жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу қызметі "Үй жануарлары"
Білім беру саласы:Қатынас,таным,шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет :Тіл дамыту,Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,Құрастыру.
Тақырып: Үй жануарлары.
Мақсаты: Үй жануарлары туралы біледі,олардың қасиеті жайлы түсініктерін айтады.Есте сақтау қабілеттері дамиды,сөздік қорлары молаяды. Жұмбақтарды шешіп,тақпақтар айтады.Көркем шығармаға деген қызығушылығын артады.Төрт түлік малды сүйіп, күте біледі.
|
Іс –әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Баланың іс - әрекеті |
|
Жылулық шеңбер Сұрақ-жауап: Тақтамен жұмыс: Сергіту сәті:
Құрастыру: Жалпы сұра Рефлексия: |
Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып. Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге. Тәрбиенің басы ғой! Ал, қанеки,бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. Жұмбақ жасыру: Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар.
Екі айнасы бар, Екі найзасы бар. Екі жылтырмағы бар, Бір шыпыртқысы бар. Басында екі таяғы Сидаңдаған аяғы. Құйрығы келте, тынымсыз Иегінде бар сақалы . -Бұл жұмбақтың жауабын бір сөзбен қалай айтамыз? -Өте дұрыс балалар, жарайсыңдар. - Жануарлар нешеut бөлінеді. -Неліктен үй жануары дейміз? -Неліктен жабайы жануары дейміз? -Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз «Үй жануарлары» туралы болмақ.Үй жануарларын қане атап айтайықшы. -Үй жануарларының пайдасына жеке-жеке тоқталайықшы. Түйе қандай жануар? Жылқы қандай жануар? Сиыр қандай жануар? Қой қандай жануар? Ешкі қандай жануар?
Тіктеп титтей
құлағың -Балалар бізге қонақтар келген сияқты. -Міне өздері де келді! -Бұлар кімдер? - Балалар ешкі сендерден көмек сұрай келіпті,көмектесеміз ба балалар? -Қасқырдың бізге тапсырмасы бар екен соны орындасақ ол ешкінің лақтарын қайтарады екен, тапсырмасын орындаймыз ба? -Бірінші тапсырмасы үй жануарлары туралы жаттаулар айту? Аягөз: Кіп-кішкентай момақан, Қошақанды ұнатам. Сүйеді апам қозым деп, Қошақаным қозым деп. Сезім: Ақ бұзауым ұнайды, Мө-мө деп сүт сұрайды. Келеді өсіп күн сайын, Тұмсығын созып қарайды. Нұрлыбек: Құлыншағым құндызым, Құлдырыйды шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады. Айару: Шөре-шөре лағым, Тентек болма шырағым. Секектемей деміңді ал, Селтеңдемей құлағың. Мүслім: Айналайын ботам, Қандай күлте жотаң. Табандарың жалпақ, Теріп жейсің жантақ. Рамазан: Қой сүйеді баласын қоңырым деп, Ештеңені білмейтін момыным деп. Қанағат: Сиыр сүйеді баласын торпағым деп. Қараңғыда баспаған қорқағым деп. Лазым: Түйе сүйер баласын боташым деп, Жаудыраған көзіңнен тотайым деп. Алинұр: ешкі сүйеді баласы лағым деп. Тастан тасқа секірген шұнағым деп. Ерке: Жылқы сүйеді баласын құлыным деп. Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп. -Екінші тапсырмасы: Д\О: «Дәмін тат» Ыдыста қаймақ,айран,сүт болады,балалар оның дәмін көріп не ененін айтады. -Үшінші тапсырма: Ешкі мен лақты ұнтағымен құрастырады.
-Төрт түлік қалай дауыстайды? -Төрт түлікті қалай шақырады? -Төлдерді орыс тілінде қалай айтамыз? -Төрт түлікті орыс тілінде қалай айтамыз? -Төрт түліктің төлін атаңдар? -Төрт түліктің иелерін ата?
-Төрт түліктің
белгісін ата? |



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген