Материалдар / Ашық қаралым "Сиқырлы әлем ғажайыптары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық қаралым "Сиқырлы әлем ғажайыптары"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2019
650
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы №26 «Үміт» балабақшасы

Жұмағалиева Нұрханым Серікқызы


«Сиқырлы әлем ғажайыптары»

Мақсаты: Қоршаған әлемге қызығушылығын және оны толық қабылдауын қалыптастыру.

Тәжірибе арқылы ылғалды және сусымалы заттар туралы түсінік беру.

Тәжірибе, эксперименттік әрекет арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.

Тұрмысқа қажетті заттарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Көрнекілігі: Слайд, гүлдер, құм, су, магнит, шеге, көрнекіліктер.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, саяхатқа шығу, әңгімелесу, көрнекілік ойын, түсіндіру.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру.

Тәрбиеші: Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір көңіл мен бүгінгі күнімізді бастайық.


Шаттық шеңбер:

Балалар көз алдарыңа елестетіңдерші, алақандарыңда кішкентай қорғансыз құстың балапаны бар екенін. Алақанымыздағы балапанды жоғары көтерейік. Ал, енді алақанымызды жайлап саусақтарымызды бүгіп балапанға өз жылулығымызды сездірейік. Жүрек жылулығымызды жай ауа жылуымызбен жылытайық. Балапанды өз жүректерімізге апарып, өз жылы сезімдерімізді білдірейік. Ал, енді алақанымызды ашайық, кішкентай қорғансыз балапанымыз біздің жылы сезімдерімізді сезіп, ұшып кетсін. Ал біздер мұңаймайық, ол бізге әліде ұшып келеді.

Тәрбиеші:

Балалар мен бүгін сендерді таңғажайып саяхат жасауға шақырамын. Сендер саяхат жасағанды жақсы көресіңдер ме?

Жақсыкөреміз

Дайынсыңдар ма?

Дайынбыз

Қауіпты жағдайлардан қорықпайсыңдар ма?

Жоқ

Онда саяхатымызды бастаймыз.

Бір күні құстар ауласында бір үйрек балапандапты. Үйректің балапандары анасының айқтанын тыңдап, үнемі оның қасынан кетпейді екен. Тек бір балапан ғана кейде анасының айтқанын тыңдамайтын болыпты. Оның аты – Тим. Ол айналасындағы заттардың бәріне қызығушылық танытып жүреді екен. Бір күні ол құстар ауласының ар жағында не бар екенін қатты білгісі келіпті. Сөйтіп әлемді шарлауға кетіпті.

Шыққан соң, ол ерекше жұмбақ гүлдерді суда қалқып жүрген бір көлді көреді. Күн шығып келе жатыр екен. Тим күн шығып келе жатқанда гүлдердің жапырақтарының ашылғанын тамашалайды.

Қане балалар бізде көлге қарайықшы. Нені көріп тұрсыңдар?

Гүлдерді

Ал, бұл гүлдерді қалай аталатынын кім біледі?

Тұңғұйық гүлі

Жарайсыңдар, балалар. Тим көрдің бе, бұл Тұңғұйық гүлі де аталады.

Балалар тұңғұйық гүлі қай жерлерде өседі?

Батпақтарда

Көлдерде

Балалар қараңдаршы, сендердің үстел үстіндегі Тұңғұйық гүлі неден жасалған?

Дұрыс қағаздан жасалған. Енді көлдегі Тұңғұйық гүлі мен қағаздан жасалған гүлдің айырмашылығы неде екенін Тимге айтыңдаршы.

Біздің гүлдеріміз жабық.

Олардың ашылуы үшін не істеуіміз керек?

Гүлдерді суға салуымыз керек.

Енді сендердің гүлдеріңе не болатынын мұқият бақылаңыздар.

Не болып жатыр?

Жаймен ашылып жатыр

Балалар айтыңыздаршы қалайша бұлай болады, олар қалай ашылып жатыр?

Гүлдің жапырақтары суға батып, ауырлап бара жатыр. Сол үшін де гүлдер біртіндеп ашылуда.

Олар неден жасалған?

Қағаздан

Суға малынып жатырқан не?

Қағаз

Жарайды балалар. Тим, осыншама сұлулыққа, гүлдердің ашылғанына қарап сүйсінеді. Бірақ ол саяхатын әрі қарай жалғастырмақ болды.

Ол жол жүріп келе жатқанда өте қатты жел соқты. Содан соң жаңбыр жауды. Тим жаурап қалмау үшін бұтақтардың ығына келіп тығылды.

Балалар, Тим әзірге осында отыра тұрсын. Мен Тимге біз де жаңбыр жаудыра алатынымызды көрсеткім келеді.


Жаңбыр тынғанша, біздің балапан отырып демалды. Енді күн шықты. Бірақ Тим бұтақтың түбінен шыққысы келмейді, мұнда құрғақ, әрі күн сәулесі түсіп тұр. Ал қалған жерлер жаңбыр. Ол іші пысып отыр еді, кенет құмға сурет сала бастайды. Ол сурет салғанды жақсы көретін. Сөйтіп, ол сурет сала бастады. Бір кезде жел соғып, оның суреттері жоғалып кетті. Тим мұны көріп, таңданады. Ол қайтадан сурет сала бастайды. Сурет салып бола бергені сол еді, тағы да жел соқты. Оның көңіл-күйі түсе бастады.

Балалар неге бұлай болды?

Өйткені, құм құрғақ.

Иә, құм құрғақ болған соң ...?

Құм ылғал емес, сондықтан жел соққан сайын құрғақ құмға салған сурет өшіріліп қала береді.

Құрғақ құмнан бірдене тұрғызып жасауға болады ма?

Жоқ ...

Неге?

Құрғақ құмды біріктіруге келмейді. Ол сусымалы.

Иә ол сусымалы.

Бірақ Тим жел өшіріп тастамайтындай сурет салғысы келеді. Көмектесеміз бе?

Иә ол үшін ылғал құм керек.

Иә. Ал Тим қай жерде отыр?

Бұтаның астында.

Сонда Тим ылғал құмды қайдан алады?

Ол үшін Тим бұтаның тасасынан шығу керек. Иә, ол тасадан шығып, ылғал құм бар жерді табуы керек.

Қане бізде сурет салайық. Тим де сурет салды. Кенет тағы жел соқты. Бірақ суреттер сол күйінде қалды. Неге?

Өйткені, құм – ылғал.

Иә,

ылғал құм жел соққанына қарамастан формасын сақтап қалды. Осылай Тим саяхатын жалғастырды. Ол жасыл орманға барғысы келді. Сендердің орманға барғыларың келе ме?

Әрине барғымыз келеді. Ендеше орманға жеткенше сергіп алайық.

«Қазым-қазым қаңқылда»

Қазым, қазым, қаңқылда!

Суда жүзіп салқында.

Жем шашайын-жейсің бе?

Әлде кәмпит бер дейсің бе?

Жоқ,

Жоқ.

Кәмпит тәтті, болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш.

Міне біз, орман алқабындамыз.

Орман алқабында Тим, бір кірпіні кездестірді. Кірпінің қолында ерекше тасы бар және ол бір жаққа асығып барады.

«Сәлем, кірпі», - деді Тим.

Сенің қолыңдағы қандай тас?

Бұл ерекше тас, маған байқамай шашып алған шегелерімді жинауға көмектеседі.

Ал маған үйімді тұрғызып болу керек.

Ха-ха-ха, мына бір кішкентай тас саған шегелеріңді жинауға қалай көмектеседі екен?

Балалар, қараңдаршы кірпінің қолында қандай тас бар?

Магнит .

Иә, ол кірпінің шегелерін жинауға қалай көмектеседі?

Магнит темір металдан жасалған. Сондықтан магнит оларды өзіне тартатын қасиетке ие.

Оның қалай болатынын Тимге көрсетейік. Мына жерден бір-бір магниттен алыңдар. Шеге өткір ұшты болғандықтан қауіпті. Сендер оны қолдарыңмен ұстамаңдар. Шеге магнитке тартылып қалғанда, магнитпен бірге мына кірпінің себетіне саламыз.

Шегелерді жинап алдық. Ал қалған заттар неліктен магнитке тартылған жоқ?

Олар металдан жасалмаған.

Ол заттар неден жасалған?

Ағаштан

Қағаздан

Пластмассадан

Бәрекелді балалар!

Тимге бұл өте ұнады. Саяхат та ұнады. Енді оған үйге, құстар ауласына қайту керек. Тим үйіне кетпес бұрын, біз оған не айтуымыз керек?

Сау бол.

Иә, одан басқа не айтамыз?

Рахмет.

Иә, бірақ ол үйінен кеткенде анасы уайымдады ма?

Иәәә

Неге уайымдады?

Тим кетіп қалды.

Анасынан рұқсат сұрады ма?

Жоқ.

Сендер қалай ойлайсыңдар, кішкентай балаларға анасынан сұранбай кетуге бола ма?

Жоооқ.

Тим, сенен өтініш, келесі жолы анаңа айтып кететін бол. Одан рұқсат сұра немесе онымен бірге бар. Дұрысы, бірге барған жақсы. Өйткені, ол барлығын өзі көрсетіп, айтып береді.

Тимге тағы мынаны айтқым келеді. Балалар, біз сендермен түрлі тәжірибелер жасап көрдік. Тим де көрді. Ал, Тим оны үйіне барған соң бауырларына көрсетпек болса ше? Тимге қандай кеңес бересіңдер?

Абай бол деп.

Ал, тәжірибелерді үлкендердің көмегінсіз жасауға бола ма?

Жооқ.

Иә, біз балабақшамызға оралуымыз керек. Тимге сау бол деп айтыңыздар.

Кездескенше!

Сәттілік!

Сау бол!

Қорытындылау:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!