400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Мен және менің десаулығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып спорттық жаттығуларды жасауға дағдыландыру. Спорттық жаттығу орындауға қызығушылықтарын арттыру. Гимнастикалық орындық үстімен қос аяқпен секіруді үйрету. Достыққа, ұймышылдыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Талас ауданы қаратау қаласы әкімі аппаратының

«Бәйтерек» бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны














«Мен және менің денсаулығым»

Ашық оқу кызметі




Дене тәрбие нұсқаушысы: Г.С.Андосова


























Қаратау қаласы

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Коммуникация», «Шағармашылық»

Бөлім: Дене шынықтыру, сойлеуді дамыту, музыка

Тақырыбы: «Мен және менің денсаулығым»

Мақсаты:

Білімділік:Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып спорттық жаттығуларды жасауға дағдыландыру.

Дамытушылық: Спорттық жаттығу орындауға қызығушылықтарын арттыру.

Гимнастикалық орындық үстімен қос аяқпен секіруді үйрету.

Тәрбиелік: Достыққа, ұймышылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Әр балаға бір-бір шығыршық, гимнастикалық орындық, слайд.

Әдіс тәсілдер: Слайдттан суреттер көрсете отырып түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тақпақ, мақал-мәтелдер, мадақтау.

Полибилингвизм: спортшы- спортсмен-sportsman

денсаулық-здоровье-health

Жеке жұмыс: Дарынмен жұмыс

Оқұ қызметінің кезендері

Дене тәрбие нұсқаушының әрекеті

Балалардың әрекеті

Кіріспе бөлім

Сәлемдесу.


Шаттық шеңбер:

Біз бақытты баламыз,

Шыныға да аламыз.

Сәулетті елдің көгінде,

Шамшырақ болып жанамыз.

Балалар сапқа тұрады.

Сәлеметсізбе, здраствуйте,

hello

Балалар өлең шумағын қайталап, қимыл-қозғалыспен шаттық шеңбер жасайды.

Негізгі бөлім


Бүгінгі біздің оқу қызметтін тақырыбы «Мен және менің денсаулығым»

  • Балалар сендер қалай ойлайсындар адамдар үшін бұл өмірде ең бастысы не қажет?

  • Дұрыс айтасындар, олай болса көгілді экранға назар аударайық.

  • Егерде денің сау болсын десеңдер не істеу керек?




-Жарайсындар балалар! Балалар сендер денсаулық жайлы тақпақ білесіңде ме?














Ендеше балалар, дене қыздыру жаттығуларын орындайық.

Сап түзел! Тік тұр! Солға бұрыл! Шеңбер бойымен жүру, аяқтың үшымен жүру. Қолды әртүрлі қалыпта ұстау, алға қарай еңкейіп, қолды тізеге тіреп жүру, оң және сол аяқпен алға қарай жылжып секіру, еркін жүріспен жүріп тыныс алуды қалыптастыру.

«Шарды үрлеу»

Үш қатарға тұрғызу.

Жан-жақты дамыту жаттығуларын шығыршықпен орындау.

1. Құрсауды бастан жоғары көтеру иыққа тұсіру.

2. Құрсауды екі қолмен алға қарай созып оңға және солға айландыру.

3. Құрсауды жоғары көтеріп ұстап, оңға, солға иілу.

4. Құрсауды бір шетінен ұстап тұрып, тізені жартылай бүгіп отырып тұру.

5. Құрсаудың бір шетін еденге тіреп, екінші жағын екі қолмен ұстап тұрып, екі аяқты алма кезек оңға, солға қарай созу.

6. Құрсауды жерге қойып, ішінде тұрып бір орында секіру, жүрумен алмастыру.

Тыныс алуды қалыптастыру:

«Гүлдердің иісі»

Қызықтыру сәті:

Спортшы қонаққа келеді, балалармен сәлемдеседі, тапсырма алып келеді.

Негізгі бөлім:

Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүруді, еденде жатқан шығыршықтың ішінен қос аяқпен секіріп шығуды үйрету.

Дидактикалық ойын:

«Спорт түрлерін дүрыс ата»

Шарты: Спорт түрлерінің атауларын дұрыс атау керек (штанга, бокс, тенис, футбол, волейбол)

-Жарайсындар, балалар!

Балалар, сендер денсаулық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?








Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп бірінші топқа сары лента, ал екінші топқа қызыл лента беріледі.Бөлменің екі шетіне бір-бір белгі қойылады.Біреуне сары, ал екіншісіне қызыл лента байланады.


Балалар музыка әуенімен шашырап жүгіреді. Музыка тоқтағанда әр бала өз лентасына жүгіріп бару керек.

«Спортшы» балаларға өз алғысын айтып қоштасып кетеді.






-Денсаулық



Ерте түру керек, шынығу керек, күнде жаттығу жасау керек, дұрыс тамақтану керек, таза ауада көп серуендеу керек.

Ерасыл:

Денсаулық ол-шыныққан

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол-шыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Арайлым:

Денсаулық ол-күлуін,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық ол-жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.







Балалар нұсқаушының нұсқауы бойынша жаттығуларды жасайды.







Балалар тапсырманы 5-6 рет қайталап жасайды

















Балалар келген қонаққа қызығушылығын танытады.






-штанга, бокс, тенис, футбол, волейбол





1. Шынақсаң шымыр боласын.

2. Денсаулық зор байлық

3. Денсаулық ұрпақ-ел болашағы.





Балалар қызығып ойнайды.

Қорыту

Өлең шумақтар арқылы қорытындылау

Үлкен-кіші, жасымыз да кәрімізде,

Дендерің сау болсын қонақтарым.

Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде!

Сау болыңдар, балалар!

Балалар өлең шумақтарын қайталайды



Күтілетін нәтижелер:

Орындайды: Денсаулық туралы ұғымды, адамға денсаулықтың қажеттілігін біледі

Түсінеді: Жан-жақты жаттығулардың адам өміріне пайдасын, өз еріктерімен

жаттығуларды орындауды.

Қолданады: Спорттық құралдарын дұрыс пайдалану.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі