Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі,эссе,ертеңгіліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған матералдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Жаратылыстану.

Мақсаты:Отан,туған өлке туралы түсініктерін нығайту.Туған жерге деген

сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. «Отан», «Мәңгілік ел» сөздерінің құндылықтарын түсіндіру.Туған жерін,елін сүюге,табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Отан-Родина,өлке-край,теңіз-море,аққу-лебедь.

Тәрбиеші балаларды бастап шығып, «Алға,Қазақстан» әнімен маршпен келіп

флешмоб жасайды.

-Күнімді сүйем,сәулелі шуағы үшін,

-Жерімді сүйем,бау-бағы,топырағы үшін.

-Елімді сүйем достығы жарасқаны үшін

Теңізді сүйем,шипалы суы үшін.

Отаным-Қазақстан,

Мәңгілік ел-Қазақстан!

Тәрбиеші: Балалар,сендер –Мәңгілік ел болашағысыңдар! Ендеше,мәңгілік ел дегеніміз не?

Бекзат: Мәңгілік ел-болашақ қазақ елі.

Нуриман-Мәңгілік ел мына біздер.

Санжар-Дұрыс айтасың,біз өсеміз,оқимыз,еңбектенеміз.

Амина: Біздің балаларымызда осылай істейді.

Мадина: Иә,сонда Қазақ елі өсе береді,дами береді,әлемдегі керемет ел болады.

Айша: Иә,иә,Мәңгілік елге айналады.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Елбасымыз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,ендеше,Н.Ә.Назарбаевтың Мәңгілік ел туралы не айтқанын тыңдайық!

(Экраннан бейнетаспа көрсетіледі)

Тәрбиеші:Балалар,сендер бүгінгі Отанымыз-Қазақстан туралы білесіңдер ғой,

солай ма? Олай болса,мен сендерді ойнатып алғым келіп тұр.

Дидактикалық ойын: «Қазақстан қалаларын ата.»

Ойын шарты:Балалар экраннан көрсетілген қаланы атау керек.

Балалар жауабы: Астана,Алматы,Ақтау,Форт-Шевченко.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал біз қай жерде тұрамыз?

Балалар: Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы.

Тәрбиеші: Өте жақсы,дұрыс айтасыңдар.

(Экраннан бейнетаспа көрсетіледі)

Тәрбиеші:Балалар,біздің теңіз қандай әдемі! Біздің теңізіміз қалай аталады?

Бала жауабы: Каспий теңізі деп аталады.

Тәрбиеші: Ал теңіз сөзін орысша айтамыз, теңіз-море.

Теңізде көптеген балықтар тіршілік етеді.Балық адам денсаулығына пайдалы.Оның құрамында көптеген дәрумендер бар.

Балалар балық туралы не білесіңдер?

Балалардың жауабы: балықты адамдар аулайды,еті дәмді болады,

Балықтың басы,құйрығы,қабыршағы болады,суда тіршілік етеді,сусыз өмір сүре алмайды.

«Көзге жаттығу»(денсаулық сақтау технологиясы бойынша)

Тәрбиеші:Каспий жағалауында құстарда мекендейді: шағала-чайка,

Аққу-лебедь,қоқиқаз-фламинго.Құстар туралы мақалдар білемізбе?

Балалар жауабы: Құсқа тас лақтырма.

-Құс ұясын бұзба.

-Аққуды атпа,досыңды сатпа.

-Ит тамағы үшін жүгіреді,құс тамағы үшін ұшады.

-Шағала келмей жаз болмас.

Тәрбиеші:Теңіз суы адамның сүйегіне де,терісінеде өте пайдалы.Жағадағы

балшығы,шиыршық тастары,құмы да пайдалы,теңізге түсіп,күнге

қыздырынсаңдар,денсаулықтарың мықты,шымыр болып өсесіңдер.

«Теңіз тастары» табанға жаттығуы.(Денсаулық сақтау технологиясы бойынша)

Балалар бір-бірінің артынан саппен жүріп,тас қиыршықтарынан өтеді.

Табандағы белсенді нүктелерге массаж ретінде.

Балалардың тақпақтары:

1.Маңғыстау түбек мөлдір бұлақ

Қарт Каспийдің жағасы

Айналасы таулы қырат

Фор-Шевченко қаласы.

2.Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен

Мәңгілік болсын егіздер

Жер-ана,көл,теңіздер.

3.Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің,Қазақстан!

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің,Қазақстан!

Тәрбиеші: Мәңгілік ел болу үшін сендер қандай болуларың керек?

Балалардың жауабы:

-Ата-анамызды құрметтеу керек.

-Тәртіпті болу керекпіз.

-Жақсы оқуымыз керек.

Балаларды мадақтау.

Ән «Туған өлкем»







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
266
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12