400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі Дене шынықтыру Ересек топ Тақырыбы: «Хайуанаттар бағына саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды дене жаттығуларына үйретуді жалғастыру. Өрмелеу, тартылу жаттығуларын орындауға үйрету. Қимылды орындай білуге дағдысын дамыту. Балаларды дене тәрбиесіне деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Білім беру бөлімі: Дене шынықтыру

Топ: Ересек

Тақырыбы: «Хайуанаттар бағына саяхат» Мақсаты: Балаларды дене жаттығуларына үйретуді жалғастыру. Өрмелеу, тартылу жаттығуларын орындауға үйрету. Қимылды орындай білуге дағдысын дамыту. Балаларды дене тәрбиесіне деген қызығушылығын тәрбиелеу. Тапсырмалар: Жүру және жүгіру жаттығулары, лақтыру және допты екі қолмен қағып алу жаттығуларын орындау. Орындықта ішпен жатып сырғанау, жаңа кешенді көркем гимнастика жаттығуларын бекіту, балалардың жануарлар туралы білімдерін нақтылау және қорытындылау. Есту және көру қабілеттерін үйлестіре дамыту, сөйлеу мен қимылдардың,шығармашылық қиялдарын,белсенділікке тәрбиелеу,қызығушылықтарын және өзін-өзі ұйымдастыру мен өзара көмектесуге тәрбиелеу,дағды қалыптыастыру. Құрал-жабдықтар: 2 гимнастикалық орындық, құрсаулар, доптар, себет, арқан.

Оқу қызметінің барысы:

Балаларды бір қатардан тұрғызу.

  • Иық түзетіледі, іш тартылады, қолдарын жанында ұстау.

  • Топ-тоқта!,еркін тұр,түзу тұру,оңға бұрыл,солға бұрыл. Топ екі топқа бөлін.

  • Бірінші қатар басшысы Айару, екінші қатар басшысы, Елнұр.

Бірінші қатар қолдарын көтерсін. Екінші қатар қолдарын көтерсін. Бүгінгі дене шынықтыру оқу қызметінде мен сендерге жұмбақ жасырамын,егер сендер жауабын тапсаңдар бүгін қай жерге саяхаттап баратынымызды білетін боласындар.(жануарлар туралы жұмбақ)

  • Төбесiнде қу бұтақ,

Алар екен кiм бұтап.  (Бұғы)


  • Мүйiзiнен таралған,

Жанға шипа дәрi алған. (Марал)


  • Жез бейнелi өзi,

Кең дала еркесi,

Мөп-мөлдiр көзi.  (Киiк)


  • Айбарлы сұсы бар,

Қанжардай тiсi бар.

Тұла бойында

Тасыған күшi бар,

Күжiрейген жалды,

Бiлсең айт бұл аңды?  (Арыстан)


  • Түлкi ұқсас тұрқы,

Бiр тоймайтын құлқы,

Андитыны тастан,

Құс пен тышқан.  (Қабылан)


  • Мойыны тұтасқан,

Аузы апан.

Жоны жалпақ,

Бұты талтақ.   (Бегемот)


  • Тiк жардай түстi,

Шұбатылған

Тұмсығы күштi.

Таситын жүктi,

Бұл қандай мықты?  (Пiл)


- Балалар бұл жануарлардың барлығын қай жерде кездестіруге болады ? Жарайсыңдар! Міне,бүгін біз хайуанаттар аттанатын боламыз. Енді топ назар аударамыз! Топ түзел,тік тұр! Оңға бұрыл. (бір,екі,бір,екі). Біз хайуанттар бағына аттанамыз. Алға қадам бас! Музыканың сүйемелдеуімен жүруге арналаған түрлі әуендер естіледі. (жүру ұзақтығы екі мин. )

Тәрбиеші балалардың дене қалыпын ұстауын бақылайды, арқа түзу ұстай, басты көтеру, алдымызда келе жатқан баланың басының артқы жағына қарау, ара-қашықтық сақтау тапсырмасы орындалады.

Аяқтың ұшымен жүру. Қане балалар хайуанттар бағының қаншалықты алыс екендігін білейік. Қол белде,аяқтың ұшымен жүру. Арқасын тік ұстау, басымызды көтеріп жүру. Ара - қашықтық сақтау тапсырмасы орындалады.

Өкшемен жүру. Балалар жаңбыр жауып кетті, аяқтарымызды су болып қалмас үшін аяқтың өкшесімен жүру. Арқасын тік ұстау, басты көтеріп жүру. Ара - қашықтық сақтау тапсырмасы орындалады.

Түзу сызықтың бойымен жүру. Аяқтың ұшына екінші аяқтың өкшесін тигізіп,түзу сызықтың үстімен жүру. Арқасын тік ұстап, басты көтеріп жүру. Ара - қашықтық сақтау тапсырмасы орындалады.

Орманда алдымыздан аю шықты, бізді байқамас үшін ақырын жартылай отырып жүру. Арқасын тік ұстап, басымызды көтеріп жүру. Ара - қашықтық сақтау тапсырмасы орындалады.

Шеңбермен жүгіру,қадамдық шеру.

Тыныс алу жаттыулары орындалады.

- Бір қатардан төрт қатарға тұрамыз. Балалар біз сендермен жаттығулар орындап хайуанттар бағына келіп жеттік.

Балалар 1- қатардан 2 екі қатарға ара-қашықтық сақтап тұрғызылады.

Жалпы дамыту жаттығулар кешені орындалады.

Хайуанаттар аэробикасы.

  1. Б.қ. тік тұру. Қол белде. Аяқтың ұшына екінші аяқтың өкшесін тигізіп,түзу сызықтың үстімен жүру.

  2. Б.қ. тік тұру. «Аю арқасын ағашқа сүйкеп жатыр» қолымызды түсіріп,жаттығу орындаймыз.

Б.қ. тік тұру. Оң және сол иықтарымызды кезек-кезек көтереміз,түсіреміз. Екі иығымызды бірге көтеріп,түсіреміз. (4 рет)

  1. Б.қ. тік тұру. «Маймыл ағаштан бананды алып жатыр» Оң қолымыз белде,сол қолымызды көтереміз,оңға қарай бір рет иілеміз , сол қолымыз белде,оң қолымызды көтереміз,солға қарай бір рет иілеміз.

  2. Б.қ. тік тұру. «Орманда қоян бір орыннан екінші орынға секіруде» Екі аяғымызды біріктіріп,солға және оңға кезек-кезек секіру.

Балалар хайуанаттар бағын аралап жүріп,маймылдар торына келеді. Негізгі жаттығуларды орындайтын кез келді.

Негізгі жаттығулар кешені орындалады.

  1. «Маймыл ағашқа өрмелеуде» гимнастикалық орындыққа жатып, қолды алға созып тартылу.

  2. «Маймыл кокосты қағып алды» Допты лақтыру және қағып алу жаттығуы.

  3. «Маймыл тепе-теңдік ұстауда» Жердегі жіптің үстімен тепе-теңдік сақтай отырып өту.

  • Жаттығуды орындап болған соң балалар сапқа тұрады.

Жаттығуға қажет заттарды орналастырамыз. (2 скамейка,доптар салынған себет, 4 обруч,)

Тапсырма: Скамейкаға жатып,қолымызбен өз-өзімізді тартып өрмелейміз, жердегі құрсаудан секіріп өтіп, допты корзинаға саламыз, кері қайтар кезде жердегі жіптің үстімен тепе-теңдік сақтай отырып өтеміз. (Тәрбиеші жаттығулардың дұрыс,сапалы орындалғанын қадағалап тұрады)

-Қане,балалар барлық жаттығуға қажет заттарды орындарына қоямыз.Сапқа тұрамыз.

«Паравоз» қимылды ойын. 3-4 рет қайталанады.

Тыныс алу жаттығулары. 1. Қолдарымызды көтере отырып терең тыныс алып, демімізді шығарған кезде ку-ку-ре-ку деп әрбір дыбысты шығарар кезде қолымызды сермейміз. 2. Қолдарымызды көтере отырып терең тыныс алып, демімізді шығарған кезде га-га-га-га деп әрбір дыбысты шығарар кезде қолымызды сермейміз.

Шеңбер бойымен жүреміз.тыныс алу жаттығулары.

-Біздің хайуанаттар бағына саяхатымыз аяқталды. Бүгін сендер өте ақылды, жылдам,шыдамды болдыңдар. Жарайсыңдар, балалар! Енді, біздің топқа оралар кезіміз келді. Барлығымыз саппен ара-қашықтық сақтай отырып топқа ораламыз.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
3681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі