жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу қызметтері
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
Сабақ жоспарлар
Тәрбиеші: Аманова.Н
2017-2018 жыл
Білімберу саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Топпен таныстыру
Мақсаты: Балаларды балабақша өмірімен. Топ бөлмесімен таныстыру ондағы жихаз атауларын атауға және олардың қызметін сипаттап беруге үйрету.Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп диалогтік сөйлеуге дағдыландыру.
Көрнекілік: үлестірмелі құралдар. Балабақша өмірінен суреттер.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып шаттық шеңберін орындау Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз |
Балалар тәрбиешімен амандасады. Жылы тілектерін білдіріп сәлемдеседі. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Балалар сендер таңертең ұйқыдан тұрып қайда келдіңдер? -Сендерге балабақша ұнай ма? Тәрбиеші топ бөлмесімен таныстырады. Мынау балалар біздің тобымыз. Тобымыз жарық әрі кең. Топта сендерге арналған көп ойышықтар бар екен. -Мынау не балалар? -оған не саламыз? Ал мынау не? -Қандай ойыншық түрлерін көріп тұрсындар? -Ал мынау не? -кереует бізге не үшін қажет? -мынау не? -ол бізге не үшін қажет? Тәрбиеші балаларды топтағы қажетті заттармен таныстырып олардың өзіндік ерекшеліктерін айтады. Дидактикалық ойын: Нені қайда қоямыз Сергіту сәті: Қане қанат жазайық Қарлығаш болып ұшайық. Ұшып-ұшып алайық Орнымызға қонайық |
-балабақшаға -ия -балалар тыңдайды -шкаф -киімімізді -ойыншық шкафы -қуыршақ машина құрастырғыш -кереует -ұйықтау үшін -қол жуғыш -беті қолымызды жуамыз. -балалар сұрақтарға жауап беріп ойын ойнайды. -балалар сергіту сәтін орындайды. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Суреттер көрсете отырып сұрақ жауап арқылы оқу іс әрекетті қорытындылау. |
Балалар бөлмедегі заттардың атын атайды. Олардың не үшін қажет екенін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Топтағы заттардың атын атайды.
Түсінеді: заттарды ұқыпты таза ұстау керектігін.
Қолданады: Сұрақ жауап арқылы диалогті сөйлеуді үйренеді
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Сыпайылық сабақтары»
Көрнекілік: суреттер
Сөздік жұмыс: Әдептілік сыпайылық
|
Оқу іс әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңбер бойына тұрып тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын орындайды. Жақсылық көрсең біреуден Мен қандаймын деп ойла Жамандық көрсең біреуден Мен қандаймын деп ойла. |
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік. |
Әңгімелесу Балалар бүгін біз сыпайы, әдепті жағымды қасиеттер туралы әңгімелесеміз Сендер қалай ойлайсыңдар Адамдар неге бір бірімен амандасады? Балалардың жауабын тәрбиеші тыңдайды. Дұрыс айтасыңдар амандасу сәлемдесу адамдардың бір біріне деген ізет сый құрметі . Оның барлығы сыпайылылық. Балаларға сыпайылылық туралы өлең оқып беру. Балалар біз қандай болуымыз керек? Біздің топта сыпайы әдепті балалар барма? |
-балалардың жауабы -Балалар өлеңді мұқият тыңдайды -сыпайы әдепті алғыр -ия бар |
|
Рефлекциялық -түзетушілік |
Қорытындылау Балалар бүгін біз амандасуды сыпайылық әдептіліктің белгісі екенін білдік. Мақал-мәтел Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені Әдепті бала ата-анасымен мақтанар Әдепсіз бала ата анасын қақсатар |
-балалар мақал мәтелді қайталайды |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жағымды қасиеттерді
Игереді: Өлең арқылы әдептілік ережелерін.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: : Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Балалар текшемен ойнайды
Мақсаты: балаларды сюжеттік сурет, жеке заттарды, кейіпкерлердің әрекеттерін атау бойынша әңгіме құрастыру, сөз тіркестерін құрастыра білуге, жекеше және көпше түрде қолдана білуге үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: балалардың текшелермен ойыны
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру
Қажетті көрнекті құралдар: дем.материалдар, үлестірмелі материалдар
(ұқсас заттарды сурет бойынша сәйкестендіру).
Қостілділік компонент: қақпа-ворота, қоршау-забор, мұнара-башня.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Қуан шаттан,алақай, Қуанатын күн келді! Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн! |
Тәрбиешінінің көмегімен қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық -ізденіс кезеңі |
Балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдау сұралады. -Жұлдыз бен Тасқын не істеп отыр? -Мұрат пен Самат текшелерді немен тасып жатыр?
-Балаларға текшелер не үшін қажет? -Қараңдаршы, балалар шынындада өте әдемі қақпа құрастырды. Қостілділік компонент: қақпа-ворота,қоршау-забор, мұнара-башня -Балалар, үйшіктен тілімізді шығарып, мына сөздерді қайталайықшы. Мұ-на-ра сөзіндегі а дыбысына көңіл бөлу; Тек-ше сөзіндегі е дыбысына көңіл бөлу; Қоршау сөзіндегі о дыбысына көңіл бөлу Жеке жұмысты қажет ететін балалардан дыбыстардың айтылуын қайталату. Сергіту сәті Санайықшы жаңаша, Бір,екі,үш! Желбіре жалауша, Достықта біздің күш! Ойын: «Түсі бойынша қос» Суреттегі заттарды түсі бойынша қосу Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. |
-Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр. - Мұрат пен Самат текшелерді машинамен тасып жатыр.
-Мұнара,қақпа,қоршау құрастырып жатыр
қақпа-ворота,қоршау-забор,мұнара-башня
Балалар қайталайды. Қимылын келтіріп,жаттығуларды орындайды.
Суреттегі заттарды түсімен ажыратып,бір түспен боялған заттарды сызықпен қосады. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі |
Сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетті қортындылау. -Балалар,сендер текшелермен мұнара,қақпа,қоршау құрастыра аласыңдар ма? Дид.ойын. «Не құрастырдың?» Балаларды мадақтау. |
Балалардың жауабы.
-құрастырамыз. Дидактикалық ойынға балалар қызығушылықпен қатысады. |
Күтілетін нәтеже:
Нені біледі: тапсырмаларын орындауды;
Қандай түсініктерді игерді: артикуляциялық жаттығуларды орындау арқылы дауысты дыбыстарды қалай айту керектігін;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әңгімені тыңдап, сол әңгімені мазмұндай білу іскерліктерін
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген