Ашық оқу қызметі Тақырыбы: Қыс кереметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі Тақырыбы: Қыс кереметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қысқы қызықтар туралы білімдерін пысықтау. Сурет бойынша шағын әңгіме құрауға үйрету.Қыс қызығына деген қызығушылықтарын оята білуге және бір-біріне мейірімділікпен қарай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Асанова Жамиткуль Бердалиевна

Мекен жайы:Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылы КМҚК «Ертөстік»бөбекжай – бақшасы» тәрбиеші

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет,Қоршаған орта, Шығармашылық

Тақырыбы:«Қыс кереметі»

Мақсаты: Балалардың қысқы қызықтар туралы білімдерін  пысықтау.
Сурет бойынша шағын әңгіме құрауға үйрету.Қыс қызығына деген қызығушылықтарын оята білуге және бір-біріне мейірімділікпен қарай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:Бейнеэкран,қыс мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген суреттер, дидактикалық ойындар, ойынға қажетті құрал, қар кесегі, парақтар, ақ бояу,мақта таяқшалар,сулы шуберектер, т.б.

 Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,әңгімелеу,ойын,сұрақ-жауап,сергіту жаттығулары,т.б.

 Билингвальді компонент:Қыс – зима-,қар – снег,мұз - лед

 ҰОҚ барысы:

(слайд бетшелері кезегімен ашылып тұрады)

Шаттық шеңбері:

 Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Қайырлы таң, қайырлы күн!

 

Негізгі бөлім:

Жұмбақ

 Шанамен зырғып желетін,

Коньки,шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Бұл қаймезгілі?-деп ойлайсыңдар.

Қыс мезгілі.

Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Қар жауады.Аяз,боран соғады.

Ендеше,боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз?

(қолдарын көтеріп гуілдейді)

Қатты аязда,тоңғанда не істейміз?

(қолдарын қусырып,аяқтарын топырлатады)

Ал,шуағын шашып күн шыққанда не істейсіңдер?

(Алақай!деп қолдарын көтереді)


Қыста қандай киімдер киеміз?

Жылы киінеміз.( бас киім,куртеше,етік,қолғап)

Жарайсыңдар!

Қыс айларын атап өтейік.

Қыс мезгілінде үш ай бар: Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан

Қыста қардан не жасауға болады?

Балалар қандай ойын ойнайды?

Балалар не тебеді?

Билингвальды компонент:

Қыс – зима-,қар – снег-,мұз – лед,аққала - снеговик

Суретпен жұмыс:

Балалар,қысмезгілі бізде үш ай қонақта болады. Бәріміз бейне экранға қарап,сурет бойынша әңгіме құрайық

Балалар суреттерді әңгімелеп береді,ондағы балаларға есімдер қойып,іс-әрекеттерін айтады.

Дидактикалық ойын «Сыңарын тап»

Ғажайып сәт:

(Музыкамен ішке қоян кіреді)

-Сәлеметсіздерме балалар!Сендер мені білесіңдер ме?Мен,қысқы орманнан қысқа азық жинап жүр едім. Достарым ойнап жүріп құйрықтарын шатастырып алыпты мен сендерден көмек сұрап келдім ,сендер менің достарыма көмектесесіңдер ме?

-Ия, көмектесеміз

Дидактикалық ойын «Құйрығын тап».

Тәрбиеші:

Балалар,қоянға көмек көрсетейік. Аңдардың құйрықтарын тауып берейік.

Балалар аңдардың құйрығын тауып береді

 Сергіту сәті «Сұр қоян»

Шығармашылық жұмыс

Дәстүрден тыс жұмыс

Ақшақарлардың суретін мақта таяқшалары арқылы ,ақ бояуға батырып салады. Балаларды мадақтау.

Қоян:Балалар келіңдер,менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Балалар екі топқа бөлініп «Қар лақтыру» ойынын  ойнайды.

 «Қар лақтыру» ойыны.

Шарты:Балалар екі топқа бөлініп, қағаздан жасалған қарларды бір - біріне лақтырып  ойнайды.

Қоян:

Балалар,жарайсыңдар!Өте жақсы ойнайды екенсіңдер.Маған қатты ұнады.Маған қайтатын уақыт болды.Ендеше мен орманға қайтайын, маған көмектескендеріне көп рақмет,мен сендермен қоштасамын.

Қош ,сау болыңыздар!

-Сау бол,Қоян.

 

Қорытынды

Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Қыс мезгілінде қаншай ай бар екен?Қандай? Бізге қонаққа кім келді? Шығармашылық орталығында не салдық? Немен?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2021
907
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі