Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық с абақ "Сиқырлы суреттер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге әдістемелік құрал ретінде жарияланды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет. Сурет.

Оқу іс-әрекет тақырыбы: «Сиқырлы суреттер».

Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармалары арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру. Сөздік қорларын сөйлеу барысында қолдана білулерін белсендіру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.

Көрнекілігі: Торғай:, атрибуттар, ертегі суреттері, ақ қағаз, боялар.

Билингвизм:Қоян-заяц, тышқан-мышь, мысық-кот


Шаттық шеңбері

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз.

Иіләп сәлем береміз

Біз ерекше баламыз!

«Ертегілер әлемінде» тақырыбында буклетпен жұмыс (әңгімелеу)

Есік қағылып, топқа достарымен бірге Қызыл телпек жылап кіреді.

Қызыл телпек неге жылап жүрсің? Не болды?

Қызыл телпек:

Менің апама апара жатырған суреттерім көрінбей, жоқ болып кетті. Енді қайттым?

Уайымдама! Біз балалармен бірге бір амалын табамыз. Балалар біз Қызыл телпекке көмектесеміз ғой, иә?

Топқа аузында хаты бар бір торғай ұшып келеді.

- Балалар қараңдаршы, бізге хат келіпті. Бұл хатты сиқыршы жіберіпті.

Хатты алып оқиды

« Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сиқырлы суреттерді тапсырмаларды орындау арқылы аша аласыңдар. Мен сендерге сенемін. Сендер барлықтарың ақылдысыңдар.Қызыл телпекке көмектерің тиер деп сенемін.»

Кубизм статегиясы арқылы тапсырмаларды орындату (жұмбақ шешу)

1)Диқанның тұқымын

Шашпай тек кетпейді

Қарны тоқ, қайғысы жоқ

Мысық қоса жетпейді.

2)Таңдайлары тақылдап

Шулайтын кім бақылдап

Бірін-бірі мақұлдап.

3)Орғыған қорқақ

Көзі қыли

Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.

4)Ит сияқты пішіні

Ұнатпайды ол кісіні

5)Тауықтар қорқып жасқанған

Қулығы артық басқа аңнан

6)Орманнан жалпақ даладан

Бал іздеп бірақ жортады

Кіп-кішкентай арадан

Үп-үлкен боп қорқады.

Сиқырлы суреттер ашылып, әңгіме жүргізіледі.

-Суретте қандай ертегілер бейнеленген?

-Қызыл телпектің достары кімдер, қай ертегінің кейіпкерлері?

-Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал, Қызыл телпек міне сенің сиқырлы суретің де ашылды. Достарыңмен апаңа апарып бер. Бізден үлкен сәлем айта бар. Сау болыңдар!

Қызыл телпек:

-Үлкен рахмет сендерге. Мен қуана-қуана сәлемдеріңді жеткіземін.Сау болыңдар балалар!

-Ал, балалар осы Қызыл телпектің достары жайында өлең-шумақтар білесіңдер ме? Олар жағымсыз кейіпкер ме, жоқ жағымды кейіпкер ме? Кәне, айта қойыңдаршы.


Елдос: Керілді мысық

Бізге көзін қысып.

Жүгіреді жылдам

Көрінсе оған тышқан.


Нұрай: Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Шығармашылық жұмыс:

«Үйшік» ертегіндегі үйшікті салып бояту.


Психожаттығу: «Үш аю»

Үш аю тұрды орманда

Үш аю тұрды орманда

Таңғы мезгіл болғанда

Жаттығады екен сол маңда.

Кішкентай аю момақай

Құлағы ұзын балақай

Бәрі суға шомылды

Болды бәрі көңілді.

Әкесі де биледі

Анасы да биледі

Екеуіне қосылып

Баласы да биледі.



Күтілетін нәтиже

Біледі: Ертегінің атауларын

Игереді: Қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін Меңгереді: Жақсы қасиеттерді




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
684
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12