Материалдар / Ашық саба: Ақшаны үнемдеп ұстайсың ба?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық саба: Ақшаны үнемдеп ұстайсың ба?

Материал туралы қысқаша түсінік
Биыл аттестациядан өтетін едім,папка толықтыру үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
1562
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәні

Қазақ тілі мен әдебиеті.

Бөлім: 1.

Сауда жасау білесіз бе?

Сабақ:

Ақшаны үнемдеп ұстайсың ба?

Мектеп: Орал қаласы,№6 ЖОББМ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанкарина Гульниса Урашовна

Сынып: 8

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:



Т.8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

О.8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.

Сабақ мақсаттары:

Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, сұрақтарға жауап беру. Тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.

Мәтінді мазмұндап, көтерілген мәселені анықтай алу;

Пікір таласқа қатысып, берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу;


Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: тыңдалған мәтіндер негізінде деректер келтіре алады, сұрақтарға жауап береді, сан есімдерді біледі.

Пәнге қатысты сөздікқор мен терминдер: күнделікті қалта шығыны, үнемдеу, төлем, түбіртек, тұрақты табыс, қаржыландыру.


Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:ақшаны үнемдеу, төлем төлеймін, түбіртегін сақтап қоямын, тұрақты табысым жоқ.


Талқылауға арналған сұрақтар: Ақшаны үнемдеу тиімдіме?ақша табудың қиын жолымен жеңіл жолдарын талқылау.

Не себепті ақшаны пайдалы деп ойлайсыз?

Ишара:

Алдыңғы оқу:

Ақшаны үнемдеу туралы түсініктері бар. Ақша табудың бір неше жолдарын біледі.

Бағалау критерийлері:

Тыңдалған мәтіндердің мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, сұрақтарға жауап береді. Тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға береді.


Пәнаралық байланыс

Ақшаны үнемдеп устау математика пәнімен байланысты.


Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.


Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау.

Қосымша ақпарат

Аудиотаспа, суреттер, АКТ



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған тапсырмалардың түрлері

Ресурстар

Басталуы (7 мин)

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу


  1. Психологиялық ахуал тудыру. Көтеріңкі көңіл күй туғызу.


  1. Оқушыларды ойын ойнату арқылы топқа бөлемін. Оқушылардың шеңбер құрып тұруын сұраймын, қолыма теңге, евро және доллардың белгілері бар шеңберлерді таратамын.

  2. Үй тапсырмасын тексеру, «Базарға барамын» тақырыбы бойынша «Зуылдақ» ойынын ойнатамын.



Теңге, евро, доллардың белгілері бар шеңберлер.

Ортасы (25 мин)

Негізгі бөлім тақырыпқа талдау жасауға бағыт беру:


1-тапсырма (9 мин)

жеке жұмыс «Тыңда, ойлан, тап!»:

Үнтаспаны қосып мәтінді тыңдатамын. Тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде деректер келтіре отырып әрбір оқушы тақырып қояды.


Дескриптор:

1.Мәтін мазмұнын түсінді.

2.Мәтіннің мазмұны негізінде деректер келтірді.

3.Мәтінге тақырып қойды.


Бағалау:

оқушылардың сұрақтарға жауап беру ерекшеліктеріне қарай, теңгенің суреті бар шеңбермен бағалаймын.



Аудиотаспа, қағаздар, маркерлер, қаламдар.













Саралау тапсырмалары:

Деңгейі төмен тапсырмалар: мәтінді тыңдаған кездегі есіңде қалған Дәулеттің іс әрекеттерін жаз.

Деңгейі жоғары тапсырмалар: ақшаны үнемдеп ұстау туралы өз пікіріңді айт.











2-тапсырма(8мин)

топтық жұмыс. Мәтінді жалғастырып,топпен талқыла және мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып баға бер.

3 топқа 3 қысқа мәтін беріледі:

1.Бір ай бойы дүкеншіге тауар тасуға көмектесіп 50 мың теңге ақша таптым, ол ақшаға....

2.Туған күніме туысқандарым 50 мың теңге сыйлады, ол ақшаға....

3. Жинақ сандықшама 50 мың тенге жинадым, ол ақшаға.....


Дескриптор:

1.Мәтінді жалғастырып, топпен талқылады.

2.Көтерілген мәселелерді салыстыра отырып баға берді.



Бағалау:

формативті бағалау бойынша әр топ бір біріне ұпай береді.





Флипчарт, маркерлер, ақшалардың суреттері.




3-тапсырма(8мин)

топтық жұмыс «Шашу оңай, жинау қиын» мақаласының мазмұнын мазайка арқылы түсіну:

Әр топқа ақшаның суретін таратамын, оны бір оқушы майдалап кеседі, оларды жинап бір бірімен жалғап флипчартқа жабыстырады да, теңгенің суретін шығарады. Әр оқушы мазайканы жинаған кездегі туындаған қиындықтар туралы айтады. Осы тапсырма арқылы ақша табу қиын оны жұмсау оңай екендігін, ақшаны үнемдеп ұстау керек екендігін тағы бір рет айта кетемін.


Дескриптор:

Мақаланың мазмұнын мазайка арқылы түсінді.

Бағалау:

әр топты теңгенің суреті бар шеңбермен бағалаймын


Суреттер, қайшы, желім, флипчарт

Аяқталуы (6 мин)






Бекіту:

«Қарлы кесек» ойыны арқылы сабақты аяқтаймын.


Дескриптор:

Әр оқушы осы сабақта алған ақпараттарын тез тез айтып шықты.


Бағалау:

белсенді қатысқан оқушыларды мадақтаймын. Деңгейі сәл жетпеген оқушыларды ынталандырамын.


Қағаздар








Сабақ соңындағы рефлексия










«Бес бармақ» тәсілі бойынша оқушылар сабақтан алған ақпараттарын сәйкестендіріп стикерлерді жабыстырады.





Суреттер, стикерлер



Үйге тапсырма

(2 мин)


Теңге туралы мәлімет жинап келу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!