жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық оқу қызметі , ертеңгіліктер, сайыстар, эссе
Білімберу саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Топпен таныстыру
Мақсаты: Балаларды балабақша өмірімен. Топ бөлмесімен таныстыру ондағы жихаз атауларын атауға және олардың қызметін сипаттап беруге үйрету.Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп диалогтік сөйлеуге дағдыландыру.
Көрнекілік: үлестірмелі құралдар. Балабақша өмірінен суреттер.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып шаттық шеңберін орындау Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз |
Балалар тәрбиешімен амандасады. Жылы тілектерін білдіріп сәлемдеседі. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Балалар сендер таңертең ұйқыдан тұрып қайда келдіңдер? -Сендерге балабақша ұнай ма? Тәрбиеші топ бөлмесімен таныстырады. Мынау балалар біздің тобымыз. Тобымыз жарық әрі кең. Топта сендерге арналған көп ойышықтар бар екен. -Мынау не балалар? -оған не саламыз? Ал мынау не? -Қандай ойыншық түрлерін көріп тұрсындар? -Ал мынау не? -кереует бізге не үшін қажет? -мынау не? -ол бізге не үшін қажет? Тәрбиеші балаларды топтағы қажетті заттармен таныстырып олардың өзіндік ерекшеліктерін айтады. Дидактикалық ойын: Нені қайда қоямыз Сергіту сәті: Қане қанат жазайық Қарлығаш болып ұшайық. Ұшып-ұшып алайық Орнымызға қонайық |
-балабақшаға -ия -балалар тыңдайды -шкаф -киімімізді -ойыншық шкафы -қуыршақ машина құрастырғыш -кереует -ұйықтау үшін -қол жуғыш -беті қолымызды жуамыз. -балалар сұрақтарға жауап беріп ойын ойнайды. -балалар сергіту сәтін орындайды. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Суреттер көрсете отырып сұрақ жауап арқылы оқу іс әрекетті қорытындылау. |
Балалар бөлмедегі заттардың атын атайды. Олардың не үшін қажет екенін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Топтағы заттардың атын атайды.
Түсінеді: заттарды ұқыпты таза ұстау керектігін.
Қолданады: Сұрақ жауап арқылы диалогті сөйлеуді үйренеді
Білімберу саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Машина»
Мақсаты: Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету,олардың түсін,пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру.ұсынған шарты бойынша құрылыс метериалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып, машина құрастыра білуге үйрету.
Қажетті құралдар: жеңіл машина және автобустың суреті, түрлі-түсті кірпіштер,текшелер
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу,сұрақ-жауап
|
Оқу қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Педагог екі түрлі машинаны: жеңіл машина мен автобустың суреттерін көрсетіп, балалардын қандай машина екенін сұрайды.Суреттерді тақтаға іліп, айырмашылығын айтуларын өтінеді. |
Балалар жеңіл машина,автобус екенін айтады. «Жеңіл машина кіші,автобус үлкен»- деп жауап береді.Автобусқа көп адамдар отырады. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Құрылыс материалдарын көрсетіп, түсін,көлемін сұрайды.Енді осыдан қандай машина құрастыруға болатынын көрсетеді.Ол үшін бір көк кірпішті және бір сары текшені аламыз. Көк кірпіштің үстіне сары түсті текшені орналастырамыз,суретке мұқият қарап алыңдар,сонда машина дайын болады. Кірпішті және текшені дұрыс орналастыра білуге басым көңіл бөлінеді. «Менің машинам» ойыны. Текшені көк кірпіштің үстіне ауыстырып қою арқылы «алға» қарай, «артқа» қарай машинаның жүру бағытын өзгертуге тапсырма береді «Бағдаршам» ойыны: Педагог үш түсті дөңгелектерді: қызыл,жасыл,сары бағдаршам түстерін кезек-кезек көтеріп көрсетеді |
Кірпіштер,текшелер. Түстері көк ,жасыл,сары. Балалар өздері дайындаған кірпіштерден түстеріне сәйкес машинаны құрастырады. Балалар өздері құрастырған машиналарын үстел үстінде текшені кірпіштің «алдына» және «артына » қою арқылы бағытын өзгерте отырып, жүргізіп ойнайды. Балалар орындарынан тұрып,қызыл жанғанда қимылдамай тұрады,жасыл жанғанда орындарында жүреді,сары жанғанда қолдарын қозғалтып,дайындық жасайтындарын қимылмен көрсетеді |
|
Рефлексиялық- түзетушілік |
Педагог балалардан қандай машиналармен танысқанын сұрайды,Балаларды мадақтаулар жасалады. |
Балалар жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: машинаны екі түрлі құрылыс материалдарынан, кірпіш және текшеден құрастыруды және түсі,көлемі,пішінін ажырата алуды
Игереді: алға,артқа деген ұғымды меңгереді
Қолданады: Құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды оны көлем,пішінне сәйкес орналастыра білуге дағдыланады.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:Сурет салу.
Тақырыбы: «Әдемі көйлек»
Мақсаты:Қылқаламмен немесе саусақ арқылы көйлекті дөңгелек пішіндірмен безендіруге үйрету, негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.
Сурет салуға деген қызығушылыққа және талғампаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер:Демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал жабдықтар:Қуыршақ Айсұлу, оның әдемі көйлек үлгісі,әр балаға бір-бірден көйлек үлгісі,түрлі бояулар, қол сүрткіштер, су.
Сөздік жұмыс:Көйлек.
Билингвальды компонент:Көйлек-платье,қуыршақ-кукла.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Күндей күлімдеп, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Мөлдір судай таза көңілмен |
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ұйымдастырушы- лық-ізденістік |
Бүгінгі оқу қызметімізді бастаймыз. Балаларға әртүрлі көйлек үлгілерін көрсете,отырып, көйлектің түрі өте көп болатынын айту. Бірнеше қуыршақты көрсетіп,түсіне, өрнектеріне балалардың назарын аудару. -Қуыршақ Айсұлу қонаққа әдемі көйлек киіп барғысы келеді.Сендердің көмектесуге дайын тұратындарыңды біліп,көмек сұрай келіпті. -Ендеше бәріміз бірге қуыршақ Айсұлуға арнап көйлектерді әдемі етіп ,безендіріп берейік. Алдарыңдағы көйлек үлгілерін өздеріңе ұнаған түске бояйсыңдар.Ол үшін саусақтарыңды сол түске батырып,әртүрлі көлемдегі дөңгелектерді салу арқылы безендіресіңдер.Дөңгелек саулдың неше түрі бар екенін естеріңе түсіріп көріңдер. Балаларға көйлекке дөңгелектерді қалай салу жолдарын көрсету.Үлкен домалақтарды саусақпен ,кіші домалақтарды қылқаламмен салып шығуды ұсыну.Балалардың түсті дұрыс таңдауына көмектесу.Жұмыс жасау барысында ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалау. Балалардан көйлектерін қандай түспен безендіргені жайлы сұрау.Неге дәл сол түсті таңдағаны туралы ,осы түсте басқа да қандай заттар болтынын сұрау. Көйлекті безендіріп болған соң балалар көйлектерін қуыршақ Айсұлуға сыйлайды. Сергіту сәті: Күн болып жанайық, Мөлдір су боп ағайық, Гүл болып жайнайық, Терең-терең демалып, Жүгіріп-жүгіріп алайық. -Ал енді балалар ойын ойнаймыз. Дид. ойын: «Бұл неге ұқсайды?» Мақсаты:Балалардың ойлау ұшқырлығын, қиялын дамыту мақсатын көздей отырып,балаларға денелердің қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын тапқызу. |
Балалардың қызығушылығы оянады. Көмектесетіндерін айтады. Балалар саусақтарын пайдаланып көйлекті безендіреді.Әр түске матырған сайын, саусақтарын сүртіп отырады. Балалар өздері таңдап алған түстері жайлы әңгімелейді. Көйлекті безендіріп болған соң, балалар көйлектерін қуыршақ Айсұлуға сыйлайды. Балалар сергіту жаттығуын жасайды. Балалар ойын ойнайды. |
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Балаларға барлығының да жақсы жұмыс істегенін айтып,мадақтап,қуыршақ Айсұлудың атынан ризашылығын білдіреді |
Өздерінің жұмыстарына баға береді, |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Саусақпен және қылқаламмен ұқыпты жұмыс жасау дағдысын.
Игереді:Көйлектердің пішіні, өрнектердің әртүрлі болатындығын.
Меңгереді:Саусақ және қылқаламды алмастыра отырып көйлектерді безендіруді.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Сыпайылық сабақтары»
Көрнекілік: суреттер
Сөздік жұмыс: Әдептілік сыпайылық
|
Оқу іс әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңбер бойына тұрып тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын орындайды. Жақсылық көрсең біреуден Мен қандаймын деп ойла Жамандық көрсең біреуден Мен қандаймын деп ойла. |
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік. |
Әңгімелесу Балалар бүгін біз сыпайы, әдепті жағымды қасиеттер туралы әңгімелесеміз Сендер қалай ойлайсыңдар Адамдар неге бір бірімен амандасады? Балалардың жауабын тәрбиеші тыңдайды. Дұрыс айтасыңдар амандасу сәлемдесу адамдардың бір біріне деген ізет сый құрметі . Оның барлығы сыпайылылық. Балаларға сыпайылылық туралы өлең оқып беру. Балалар біз қандай болуымыз керек? Біздің топта сыпайы әдепті балалар барма? |
-балалардың жауабы -Балалар өлеңді мұқият тыңдайды -сыпайы әдепті алғыр -ия бар |
|
Рефлекциялық -түзетушілік |
Қорытындылау Балалар бүгін біз амандасуды сыпайылық әдептіліктің белгісі екенін білдік. Мақал-мәтел Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені Әдепті бала ата-анасымен мақтанар Әдепсіз бала ата анасын қақсатар |
-балалар мақал мәтелді қайталайды |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жағымды қасиеттерді
Игереді: Өлең арқылы әдептілік ережелерін.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: : Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Балалар текшемен ойнайды
Мақсаты: балаларды сюжеттік сурет, жеке заттарды, кейіпкерлердің әрекеттерін атау бойынша әңгіме құрастыру, сөз тіркестерін құрастыра білуге, жекеше және көпше түрде қолдана білуге үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: балалардың текшелермен ойыны
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
Қажетті көрнекті құралдар: дем.материалдар, үлестірмелі материалдар
(ұқсас заттарды сурет бойынша сәйкестендіру).
Қостілділік компонент: қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Қуан шаттан,алақай, Қуанатын күн келді! Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн! |
Тәрбиешінінің көмегімен қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық -ізденіс кезеңі |
Балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдау сұралады. -Жұлдыз бен Тасқын не істеп отыр? -Мұрат пен Самат текшелерді немен тасып жатыр?
-Балаларға текшелер не үшін қажет? -Қараңдаршы, балалар шынындада өте әдемі қақпа құрастырды. Қостілділік компонент: қақпа-ворота,қоршау-забор, мұнара-башня -Балалар, үйшіктен тілімізді шығарып, мына сөздерді қайталайықшы. Мұ-на-ра сөзіндегі а дыбысына көңіл бөлу; Тек-ше сөзіндегі е дыбысына көңіл бөлу; Қоршау сөзіндегі о дыбысына көңіл бөлу Жеке жұмысты қажет ететін балалардан дыбыстардың айтылуын қайталату. Сергіту сәті Санайықшы жаңаша, Бір,екі,үш! Желбіре жалауша, Достықта біздің күш! Ойын: «Түсі бойынша қос» Суреттегі заттарды түсі бойынша қосу Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. |
-Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр. - Мұрат пен Самат текшелерді машинамен тасып жатыр.
-Мұнара,қақпа,қоршау құрастырып жатыр
қақпа-ворота,қоршау-забор,мұнара-башня
Балалар қайталайды. Қимылын келтіріп,жаттығуларды орындайды.
Суреттегі заттарды түсімен ажыратып,бір түспен боялған заттарды сызықпен қосады. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі |
Сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетті қортындылау. -Балалар,сендер текшелермен мұнара,қақпа,қоршау құрастыра аласыңдар ма? Дид.ойын. «Не құрастырдың?» Балаларды мадақтау. |
Балалардың жауабы.
-құрастырамыз. Дидактикалық ойынға балалар қызығушылықпен қатысады. |
Күтілетін нәтеже:
Нені біледі: тапсырмаларын орындауды;
Қандай түсініктерді игерді: артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды қалай айту керектігін;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әңгімені тыңдап, сол әңгімені мазмұндай білу іскерліктерін
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: : Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесі»
Мақсаты: сұрақтарға жауап беруді үйретуді жалғастыру, жиһаз атауларымен таныстыру.Сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту.үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: әңгімелесу
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
Қажетті көрнекті құралдар: дем.материалдар, бөлме жиһаз дарының суреттері
|
Оқу-қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңберге тұрып бір біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Шеңбер құрып,бір-біріне жылу,көтеріңкі көңіл күй сыйлайды |
|
Ұйымдастырушылық –ізденістік кезеңі |
-Балалар,Әйгерімнің өз бөлмесі бар екен. Кәне,мына жаққа қараңдаршы? Бөлмесі қандай? Бөлмесінде не бар екен? Дұрыс,жиһаздар. Жиһаз-диван6орындық үстел, кереует Мынау не? (үстелді көрсету) -Үстел не үшін керек? -ол үстелдің түсі қандай? Біздің тоата үстел бар ма? Орынды, диван сөре не үшін керектігін айтып түсіндіру. Мынау не? -Ол неүшін қажет? Оның түсі қандай? -Біздің топта шкаф бар ма? -Балалар сендердің бөлмелеріңде қандай жиһаздар бар? Биллингвальді компанент: Жиһаз-диван Кереует-кровать Үстел-стол Орындық-стул Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз Алақанды ұрамыз Бір отырып,бір тұрып Бір тынығып аламыз «Қайсысы жоқ» дидактикалық о. Балалар ойыншық жиһаздарды пайдалана отырып, жетпей тұрған жиһазды табуы керек. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан топтағы жиһаздар,олардың атауы туралы сұрау. |
Суретке қарайды жауап береді Әдемі -Жиһаздар -үстел Үстел тамақ ішу үшін керек -Қызыл Бар. -балалардың жауабы Шкаф -оған біз киім саламыз -көк Балалар өз шкафының түсін айтады Балалар қайталайды Өлең мазмұнына сәйкес қимыл жасайды Ойынды қызыға ойнайды Сұрақтарға жауап береді. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
-Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесінде қандай жиһаздар бар екен? |
Сұрақтарға жауап береді. . |
Күтілетін нәтеже:
Орындайды: Сұрақтарға дұрыс жауап беруге,сөздерді бір-бірімен байланыстырып,сөйлем құрастыруға арналған тапсырмаларды,
Түсінеді:үй жиһаздарын не үшін қолданатынын
Қолданады. Үй жиһаздарының аттарын (үстел,диван, кереует,орындық)күнделікті өмірде.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: : Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Өзінің отбасы туралы әңгіме
Мақсаты: Өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға үйрету.Тілде сын есімдерді (мейірімді тату), етістіктерді (қамқорлық жасау, жұмыс істейді көмектеседі) дұрыс қолдана білуді үйрету.Өз отбасы жайында әңгімелесу барысында сөздік қорларын дамыту,есте сақтау қабілетін арттыру.балаларды үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: отбасы туралы әңгімелесу
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
Қажетті көрнекті құралдар: дем.материалдар,Отбасы суреттері.
|
Оқу-қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Сәлемдесу. -Балалар, бүгін ауа райы қандай? -жылдың қай мезгілі? -Құстар жылы жаққа ұшып кетті ме? |
Сәлемдеседі Сұрақтарға жауап береді |
|
Ұйымдастырушылық –ізденістік кезеңі |
Деманстрациялық материал -Балалар, біз бүгін сендермен тату-тәтті отбасы туралы әңгімелесеміз. -суретте не бейнеленген? -Балалар сендердің отбасыларыңда кімдер бар?(жеке-жеке отбасы мүшелерін сұрау) -Сендердің ағаларың немесе апайларың бар ма? Саған кім қамқорлық жасайды? Сендерді балабақшаға кім алып келіп жүр? -Аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер? -Кәне ,бәріміз қосылып, өз отбасымызға саусағымызды көрсету арқылы жақсы көретінімізді білдірейік Билингвальді компанент: Ата-дедушка Әже-бабушка Әке-папа Ана-мама Аға-брат Әпке-сестра Іні-младший брат Сергіту сәті: Бас бармағым-әкем Балаң үйрек –апам Ортан терек-ағам Шылдыр шүмек-мен Кішкене бөбек-сен Дидактикалық ойын: «Үйде кімдер тұрады?» Үйшіктегі терезелерге ата,әже,әке,ана,ұл,қыз суреттерін жабыстыру. Жеке жұмысты қажет ететін балабардан отбасы мүшелері туралы сұрау. |
-мына суретте үлкен отбасын көріп тұрмыз.Отбасында атасы,әжесі,әкесі,анасы,әпкесі,інісі бар екен.Олар дастарқан басында шәй ішіп отыр.әпкесі дастарқанға жеміс-жидек әкеліп,әкесіне ұсынып отыр. Балалардың жауаптары тыңдалады.балалар аталарын әжелерін айтады,олар туралы жақсы сөздер айтады. Балалар қайталайды. Сәйкес қимыл жасайды Балалар үйшіктегі алты терезеге суреттерін жапсырады. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Балалар, кім мүшелерін атайды? -аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер? Балаларды мадақтау. |
Балалардың жауабы . |
Күтілетін нәтеже:
Орындайды: Отбасы туралы әңгіме құрастыруға арналған тапсырманы
Түсінеді:ойын шарттарын түсінген кезде ғана оның тапсырмасын дұрыс орындай алатындықтарын
Қолданады. Отбасының мүшелерін (ата,әже,әке,ана,т.б.) атап олар туралы әңгімелей білу іскерліктерін.
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Айлакер түлкі» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру.Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:: Түлкінің суреті,хрестоматия
Сөздік жұмыс: айлакер қу.
|
Оқу-қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Балалар шеңбер бойына тұрып, Ө. Тұрманжановтың «Кел,балалар,күлейік» Өлеңін тәрбиешімен бірге орындайды. Кел,балалар, күлейік Күлкіменен түлейік Қабақ түйген не керек Көңілді боп жүрейік Кел,балалар,күлейік Күлкіменен түлейік Күлкі-көңіл айнасы Күліп өмір сүрейік |
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қимылдар арқылы орындайды |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі |
Сұрақ-жауап: -Балалар ,түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? -Түлкі қандай аң? -Олай болса,біз бүгін түлкі туралы ертегімен танысамыз. «Айлакер түлкі» орыс халық ертегісін оқу,әңгімелеу,мазмұнын ашу. Сергіту сәті: Ал,балалар, тұрайық Мойнымызды бұрайық Қолымызды бұрайық Жел сияяқты қалықтап Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. -Сендерге ертегі ұнады ма? |
Жабайы,қу,алдамшы Қимылдарды жасайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. |
|
Рефлекциялық -түзетушілік |
Жұмбақ жасыру арқылы оқу қызметті аяқтау. Өзі қу,жүрген жері шу |
Түлкі |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Түлкінің жабайы,қу,айлакер аң екенін
Игереді: Көркем сөйлеу қабілеттерін
Меңгереді. Ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттерін бағалай біледі.
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Күз» өлеңі
Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру.Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:: Түлкінің суреті,хрестоматия
Сөздік жұмыс: айлакер қу.
|
Оқу-қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Балалар шеңбер бойына тұрып, Ө. Тұрманжановтың «Кел,балалар,күлейік» Өлеңін тәрбиешімен бірге орындайды. Кел,балалар, күлейік Күлкіменен түлейік Қабақ түйген не керек Көңілді боп жүрейік Кел,балалар,күлейік Күлкіменен түлейік Күлкі-көңіл айнасы Күліп өмір сүрейік |
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қимылдар арқылы орындайды |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі |
Сұрақ-жауап: -Балалар ,түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? -Түлкі қандай аң? -Олай болса,біз бүгін түлкі туралы ертегімен танысамыз. «Айлакер түлкі» орыс халық ертегісін оқу,әңгімелеу,мазмұнын ашу. Сергіту сәті: Ал,балалар, тұрайық Мойнымызды бұрайық Қолымызды бұрайық Жел сияяқты қалықтап Оңға,солға иіліп, Денемізді бұрайық Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. -Сендерге ертегі ұнады ма? |
Жабайы,қу,алдамшы Қимылдарды жасайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. |
|
Рефлекциялық -түзетушілік |
Жұмбақ жасыру арқылы оқу қызметті аяқтау. Өзі қу,жүрген жері шу |
Түлкі |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Түлкінің жабайы,қу,айлакер аң екенін
Игереді: Көркем сөйлеу қабілеттерін
Меңгереді. Ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттерін бағалай біледі.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: : Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтарым»
Мақсаты: Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруға,ойыншықтардың аттарын атай білуге ,оларды сипаттап айтуға үйрету.
«Ң» дыбысын қайталату, дұрыс айтуға жаттықтыру. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу
.жаңа сөздер. Жұмсақ резеңке
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: балаларды ойын бұрышында ойнату
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
Қажетті көрнекті құралдар: дем.материалдар,ойыншықтар.
|
Оқу-қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңберін құрады Дос болып біз жүрейік, Ойнайық та күлейік Достық деген тамаша Міне,тұрмыз жараса. Балалар бүгін ерекше күн,біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз. |
Шаттық шеңберге тұрады,қолдарын көтеріп қимылмен көрсетеді. |
|
Ұйымдастырушылық –ізденістік кезеңі |
-Балалар сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме? -қандай ойыншық түрлерін білесіңдер? Бил.компан: ойыншық-игрушка Қуыршақ-кукла Машина- көлік Ойыншықтардың темрден,ағаштан резеңкеден жасалатыны және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады.Қонаққа сиқыршы келеді -сәлеметсіздер ме,балалар! Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын.барасыңдар ма? Ендеше ,бәрің көздеріңді жұмыңдар. Алақай,малақай! Суф!Суф! Ал,енді көзімізді ашамыз. -шыныныда да қараңдаршы,біз көп ойыншықтар әлеміне тап болдық. 2-3 ойыншықтарды көрсету. -мынау не? Машина.Ол қандай ? машина жүргенде ың-ың-ың дыбысын шығарады екен. «Ң» дыбысын айтайық.қайталаймыз. Балалар басқа да ойыншықтарды сипаттайды. Сиқыршы: балалар,мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын,топқа барғанда ойнайсыңдар.ойыншықтарды ренжітпей ұқыпты ұстап ойнаңыздар. Олай болса көзімізді жұмып, тобымызға оралайық. Сиқыршы балалармен қоштасып шығып кетеді. Сергіту сәті. Құлыншағым,құндызым Құлдырайды,шабады Жылтыңдаған жұлдызым Құстай қанат қағады Үлестірмелі материалмен жұмыс Ойын шарты. Ойыншықтардың арасынан допты,қуыршақты,керікті табу. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау |
Иә! -қуыршақ,машина,қонжық,доп т.б. Қайталайды Сәлемдеседі. Иә!көздерін жұмады Көздерін ашадыойыншықтарды көреді Ойыншықтарды атап,сипаттайды Мынау машина.ол қатты,қызыл,әдемі Дыбысты қайталап шығарады. Қоштасады. Қимылмен келтіріп жаттығуды орындайды. Үлестірмелі матер.жұмыс жасайды. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
-Бүгін бізге қонаққа кім келді? -Қайда бардық? -Нені көрдік? -Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыздар? Сұрақ-жауап арқылы ойыншықтар жайлы білімдерін қорытындылап,балаларды мадақтайды |
Балалар сұрақтарға жауап береді. . |
Күтілетін нәтеже:
Орындайды: Әр ойыншыққа сипаттама беру және оларды ойыншықтардың арасынан табу тапсырмаларды.
Түсінеді:ойыншықтарды, ұқыпты.күтіп ұстау керектігін
Қолданады.дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің сүйікті анам»
Мақсаты: Сұрақ жауап арқылы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру.ойлау қабілетін дамыту.анасы туралы пікірін тиянақты,еркін жеткізе білуге талпыну.Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кіщшіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: әңгімелесу
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
Қажетті көрнекті құралдар: Қуыршақ,сандықша
|
Оқу-қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңберін құрады Дос болып біз жүрейік, Ойнайық та күлейік Достық деген тамаша Міне,тұрмыз жараса. |
Шаттық шеңберге тұрады,қолдарын көтеріп қимылмен көрсетеді. |
|
Ұйымдастырушылық –ізденістік кезеңі |
Ғажайып сәт: Сиқырлы қорапшадан қуыршақты шығарып, -балалар,қуыршағымыздың көңіл күйі жоқ,оған не болды екен? Қуыршаққа құлағын тосады. -Қуыршақ бізге бір жұмбақ жасырғысы келіп тұр. -Кәне,тыңдайықшы: Бала,бала,бала деп Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған. Ол кім? -Қуыршағымыздың көңіл күйі неге жоқ екен? -Ол анасын жоғалтып алыпты -Балалар,онда біз қуыршаққа көмектесейік,анасын іздеп табайық. -Көмектесеміз бе? -Ол үшін біз әрқайсымыз өз анамызды сипаттайық,сонда қуыршағымыз өз анасын тауып алады. - Зере сенің анаң қандай? (әр түрлі аналардың суретін көрсету) -Алақай!қуыршақтың анасы табылды! -Қараңдаршы қуыршағымыз қуанып жатыр. -Балалар,қуыршаққа анасын табуға көмектестік пе? Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Алақанды ұрайық Бір отырып,бір тұрып. Біз демалып алайық. Д/о: «Кімнің анасы екенін тап» Шарты. Киімдерінің түстеріне сәйкес аналарын тауып көрсету. |
Қорапшаға назар аударады. Сұрақтарға жауап береді Балалардың жауабы -бұл ана Иә Менің анам ақылды.әдемі Менің анам қамқоршы. Иә! Қайталап сәйкес қимыл жасайды Ана мен балаларын бір бірмен сәйкестендіреді. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
-Балалар,бүгін бізге кім қонаққа келді? -Біз оған қандай көмек көрсеттік? -Қуыршақтың көңіл күйі көтерілдіме? Балаларды мадақтау. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. . |
Күтілетін нәтеже:
Орындайды: Өз аналары туралыәңгімелей білуді.
Түсінеді:Сөздерді және дібістарды анық айтуды
Қолданады: сұрақтар бойынша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.
Білімберу саласы: Қатынас 15.10.18ж
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Шай қайнатуды үйренеміз
Мақсаты: Тағам шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, түрлерін атай білуге үйрету, ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру.Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар
Сөздік жұмыс: ыдыстар,аспаз,нан
|
Оқу қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Сәлемдесу: Білер қазақ баласы Сәлем-сөздің анасы Алдымыздан кезікке Көп танысты көреміз Бәріне сәлем береміз |
Сәлемдеседі. Бірінің жауаптарын бірі толықтырады. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Балалар, сендер тамақ ішкенді жақсы көресіңдер ме? Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме? -Шай ішкенде үстелдің үстіне не қояды? -Қазір біз сендермен шай жасап үйренеміз. Үстелде шай ішуге арналған ыдыстар:шәйнек,кесе, қантсауыт,қасық Балаларға жұмбақ жасыру: Кесе,шыны, пияла Оларсчыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейміз Бәрінің атын не дейміз? -мына қораптың ішінде не бар? Қораптағы шайды қасықпен көрсетеді. -Мына шәйнекке шайды саламыз Шәйнекке шайды салғаннан кейін үстіне қайнаған су құямыз. Шайды кесеге құямыз, оған керегінше сүт құйып,қант саламыз. -Балалар, оны бізге кім даярлайтынын білесіңдер ме? Мен сендерге Қ.Ыдырысовтың өлеңін оқып берейін. Біздің гүл бақшада Бар әсем асхана Бар онда аспаз Ақкөңіл жақсы апа Тұрады ортада Тәп-тәтті тағамы Апай-ас маманы Пісіре білгенге Астың жоқ жаманы -Иә, балалар,аспаз апай бізге шай даярлап береді екен. Аспаз келіп бүгінгі астың атын айтып кетеді Аспаз- ас даярлайтын апай. Сергіту сәті: Дастарханды жаямыз Ыдыстарды қоямыз Тағамдарды әкеліп, Дастарқанға қоямыз. Дид/ойын: «Орнын тап!» Әр затты бір-бірімен сәйкетендіру. |
Балалар дөңгелене отырады. Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, шешуге тырысады. Демонстрациялық материалдағы суреттер бойынша балалардың жауабы. Өлеңді мұқият тыңдйды. Бірге қайталап сәйкес қимыл жасады. Балалар орындайды. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Балалар,бүгін біз сендермен не жасап үйрендік? -мынау ыдыстар қалай аталады? -Шайдысалғаннан кейін қандай су құяды екен? |
Балалардың сурет бойынша жауабы. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Ыдыстарды дұрыс қолдана білуді
Түсінеді: Шай әзірлеудің ретін
Қолданады: Шай ішуге арналған ыдыстарының аттарын күнделікті өмірде
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Көмекшілер.
Мақсаты: а) Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге (ыдыс- аяқтар- қасық, шанышқы, кесе, тостаған т.б) үйрену.
ә) Сұрақ- жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру.
б) Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
в) Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:.10 демонстрациялық материал, 10 үлестірмелі материал (ыдыс- аяқ суреттері).
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: Ыдыс – аяқ, шанышқы, пышақ.
|
Оқу қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Ынталандыру Сезімдерін ояту |
Шаттық шеңбері. -Қайырлы таң, балалар! Бүгін күн қандай керемет! Кәне, барлығымыз бір- бірімізге жылы, көтеріңкі көңіл сыйлайық! Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз, Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. (Х. Талғаров). |
Балалар педагогпен бірге сәлемдесу рәсімін жасап, жылы тілектерін айтады. |
|
Ізденістер Ұйымдастыру |
«Көмекшілер» әңгімесін оқу Педагог балаларға «Көмекшілер» әңгімесін оқып береді. Оқыған әңгіме мазмұнын балаларға айтқызу. Демонстрациялық көрнекілікті қолдану. -Балалар, ас ішерде дастарқанды кім дайындайды? -Сендер қайтіп көмектесесіңдер? -Балалар, мына бала нені үстелге қоюды ұмытып кетті? -Сендер топтарыңда кезекшілік міндеттеріңді атқарасыңдар ма? -Қалай көмектесесіңдер? Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады. Өткір жүзді келеді, Өте қажет құрал ол. Тұтас затты бөледі, Ұсақтап та турар мол. (Пышақ) Сабы бар, Басы шатыр. Табысын өлшеп әкеп, Құдыққа тасып жатыр. (Қасық) -Қасық, шанышқы, кесе, тостаған- ыдыс- аяқтарға жатады. Билингвальды компонент: ыдыс- аяқ- посуда, қасық- ложка, шанышқы- вилка. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір, Гүл- гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз. 10 үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Заттың атын ата» дидактикалық ойын. Шарты: суреттегі ыдыс- аяқтардың атын атату. Жеке жұмысты қажет ететін балалармен аналарына көмектесуі туралы сұрақ- жауап әдісі арқылы әңгімелесу. |
Әңгімені мұқият тыңдайды. Әңгіменің мазмұнын айтады. -Анамыз, әкеміз. -Нанның ыдысын алып береміз, кеселерді әкеліп, үстел үстіне қоямыз. Педагогтің көмегімен жұмбақты шешеді. -Пышақ. -Қасық. Ыдыс- аяқ- посуда, қасық- ложка, шанышқы- вилка сөздерін қайталайды. Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды. Балалар суретін бейнеленген ыдыстардың аттарын атайды. |
|
Қортындылау |
Балалардың ыдыс-аяқтар туралы алған білімдерін сұрақ- жауап арқылы қорытындылайды. |
Балалар педагогтің сұрақтарына жауап береді. |
Күтілген нәтиже
Біледі: ыдыс- аяқтар аттарын қатыстырып, сөйлемдер құрастыру сияқты тапсырмаларды:
Игереді: ыдыстардың не үшін керектігін;
Қолданады: таныс шығармалардың мазмұнын әңгімелей білу іскерліктерін.
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация
Тақырыбы: «Жеңіл машина»
Мақсаты: көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру, дайын пішіндерден жеңіл машина құрастыруды үйрету.тілдерін дамыту, саусақ ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көлік түрлерімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, көліктің дайын пішіндері, машина рулі.
Сөздік жұмыс: көлік.
Билингвалдық құрал: көлік –транспорт
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – Қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз. |
Балалар бәрі бірге шеңбер жасап тұрады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
-Балалар, балабақшадан шығып серуендеуге қалай қарайсыңдар? Ойын жағдаяты: әр балаға машина рулін машинамен гаражға келеміз. Гаражда коп машина тұрады. Көлік түрлері: жеңіл көлік, жүк көлігі. (үлестірмелі материалға назар аударту). Бұл –жеңіл көлік. Сөздік жұмыс: көлік. Б/к: көлік –транспорт. -Машинаның кабинасы, рулі және дөңгелегі болады. Біз дайын пішіндерден жеңіл көлікті жасап көрейік. Алдымен машинаның кабинасын аламыз,оған дөңгелекткрді жалғаймыз, терезесін жапсырамыз, ол сары түсті болады.-Біздің машинамыз дайын болды. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. |
Балалар қолдарына рульді ұстап, машинамен жүргендей қимыл жасайды. Балалар көлік түрлерін атайды Қайталайды: көлік. Балалар берілген пішіндерден машина құрап шығарады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
-Балалар,сендерге машинамен қыдырған ұнадыма? -Машинаның несі бар? |
-Ұнады. -Машинаның кабинасы, кузовы, рулі және дөңгелектері бар. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: дайын пішіндерден жеңіл көлік жасайды.
Түсінеді: көлік түрлерін ажырата алады.
Қолданыды: дайын пішіндерді ретімен жинайды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген