жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу іс-қызметі. Ортаңғы топ
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары.
Мақсаты:
Білімділігі: Жануарлардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылығы: Танымдық қабілеттерін, салыстыру іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғи материялдармен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру. Қоршаған ортаны сүюге, мейрімділікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: иіріліп
Көрнекілік: Жануарлардың суреттері, аю, мысық, балық, луллия шеңбері, шар.табиғи өнімдер.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, кейіптендіру, табиғи өнімдерді ұстап сезу, ойын, сұрақ-жауап, слайд.
Билингвальды компонент: үй жануары-домашние животные, жабайы жануар-дикие животные .
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің барысы:
1.Кіріспе бөлім. (жылулық шеңбері)
Қорқақ қоян-сәбізді жақсы көреді,
Аю аңқау-балды жақсы көреді,
Қасқыр батыр әрі залым келеді,
Сиыр бізге тәтті сүтін береді.
Момын қойлар бізге жылу береді.
- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Мезгіл аттарын кім біледі?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Ай аттарын кім атап береді?
Өте жақсы балалар жарайсыңдар. Біз өз әлемімізді жасап көрейікші. Қолыма үрленбеген шарды алайында үрленгенше үрлейін. Мінекей бұл әлемге ұқсайды. Осы шарды әлем деп елестетейік.
Әлем дегеніміз балалар-ғалам, жер шары, дүние. Онда өмір сүріп жатқан түрлі құбылыстар бар, адамдар бір біріне қамқорлық жасап, мейірімді болып, сүіспеншілік арқылы қарым-қатынас жасаса сонда ғана әлемде бейбітшілік орнайды.ал бейбітшілік –бәріміздің жан тыныштығымыз.
Балалар бұл әлемнің іші бос тұр. Енді балалар сендер алдарыңда жатқан (адамдар, ағаштар, жан жануарлар т.б) суреттерді жабыстыру арқылы толықтырайық.
Бүгін біз осы керемет әлемнің ішіндегі жабайы және үй жануарлары білімімізді толықтыра түсейік.
жабайы және үй жануарларын слайд арқылы еске түсіру.
Ғажайып сәт: Жабайы және үй жануарлары қонаққа келеді.
Ит, түлкі.
Үй жануарлары, олардан алынатын өнімдерді көрсетіп ұстату, сүт ішкізіп көру.
Сөздік жұмыс: иіріліп.
Сергіту сәті: Аюмен бірге.
Ю-ю-ю
Қорбаңдаған аю.
Ян-ян-ян
Селтеңдейді қоян.
Кі-кі-кі
Сумаңдайды қу түлкі.
Ыр-ыр-ыр
Мөңірейді сиыр.
Ық-ық-ық
Мияулайды мысық.
Луллия шеңбері арқылы:
Ортаға үлкен луллия шеңбері қойылады.
Балаларға сұрақ қою артықы луллия тапсырмаларын орындау.
1.Балалар Шалқан ертегісін есімізге түсірейік, шалқанды шеңбердің ішінен тауып алайық.
Осы шалқан ертегісінде қандай кеіпкерлер бар, қандай жануар?
2. 1 санын көрсетіңіз, 1 тышқанды тап, тышқан не жейді?
3.Аю, аю не жейді, аю мултьфиліміндегі тентек қыз?
4.Бауырсақ ертегісі, бауырсақ ертегісіндегі ең үлкен жануар, бауырсақты жеп қоятын жануар.
5. 2 саны, 2 сәбізді тап, сәбіз қай жануардың тағамы?
6. Қой, лақ, қойдан не алынады?
7. Сиыр, бұзау, сиырдан алынатын өнім?
8. 3 саны, 3 күшік, 3 сүйек.
Топтық жұмыс: Балаларды 4 топқа бөліп луллия шеңберін беру.
1 ші тапсырма: Үй жануарлары.
1. Сиырдың көлеңкесін табу.
2. Мысықтың көлеңкесін табу.
3. Иттің көлеңкесін табу.
2 ші тапсырма: Жабайы жануарлар.
1.Аюдың көлеңкесін табу.
2. Бұғының көлеңкесін табу.
3.Қоянның көлеңкесін табу.
Билингвальді компонент:
Үй жануарлары-Домашние животные-pets, жабайы жануар – дикие животные-wild animal.
Қорытынды: Балалардан жануарлар туралы тақпақтар сұрау.
Жарайсыңдар балалар бүгін сендер оқу іс-қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Мен сендерді мынадай керемет суреттермен мадақтаймын.
Келген қонақтармен қоштасайық.
Шөре-шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секеңдемей деміңді ал
Селтеңдемей құлағың
Түлкі деген қу ғой
Жүрген жері шу ғой
Жатып алып жағада
Іздегені ду ғой
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп теріп алайық
Қалтамызға салайық
Ақ қоян-ау, ақ қоян
Ұзын құлақ сақ қоян
Қашаберсең орманға
Қорқағым деп ат қоям.
№12 «Рахат» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік
Бекітемін:
Бөбекжай-бақша әдіскері
Джаугатиева Г.С
Қорытынды ашық оқу іс-қызметі.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Үй жануарлары және жабайы жануарлар»
№1 « Балапан» ортаңғы топ
Тәрбиешілер:Жұматбаева М.Б
Ильясова Ж.А
2018-2019 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген