жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу қызметі. Ертегілер еліне саяхат
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»
Бөлімдер: «Қарапайым математика», «Көркем әдебиет», «Жапсыру»
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйретуді жалғастыру. Балалардың қойылған сұрақтарғадұрыс жауап беріп сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын артыру. Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Саяхаттау,сұрақ-жауап, сергіту сәті, жапсыру,қорытынды.
Қостілділік компонет:ертегі-сказка,шалқан-репка,бауырсақ-колобок,үйшік-домик.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің суреттері, үйшік, ағаш, себет, үй жануарларының суреттері, ақ қағаз, түрлі –түсті геометриялық пішіндер, желім.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер. Балалар бүгін бізде өзгеше сабақ, бізге көптеген қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтарымызбен амандасып алайық. Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Good morning! Қайырлы таң ұстазым, Қайырлы таң достарым. Шеңберге тұрайық, Жылулық силайық. 3-тілде шаттық шеңберін орындаймыз. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілі неше айдан тұрады? Атап айтайықшы балалар көктем айларын? Көктем мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады? Дұрыс жарайсыңдар балалар? Көктем мезгілі жайлы тақпақтарын айтқызу. |
Балалар үш тілде амандасады Балалар шаттық шеңбер жасайды. Бір-біріне қуанады, Құшақтасады Көктем мезгілі 3 айдан Наурыз,сәуір,мамыр Ауа райы жылы болады,жауын жауады,ағаштар бүршік жарады,құстар ұшып келеді. |
|
Ұйымдастыру іздестіру
|
Балалар бүгін таңертең біздің тобымыздың есігіне біреу мына хатты қыстырып кетіпті. Мен сол хатты сендерге оқып берейін. Сендер мұхият тыңдаңдар. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен бауырсақ ертегісіндегі әжеймін. Мен бауырсағымды суысын деп терезеге қойсам ол қашып кетіпті,қайдан табарымды білмеймін. Бауырсақты табуға көмектесіңдерші». Балалар әжейге көмектесеміз ба? Балалар біз енді бауырсақты қайдан іздейміз? Дұрыс айтасыңдар! Олай болса, біз пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барайық. Балалар пойызбен жүреді. Балалар біз ертегілер еліне де келіп жеттік. Тақтада шалқанның суреті ілініп тұрады. Балалар бұл қай ертегінің суреті? Біз ертегілер еліндегі «Шалқан»ертегісіне келдік? Бұл жерде бізге тапсырма беріліпті.біз суреттерді рет-ретімен орналастыруымыз керек. Шалқан ертегісін есімізге түсірейікші. - Балалар шалқанды кім екті? - Ата көмекке кімді шақырды? - Әже кімді шақырды? - Немере қызы нені шақырды? - Күшік нені шақырды? - Мысық нені шақырды? Сөйтіп барлығы жабылып жүріп шалқанды тартып алды. Балалар сендер мұнда бауырсақты көріп тұрсыңдар ма? Олай болса саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Екінші «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісіне келдік. Алдымыздан ешкі шығады. Ешкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мұнда қайдан жүрсіңдер? Ешкі сен бауырсақты көрген жоқсың ба? Ешкі: Сендер маған айтыңдаршы мен қандай ертегіденмін? Ия, дұрыс айтасыңдар! Мен сендерге көмектесейін, бірақ сендер Менің сұрақтарыма жауап беріп, жұмбақтарымды шешсеңдер мен сендерге жол көрсетемін. Жұмбақтар. Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.
Кезекті бір жануар Үстінде екі тауы ба
Көзін жұмады, Көзін ашады. Сыбысын білдірмей, Ақырын басады.
Адамға серік, Күзетке берік. Ешкі:Жарайсыңдар балалар! Сендер менің жұмбағымның барлығын таптыңдар, бірақ сендер ұзақ жолдан шаршап қалған сияқтысыңдар кәне менімен бірге ойнап сергіп алыңдар. Сергіту сәті Қасқыр қақты қақпаны, Ашыңдар тез!-айтқаны. Сол-ақ екен лақтар, Титтей-титтей шұнақтар, Жан-жағына жүгірді, Жасырынып үлгерді. Үшінші «Үйшік» ертегісіне келдік. Балалар біз қандай ертегі еліне келіп жеттік? Дұрыс
айтасыңдар! Мұнда жылап отырған не? Аю: сендер мұнда қайдан жүрсіңдер? А, бауырсақты ізеп жүрсіңдер ме, мен оның қайда екенін білемін. Маған үйшік жасауға көмектессеңдер мен сендерге бауырсақты тауып әкеліп беремін. Балалар аюға геометриялық пішіндерді пайдаланып,үйшік жапсырып берейік.Дайын пішіндерді таратып,балаларға үйшік жапсырып үлгі көрсету. Саусақ жаттығуы. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар. Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек. Балалар біз желімді пайдаланғанда мұқият боламыз.Желімді ауызымызға салмаймыз,киімімізге жақпаймыз,ұқыпты боламыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізіп,қиналған балаларға көмектесу. Аю балалардың жапсырған үйшігін көріп,қуанып,алғысын айтып бауырсақты әкеліп береді. Қостілдік компонент: ертегі-сказка,шалқан-репка,бауырсақ-колобок,үйшік-домик. Бауырсақ: балалар мені құтқарғандарыңа рахмет. Мен енді, ешқашан да атадан да, әжеден, де қашпаймын. Балалар олай болса біз пойызға отырып, өз тобымызға барып,әжейге бауырсағын апарып берейік. Әжей бауырсақты тауып әкеліп бергендері үшін балаларға алғысын білдіріп,оларға тәттілер сыйға таратады. |
иә ертегілерден
Шалқанның. Шалқан ертегісінің.
Ата. Ата, атаның суретін апарып тақтадағы қағазға жапсырады.. Әжені Немере қызын Күшігін Мысықты Тышқанды Жоқ
Біз бауырсақты іздеп жүрміз.
«Қасқыр мен жеті лақ»
Қой
Қой
Түйе
Мысық
Ит
Сергіту сәтін қимыл, қозғалыстармен орындайды
Үйшік Аю
Бауырсақты іздеп жүрміз
Саусақ жаттығуын орындайды
Балалар аюға үйін жапсырып береді.
Қайталап айтады |
|
Рефлексивті - түзетушілік
|
Балалар бүгін біз қайда саяхатқа бардық? - Бірінші қандай ертегіге елінде болдық? - Сосын нені кездестірдік? - Ешкі қандай ертегідегі кейіпкер? |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген