайды.
МҮМКІНДІК -Асық ату кезінде көндегі асыққа ойыншының сақасы дөп тиіп ,асық шеңберден шығып кетсе сол ойыншы ойынды арнайы шеңбер бойындағы белгі орнынан яғни бестабан, диагональ, паралель бағытта жалғастырады.
ТАЗА -Асық ату кезінде көндегі асыққа ойыншының сақасы дөп тиіп, асық шеңберден шығып кетсе сол ойыншы ойынды арнайы шеңбер бойындағы белгі орнынан яғни бестабан, диагональ, паралель бағытта атып шығарса таза ұпай беріледі.
ҚАТЕ- көндегі асыққа тимей не шеңберден шықпай қалса, ату сызығын басып кетсе немесе сақасы жермен сырғып тисе шеңбер бойында артқы аяғын көтеріп қалса
ПАРАЛЛЕЛЬ асықты ату кезінде сақа асықты көн сызықтарының ішінде құлтып жатса, ойыншыға мүмкіндік беріліп төрешінің нұсқауымен жығылған көн сызығының бойымен тура яғни асықты паралель бағытқа атуға пәрмен беріледі
ДИАГОНАЛЬ яғни асықты ату кезінде көндегі асық жығылып, шеңберден шықпаса, ойыншыға мүмкіндік беріліп төрешінің нұсқауымен жығылған асықты диагональ бағытқа атуға пәрмен беріледі осы уақытта ойыншы ҚАБАТ сұрауы тиіс .
БЕСТАБАН яғни асықты ату кезінде көндегі асық жығылып шеңберден шықпаса, шеңбер сызығында қалып қалса немесе шеңбер сызығынан бір табан көлемінде жатса, ойыншыға мүмкіндік беріліп ойыншының сұрауымен оңға немесе солға «БЕСТАБАН» санап беріп жығылған асықты қиып атуға пәрмен беріледі
Төрешілердің алаңдағы ескеретін қателіктері:
1.1 Ойыншы ату сызығын (басып) атуға болмайды, ойыншының атысы есепке алынбайды. 1.1.1.Қарсылас ойыншы ату сызығының ішінде, ату сызғында тұруға болмайды, төреші ойыншыға кедергі жасағаны үшін қарсылас ойыншыға шеңберден атуға мүмкіндік береді. 1.2 Ату сызығынан қолдан сақа шықпай,аяқпен шығып кетсе ойыншының атысы есепке алынбайды. 1.2. Ату сызығынан қолдан сақа кетсе ойыншының атысы есепке алынбайды. 1.3 Ату сызығынан (115см) ойыншы белгіден дұрыс шықпай,аяғымен секіріп шықса ойыншының атысы есепке алынбайды. 1.3.1 Ату сызығынан (115см) дұрыс атпаса яғни дөрекі қимылдармен (яғни шиірмей тас атқан секілді) атса ойыншының атысы есепке алынбайды. 1.4 Ойыншы ату және шеңбер сызығынан сақаны сырғытып атса ойыншының атысы есепке алынбайды. 1.5 Ату сызығынан ату кезінде ойыншы талапқа сай шеңберден шығарса яғни мүмкіндікке ие болады шеңберге келіп атуға болады, шеңберден шығара алмаса, асық қайта тігіледі ,кезек қарсылас ойыншыға ауысады. 1.6 Ату сызығынан ату кезінде ойыншы талапқа сай шеңберден шығарса немесе шығара алмасада шеңберден айналып өтуі тиіс, шеңбер сызығын басып әлде кесіп өтіп жатса , шеңбер сызығына шеңбер ішіне қол тіресе, ойыншының атысы есепке алынбайды. 1.7 Осы қателіктер екінші рет қайталаса төреші тарапынан ескерту беріліп қарсылас ойыншыға шеңберден атуға мүмкіндік беріледі.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына
арналған ұлттық спорт түрлерінен
«Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің Асық ату спорты
ХАТТАМА № 1
№ р/с |
Аты-жөні |
Асық саны |
Жалпы асық саны |
Ұпай |
Ұпай |
Жалпы асық саны |
Асық саны |
Аты-жөні |
№ р/с |
||||
1 |
2 |
3 |
1 |
2 |
3 |
||||||||
1 |
Жолмағанбет Саят |
8 |
5 |
4 |
17 |
0 |
1 |
14 |
0 |
7 |
7 |
Мирамов Әбілшарам |
1 |
2 |
Өмір Марат |
8 |
8 |
|
16 |
1 |
0 |
7 |
5 |
2 |
|
Рахатов Ермухан |
2 |
3 |
Асан Қыдырәлі |
7 |
8 |
|
15 |
1 |
0 |
10 |
6 |
4 |
|
Қалижанұлы Ерболат |
3 |
|
|
|
|
|
|
2 |
1 |
|
|
|
|
|
|
Жалпы ұпай саны 2:1 жеңген команда Түркістан облысы